Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:00, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Ι. Қаржы жүйесін ұйымдастыру....................................................................5
1.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары.......................5
1.2. Қаржылық қызмет және оны реттеу.........................................................12
ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......17
2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы...............................................17
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет.................................................25
III. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесін жетілдіру жолдары.............................................................................................................31
3.1. Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат......................31
Қорытынды......................................................................................................35
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................38

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой мемлекеттик.doc

— 274.50 Кб (Скачать файл)

2) Бақылау-қадағалаушылық функциялары: 
      салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң түсуiнiң толықтығын көздейтiн заңнаманың сақталуын бақылауды; 
      нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген құзыретi шегінде салықтық емес төлемдердiң түсуiн бақылауды (мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасының үлесiнен, мемлекеттiк меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтерден, "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшін жалгерлiк төлемнен, республикалық мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден және сатудан, мемлекеттiк меншiк объектілерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден, капиталмен жасалған операциялардан алынатын түсiмдерден басқа); 
     қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес таңбалауға жататын акцизделетiн өнiмдер бойынша акциздiк алым маркiлерiнің сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркiлерiнiң жасалуын, сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын бақылауды; 
     өз құзыретi шегінде нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуын бақылауды; 
      мұнай өнiмдерiнiң айналымына мұнай өнiмдерiнің өндiрiсi және айналымы бойынша iлеспе жүкқұжаттар мен декларациялар арқылы бақылауды.

Салық органдарына салық  төлеушілердің  міндетті зейнетақы  төлемдерін және салықытық міндеттемелерін  уақытылы және толық түрде төлеулерін қамтамасыз ету тапсырмалары жүктеледі.

Салықтық тексеру –  салық органдарының салық міндеттемелерінің  жүзеге асуын тексеру.

Салықтық тексерулер келесідей түрлерге бөлінеді:

1) құжаттық тексеру; 2) рейдтік тексеру.

Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кешенді тексеру  – салықтардың  және басқа  да бюджетке төленетін міндетті  төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын тексеру;

2) мазмұндық тексеру  - салықтардың  және басқа да  бюджетке төленетін міндетті  төлемдердің жекелеген түрлері  бойынша салықтық міндеттемелердің  орындалуын тексеру; 

3) қарсы тексеру  - салықтық  тексеру барысында салық органына үшінші тұлғаларға байланысты салық төлеушінің орындаған операцияларын салықтық есепте дұрыс көрсетілуі туралы ақпарат қажет болған жағдайда аталған тұлғаларды тексеру.

Рейдтік тексеру бұл  салық қызметі органдарымен заңнамалардың жекелеген талаптарын сақту мәселелері бойынша жекелеген салық төлеушілерге байланысты жүргізіледі.

Тексеру негізі бұйрық  болып  табылады.

Салықтық тексеру аяқталуымен  салық органының лауазымды тұлғасы  мыналарды көрсете отыра салықтық тексеру актісі толтырылады:

1) салықытық тексеру  орнын, акт толтыру күнін; 

2) тексеру түрін;

3) тексеруді жүргізген  салық органының лауазымды тұлғасының  қызметін, тегін,  аты, және әкесінің  атын;

4) салық төлеушінің  тегін, атын, әкесінің атын немесе  толық атауын;

5) салық төлеушінің банктік реквизиттерінің және регистрациялық нөмірінің орналасқан жерін;

6) салық төлеушінің  салықтық және бухгалтерлік есептілікті  және салықты төлеуді жүргізуге  жауапты басшысының және лауазымды  тұлғаларының тектерін, аттарын  және әкесінің аттарын;

7) алдыңғы тексеру  туралы мәліметтерді;

8) салық органдарына  табыс етілген құжаттар жайлы  жалпы мәліметтерді;

9) заңнамаға нұсқау  жасай отырып салықтық құқық  бұзушылықты нақтырақ сипаттауды;

10) салықтық тексерулер  нәтижелерін.

Салықтық тексеру аяқталысымен салық органы салықтық тексеру актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде хабарлама хат жазып беріледі, ол салықтық тексеру актісін тіркеумен қатар орындалады.

Салық төлеуші хабарлама  хатты ала салысымен онда көрсетілген  есептелген сомалар, айыппұлдар және өсімпұлдар бойынша міндеттемелерін бекітілген уақыт аралығында орындауға міндетті.

Салықтық тексеру барысында  салықтық заңнамаларды бұзушылық анықталмаса, салықтық тексеру нәтижелері бойынша  хабарлама хат жазылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет

 

       Мемлекеттік  бюджет жүйесі ақша қаражаттарын  қайта бөлуді экономикалық өсімнің  сапасы мен нәтижесі арқылы  анықтайды.Бюджнт саласын жоғарлату  факторларына әртүрлі көзқарастар  бар. Ең негізгісі-қаржыландыру көлемі, екіншісі-бюджет қаржысын бөлу бағыттарын болжауды  негізге алу. Үшіншісі-«қаржылық технологизм» тұжырымдамасының іргесін қалайтын-қаржыны бөлу процедурасы болып табылады.

      Мемлекеттік  ресурстарды тиімсіз пайдалану  олардың нақты процедураларының, бюджет процесінің барлық сатыларының бұрмалануына, бюджеттік қалыптасуы мен орындалуына елеулі кедергілер тудырады. Бұдан басқа да процедуралық сұрақтардың шешілмеуі мемлекеттік меншіктің тиімсіз өкімі болып табылады. Акционерлеу және жекешелендіру кезінде, сондай-ақ бонкрот болғандығын ескеру және қаржылық сауықтыру шараларын жүргізу кезінде мемлекет қаржылық ысырапқа ұшырайды. Мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану «тиімді ығыстардан» тәуелсіз,бұл дегеніміз жеке секторлардың экономикалық белсенділігінің төмендеуінен мемлекеттік шығыстардың  көбеюі мүмкін.

       «Қаржы  технологизімінің» тұғырнамасы  мынаған сүенеді: бюджет процесін  регламенттеу, бюджет саласындағы  институттардың өзара іс-қимылының  тәртібін анықтау процесі, олардың  билік өкілеттігін үйлестіруі және жуапкершілігі болып табылады. Мемлекеттік қаржы ресурстарын жұмсау бағыттары мен көлемін бюджет процесінің жекелеген қатысушыларының жекелеген келісімдері нақты «ойын шарты» негізіндегі тиімді іс-әрекеттің стратегиясына жатқызуға болады.

         Қазақстан Республикасының бюджет  кодексі өз күшіне енгеннен  бері процедураны ретке келтіру  сұрақтары жүзеге асырылып,  мемлекеттік  қаржы жүйесінде оң үрдістерге  қол жеткізілді.

         Қазіргі уақытта мемлекеттік  қаржыландырудың қандай бабы басым екендігі туралы ешқандай ортақ пікір жоқ. Индустриалды дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып және Дж.М Кейнс ашқан мультипликатор әсерін назарға ала отырып, тұрақты экономикалық өсім үшін біріншіден, әскери-өнеркәсіп кешенді инвестициялау қажет, ал ол ұлттық экоонмиканың дамуында өзіндік  локомотив» роліне шығады деп кейбір ғалымдар дәлелдейді.

         Мемлекеттік қаражатты басқарудың  тиімділігін көтеруде, бюджеттік  менеджменттің маңызды элементі-бақылаудың  мәні зор. Бюджеттік кодекске  сәйкес қаржылық бақылаудың үш нысаны белгіленеді-алдын ала, ағымдағы, болашақтағы. Бюджеттің атқарылуын бақылау процедурасын құрастыруда, әрбір нысанды бақылау ерекшелігін есепке алу қажет.

        Мемлекеттік қаржылық бақылау  жүйесін ішкі және сыртқы бақылауға  бөлу керек. Ішкі бақылау мемлекеттік қаржылық басқару процесіне тікелей қатысатын элементтер жүйесі, сыртқы бақылау бұл атқарушы өкімет жүйесінен тыс құрылған органдар тарапынан бақылау болып табылады. Мемлекеттік бақылау жүйесін құрудың негізгі, бақылайтын органдардың бағыныстылығын анықтау емес, мақсат бірлігінің қағидасы болуы керек. Мемлекет бюджет жүйесін жаңғырту үшін бюджет процесін жетілдіруі қажет. Мәселе бюджетті құрастыру процедурасы туралы ғана емес, сондай-ақ бюджеттің қабылдануы мен нәтижелі атқарылуы тетігі туралы болып отыр. Іс-жүзінде «қаржы технологизмінің» тұғырнамасын қолдану бюджет саласында келесідей маңызды қозғалыстар тудырады: халық мүдделерін қаржыландыру кезеңдеріне сәйкес тетіктерді құру, барлығына түсінікті бюджет процедурасын қолдану арқылы елдің бюджет жүйесінің барлық деңгейінде бюджет процесінің айқындығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қаражатты мақсатсыз және тиімсіз жұмсауды төмендету, құқықты теңгеру және бюджеттік процеске барлық қатысушыларының жауапкершілігі.

                      Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысы.

 

      Бюджет  қарапайым тілмен айтқанда мемлекет  үшін жұмыс істеп отырғандардың  игілігі. Ел бюджеті ұлттық  экономиканы басқарудың ең маңызды  құралы болып табылады. Кез-келген  реформаны жүргізу және экономиканы  дамыту орасан зор қаржыны талап етеді. Қазіргі кезде бюджет қоғам өмірінің барлық саласын қамтитын экономикалық реформаны жүргізуге мемлекеттің сыртқы және ішкі ресурстарын жасақтап әрішоғырландыруға қабілетті.

       Қазақстанда  бюджет жүйесін қалыптастыру және оның әртүрлі деңгейлері арасындағы қатынастарды жақсарту үшін жұмыстар жасалып жатқанына бірінші жыл емес. Негізінен бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру төменде көрсетілген негізгі мақсаттарды қаржыландыруға бағытталған мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын күрделі процесс болып табылады:

  • өндірістік-мәдени бағдарламаларды қаржыландыру
  • өндірістік және әлеуметтік сфераны дамыту
  • мемлекеттік басқару жәнебилік органдарын ұстауға жұмсалатын шығындар
  • қорғанысқа жұмсалатын шығындар                     

  Қазақстан экономикасы нарықтық қарым-қатынастарға тайғақ кешілуі қиын жолдармен, бұралаң белестерден өтіп барып көшкені бәрімізге мәлім. Бүгінгі күні экономиканың өрлеп, әлеуметтік міндеттер дәйектілікпен шешеіліп жатқанына, халықтың нақты табыс деңгейінің өсіп, аймақтардың аяғына тұра бастағаны үшін облыстың басқару органдары, соның ішінде облыстық қаржы мекемелерінің жүргізген нәтижелі жұмыстары жеткілікті.

     Қай облыстың  бюджеті болмасын бюджет кірісін  басқару процесі ең алдымен  ҚР-ның «Бюджет жүйесі туралы», «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» және тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдармен реттеледі. Бюджетке түсетін кірістер жобасын жасаудағы негізгі база есеп беру мәліметтері, төлемгерлер туралы мәліметтер және салықтық түсімдер сомасы болып табылады. Әртүрлі салықтық және салықтық емес түсімдердіаудару тәртібі, төлемдерді бюджетке төлеу уақыты олардың қалыптасу ерекшеліктерін есепке алу арқылы және бюджетке аударылатын төлемдердің көлеміне қарай анықталады. Осыған сәйкес кез келген облыстың қаржы басқармасының негізгі міндеті жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге жұмсалатын қаржының уақытылы және толық түсуін қамтамасыз ету болып табылады.

    Ендігі кезекте  Қызылорда облысы бойынша соңғы  жылдардағы аймақ бюджеттің қалай атқарылғандығы жайына кеңінен тоқтала кетсек:

    2000 жылы республикалық  бюджеттен алынған субвенцияларды  қоса есептегенде облыс бойынша  кірістер жоспары 99,7%-ға, несиелеуді есепке алғанда шығыстар бойынша жоспар 98,4%-ға орындалды. Республикалық бюджеттен қарастырылған 2402675 мың теңге сомасындағы субвенция толығымен алынды.

                      Төлемнің атауы

01.01.2000ж

01.01.2001ж

Заңды тұлғалардың заңды салығы

Жеке тұлғалардың табыс салығы

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын  жеке тұлғалардың  табыс салығы

Әлеуметтік салық

Заңды тұлғалардың мүлік салығы

Жеке тұлғалардың мүлік салығы

Жер салығы

Заңды тұлғалардың көлік құралдарына  салынатын салық

Жеке тұлғалардың еөлік салығына салынатын салық

Бірыңғай жер салығы

Суды пайдаланғаны үшін төленетін ақы

Орманды пайдаланғаны үшін төленетін  ақы

Мемлекеттік акция пакеттерінің дивиденттерінен  түсімдер

Жерді жалға беруден түскен түсімдер

Қоршаған ортаны ластағаны үшін түсімдер

Мемлекет меншігіндегі мүліктерді жалға беруден түскен түсімдер

Акциздер

Барлығын қосқандағы жергілікті бюджнтке берешек сома

70021

41086

 

7179

439075

111089

1033

34114

8493

1133

 

25874

6

 

15180

774

13988

 

7771

470

 

777286

 

 

76454

48283

 

61

286137

60931

912

34107

15728

326

3712

69168

2

 

632

2478

21841

 

7224

978

 

628434


      Осы  жылғы бюджеттің шығыс бөлігінің  орындалуына келетін болсақ: 2000 жылы  облыс бойынша мемлекеттік басқару  органдарын ұстауға 569893 мың теңге  жұмсау кезделген болатын, соның  ішінде жұмыс берушілердің жарналарын  қосқанда еңбекке ақы төлеу  қоры 351173 құрады, барлығын қосқанда 555469 мың теңге алынды 97,5% , еңбек ақы қорын қоса алғанда 27983,6 мың теңге 97,3% алынды. Қарастырып отырған жыл ішінде қорғанысқа жоспар бойынша 151107 мың теңге бөлінген болатын, сол срманың 99,8% алынды, соныңішінде жалақыға 72262 мың теңге  99,9% .

Информация о работе Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару