Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 20:34, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom,

Вложенные файлы: 1 файл

Несие+тәуекелділігін+басқару+жүйесіндегі+қарыз+алушының+несие+қабілеттілігін+талдау.doc

— 211.00 Кб (Скачать файл)

 

Бұл ретте, жылжымайтын  мүлік пен құрылыс секторларын  несиелеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының  есебінен белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырған шағын кәсіпкерлік субьектілерін  де несиелеу біршама азайды. Жылжымайтыне мүлік нарығындағы тұрақсыздық және бағаның өзгеруі, іскерлік белсенділігінің төмендеуімен қатар несиелеу талаптарын қайта қарау арқылы ЕДБ тәуекелдерін қайта бағалау, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілеттілігінің кемуі банк секторының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатын банктердің несиелік портфелінің сапасына кері әсер етті . Қазақстанның банк жүйесіндегі төлем мерзімі өткен (2, 4, 5 санаттағы күмәнді және үмітсіз) несиелердің деңгейі бірыңғай несиелерді есепке алғандағы жиынтық банк активтерінің 10% тең шекті параметрлерінен төмен, бұл ретте әрі қарай өсу үрдісі байқалды, бұл жаһандық өтімділік тапшылығының және жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның жағымсыз өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Несие банктің негізгі қызмет түрі болып табыс әкелуімен қатар, банк үшін тәуекелі де жоғары екені белгілі. ЕДБ-ң несие портфелінде мерзімі өткен берешектері күннен-күнге артып отырғанын  көруімізге болады. Коммерциялық банктердің несие тәуекелдерін басқару жөніндегі тәжірибесінің аздығы және несие портфелінің басым бөлігінің доллармен толығуы, трансшекаралық несиелер мен бағалар тұрақтамауы несие портфеліндегі мерзімі өткен берешектердің өсуін арттырды.

 2005-2009 жылдар аралығында жылдан-жылға артып келе жатқан ЕДБ несиелері бойынша берешек сомалардың артуы көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты, бүгінгі күні оның бастылары болып Әлемдік экономиканың бұдан әрі бәсеңдеуі, ірі экономикалық державалардың рецессиясы және әлемдік қаржы институттарының тұрақсыздығы жағдайларында тек қана қаржылық емес, сонымен қатар тауар нарықтарының да қолайсыз конъюнктурасы Қазақстанда экономикалық өсудің бұдан әрі бәсеңдеу тәуекелділігінің күшеюіне және төлем балансын қаржыландырудың тапшылығына әкелуде, бұл елдің ішкі ресурстарымен қатар халықаралық резервтеріне де әлеуетті жүктемені ұлғайтуда (3-кесте).

 

Кесте 3 - ЕДБ несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер, млн теңге

 

 

Барлығы

Ұлттық валюта

дағы несие

Шетел валюта

ында

ғы несие

Қысқа мерзімді

несие

Ұзақ мерзімді

несие

Банктік емес заңды тұлға несиесі

Жеке тұлға

несиесі

01.01.05 ж.

30043

16412

13631

17796

12247

27796

2247

01.01.06 ж.

33135

15147

17988

17323

15811

28612

4523

01.01.07 ж.

77859

30583

47276

53486

24373

69608

8251

01.01.08 ж.

121395

74143

47252

58897

62498

91397

29998

01.01.09 ж.

318120

203910

114210

89623

228498

228324

89787

01.01.10 ж.

1048130

515835

532295

585154

765976

449583

82713

Ескерту - ҚР ҰБ статистикалық деректері  негізінде.


 

Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау барысында, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ң клиенті - «Жаңа-Олжа ұн комбинаты» ЖШС алынып, қарыз қабілеттілігі толықтай бағаланды.

ҚР ЕДБ тәуекел-менеджментін дамыту және олардың жай-күйі туралы қазіргі теориялық және практикалық  ережелерді зерттеу, несие жүйесін  басқарудың тәуекел менеджменті құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз деңгейде дамығанын анықтады. Банктердің ішкі жүйесіндегі несие тәуекелдерін басқару жүйесін құру және қызметін жандандыру банктердің ішкі қызметіндегі маңызды  және керекті  элементке айналуы тиіс. Осы элементтің дұрыс қызметі арқылы ЕДБ халықаралық талаптарға жауап беретін сенімді және мықты банкке айнала алады.Банк қызметіндегі несие тәуекелдері жүйесін басқару және оның ішінде қарыз алушы несие қабілеттілігін жүйелі басқару жөнінде жазылған отандық еңбектер жоқтың қасы, көп еңбектерде жазылған теориялық материалдардың іс жүзінде практикадан алшақтығы сезіліп жатады.

 Несие жүйесіндегі  тәуекелдерді басқарудың теориялық  және практикалық маңыздылығының  ЕДБ үшін ғана емес, банк қызметін пайдаланушылар үшін де мәні зор. ЕДБ мен қатар пайдаланушылар үшін де несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару екі субьект арасындағы сенімсіздіктің жойылуына, төлемсіздік, несие қабілетсіздік сияқты факторлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Несие портфеліне жасалған талдау оның сапасының нашарлауына баға өзгерістерінің жайсыздығын, кәсіпорындардың күйзелісін, тұрғындардың әлеуметтік факторларын алға тартады.

Несие тәуекелділігін туындататын  факторлардың бірі пайыз мөлшерлемелеріндегі өзгерістер немесе дұрыс есептелмеген пайыз мөлшерлемесі. Банктер өз қызметі барысында барлық уақытта пайыз мөлшерлемелерін ырықтандыра алмайды, себебі оған көптеген ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлардың да әсері бар. Атаулы жағдайларда ғана банктер, мысалы несие портфелін теңдестірп қаржыландыру саясатын жүргізулері мүмкін.

Пайыз мөлшерлемесінің  деңгейі несиелер мен инвестициялардың деңгейіне, меншікті қаражаттар мен  қарызға алынған қаражаттардың  арақатынасына, депозиттік салымдардың  көлемі мен бағасындағы өзгерістерге, қайтақаржыландыру, есептік т.с.с. пайыздар өзгерісіне тәуелді болады, өйткені, еркін пайыздық мөлшерлеме режимінде де ақша-несие мекемелері пайыздық мөлшерлеменің қолайлы деңгейде сақталуын бақылауға тиіс. Кез келген жағдайда банктің пайыздық мөлшерлемелер тәуекелінің бөлігін клиентке аудару мүмкіндігі болады. Алайда «басқыншылық» деп аталатын осындай саясаттың орындылығын анықтағанда екі ой-пікірді басшылыққа алу қажет.

Біріншісі – қазақстандық нарықтағы бәсекенің қарқынына  қатысты. Егер клиентке банкті ауыстыру қиынға түссе, онда пайыздық мөлшерлемелердің түсуін күткенде несиелер бойынша межеленген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді, ал пайыздық мөлшерлеменің өсуі күтілгенде – мерзімді салымдар мен депозиттер бойынша тіркелген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді. Екіншісі – пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелінің көбірек бөлігін қарыз алушыға аудара отырып, банк оның төлеуге қабілетсіз етуі және осының салдарынан анағұрлым көп жоғалтуы да мүмкін. Өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындарымен салыстырғанда банк мекемелерінің осы тәуекел түрін басқару мүмкіндіктері көбірек.

Бүгінгі күні Қазақстан  шикізат отаны болып санала отырып, оны өндіруге қаржыны шетелдік инвестиция көздерінен алып отыр, ол ертеңгі күні бірнеше есе артық қаржы төлеу  арқылы дайын өнім алу мүмкіндігіне ие боламыз. Осы тұрғыда несиелік ресурстардың басым бөлігін өндіріс орындарын ашуға жұмсасақ, еліміздің қаржыларын молайтуға, арзан ресурс пен қатар арзан өнімге, әлеуметтік тұрғыда жұмыспен қамтуға қол жеткізер едік, ал бұл дегеніміз ертеңгі күні заңды және жеке тұлғалардың несие қабілеттілігін арттыруға септігін тигізері сөзсіз.

 Несиелер бойынша  мөлшерлеме белгілеу кейбір базалық  мөлшерлеменің немесе несие тарту  мөлшерлемесінің  негізінде жүзеге  асырылады оған пайда маржасы мен тәуекел үшін үстеме (негізінде шетел банктерінде) қосылады. Мысалы, банктермен өтелетін несиелер бойынша мөлшерлеме «құнға қосу» формуласының  көмегімен белгіленуі мүмкін.

 

Несие бойынша мөлшерлеме = Тққ + Нс + Қмот + Ош + Пм               (1)

 

 

мұнда,

Тққ – тартылған қаражаттың құны;

Нс – мерзімге байланысты сыйақы;

Қмот – қарызшының міндеттеме орындамау тәуекелі бойынша  сыйақы;

Ош – операциялық  шығындар;

Пм – пайда маржасы.

 

Осы үлгіні ЕДБ қалауы бойынша түрлендіруге болады, біз  несие мөлшерлемесін есептеуде төмендегі формуланы ұсынамыз:

 

                         Несие бойынша мөлшерлеме = Тққ  + Нстқ                           (2)

 

Тққ – тартылған қаражаттың құны;

Нстқ – несие саясатындағы тәуекелдер құны.

 

Тартылған қаражаттың құны (Тққ)  несиелік ресурстың банк үшін арзан немесе қымбат көздерден алынуына байланысты болса, несие саясатындағы тәуекелдер құны (Нстқ) осы несиенің банк үшін қандай тәуекелділік (шығын мен залал ықтималдығы) әкелетіндігіне байланысты анықталуы қажет және банктің саясатымен белгіленгені дұрыс деп есептейміз.

ҚР Ұлттық банк және ҚР ҚҚА қолданатын соңғы 2007-2009 жылдары  енгізіліп қолданылып келе жатқан модельдердің бірнеше түрі бар. Соның бірі құпия  жүргізілетін яғни респондент аты-жөні көрсетілмейтін екінші деңгейдегі банктерді тексеру сауалнамасы - «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» деп аталады (4-кесте).

Нәтижелерді сондай-ақ респонденттердің пікірін көрсететін біріктірілген  көрсеткіш болып табылатын «диффузия  индексінің» көмегімен де бағаланады. Индекс мәндерінің шкаласы -100%-дан 100%-ға дейін өзгереді. Индекстің нөлге тең мәні респонденттердің ағымдағы ахуал туралы пікірі өткен зерттеулермен салыстырғанда өзгермегендігін көрсетеді. Респонденттердің пікірі оң немесе теріс жаққа өзгергенде, бұл тиісінше ұлғаю/азаю, жұмсару/қатаю жағындағы нәтижелерде көрінеді.

Индекс арналған деректер мынадай формула бойынша есептеледі:

«Диффузия индексі» = («айтарлықтай қатайған» деп жауап берген респонденттердің пайызы + «шамалы қатайды» деп жауап  берген респонденттердің пайызы»*0,5) - («айтарлықтай жұмсарған» деп жауап берген респонденттердің пайызы + «шамалы жұмсарды» деп жауап берген респонденттердің пайызы *0,5).

ҚР Ұлттық Банкі жүргізген 2010 жылғы қаңтарда «Несие нарығының  жағдайы және өлшемдерінің болжамы» тұрақты тексеру нәтижелері 2009 жылғы 4-тоқсанда несие портфелі сапасының нашарлауы қарқынының төмендегенін 2-сурет көрсетіп тұр. Қаржылық емес ұйымдар несиелік ресурстарды айналым қаражатын толықтыру және бұрын алынған несиелерді қайта құрылымдау үшін тартады. Бөлшек несиелеу нарығында банктер ипотекалық қарызға қарағанда, тұтынушылық несиелеуге біршама көбірек басымдық беруді жалғастырып отыр.

 

Кесте 4 - «Несие нарығының  жағдайы және өлшемдерінің болжамы»

 

Зерттеудің мақсаты

Сапалық  параметрлер негізінде: несиелік ресурстар сұранысының және ұсынысының өзгеру үрдістеріне, тәуекелдерді басқару жүйелеріне, банк секторын мемлекеттік реттеу шараларының бірдейлігіне баға беру. Банктің өзара байланыс жүйесін талдау, стресс-тестинг өткізу және қаржы тұрақтылығының индикаторларын  бағалау үшін қажетті деректер алу.

Зерттеу  әдісі

Сауалнама жүргізу арқылы тұтас  әдіс (екінші деңгейдегі барлық банктер)

Мақсатты топ (респонденттер)

Сауалнама банктің жалпы несие  саясатын қалыптастыруға және (немесе) тәуекелдерді басқаруға жауап беретін банк басшысына арналған. Ақпарат тұтастай алғанда банк бойынша беріледі.

Зерттеу жүргізу жиілігі

Тоқсандық -  жылына 4 рет (қаңтар, сәуір, шілде, қазан)

Сауалнаманың құрылымы

Сауалнама 3 бөлімнен тұрады (толтыру  бойынша барынша егжей-тегжейлі ақпарат әдістемелік ұсынымдар бөлімінде берілген):

  • банктік несиелеу нарығы;
  • тәуекелдерді бағалау картасы;
  • тәуекелдер мен үрдістерді сапалық бағалауға арналған деректер және ақпарат.

«Банктік несиелеу нарығы»

  • «корпоративтік сектор»
  • «жеке тұлғалар»
  • «несие портфелінің сапасы»

Сұрақтар секциялары

Корпоративтік сектор: несиелік  ресурстарға  сұраныс, несиелік ресурстарға ұсыныс және оларға ықпал ететін факторлар, екінші деңгейдегі банктердің, оның ішінде несие портфеліне қатысты болжамдық  күтулер.

Жеке тұлғалар: тұтыну және ипотекалық несиелеу бойынша сұрақтар

Зерттеу нәтижелері

«ұлғайту» («жұмсарту») параметрлерін  белгілеген респонденттер үлестерінің  және оның «азаюын» («қатаюын») белгілеген респонденттер үлестерінің арасындағы «таза пайыздық айырмашылықты» есептеу арқылы бағаланады.

Ескерту - Ұлттық банк сайтының материалдары негізінде автормен құрастырылды.


 

Зерттеу жүргізіліп отырған  кезеңде қаржылық емес ұйымдар тарапынан  несиелік ресурстарға сұраныстың шамалы өсуі байқалды Сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі 2009 жылғы 3-тоқсандағы 18%-дан 4-тоқсанда 30%-ға өсті. Сұраныстың өзгермегенін респонденттердің 67% атап өтті. Сұраныстың өткен тоқсанның нәтижесі бойынша 12%-дан 3%-ға дейін қысқарғанын көрсеткен респонденттер үлесінің кейбір төмендеуі байқалды. Банктер өздерінің қарыз алушыларын оларға айналым құралдарын қаржыландыру үшін, негізгі құрал-жабдықтар сатып алу үшін жұмыс істеп тұрған несие желілері бойынша қаржыландыру үшін қаражат бере отырып, қолдауды жалғастырып отыр (2 сурет).

%


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 сурет - Несиелік ресурстарға  сұраныстың өзгеруі

Ескерту – ҚР Ұлттық банк сайты.

 

ҚР Ұлттық банкпен  қолданылған «Несие нарығының жағдайы  және өлшемдерінің болжамы» зерттеу  материалдарына сүйене отырып төмендегідей қорытынды жасауға болады: респонденттер арқылы жинақталған «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» бойынша сауалнама жауаптары несие нарығын болжауда тиімді құрал екендігін көрсетті, бірақ уақыт тұрғысынан алғанда біз келесілерді дұрыс ойлану қажет деп есептейміз және келесі принциптерді ұстана отырып қызмет атқарып, практикаға енгізуді ұсынамыз:

  • зерттеудің дәлділік қағидасы, бұл зерттеу барысында қойылатын сұрақтардың көптігі шынайы жауаптан жалтаруға әкелуі мүмкін, сондықтан қойылатын сұрақтар тізімін қайта қарап негізгілерін ғана алуды көздейді;
  • зерттеудің нақтылылық қағидасы, әр тоқсанның соңғы есептік күніндегі қауырт жұмыстар көптігіне байланысты қателіктер (жалған мәлімет берілуі немесе есептеу кезіндегі қателіктер) жіберілуі мүмкін, сондықтан жылына екі рет жарты жылдық және жылдық есеп берулерге сүйеніп зерттеу жүргізуді ұсынады;
  • зерттеудің шынайылық қағидасы, бұл мүлікке қатысты құқықтық және кепілзаттық құқтарды анықтауға мүмкіндік береді, сол арқылы несие тәуекелділігі төмендетіледі, яғни Қазақстанда бірыңғай мүлік тізбесі институтын құру ұсынылады (мұндай тәжірибе әлемнің кейбір елдерінде және Украинада қолданылады);
  • зерттеудің табыстылық қағидасы, бұл табыстың алынуына сенімділік мөлшері 50-60 пайыздан төмен болса, келісімді құру қажеттілігінің жоқтығын көрсетеді;
  • зерттеудің көздеу қағидасы, бұл операция сәтсіз аяқталса, қосымша резервтердің қолда бар болуымен сипатталады.

 

3  Банктің несие тәуекелділігін бағалаудың әдістемелік және практикалық негіздерін жетілдіру жолдары

Информация о работе Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау