Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:31, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Орыс тілді бөлім студенттеріне қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер жеткілікті. Солардың бірі – жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімі экономика мамандығында оқитын студенттеріне кәсіби лексиканы оқыту әдістемесі.

Вложенные файлы: 1 файл

Конференцияға Экономика тренинг сабақ.doc

— 331.00 Кб (Скачать файл)

Л/т. Экономика ғылымы нені зерттейді?

Г/т. Сөз тіркестері. Жай сөйлем.

      Экономика деген сөздің өзі грек тілінен шыққан «ойкос» – үй, шаруашылық және «номос» – заң деген екі сөзден тұрады. Демек, экономика дегеніміз үй  шаруашылығын жүргізу туралы ережелер жиынтығы (түбірлес сөз «экономить» – «үнемдеу»). Бірақ, қазіргі заманда «экономика» деген сөздің мағынасы кең. Ол тек қана бір үйдің (отбасының) шаруашылығына ғана емес, бүкіл әлемнің, қоғамның шаруашылығына байланысты ұғым.  Экономика ғылымы қоғамның өмір сүруі үшін өзіне қажетті ресурстарды (адам ресурсы, табиғи байлық, техника) қолдануын, дұрыс жұмсауын зерттейді. Әрбір адам өмір сүруі үшін өзінің негізгі қажеттілігін қанағаттандыру керек. Негізгі қажеттіліктер, мысалы: тамақ ішу, жеу, ұйықтау, киім кию, баспана,т.б.  Адам қажеттілігі, негізінен, шектеусіз. Мысалы, тамағы тоқ, қажетті киімі бар, баспанасы бар болғанмен, одан да жақсы тұрғысы келеді (кең, зәулім үй, аса қымбат машина, жекеменшік яхта, т.б.).   Дегенмен, мүмкіншілік шектеулі болады.   

      Сөздік: шаруашылық – хозяйство, қажеттілік – потребности, қажеттілігін қанағаттандыру – удовлетворить потребности, шектеулі – ограничены,      шектеусіз – безграничны,      шектеулілік – ограниченность,

мүмкіншілік – возможности

     Терминдер сөз тіркестері арқылы түсіндіріліп, сөйлемдерде бекітілгеннен кейін, оқытушы олардың мағынасын мәтін арқылы аша білуді, мәтін мазмұнын айта білуге үйретеді.

      Тапсырмалардың мақсаты: экономика терминдерінің лексикалық мағыналарын арнаулы, кәсіби бағыттағы шағын мәтіндердің негізінде нақтылау. Мамандық бойынша мәтінді құрастыруда қиындықтарды болдыртпау үшін студенттердің білім деңгейі ескерілуі қажет. Жаңа терминологияны бекіту және белсенді қолдануға үйрету.

     Тапсырмалардың тиімділігі: терминдердің мағыналары басқа сөздермен қатынасқа түскенде және оның мағыналық байланысында нақты түрде ашылады. Бұл сияқты тапсырмалар түрлерін орындау студенттерді ой жұмысына итермелейді.

     3-тапсырма. Берілген сөз тіркестері мен сөйлемдерді пайдаланып, бірнеше сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңыздар.

      Дәстүрлік экономикалық жүйе, әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық жүйе, аралас экономикалық жүйе, пайда, ынталандырады;  Не? Қалай? Кім? деген  сұрақтарға сатып алушылар мен сатушылардың әрекеттері жауап  береді. Нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі – жеке меншік. Нарықтық экономиканың ресурстары сұраныс пен ұсыныс заңдарына байланысты. Қазір біздің Қазақстанда аралас экономикалық жүйе жұмыс жасайды. Таза нарықтық экономикалық жүйемен өмір сүру қоғамда мүмкін емес.     

      Жұмыстың бұл түрі студенттердің қызығушылығын арттырады, белсенділігін оятады. Студенттердің әңгімелері әр түрлі болуы мүмкін, өйткені жоғарыда көрсетілген терминдер әрбір тіл үйренушілердің санасында әр түрлі байланыстарды тудырады.  

       Екінші бөлімнің үшінші тармақшасы «Студенттердің экономика мамандығы бойынша кәсіби лексикасын  дамыту әдістемесін эксперимент жүзінде дәлелдеу» деп аталады.  Студенттердің сөздік қорын экономика терминдері арқылы дамыту  мақсатындағы ұсынып отырған әдіс-тәсілдердің  тиімділігін дәлелдеу үшін эксперимент жұмыстары ұйымдастырылды. Эксперимент 2003-2009  жылдар аралығындағы  экономика мамандықтарында оқитын орыс бөлімі студенттеріне өткізілді.

      Эксперименттің басты мақсаты: студенттердің кәсіби лексиканы қаншалықты игергендігін байқау болды.

      Студенттердің сөздік қорындағы негізгі кемшіліктерді анықтау арқылы тіл үйренушілердің сөздік қорын экономика терминдерімен дамытуға бағытталған, ең тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Тәжірибе жұмысы үш кезеңде жүргізілді.   Бірінші кезеңде анықтау эксперименті жүргізілді. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – экономика мамандығында оқитын студенттердің кәсіби лексиканың мағынасын түсіну деңгейін, экономика терминдерінің мағынасын түсіндірудің тәсілдерін, терминдердің басқа сөздермен тіркесу қабілетін, экономика терминдерін қолдану арқылы өз ойларын сөйлем түрінде бере білу деңгейін анықтау. Анықтау экспериментінен алынған нәтижелер:

     1) Экономика мамандықтарындағы студенттер экономика терминдерін жеткілікті деңгейде білмейді;

      2)  Студенттер экономика терминдерін түсіне алмағандықтан сөз тіркестерін сауатты құрастыра алмайды;

      3) Студенттер өз ойларын экономика терминдері мен сөз тіркестерін қолдана отырып, сөйлемдермен бере білмейді.

     Анықтау экспериментінің нәтижелерін қорытындылау мынадай түйіндерге негіз болды: экономика мамандықтарындағы студенттердің кәсіби лексикасын дамытуда тиімді әдістемелік жүйе қажет. Практикалық сабақтарда студенттердің кәсіби лексикасын байыту мақсатында іскерлік ойындар, тренинг сабақтар жүргізілді. Студенттерге бұл кезеңде экономика терминологиясымен жан-жақты жұмыс істеу, танысу ұсынылды. Бұл жұмыс оқыту экспериментін жүргізу арқылы жүзеге асырылды. Тәжірибелік оқытудың негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби лексикасын дамыту. Студенттердің кәсіби лексикасын дамыту жұмыстары мынадай кезеңдерден тұрады:

      1-кезең – студенттердің экономика мамандықтары бойынша кәсіби лексикасын іскерлік ойындар, тренингтер арқылы дамыту;

      2-кезең – студенттердің экономика мамандығы бойынша кәсіби лексикасын сөздік жұмысы негізінде дамыту. 

      Қалыптастырушылық  (оқыту) эксперименті дайындаған күнтізбелік жоспар бойынша өткізілді. Эксперимент күнделікті сабақ өткізу барысында СОБЖ сабақтарында өткізілді. Эксперимент жүргізу барысында төмендегі әдіс-тәсілдер мен құралдар пайдаланылды:

     Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, пікірталас, педагогикалық талап қою, жаттықтыру, тест тапсырмалары.

     Құралдар: сабақ, деректемелер, әдебиеттер, слайдтар.

     Ұстанымдар: мақсаттылығы, өмірмен байланысы, студенттің дара ерекшелігі, жүйелілік, бірізділік, үздіксіздік.

     Оқыту эксперименті СОБЖ сабақтарын өту барысында жүргізілді. Келесі эксперимент – бақылау эксперименті. 

      Бақылау экспериментінің мақсаты – студенттердің кәсіби лексикасын дамыту мақсатында ұсынылған әдістеменің тиімділігін дәлелдеу және қорытындылау, тәжірибелік және бақылау топтарының көрсеткіштерін салыстыру. Бақылау экспериментінде студенттердің сөздік қорын экономика терминдерімен дамытудағы жұмыстар жоғары нәтижелерді көрсетті.

   2-кесте. Студенттердің екітілдік экономикалық терминдер сөздігін қатысым-әрекет барысында пайдалана алатын деңгейі.

 

   Төменгі деңгей

 

Орта деңгей

 

Жоғары деңгей

Экономикалық терминдердің

 мағынасын сөздік арқылы анықтай

алады, екі тілдік сөздікпен жұмысты

 баяу жасайды. Олармен  сөйлемдерді құрастырады, қатысым  әрекеті бар.

Экономикалық терминдердің мағынасын сөздіктен шапшаң таба алады, екі тілдік сөздікпен жұмысты шапшаң жасайды. Экономикалық терминдерді қатысым әрекетінде пайдаланады

Экономикалық терминдердің мағынасын тез анықтайды, екі тілдік сөздікті пайдалана алады. Сөйлем құрастырады,  экономикалық терминдерді пайланып баяндамалар жасайды, диалог, монолог құрастыруға сөздік қоры жеткілікті, қатысым әрекеті жақсы


      Бақылау эксперименті. Бақылау экспериментін жүргізу барысында тест тапсырмалары және екі тілдік сөздікпен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар ұсынылды. Тест тапсырмалары Қосымша В берілген.

 Эксперименттен кейінгі бақылауға мынадай тапсырмалар берілді:

      1. Екі тілдік сөздіктен төмендегі экономикалық терминдерді қазақ тіліне аударып, мағынасын анықтаңыздар: банкротство, бизнес, биржа, бартер,   бартерная сделка, аукцион, аренда, стагнация (тоқырау), стагфляция (тұралау).

      2. Құрамында банк, аванс, валюта, салым, кепілдік, ипотека, инфляция деген сөзі бар сөз тіркестерін құрастырыңыздар; сөйлем құрастырыңыздар; шағын мәтін құрастырыңыздар.

      3. Екі тілдік сөздікті қолдана отырып, жалаң және жайылма сөйлемдер құрастырыңыздар.

       4.  Мына мәтінді оқып шығып, осы тақырыпқа диалог құрастырыңыздар.        

Аймақтардың дамуы – елдің дамуы

      Экономиканы аймақтарды дамыту реформасынсыз әртараптандыра алмаймыз. Қазақстанның батысында мұнай-газ секторын, химия өнеркәсібін, транспорттық күшті дамытуымыз керек. Орталықта, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте тау-металлургиялық, атомдық, химиялық, аграрлық индустрияны дамыту қажет. Ішкі сұраныс базасының негізгі бағыты – дәстүрлі индустрияларға қоса, кадрлық әлеуеті бар Алматы мен Астана қалаларын дамыту.  Жоғары әлеуетті шикізаттық емес секторларды және агроөндірістік кешенді солтүстік және оңтүстік аймақтарда дамыту қолайлырақ болады. Азаматтарымыз бен туристерді қызықтыра алатын, бәсекеге қабілетті экономикасы бар Астанамыздың бұдан арғы дамуына айрықша көңіл бөлінбекші. Жаңа өңірлік даму саясаты  – 2020 Стратегиялық жоспарының маңызды бөлігі («Алаш айнасы» газетінен).

 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында анықтау, қалыптастыру және бекіту кезеңдеріндегі студенттердің кәсіби лексикасының даму деңгейлерінің өсу динамикасы төмендегі суреттерде көрсетілді. Кәсіби лексиканы меңгертуде екі тілдік экономикалық терминдердің түсіндірме сөздігімен жұмыс жасаудың алатын орны ерекше. Тіл үйренуші сөздіктермен жұмыс істей отырып, сөз мағыналарын түсінеді, сөздердің жазылу ерекшеліктеріне назар аударады. Сөздіктермен жұмыс барысында тәжірибе тобының студенттері мынадай көрсеткішке жетті: ТТ-75%, ал БТ-45%,  сонда қалыптастырушылық эксперименттен кейін студенттердің кәсіби лексиканы пайдалану деңгейі 30 пайызға өсті.

      Оқыту экспериментінің нәтижесі тәжірибелік топ студенттерінің білім деңгейінің жоғарылағанын және кәсіби лексиканы меңгергендіктерін, кәсіби тілде қазақша сөйлеу дағдысының қалыптасқандығын көрсетті. Оны бақылау экспериментінің тапсырмалар нәтижесінен көруге болады. Эксперимент кезінде өткен материалдың меңгерілу дәрежесі, студенттердің кәсіби лексикасының деңгейі анықталды. Бақылау экспериментінің мақсаты – студенттерге кәсіби лексиканы оқыту тәжірибесінен кейін студенттердің білім деңгейін тексеру негізінде тәжірибеге дейінгі және одан кейінгі нәтижелерді салыстыра отырып, кәсіби қазақ тілінде сөйлеу әрекетін игертудің тиімділігін анықтау. Жұмыстың қорытындысында студенттердің кәсіби сауаттылығы артып, шығармашылық белсенділігі өсті. Студенттер сабаққа қызығушылық танытып, кәсіби лексиканы мәтін құрамында дұрыс қолдану дәрежесіне жетті. Оны эксперимент нәтижесі дәлелдеді. Бақылау экспериментіндегі нәтижелердің көрсеткішін 1-суреттен көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Студенттердің кәсіби лексиканы меңгеру дәрежесі.

             

 

Қорыта келгенде, эксперимент нәтижелері жұмыста пайдаланылған әдіс-тәсілдердің, дайындалған тапсырмалар мен жаттығулардың тиімділігін, сол арқылы кәсіби лексиканы меңгергенін көрсетті.

 

                                                     Қорытынды:

      1. Экономика саласында оқитын студенттердің сөздік қорын мамандыққа сай дамыту әдістемесі олардың кәсіби тұрғыдан өз ойын жеткізуге, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырып, жазу сауаттылығын арттырады. 

      2. Болашақ мамандар өз саласы бойынша экономика терминдерінің мағынасын түсіну арқылы сөздік қорын кәсіби лексикамен дамытады.

      3.  Студенттер өз ойларын қазақша  еркін жеткізуді іскерлік сабақтар барысында үйренеді. Қарым қатынас жасау барысында өзіндік көзқарасын дәлелдеуге тырысады, кәсіби этиканы сақтауға машығады.

      4. Іскерлік ойындар берілген қарым-қатынас жағдаяттарында өз пікірін қазақша білдіруге, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді; экономикалық лексиканы кәсіби қарым-қатынас барысында белсенді қолдануға мүмкіндік берді. 

     5. Экономика терминдерінің мағынасын контекст арқылы түсіндіру студенттерге кәсіби лексиканың тіркесу қабілеті мен қолданылу шеңберін меңгеруге ықпал етті.

       6. Тренинг-сабақтар соңында талқылауға берілген сұрақтарға жауап бере отырып, студенттер өз пікірлерін ортаға салады, пікір алмасады, өз пікірлерін кәсіби тұрғыда, маман ретінде кәсіби тілде дәлелдеуге тырысады. 

 

                                       Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

      1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан. – 2005. – 19 ақпан, – №32 –33.  

       2   Б.Қ.Қасым. Күрделі аталым жасалымы: когнитивті-дискуртық ұстаным. – Алматы, «ЖК ВолковаА.В.»  баспасы, 2010. – 383 б.

      3 Қ.Б.Жарықбаев.  Жантану негіздері.  Алматыкітап, 2002. – 415 б.

       4 М.М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. – Алматы, 1982. – 247 б.

      5 Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы, 2000. – 208 б.

       6 В.Я.Платов. Деловые игры: разработка, организация, проведение. – М.: Профиздат, 1991. – 192 с.

 

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

      1 Использование экономических словарей на занятиях в ВУЗ-е // Материалы V-Международной научно-практической конференции. Польша, 2008. –

Информация о работе Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның