Экономикалық білім негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 19:50, реферат

Краткое описание

Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы мен оның мүшелерін ынталандыру, адамзат өркендеуіндегі әлеуметтік қорғау жағдайларына талдау жасайды, зерттеп үйретеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кәсіпорыннның экономикалық категориялары
1.1.Кәсіпорынның негізгі қорын бағалау
1.2.Негізгі қордың тозуы
1.3.Негізгі қордың тиімділігі. Қор қайтарымы.
1.4.Кәсіпорын айналым қоры және айналым құралдары.
Есептеу бөлім.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Экономикалық білім негіздері.doc

— 162.00 Кб (Скачать файл)

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Кәсіпорыннның экономикалық категориялары

1.1.Кәсіпорынның негізгі қорын  бағалау

1.2.Негізгі қордың тозуы

1.3.Негізгі қордың тиімділігі. Қор  қайтарымы.

1.4.Кәсіпорын айналым қоры және  айналым құралдары.

Есептеу бөлім.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен  шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы  мен оның мүшелерін ынталандыру, адамзат өркендеуіндегі әлеуметтік қорғау жағдайларына талдау жасайды, зерттеп үйретеді.

Ал жастардың экономикалық білім  негіздерін меңгеруі мыналардың мән-мағынасын  түсінуге жәрдемдеседі:

  • Нарықты экономикада тұтынушы, онымен бірге өндіруші, жұмысшыларды жалдаушы және сол жұмысқа жалданушы қандай міндеттер атқарады.
  • Нарықты экономикада тұтынушы, сонымен бірге өндіруші, не өндіру керек, қалай өндіру керек, өндіргенді кім пайдаланатыны туралы кім және қандай шешім қабылдайды.
  • Экономикадағы мемлекеттің атқаратын міндеті, оның экономикалық өмірдегі орны және бұл қатынастың тиімділігі.
  • Жұмыссыздықтардың пайда болуы мен түрлері, олардың инфляциямен байланысы, экономикалық өрлеудің проблемалары.

Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер  үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.

Экономикалық білім негіздерін игеру нарықтық экономикадағы адамды қорғайтын құқықтарды біліп, оны  игеру, сонымен бірге адам құқықтарының тиімді кепілдемесі, ал бұл өз кезегінде жекеменшік болып табылады. Адам абстракты түрде мүддесін қорғамай нақты адам тұтынушының мүддесін қорғау нарықты экономиканың объективті заңы болып табылады. Сондықтан жастардың экономикалық білімін игеруіне бұл жалпы халықтық бағдарлама, демократия мемлекет құқығы және игеру болып есептеледі.

Өндірістің экономикалық қатынастары 2 түрлі және көп жақты болады. Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып  жалғастырады. Сондықтан өндірістің өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін  мекеме кәсіпорын болып табылады.

Елімізде экономикалық реформалардың  табысты жүргізілуі арқасында әлеуметтік жағдай да айтарлықтай жақсара түсуде. Оған зейнетақылары мен бюджет саласы қызметкерлері еңбекақыларының  жыл санап өсуі, әлеуметтік салаға, денсаулық сақтау мен білім беруге жұмсалатын қаржы көлемінің барған сайын молая түсуі дәлел. Еліміз бойынша 2000-2002 жылдардағы ІЖӨ-нің жалпы көлемі 45 пайыз құрайды деген болжам бар.

Қазақстан демократиялық, нарықтық бағыттағы  мемлекет құру жолына сенімді түрде  аяқ басты, ал елдің экономикалық дамуындағы оң ілгерлеулер стратегияда белгіленген шаралардың нәтижелі болып отырғанын көрсетеді. 2001 жылы экономикалық өсімнің 13,2 пайыз құрап, үстіміздегі жылы  ол көрсеткіш 9 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Нарық экономикасының жұмыс істеуі мемлекеттік қуатты реттеуін, макроэкономикалық және секторлық саясаттың ырғақты жүзеге асырылуын талап етеді. Нарық экономикасында жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорынның бәсекелесуші нысан ретінде жұмыс істейтін жеке меншік кіәсіпорыннан айырмашылығы онша көп емес. Телекомуникация, электр энергиясы, авиация тәрізді айтарлықтай жоғарғы технологиялы ауыр салаларда жұмыс істейтін көптеген мемлекеттік кәсіпорындар қолайсыз деген жағдайлардың өзінде бизнесті жақсы жүргізіп отыр. Қазақстан өте бай мемлекет. Сондықтан экономиканы одан әрі өрге бастыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, дұрыс таңдап алынған стратегияны одан әрі жүзеге асыра беру қажет. Дүниежүзілік практикада  кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде  оларға заңды статус беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері  болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды.

Өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтары мен ақша қаржылары өндірәістік  қорлар қоғамдық ұлттық байлықтың  басты көздері. Ол негізінен өндірістік қорлар мен айналым қорынан тұрады. Қорлар өндірістің  құрамындағы негізгі бөлігі болғандықтан оны екі топқа бөледі: өндіріс құрал-жабдықтары және еңбек құрал-жабдықтары.

Кәсіпорыннның еңбек құралы мен  өндіріс құрал жабдықтары өндіріс  процесінде ұзақ уақыт қолданылады. Сондықтан олар негізгі қорға жатады және өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп енгізеді. Негізгі қорлар өндіріс процесінде пайдалану кезінде тозуға ұшырайды. Ол тозу: моральдық және табиғи тозу деп 2-ге бөлінеді

Негізгі қордың құрамын 2 топқа бөледі: актив, пассив

Актив бөлігіне құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына  өндірістің тиімді дамуына әсер етеді.

Ал пассив бөлігіне өндіріс процесіне  қатыспайтын негізгі қорлар жатады (шаруашылық құралдары, өндіріс корпустары, ғимараттар).

Нарықтық экономика жағдайында әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар техника мен технологияны пайдалана  отырып өз қызметін бәсекеге қабілетті  етеді. Ал олардың бәсекеге түсетіндей өнім өндіруі(қызмет көрсетуі), осы өндірілген өнімдердің (көрсетілген қызметтердің) жоғары сапада болуы сөзсіз. Бірақ оларда сапалы өнімдерін уақытында өткізіп пайда алу үшін, оларды тұтынушыға қолайлы бағаға сатуға тура келеді. Содан-соң тұтынушылар өз қажеттілігін қанағаттандырады. Сөйтіп ел экономикасының өсімі жоғары болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндірістің экономикалық қатынастары  екі түрлі және көп жақты болады. Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып  жалғастырады. Сондықтан өндірістің өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін мекеме кәсіпорын болып табылады. Олар шаруашылық салалары: өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, машина жасау т.б. Өндірістің әдепкі буыны кәсіпорын, ол әрбір қоғамның өсу әдістеріне сай келетін кәсіпорын болып табылады. Оны ұйымдастырған өндіріс факторлары мен қамтамасыз ету халық шаруашылығының құрамдас бөлігі. Қоғамдық өндіргіш күштермен экономикалық қатынастардың бірлігімен бейнелетін әлеуметтік экономикалық категория. Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады.

Дүниежүзілік практикада  кәсіпорындардың  әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары  пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде  оларға заңды  статус беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері  болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық, құқылық, формалары бар:

  1. мемлекеттік кәсіпорын
  2. серіктестік

Серіктестік


 

 

                                  толық                 аралас                   шектеулі

 

 

Егер шаруашылықты ұйымдастыруда  ол жаңа саламенен айналысатын болса  ол шаруашылық 2 жыл бойына салықтан босатылады.

Аралас серіктестік-бұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестіктер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктері мен тәуекелділік етіп отырған қатысушы қоғамның ішкі мүшесі деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуеке етушілер сыртқы қатысушылар немесе командистер деп саналады.

  1. Біріккен кәсіпорын. Бұл бірлескен кәсіпорын үшін бізде заңды статус

толық анықталмаған. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың 90 пайызы ЖШС болып отыр. Мемлекеттік кәсіпорын құқылы статусы әртүрлі. Олардың жағдайын анықтан реттейтін заң актілері жоқ. Іс жүзінде әрбір кәсіпорын мемлекетпен рынок арасындағы финанс мүмкіндік қатынастарын реттейтін арнайы қорларға сәйкес ұйымдастырады. Жеке кәсіпорын. Бұл топқа заңды шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар кіреді. Олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді. Тікелей немесе құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке, ведомостыларға не жергілікті басқару органдарына бағынады. Олар пайдадан табыс төлемейді.

  1. Корпарация-қызметінде жауапкершілік менеджрлерге ауысады. Сөйтіп

капитал мен меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де меншікке нақты бақылау жасайтын менеджр болып қалады.

  1. Бұдан кейінгі кең тараған кәсіпорынның түрі акционерлік қоғам. АҚ-ның

2 түрі болады.

  1. ашық
  2. жабық.

АҚ-бұл белгілі бір ұйымның  қаржысын жинақтай отырып акция шығарады, оны шығара отырып, кәсіпорын екі  жақты пайдада болады.

  • Мол пайда алу мақсатында тұрғындардың қосымша қаржыларын

жұмылдырады.

  • Жұмыскерлерді басқару процесінде белсендірек кіріседі. Себебі

кәсіпорынның жетістігі олардың  табысына елеулі түрде әсер етеді.

Меншік түріне қарай кәсіпорын  нарық жағдайында 2 топқа бөлінеді: мемлекеттік және жеке меншік. Саяси  әкімшілік экономикада кәсіпорынның бәрі мемлекеттік меншік болған, бұндай меншікті қоғамдық немесе бүкілхалықтық меншік деп атаған. Жеке меншік жұмысшыларының еркін еңбек етуіне өзіндік құқы барын растайды және оған кепілдік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі қор бұл нақты  өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзімде  пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.

Негізгі қорға 2 жақты мінездеме  беруге болады:

  1. Материалдық заттық жағынан
  2. әлеуметтік экономикалық жағынан

Материалдық заттық жағынан негізгі  қорға еңбек құралдары жатады. Еңбек құралдарына еңбек заттары  жатады. Негізгі қордың әлеуметтік-экономикалық жағы өндірістік қозғалыстық қатынаста  болады. Адамдар еңбек процесінде белгілі өндірістік экономикалық қатынасқа түседі.

Негізгі қорға тәуелді өндірісті  кеңейтілген түрде өндірістік және өндірістік емес негізгі қор деп 2 процеске бөлеміз.

Өндірістік негізгі  қор- өндірісте жұмыс істеп тұрған материалдық сферадан, өндірілген өнім құнын тасымалдайды. Толық өнім кәсіпорынға жұмсалады.

Өндірістік емес негізгі  қор-тұрғын үй, балалар және спорттық мекеме, басқа да мәдени-тұрмыстық объектіде қызмет көрсету және тағы басқа шығын кәсіпорын баланысынан шығады. Өндірістік емес негізгі қор өзінің өндірілген өнім құнын өндіріске тасымалдайды немесе құрмайды. Яғни тұтынушы құны жоғалады. Қор шығын орнын толтыра алмайды. Ұдайы өндіріс ұлттық есеп шотына кіреді.

Қорлар өндірістің құрамындағы  негізгі бөлігі болғандықтан оны 2 топқа  бөледі:

 

Өндіріс құрал-жабдықтары


 

Еңбек құрал-жабдықтары                              еңбек бұйымдары

 

Еңбек құралдары бірнеше топқа  бөлінеді:

  1. еңбек құралдары (машина, станок)
  2. жер участкесі және табиғат байлықтары(су, )
  3. ғимарат (инженерлік құрылыстық бөлім, өндірістік қызмет көрсету)
  4. электр жүйелері
  5. өлшеуіш және реттеуіш приборлар
  6. күш машиналары
  7. жұмыс машиналары
  8. есептеуіш техника
  9. өндірістік және шаруашылық түгендеу
  10. ішкі шаруашылық жолдар

Еңбек бұйымына (шикізат, материалдар, жанар, жағар майлар жатады). Осы  екі еңбек бұйымы мен еңбек құралы өндірістік қорды құрайды. Еңбек құралы өндірістің негізгі қорлары болады. Еңбек бұйымдары өндірістің айналым қорын құрайды. Әр кәсіпорын тауарды қанша және қалай өндіру, қалай және қайда тарату, сондай-ақ түскен кірісті қалай бөлу жөнінде өз бетінше шешім қабылдайды. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қызмет көрсету және өнімді таратудан түскен пайда және кіріс алумен қатар пайдаланылатын өндірістік қорлар көлемі және дами бастаған күннен бастап дәл сол уақытағы кәсіпорын жиған басқа да тұтынушылық жиынтығы енеді. Осы элементтердің табиғи және затай өзінің жиынтығымен кәсіпорын экономикасын көрсетеді. Олардың тұтыну бағалары кәсіпорын экономикасының даму масштабы мен деңгейін сипаттайды. Кәсіпорын экономикасының даму масштабының деңгейі:бір жағынан шығарылған өнімнің санымен,сапасын, ресурстарды қамсыздандыру арасындағы тиімді пропорцияларды таба білу. Екіншіден-сату көлемі мен оны таратудаығы кіріспен пайдаға байланысты.

Информация о работе Экономикалық білім негіздері