Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:00, курсовая работа
Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.
Кіріспе.................................................................................................................3
Ι. Қаржы жүйесін ұйымдастыру....................................................................5
1.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары.......................5
1.2. Қаржылық қызмет және оны реттеу.........................................................12
ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......17
2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы...............................................17
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет.................................................25
III. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесін жетілдіру жолдары.............................................................................................................31
3.1. Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат......................31
Қорытынды......................................................................................................35
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................38
Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына тоқтала кетсек:
2000 жылы
облыс бюджетіне түскен
Қандай аймақ болмасын білім беру саласына үлкен мән береді. Соның ішінде Қызылорда облысы да жыл сайын облыс бюджетінің қомақты сомасын осы салаға бөледі.Есепті жылда білім беру саласында бекітілген жоспарда 3200766 мың теңге сомасының орындалуы 3178733 мың теңгені құрады.
2000 жылы денсаулық сақтау саласына бюджеттің 2792911 мың теңгесі жұмсалынды.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке бюджеттен 943405 мың теңге жоспарланған, нақты орындалғаны 929103 мыңтеңге немесе 98,5%.Мемлекеттік атаулы көмекті төлеуге 539443 мың теңге жұмсалынды немесе жоспарланған соманың 98%-ы алынды. Жыл ішінде несиелеуді жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бюджеттен 41754 мың теңге немесе көрсетілген соманың 84% алынды.
2001 жылы
Қызылорда облсыс бойынша
Облыс бюджнтінің меншікті кірістері 101,7 роындалды.Кірістер түсімінің құрылымында салықтық түсімдер 10721311 мың теңгені, сәйкесінше салықтық емес түсімдер 173065 мың теңгені, капиталмен жүргізілетін операциядан түсімдер 69199 мың теңгені құрайды, бұрын бюджеттен берілген 234457 мың теңге сомасындағы несие жабылды.
Облыс бюджетінің
кіріс бөлігінің түсімдерін
Ал бюджеттің
шығыс бөлігінің орындалуын
Атауы |
Бекітілген бюджет |
Анықталған бюджет |
Кассалық орындалу |
Орын/лу пайызы,% |
Шығыстар |
10171848 |
13327555 |
13173711 |
98,8 |
Жалпы мәндегі мемл-к қызмет көрсетулер Қорғаныс Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік Білім беру Денсаулық сақтау Әлеумет-к қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек Коммуналдық үй шаруашылығы Мәдениет,спорт,туризм ж/е ақпарат-қ кеңістік Ауыл,су,орман,балық Транспорт және байланыс Басқалары Қарыз қайтарымы Несиелеу |
341497 166170 300914 3465746 2705305
1507087 663127 354969
136645 276519 246350 7519 164941 |
395176 238773 414145 3590204 3511730
1830587 1595885 526517
162308 484924 563010 14296 479800 |
391339 238532 413544 3582197 3508024
1709871 1592641 525069
158613 479858 559727 14296 479800 |
99,0 99,9 99,9 99,8 99,9
99,4 99,8 99,7
99,7 99,0 99,4 100,0 100,0
|
2002жылға келетін болсақ,
бұл жылы облыс бойынша
Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына тоқталатын болсақ, кірістер бойынша облыс бюджеті 104,8-ға орындалды. Облыс бюджетінің орындалуы әрбір кіріс көздерін бөлек алып қарастырғанда мына кесте арқылы бейнеленеді:
Атауы |
2002жылға бекітілген бюджет, |
2002жылға анық-ған бюджет мың. |
Орындалуы,мың.тг |
ауытқу |
Жеке табыс салығы-барлығы Әлеуметтік салығы-барлығы Мүлік салығы-барлығы Жер салығы-барлығы Көлік құралдарына салық-барлығы Бірыңғай жер салығы-барлығы Акциздер-барлығы Су ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы Ормандарды пайдалан.үшін ақы Жер учаске-н пайдалан.үшін ақы Мемлекеттік баж салығы Қор.ортаны ластағаны үшін ақы Кәсіпкерлік ж-е кәсіби қызметтерді жүргізгені үшін ақы Басқа да салықтар Салымдар емес түсімдер Капиталмен жүргізілетін операциядан түсімдер Меншікті кірістердің барлығы
|
1642885 2461255 225461 82294
87557 7871 55522
70634 3890 16298 44127 96794
30083 762 59181
39261 4923875 |
1889603 4359689 338826 75211
101614 6144 69315
50079 3331 21908 61329 120259
44376 20 91573
62675 7295953 |
1956920 4588976 354905 82473
104465 6400 76086
51658 6250 25310 79210 127675
50924 24 61866
75148 7648290 |
67314 229287 16079 7262
2851 256 6771
1579 2919 3402 17881 7416
6548 4 -229707
12472 352337 |
Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуына тоқталатын болсақ 2002 жылы мемлеккеттік басқпру органдарын ұстауға бюджетте 637281 мың теңге көрсетілген, соның ішінде жалақыға 369559 мың теңге бөлінген. Осыған сәйкес орындалу 627507 мың теңгені құрады, соның ішіндежалақыға 368161 мың теңге жұмсалды.Жыл ішінде қорғаныс саласына 262216 мың теңге немесе бюджеттен көрсетілген соманың 99,4-ы жұмсалынды. Өртке қарсы қызметке 1911641 мың теңге көрсетілген болатын, сол соманың барлығы толығымен алынды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жүзеге асыратын құқық қорғау органдарн ұстауға есепті жылда бюджеттен 541065 мың теңге көрсетілді, ал іс жүзінде кассалық орындалу 99,9%-ды құрады. 2002 жылы білім беру саласына нақты 4710215 мың теңге жұмсалды, соның ішінде балалардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету үшін 37656 мың теңгені құрады. Есеп берулер бойынша 2002 жылы денсаулық сақтау саласына жоспарланған 3454042 мың теңгенің 99,8%-ы жұмсалынды.
III. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесін жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат
2010 жыл елімізде әлемді шарпыған экономикалық дағдарыс салдарымен күресу кезеңі ретінде есте қалды. Алайда бұл күресте қол жеткізген нәтижелер аз емес. Қазақстанның тиімді жүргізген антидағдарыстық саясатының арқасында еліміз алғашқылардың бірі болып дағдарысты еңсере алды. Тіпті өсімнің дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерін де қалпына келтірді. Экономиканың тұрақты өсімі 2010 жыл бойы өз қарқынын бәсеңсіткен емес. Ел экономикасы дағдарыстан құтылып қана қоймай, одан кейінгі кезеңде де ары қарай дамудың маңызды алғышарттарын қамтамасыз ете алды. Соңғы деректерге қарағанда, 2010 жылғы ішкі жалпы өнім көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 7,0 пайызға артты.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуы мен мемлекеттік бюджеттің орындалуына
қатысты өткен жылдың қорытындыларына
қарағанда, ІЖӨ-нің ішкі мазмұнындағы тауар
өндірісі 5 пайызға, қызмет көрсету 6 пайызға
өсті. Әрине, ІЖӨ-нің өсуіне өнеркәсіп
саласындағы жойқын өсім айтарлықтай
әсер етті. Өткен жылы асқан белсенділік
байқатқан өнеркәсіп, сауда-саттық және
көлік қызметтері сияқты салалар ІЖӨ өсімінің
70 пайызын қамтамасыз етіпті.
Экономиканы әртараптандыру тұрғысынан
алғанда да, ішкі жалпы өнім құрылымында
оң өзгерістер баршылық. Мұнда өңдеу өнеркәсібінің
үлесі жыл қорытындысы бойынша 11,5 пайызды
құраған. Көтерме және бөлшек сауданың
үлесі де айтарлықтай өсіп отыр. Ауыз толтырып
айта алатын тағы бір нәтиже - өнеркәсіп,
ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, байланыс
сияқты алты негізгі сала бойынша есептелетін
қысқа мерзімдік экономикалық индикатор
өткен жылы 2009 жылмен салыстырғанда 107,1
пайызға көтерілген.
Әрине, барлық елде экономиканың өсіміне
ықпал ететін сыртқы және ішкі факторлар
болады. Жалпы, өткен жылы әлемдік экономиканың
бойына қан жүгіре бастады, сыртқы сұраныс
та қалпына келіп, әлемдік нарықтарда
қуат көздері мен металдардың бағалары
тұрақталды. Бұл өз кезегінде қазақстандық
тауар экспортының өсімін қамтамасыз
етті. 2010 жылдың басы мен соңына дейін
Қазақстанның Ресей және Белоруссиямен
арадағы тауар экспорты өзара сауда-саттықты
қосқанда 59,2 миллиард долларды құрап,
2009 жылмен салыстырғанда тіпті 37,1 пайызға
көтерілді. Экономикамызға оң әсер еткен
тағы бір сыртқы фактор - Қазақстанмен
сауда-саттық саласындағы серіктес елдерде
де белсенділіктің артқаны. Осының арқасында
отандық экспортқа сұраныс күшейді. Халықаралық
валюта қорының бағалауынша, 2010 жылы АҚШ
ішкі жалпы өнімінің өсімі 2,8 пайызды құрады.
Ал 2009 жылы бұл елдегі ІЖӨ өсімі 2,6 пайызға
төмендеген болатын. Еуроодақ елдерінің
экономикасы 1,8 пайызға өссе, Қытайда 10,3,
Ресейде 4 пайыздық өсім байқалды. Ал ішкі
факторлардың арасында бірінші кезекте
ішкі нарықтағы сұраныстың қалпына келуі
аталуда. Ішкі сұраныс экономика өсімінің
жоғары қарқынын қамтамасыз етуге септігін
тигізді. Ішкі сұраныстың жандануына тұтынушылардың
көбейгені әсер етті. Тұтыну көлемі 2010
жылдың тоғыз айында 7,1 пайызға өскен,
оның ішінде тұрмыстық тұтыну 8,5 пайызға,
мемлекеттік басқару органдарының тұтыну
көлемі 2,4 пайызға көтерілген. Осы фактордың
экономиканың дамуына әсер етуі 2010 жылдың
соңғы тоқсанында да жалғасты.
2010 жылы еліміздің Ресей мен Белоруссияны
қосқандағы тауар импорты 29 760 миллион
долларға жетті. Бұл - 2009 жылмен салыс-тырғанда
4,8 пайызға артық. Сонымен бірге тұтынушылық
тауарлар импортының да өскені байқалады.
Мәселен, өткен жылы ет импорты 2009 жылмен
салыстырғанда 54,6 пайызға өскен. Шай 22,3
пайызға, қант импорты 37,3 пайызға өсіпті.
Алайда, тұтынушылық сұраныстың өскені,
ішкі сауда-саттық көлемдері мен тұтынушылық
импорттың артуы халықтың ақшалай табысының
айтарлықтай көбейгенімен байланысты.
Сонымен бірге еңбек нарығындағы жағдайдың
да түзеліп келе жатқанын айтуға болады.
Мәселен, 2010 жылы халықтың орташа номиналдық
ақшалай табысы 2009 жылмен салыстырғанда
13,9 пайызға өсті. Еңбек нарығындағы жағдайға
келсек, 2010 жылдың желтоқсанында экономика
саласында жұмыс істейтін азаматтар саны
алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға
өсіп, 8,1 миллион адамды құраған. Ал елдегі
жұмыссыздар саны сол кездегі деректерге
сәйкес, 477,7 мың адамды құрапты. Бірақ жұмыссыздар
саны 2009 жылмен салыстырғанда 55,2 мың адамға
азайған. Жалпы, елдегі жұмыссыздың деңгейі
2010 жылдың желтоқсанында 6,3 пайыздан 5,5
пайызға дейін төмендепті.
Ал мемлекеттік тұтынуға келсек, әлеуметтік
саладағы, білім беру, мәдениет және тағы
бірқатар салалардағы мемлекеттік шығындарды
арттыру жөніндегі елде жүргізіліп отырған
саясатқа байланысты тауар мен қызмет
түрлеріне деген сұраныс аясы кеңейді.
Сонымен қатар ішкі нарыққа бағытталған
экономика секторларын, ең алдымен агроөнеркәсіп
секторын, тұрғын үй-коммуналдық және
көлік-коммуникация салаларын қалпына
келтіру мен ары қарай дамыту жөніндегі
жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың
есебінен де ішкі сұраныс қамтамасыз етіліп
отырды. Тағы бір айта кетерлігі, 2010 жылы
мемлекеттік бюджеттің шығындары алдыңғы
жылмен салыстырғанда 22,6 пайызға көбейген.
Бұл шығындардың басым бөлігі әлеуметтік
көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету,
денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, мәдениет, спорт, туризм және
ақпараттық кеңістік салаларына бөлінген
қаржының көбеюі есебінен болып отыр.
Басты мақсат - бағаларды
ырықтандыру
Айтпақшы, антидағдарыстық сипаттағы
тиімді шаралар ішкі нарықтағы бағалардың
күрт көтерілуіне жол бермеді. Өткен жылдың
қорытындысы бойынша, инфляция 7,8 пайыз
деңгейінде қалыптасты. (2009 жылы - 6,2%). Инфляцияны жоспарлы
дәліз ішінде сақтап тұру үшін мемлекеттік
органдар, Астана мен Алматы қалаларының
әкімдіктері бірқатар кешенді шараларды
жүзеге асырған. Азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында Үкімет әлеуметтік
маңызы бар 18 түрлі тауарлар тобының тізімін
бекітті. Бұл тауарлардың өндірісі, тұтынылуы
және бағасының қалыптасуына байланысты
арнайы мониторинг жүргізу жергілікті
атқарушы органдарға жүктелген болатын.
Негізгі экспорттаушы елдерде майлы және
дәнді дақылдар терімінің төмендеуіне
байланысты шикізаттың сыртқа кетуі мен
ішкі нарықтағы дефициттің алдын алу үшін
әрі дайын өнім бағасының қымбаттап кетуі
қаупіне байланысты Үкімет бірқатар майлы
және дәнді дақылдардың экспортына жарты
жылдық мерзімдегі тыйым енгізді. Жергілікті
әкімдіктер тарапынан өндірушілердің
өнімін тікелей сататын әрі арендалық
ақы төленбейтін коммуналдық азық-түлік
базарларының саны көбейтілді. «ҚазАгро»
АҚ тарапынан қаржыландырылатын жобалардың
ішінде тауарлы сүт фермалары, көкөніс
қоймалары мен жылыжай құрылысын көздейтін
инвестициялық жобаларға басымдық берілді.
Ұн мен нан, макарон өнімдерінің бағасын
тұрақтандыру мақсатында «Азық-түлік
корпорациясы» ҰК» АҚ қосымша астық сатып
алып, оны тиісті өңірлерге бекітілген
бағамен жеткізіп отырды.
Экономиканың нақты
секторы
Отандық экономикаға жайлы әсер еткен
сыртқы және ішкі факторларға байланысты
экономика салаларында да оң өзгерістер
байқалды. Жыл ішінде өнеркәсіп өндірісінің
көлемі 10 пайызға өсті. Бұған елдегі индустрияландыру картасына енген жаңа өндіріс орындарының
ашылуы да әсер етті. 2010 жылы көмір өндірісі
9,9 пайызға өсіп, 110,8 миллион тоннаны құраса,
темір рудасының өндірісі - 7 пайызға (50,4
миллион тонна), мыс рудасының өндірісі
3,6 пайызға (31,7 миллион тонна) өсті.
Республикадағы мұнай өндіруші компаниялар
2010 жылдың 12 айында 79517,7 мың тонна мұнай
мен газ конденсатын өндірген. Қазақстан
үшін ең маңызды жобалар қатарына жұмыс
істеп тұрған екі ірі жоба - Теңіз және
Қарашығанақ кеніштері кіреді. Мұнай мен
газ экспортының көлемі 2010 жылы 71,2 миллион
тоннаны құрады. Соңғы деректерге сәйкес,
отандық мұнай өңдеу зауыттары 2010 жыл
қорытындысы бойынша 13,7 миллион тонна
мұнай өңдеген.
Сонымен қатар өнеркәсіп салаларын дамыту
бағытында да бірқатар шаралар жүзеге
асырылды. Көмір өндірісі саласында 2010
жыл бойы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында
қолданыстағы шахталар мен карьерлер
қорын модернизациялау, көмір өндіру техникасы
мен технологиясын жетілдіру бағытындағы
шаралар жүзеге асырылды. Ал мұнай саласында
Қашаған кенішін игеру жұмыстары жалғасын
тапты. Құрманғазы, Түп-Қараған, Аташ, Жамбай,
Южный-Южное, Забурунье, Жемчужины теңіз
жобаларында барлау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Қазақстан - Қытай, Каспий
Құбыр Консорциумы, Қазақстандық Каспий
Тасымал Жүйесі, Ескене - Құрық мұнай құбырлары
арқылы сыртқа мұнай тасымалдау маршруттары
әртараптандырылуда. Көгілдір отын саласында
да көңіл көншітетін істер қолға алынды.
2010 жылдың 21 желтоқсанында Индустрияландыру
картасына енген 80 индустриялық жобаның
таныстырылымы аясында Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен
«Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының
құрылысы басталып, «Бозой» компрессорлық
стансасының іргетасы қаланды. Ал 2010 жылдың
қазан айында «Қазақстан - Қытай» газ құбырының
бірінші бөлігінің құрылысы аяқталды.
Ақтөбе облысындағы «Тамды - Павловка
- Қайнар» газ құбыры мен Қостанай облысындағы
«Перелески - Денисовка» магистральдық
газ құбыры жобасын жүзеге асырудың арқасында
екі облыста 17 мың адам тұратын үш елді
мекенге газ тартылды.
Құрылыс индустриясы саласы мен құрылыс
материалдарының өндірісін дамыту бағдарламасын
жүзеге асыру нәтижесінде 2010 жылы металл
емес минералдық өнімдер өндірісі 49,7 пайызға
өсті, резинка және пластмасса өнімдері
- 48,4%. Өткен жылы бұл салада жалпы құны
86,1 миллиард теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге
асырылған.
Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаны
жүзеге асыру нәтижесінде, 2010 жылдың 12
айында химия өнімдерінің өндірісі 102,4
миллиард теңгеге өсіп, 2009 жылмен салыстырғанда
37,1 пайызға көтерілді. Қазақстанның 2010
- 2014 жылдарға арналған индустрияландыру
картасының аясында тау-кен - металлургия
саласындағы 43 жобаның ішінен жалпы құны
305,6 миллиард теңгені құрайтын 23 жаңа өндіріс
орны іске қосылды. Бұл металлургия өнеркәсібі
өндірісінің көлемін бірден 10,2 пайызға
арттырды. 2010 жылдың желтоқсан айында
Павлодардағы «Каустик» АҚ кәсіпорнында
жүргізілген модернизацияның арқасында
хлор-сілті өнімдерін шығаратын зауыт
ашылды.
Машина құрастыруда 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан
аралығында өндіріс көлемі 342,5 миллиард
теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда
58,6 пайызға өсті. Индустрияландыру картасының
аясында 2010 жылы жалпы құны 53,2 миллиард
теңгені құрайтын 15 жоба іске қосылды.
Жеңіл өнеркәсіптің шығарған өнім көлемі
30,4 миллиард теңгеге жеткен. Қазір Индустрияландыру
картасының аясында жеңіл өнеркәсіп саласындағы
4 жоба жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар өткен жылы Қазақстан Республикасының
электр энергетикасын дамыту жөніндегі
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы
бекітілді. Ал 2010 - 2014 жылдарға арналған
үдемелі индустриялық-инновациялық даму
мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
аясында осы электр энергетикасы саласы
бойынша жалпы құны 753 миллиард теңгені
құрайтын 13 жоба жүзеге асырыла бастады.
Қорытынды
Сонымен, жоғарыда баяндалған мәселелелерді қорыта келе, мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды деп айта аламыз.
Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән – жайларына байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады. Материалдық мағынасында қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық – экономикалық институттар жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттің қаржылық жүйедегі қаржылық қызметі деп мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі мақсаты: қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқаруына қолайлы жағдай жасау, ал міндеттеріне қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы
басқару деп мемлекеттік
Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және жабу жөніндегі негізгі қағидаларды белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.
Қаржылық жоспарлау мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру процестерін жоспарлы түрде басқару, немесе қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы мамандандырылған органдардың тиісті заңдарда көзделіп, белгілеген қызметтері түрінде көрініс табады.
Информация о работе Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару