Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:31, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Орыс тілді бөлім студенттеріне қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер жеткілікті. Солардың бірі – жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімі экономика мамандығында оқитын студенттеріне кәсіби лексиканы оқыту әдістемесі.

Вложенные файлы: 1 файл

Конференцияға Экономика тренинг сабақ.doc

— 331.00 Кб (Скачать файл)

      Екінші бөлімнің 1.1 тармақшасы «Экономика мамандығында оқитын студенттерге кәсіби лексиканы тренинг-сабақтар арқылы меңгерту» деп аталады.

     Тренингтер – қысқа мерзім ішінде практикалықданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары.                      Тренингтерде әр үйренуші кәсіби қызметі мен жүктелген міндеттерін орындауда тиімді әрі ұтымды әрекеттерді таңдап, оларды бекітуге, үйреншікті дағдыға айналдыруға машықтанады. Тренингтер студенттерде арнайы практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналады. Тренингтердің басты мақсаты – үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге жетуге қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады. Сондықтан да, тренингтерде оқу мазмұны тек практикалық тұрғыдан ғана қарастырылады.  Мысалы, студенттер тренинг-сабақтарда арнайы берілген жағдайлар мен ситуацияларды (жағдаяттарды) модельдейді, оларды қатысушы ретінде өздері «ойнап шығады». Осындай әрекеттер арқылы үйренушілер қажетті практикалық білік пен дағдыларды бекітіп, өздерінің өмірлік тәжірибелері мен жұмыс тәсілдеріне өзгерістер енгізеді. Тренингтердің соңында студенттер үйренген дағды мен машықтары тұрғысында пікір алмасып, олардың тиімділігі мен маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, талқылайды. Мұндай жұмыс әр үйренушінің өз ойлары мен пікірлерін қағазға түсірумен аяқталады. Әдетте, тренинг-сабақтарда төмендегідей интерактивті әдіс-тәсілдер қолданылады: іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, топтық пікірталастар, тұсаукесерлер, нақты жағдайлар мен жағдаяттарды талдау, т.б. Іскерлік ойындар барысында студенттер  кәсіби тапсырмаларды орындау арқылы қажетті терминдердін тез әрі жеңіл игереді. Сонымен қатар іскерлік ойындар арқылы болашақ маманға бірқатар іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттер қалыптасады. Ойын барысында студенттер шындыққа жақын іс-әрекеттік тәжірибе жинақтайды: ойынның негізгі құндылығы да осында жатыр. Ол өзіндік тәжірибесі арқылы үйренуге мүмкіндік береді. Іскерлік ойын барысында студенттердің қажетті білімді ала білу және жүйелей білу, оларды қайта бейнелеу сияқты дағдылары қалыптасады, ал ең бастысы, оларды нақты өмірге, кәсіби жағдаяттарға, практикаға, шынайы іс-әрекетке жақындатады. Төменде көрсетілген икем-дағдыларды студенттер бойында қалыптастыру тек жоғары белсенділікті дамыту әдістерінің бірі саналатын іскерлік ойындар  арқылы жүзеге асады, олар: кәсіби іс-әрекет барысында шешім қабылдау және дұрыс шешім таба білу; қажетті білімді жүйелей білу мен қабылдау, оларды қайта бейнелеу және нақты өмір мен кәсіби жағдаяттарға жақындату; өңделген тілдік жадығатты белсенді сөйлеу әрекетінде жоғары тиімділікпен қолдану; өй-өрісін кеңейту және лексикалық жадығатты байыту; студенттерде әлеуметтік қарым қатынас дағдыларын қалыптастыру; сөз жарыстыруға, өзіндік сөйлеу тәртібін сақтауға, түрлі өзгерістерге бейімделе білу. Бұған В.Я.Платовтың ой-пікірі нақты дәлел бола алады: «Дәріс түрінде ұсынған жадығаттағы ақпараттың 20% ғана игерілетін болса, ал іскерлік ойында 90% игеріледі. Іскерлік ойындарды жоғары оқу орындарында кеңінен қолдану жадығатты игеруде көп уақытты да үнемдейді, оның тиімділігі сол әдеттегі уақыттан 30-50 % үнемдей алатындығымызда» [6,4-5].  Бұл айтылғандардан іскерлік ойындар оқытудың белсенді әдісі дегенді айта аламыз. Қазіргі кезеңде маманға қойылар талап та өзгерді. Бұл тек экономика жүйесін білетін адам емес, сонымен қатар көптеген, іскерлік қарым-қатынас дағдылары, келіссөздер жүргізе білу шеберлігі, сендіре білу дағдысы, деректер арқылы дәлелдей білу өнері тәрізді іскерлік қассиеттерді бойына дарытқан маман. Жаңа маман – бұл мықты біліммен қаруланған және кәсіби қарым-қатынастың іскерлік дағдыларын бойына сіңірген адам. Аталған қасиеттерді бойына дарытқан мамандарға сұраныстың көп болатыны да белгілі. Қазіргі нарықтық экономика кезеңінде өз ісінің шынайы мамандары ғана үлкен жетістіктерге жетуде. Бұл іскерлік қасиеттердің барлығы мамандарға жоғары оқу орнындағы білім арқылы қалыптасуы керек. Студент қажетті кәсіби біліммен қаруланған болуы қажет және психологиялық жақтан өзінің болашақ мамандығына дайын болуы қажет. Ал бұл тұста іскерлік ойындар көп көмектеседі. Мысалы, студент топтарына практикада туындаған проблеманы шешудің, белгілі бір ситуациядан шығудың ең тиімді жолдарын табу немесе қандай да болмасын әрекетті жүзеге асыру  тапсымалары берілді делік.  Мұндағы мәселе студенттердің нақты дағды немесе тәжірибеге үйреніп, оларды практикалық әрекеттер арқылы бекітуінде. Сол себепті де студенттер берілген уақыт ішінде өз әрекеттерін талқыға салып, жоспарлап алып, өз шешімдерін ситуацияны көрсету, оны рөлдерге бөліп ойнау арқылы басқаларға жеткізеді. Мысалы, студенттерге фандрайзинг тұрғысынан тапсырма берілсе, студенттер белгілі бір фирмаға қалай барып, оның басшылығымен қалай сөйлесу керектігін, өздерін қалай таныстыру керектігін, фирма әкімшіліктерімен қалайша өз жобаларын қаржыландыру ісіне қызықтыра алатындықтарын көрсетіп беруі керек. Студенттер өздерінің позициясы мен әрекеттерін, этикетті сақтауларын, сөйлейтін сөздерін, мимикаларын, ишараттарын (жесты), үстеріне киетін киімдеріне шейін мұқият ойластырғандары жөн.  Тағы да бір мысал: топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаларға сәйкес жоғары оқу орнын жаңадан бітірген жас маманның бірінші жұмыс күнінің ең маңызды мезеттерін ойнап шығуы керек. Мұнда олар жас маманның мекеме басшысымен немесе бөлім бастығымен, кадр бөлімінің қызметкерлерімен қалай сөйлесетіндігін, қалайша жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазатындығын, ұжыммен қалай танысатындығын көрсетіп «ойнап шығуы» керек. Әрбір топтың осындай әрекеттері тренинг аудиториясында тақыланады, сұрақтар қойылады, пікір алмасады, ой бөліседі. Бұл жерде талқылау пікірталасқа айналып кетуі де мүмкін. Сабақтың аяғында ситуацияны көрсеткен топқа сөз беріледі, олар өз әрекеттеріне қандай өзгертулер енгізгендігі туралы баяндайды. Тағы да бір-екі мысал:, кәсіби қазақ тілінде экономика мамандығында оқитын студенттердің кәсіби лексикасын дамыту үшін «Нарық құрылымы. Нарықтық қатынастар.  Бәсекелестік», «Өндіріс. Пицца фабрикасы», т.б. тақырыптар бойынша тренинг-сабақтар өткізу өте тиімді.

Тренинг-сабақтың  тақырыбы:  Нарық құрылымы. Нарықтық қатынастар.  Бәсекелестік.

      Сабаққа керекті материалдар: әр студентке бір-бір тал  сағыз немесе басқа бір заттан таратып беру; әрқайсына бір парақ қағаздан тарату; 50 теңгелік мәнеттен 20 мәнет; слайдтар арқылы көрнекіліктерді көрсету (егер ондай мүмкіншілік болмаса, алдын-ала ақ плакат қағаз, түрлі-түсті маркерлер, жапсыруға скоч даярлап қою керек).

Сабақтың жүргізілу барысы

      1.Сөздік жазылған слайдты көрсету: рынок – нарық, структура – құрылым,

конкуренция – бәсеке, совершенная конкуренция – кемел бәсеке, совершенная монополия – кемел монополия, монополистическая конкуренция – монополиялық бәсеке, покупатели – сатып алушылар, продавцы – сатушылар, конкуренция между покупателями – сатып алушылар арасындағы бәсеке, конкуренция между продавцами – сатушылар арасындағы бәсеке, выпуск товаров – тауар шығарылымы, расходы – шығындар, доходы – кірістер,  табыс; влияние на цену товаров – тауарлардың бағасына әсері, добровольцы – еріктілер, дешевле – арзанырақ, дороже – қымбатырақ, рост цен – баға өсуі.

    2. Оқытушы: Бүгінгі сабақтың тақырыбына сай сөйлей алуларыңыз үшін сіздер екі тілдік сөздіктерді пайдалана білулеріңіз керек. Өткен экономика сабақтарынан нарықтың құрылымы туралы  еске түсіріңіздер. Экономистер нарықтың салаларын  нақты төрт  құрылымға бөледі: кемел бәсеке, кемел монополия, монополиялық бәсеке, олигополия. Нарықтың бұл құрылымдарының бір-бірінен айырмашылықтары бар: құрамындағы фирмалардың санына байланысты, белгілі бір салаға кіруінің оңайлығына, немесе қиындығына байланысты. 

      Сатушылар арасындағы бәсекелесік көптеген тауарлардың шығарылуына, оған кететін шығынның азаюына әсерін тигізеді.

     Ал сатып алушылар арасындағы бәсекелестік  тауар бағасының өсуіне әсерін тигізеді.

      3. Студенттерге бір-бір ақ қағаздан таратып беру керек (қағазға аты-жөнін жазу үшін); осы ойынға қатысқысы келетін студенттер өз еркімен тақтаға  шақырылуы керек (оқытушы қолындағы ақшаны сылдырлатып көрсетеді); бұл көрсетілімнің өте пайдалы екендігін айту керек.

     4. Бірінші «ерікті» студент  аудиториядағы студенттерге қарсы қарап тұрады. Әрбір ерікті қатысушылар өздерімен бірге қағаз,  қаламын ала шығады. Келесі үш «ерікті» бөлменің басқа жағында студенттерге қарсы қарап тұрады (қазақша экономикалық  терминдерді жақсы меңгерген студенттер болғаны дұрыс). Бұл үш «ерікті» бір-бірімен сөйлесуге құқы бар (бүкіл көрсетілім кезінде). Тағы үш «ерікті» бөлменің арт жағына барып үшеуі үш жерге бөлек-бөлек тұрады (біреуі бір бұрышта, екіншісі екінші бұрышта, үшіншісі ортасында тұрады). Бұл топтағы студенттердің көрсетілім кезінде сөйлесуге кұкы жоқ! Аудиториядағы отырған көрермендерге жалпы топтағы студенттердің 4 кішігірім топқа бөлінетіндігін  атап өту керек: 

     №1-топта бір ғана студент;

     №2-топта үш студент (бір-бірімен сөйлесуіне құқылы);

     №3-топта бөлменің артқы жағына таман орналасқан үш студент (бұл топтағы студенттердің бір-бірімен сөйлесуге де, ымдасуға да құқы жоқ!);

     №4-топтағы барлық студенттердің егер бір-бірімен сөйлескісі келсе, сөйлесуге құқы бар. 

      Енді тренингке қатысушы студенттердің (төрт топтағы студенттерге) барлығына бірдей бір-бір заттан (сағыз немесе кеңсе заттары, т.б.) таратылар алдында:  «сіздердің барлығыңыз өте қымбат заттардың иелерісіздер, осы заттарыңызды сатасыздар, демек, сіздер – сатушысыздар, ал мен – сатып алушымын. Сіздердегі затты мен сатып аламын, бірақ мен әр «топтан»  тек қана бір-бір заттан ғана ала аламын: №1-топтан бір зат, №2-топтан бір зат, №3-топтан бір зат, №4-топтан бір зат. Осы сатып алатын заттарға мен ең көп дегенде 50 теңгеден ғана төлей аламын, одан қымбат болса, сатып ала алмаймын. Алайда, сіздермен мен өзіме өте пайдалы мәміле  жасасқым келеді. Сол себепті мен сіздердің әрқайсыларыңыздың сатылатын затқа қойған бағаларыңызды қағазға жазып қоюларыңызды сұраймын. Содан кейін мен әр топтан бір бір заттан сатып аламын. Әрине,  сатып алушыны қызықтыратын нәрсе ол – заттың бағасы, яғни тауар неғұрлым арзан болса, соғұрлым  өтімді болады. Ол – заңдылық. Бірақ сіздер мынаны естен шығармаңыздар: сіздер өз топтарыңыздың ішінде ғана (топ мүшелерімен) бәсекелесе аласыздар. Егер топтағы бірнеше сатушының тауарларына қойған бағалары бірдей болса, ондай жағдайда қайсыларыңыздан сатып алуды мен өзім шешемін (мүмкін, жеребе тастау арқылы). Сіздердің ойлануларыңызға (тауарларыңыздың бағасын анықтап қою үшін), шешім қабылдауларыңызға бір минут қана уақыт беріледі.                        №3-топтың мүшелеріне ескерте кететін жәйт: сіздер бір-біріңізбен сөйлесуге де ишарат жасауға да, ымдасуларыңызға да құқыларыңыз жоқ; ал №2  және  №4 топ мүшелері бір біріңізбен (топ ішінде ғана) сөйлесуге құқылысыздар.  Бір минут өткеннен кейін бағалары жазылған қағаздарды №4-топтан жинап алып, онда қандай баға көрсетілгені туралы ешкімге  айтпастан, сауда жасауға кіріскенімді ғана ескертемін.

      №1-топқа барып, сатушының тауарға қойған бағасын жарияламастан бұрын аудиторияға  сұрақ қойылады: Дәл осы жағдайда сіздер не істер едіңіздер? (көпшілігі  бұл жағдайда бәсекелестіктің жоқтығына назар аударады да, ең жоғары бағаға – 50 теңге деп бағалайтындарын айтулары мүмкін).   Сосын

№2-топқа келіп тағы да аудиторияға жоғарыдағыдай сұрақ қойылады (көпшілігі бұл жағдайда бір-бірімен бағаны келісу мүмкіншіліктерінің бар екеніне назар аударады да, №2-топ мүшелерінің әрқайсысы тауарын ең жоғары бағамен бағалап, тауар бағасын 50 теңгеден белгілеулері мүмкін, соңында түскен ақшаны өзара бөліп алуларына болатынын айтады). Бұл топта экономикадан білім деңгейі жоғары студенттер болғаны жөн, себебі бір-бірімен тауар бағамын келіскен кезде дұрыс шешім қабылдау нәтижесіне көп нәрсе байланысты.

      Енді  №3-топтың тауар бағамын жариялаймыз (әдетте ең төменгі баға – 10 теңгеге дейін).

      Ең соңында, №4-топтың тауарларына қойған бағамдарына назар аударайық (әдетте, бұл топта ең төменгі баға:  10-15 теңге аралығында болады). Ал енді осы орындаған тапсырмаларды талқылау үшін ойын барысындағы мынадай кезеңдерге көңіл бөлінді: әр топ нарық құрылымының әр түрін көрсетті,  мысалы: 

      №1-топ – монополияны (өйткені, жалғыз сатушы);

      №2-топ – олигополияны (келісуге мүмкіндігі бар олигополия);

      №3-топ – бәсекелес олигополия (бір-бірімен бәсекелес бірнеше сатушылары бар); 

      №4- топ – кемел бәсеке (бірдей тауарлары бар көптеген сатушылар).

       Өзіміз күткендей,  монополияда баға жоғарылау болды. Ал олигополияда монополиядағыдай баға, өйткені, бір-бірімен келісуге мүмкіншіліктері бар; ең тиімді стратегия – бәрі бір «сатушы»  болып жұмыс істеу. Ал бәсеке пайда болған жағыдайда баға төмендейді (№3-топ);  бәсеке көбейген сайын баға төмендей түседі (№ 4-топ). Мына жағдайға көңіл бөлгендеріңіз жөн: бәсекелестік ұлғайған жағдайда, тауар бағасының төмендеуі тауардың өзіндік құнына шейін түсіп кетуі мүмкін! №4-топқа берілген мүмкіншілік шексіз болғанмен, «бір-бірімен келісу» (сговор) өте қиынға түседі, себебі, кез келген «сатушы» келісілген шартты бұза алады (келісілген бағадан төмен баға қоя алады).   Өзіміз күткендей, монополиядағы баға ең жоғары баға болды (оны тек қана сатып алушының сатып алу мүмкіндігінің шегі (50 теңге болғандығы) ғана ұстап тұрды. Бір-бірімен келісу мүмкіншіліктері бар олигополияда да тауар бағасы монополиядағыдай, өйткені, ең дұрыс стратегиясының мәні «бір сатушының» қимылына байланысты жұмыс жасау. Ал бәсеке пайда болған кезде – баға төмендейді (№ 3 топ).  Бәсеке ұлғайған сайын – баға төмендей береді (№ 4 топ).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте. Тренинг сабақтың моделі.

   

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Екінші бөлімнің екінші тармақшасы «Студенттердің экономика мамандығы бойынша кәсіби лексикасын сөздік жұмыстары арқылы дамыту» деп аталады. Сөздік жұмысы – студенттердің сөздік қорын экономика терминдері арқылы дамытудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Жоғары оқу орындарында қолданылатын сөздік жұмысының мақсаты – болашақ экономист  студенттерді экономикалық терминдерді кәсіби сөйлеу тілінде дұрыс қолдануға үйрету. Сондықтан да біздің мақсатымыз – экономика терминдерін түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану болды. Экономика терминдерінің мағыналарын меңгертуде тиімді тәсіл ретінде екі тілдік экономикалық терминдердің түсіндірме сөздігі арқылы, кәсіби мәтіндер арқылы, контекст арқылы,  түсіндіру ұсынылды.  Сөздік жұмысы арқылы студенттердің кәсіби лексикасын экономика терминдерімен молайтумен қатар, жаңа сөздерді орынды, дұрыс, өз мағынасында қолдануға да дағдыландыра аламыз. Ең алдымен, студенттерге сөздік жұмысының құрылуына негіз болған, 300 экономика терминінен тұратын лексикалық минимум ұсынылды.

     1. Контекст арқылы түсіндіру. Жүргізілген жұмыстар экономика терминдерінің мағынасын берік әрі дұрыс игерту контекст арқылы жүзеге асатынын көрсетеді. Экономика терминдерінің мағынасын контекст арқылы талдауда оқыту заңдылығына сай жеңілден ауырға қарай қағидасын сақтай отырып, кезеңдік жұмыс түрлерін ұйымдастырылды. Терминдерді меңгертудің 1-кезеңі – экономика терминдерінің мағынасын сөз тіркестері арқылы түсіндіру. Тапсырмалардың мақсаты:  экономика терминдерінің мағынасын сөз тіркестерінің көмегімен анықтату. Студенттерге кәсіби лексиканы сөздермен байланысы арқылы таныту. Студенттерді терминді нақты қолдануға, басқа сөздермен грамматикалық және семантикалық жақтан дұрыс тіркестіре білуге үйрету. Тапсырмалардың тиімділігі: экономика терминдерінің мағынасын сөз тіркестері арқылы түсіндіру терминді сөзбен ауызша түсіндіргеннен гөрі тиімді болып келеді. Сөз тіркестері студенттерге экономика терминдерінің тіркесу қабілеті мен қолданылу шеңберін иемденуге көмектеседі.

     1-тапсырма. Төменде берілген экономика терминдерімен тіркесетін сөздер тобын тауып, әр сөз тіркесімен сөйлем құраңыздар.

Ақша, табыс, банк, акция, аккредитив, вексель, валюта, т.б.

Үлгі: банк айналымындағы ақша (деньги банковского оборота), қолма-қол ақша, қағаз ақша, бюджет ақшасы, қарызға алынған ақша, т.т.

     Бір ғана «ақша» терминімен 189, «табыс» терминімен 358, «банк» терминімен – 179, «акция» терминімен – 203, «аккредитив» терминімен – 85, «вексель» терминімен – 177, «валюта» терминімен – 120 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер қанша сөз тіркесін жасай алар екенсіздер?

Ендеше, іске сәт!

      2-кезең – экономика терминдерін сөйлемдер арқылы нақтылау мен бекіту кезеңі болып табылады.

     Тапсырмалардың мақсаты: экономика терминдерінің мағынасын сөйлемдер арқылы нақтылау. Студенттерді экономика терминдері мен дайын сөз тіркестерін аяқталған ойда, яғни сөйлемде қолдануға үйрету.   

     Тапсырмалардың тиімділігі: студенттер жаңа терминдерді сөйлем ішінде, басқа сөздермен тіркесіп келгенде жақсы игереді. Экономика терминдерін сөйлемдер арқылы кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыруда икемделеді.

     2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1) Оқушыларға арналған  алғашқы ...................... оқулығын  1948 жылы американдық экономист-ғалым – Пол Самуэльсон жазған. 2) Пол Самуэльсон ..................... ғылымын математикаландыруға үлкен үлес қосқан  ғалым.

3) …………. ……………….  негізгі элементтерінің бірі – жеке меншік.

  

  3-кезең – экономика терминдерін кәсіби мәтіндер арқылы меңгерту.

Информация о работе Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның