Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2014 в 19:04, курсовая работа

Краткое описание

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет құрылған соң олардың арасындағы бұрын көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық қатынастар үзілгені белгілі. Ал Қазақстан сияқты алдымен шикізат өндіретін өндіріске маманданған және қорғаныс өнеркәсібіне жеке бөлшектер ғана өндіретін кәсіпорындары ғана бар республикаға бұл үлкен соққы еді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ...................6
1.1.Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі...................................................6
1.2.Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері.......................................................................................................................8
1.3.Жұмыссыздық деңгейі.Оукен заңы...................................................................12
II МЕМЛЕКЕТ ПЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ҚАРСЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ..................................................................16
2.1.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау, статистикасын анықтау............................................................................................ 16
2.2.Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау..........................................................................................................................19
2.3.Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау...............22
III ЕЛІМІЗДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АНЫҚТАУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ..............................................................25
3.1. Қазақстан республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары....................................................................................................25
3.2.Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау….......................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

Жумыссыздык курсовая.doc

— 367.50 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

 

I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ...................6

1.1.Жұмыссыздықтың мәні  мен объективті негізі...................................................6

1.2.Жұмыссыздықтың түрлері мен  формалары, себептері.......................................................................................................................8

1.3.Жұмыссыздық деңгейі.Оукен заңы...................................................................12

 

II МЕМЛЕКЕТ ПЕН КӘСІПОРЫННЫҢ  ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ҚАРСЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ..................................................................16

2.1.Қазақстан Республикасындағы  жұмыссыздық жағдайын талдау, статистикасын анықтау............................................................................................ 16

2.2.Кәсіпорынның жұмыссыздыққа  қарсы жүргізетін әлеуметтік  саясатын талдау..........................................................................................................................19

2.3.Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің  әлеуметтік саясатын талдау...............22

 

III ЕЛІМІЗДЕГІ  ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ  АНЫҚТАУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК  САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ..............................................................25

3.1. Қазақстан республикасында жұмыссыздыққа  қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру  жолдары....................................................................................................25

3.2.Қазақстандағы  өз бетінше жұмыспен қамтылған  және жұмыссыз халықтың санын аныктау….......................................................................................................28

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................33

 

 

 



 

 

 

Кіріспе

 

 

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның  орнына он бес тәуелсіз мемлекет  құрылған соң олардың арасындағы  бұрын көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық қатынастар үзілгені белгілі. Ал Қазақстан сияқты алдымен шикізат өндіретін өндіріске маманданған және қорғаныс өнеркәсібіне жеке бөлшектер ғана өндіретін кәсіпорындары ғана бар республикаға бұл үлкен соққы еді.

Қазақстан осы дағдарыстан шығу үшін нарықтық экономикалық қатынастарға көшуді жөн көрді. Ал, нарықтық қатынастарға көшуге, экономиканы реформалауға байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттер жұмыссыздық мәселелеріне душар еді. Жете дамыған нарықтық инфрақұрылым, қалыптаса бастаған нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық, экономикалық тұтқалар жағдайында көптеген әлеуметтік мәселелер, атап айтқанда, еңбек және жұмыспен қамту саласы қауіпті сипат ала бастады. Отандық өндірістің дамуын ынталандыратын жетерліктей қолайлы инвестициялық климаттың, экономикалық және қаржылық тетіктердің болмауы, жалақының жоқтығы кейбір аймақтарда әлеуметтік жанжалдың, кедейшіліктің, қайыршылықтың пайда болуына әкелді.

Алайда 90-шы жылдары болған жұмыссыздық пен қазіргі жұмыссыздықтың арасында үлкен айырмашылық бар. 90-шы жылдардағы жұмыссыздықты жаппай сипатта болды деуге болады.

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі - жұмыссыздықтың қазіргі жағдайы. Сонда да жұмыссыздық ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Жұмыссыздықтың халық арасында көп таралуы елдің экономикалық дамуына зор нұқсан келтіреді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздегі жұмыссыздық жыл өткен сайын азая бастады. Жұмыссыздық кез- келген жағдайда болмасын, халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына, әл-ауқатының деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жағынан тез қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік негізіндегі жоғары өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұн-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Болашағымыз – жастардың қолында» дегендей, жас мамандарды көбірек жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек. Бірақ, елімізде бұл мәселе жиі талқыланса да, жұмыссыздық саны азаюы тежелуде. Жұмыссыздықтың көптігінен Қазақстан өзінің жалпы ішкі өнімін жоғалтуда. Ол соңғы санақ бойынша жан басына шаққанда небәрі 12мың доллардан келеді. Халықтың басым көпшілігі жұмыстың сапасына емес, оның жалақысының көптігіне қызығудың нәтижесінде, басқа салаларға мамандар жетіспеуде, ал жанағы адам көп қызығатын мамандықтарда жұмыссыздық етек жаюда.

Олардың қатарына қазіргі заманда экономист, қаржыгер, заңгер, программист және тағы басқалары жатады.

Соның нәтижесінде көптеген адам жұмыссыздыққа душар болуда немесе өз біліміне сай емес ортада жұмыс атқаруда. Сонымен қатар жұмыссыздықтың көбеюі ақша көлемі азаюына да байланысты болады, ал инфляцияның төмендеуі уақытша жұмыссыздықтың пайда болуына әкеледі. Уақытша жұмыссыздық жалдамалы жұмыс істеуге әкелуі әбден мүмкін. Жалдамалы жұмыс уақытша болғандықтан, ол адамның дұрыс өмір сүруіне ешқандай кепілдік бере алмайды. Жұмыссыз адам ақшаның тапшылығынан көп қиындыққа батады, сары уайымға салынады, психологиялық күйзеліске ұшырайды, кейде оңай жолмен ақша табу үшін ірілі – ұсақ қылмыстар жасауға өзін-өзі мәжбүрлейді. Сол себептен оны теқ қана жұмыссыздық деп қарастырмай, бірнеше бақытсыздықтың бастауы ретінде қарастыруымыз керек. Әлемді алаңдатып отырған кедейшілік те осы жұмыссыздықтан да пайда болады. Ендеше еліміз дамыған елдердің қатарына қосылу үшін алдымен осы кемшіліктің орның толтырып, одан құтылудың жолдарын тауып, оған апаратын жолдарды тоқтатуымыз керек.

Сондықтан да бұл курстық жұмыстың маңызы жұмыссыздықтың мәнін түсіну, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту үшін нарықтық экономиканың өзекті мәселелерінің бірі - жұмыссыздыққа қарсы мемлекет пен жеке кәсіпорындардың әлеуметтік саясат жүргізуі болып табылады.

Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы жүргізілетін мемлекет пен кәсіпорынның әлеуметтік саясатын талдау және оны жетілдіру жолдарын іздеу. Жұмыссыздықтың түрлерін, себептерін ашып көрсету, оның мәнің айқындау, пайда болу жолдарын анықтау.

Бұл мақсатқа жетуде қойылған міндеттер:

-жұмыссыздық мәнін ашу және оның негізгі турлері мен формаларын атап көрсету;

-Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейін талдау және бағалау;

-жұмыссыздық жағдайындағы мемлекет пен кәсіпорынның әлеуметтік саясатын талдау;

-елімізде жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдарын атап көрсету.

Бұл жұмыстың объектісі - жұмыссыздық. Жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатынасуына байланысты, бірнеше категорияларға бөлінеді. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмыс іздеуден бас тартқандар, жұмыс іздеуді бітіргендер, жұмыс тапқандар және т.б. Ендеше курстық жұмыстың объектісі жұмыссыздық болса, пәні болып еңбек нарығы қарастырылады.

Сонымен қатар, осы мәселені зерттеуде өз үлестерін қосқан ғалымдар да аз емес. Осындай жұмыссыздықтың жасырын түрі туралы экономикалық теориялар қалыптасқан. Классикалық модельде Адам Смитт, Давид Рикардоның пайымдауынша «Жұмысбастылықтың көлемі әрбір жұмысшының еңбекақысының ставкасына байланысты. Ставка көп болса еңбек ресурстары толық пайдаланбайды. Еңбек нарығы көрінбейтін қол арқылы әсер етуі мүмкін.» Ал Кейнс модельінде «Экономиканың монополиялық даму кезінде, оның үстемдігіне байланысты өзін-өзі реттеу жағдайы іске аспайды. Себебі нарықтық механизм өзінің пайдалану процесін толық игеруі мүмкін.» Жұмыссыздықты анықтау үшін Артур Оукен заңының да қосқан үлесі зор.

Бұл жұмысты жазуда Отандық авторлардың Темірбекова А.Б; Мамыров Н.Қ; Әкімбеков С.; Баймұхаметова А.С.; Жанайдаров І.А; т.б. және шетелдік әдебиеттерді, мерзімді басылымдар, оқу құралдарын, ҚР-ның Статистика бойынша Агенттігінің соңғы мәліметтері, Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауы, ҚР Конституциясының заңдары кеңінен қолданылды.

Курстық жұмысты жазу барысында мен негізгі бөлімді 3 тарауға бөліп қарастырдым. Біріншісінде жұмыссыздықтың теориялық тұжырымдамалары, екіншісінде мемлекет пен кәсіпорындардың жұмыссыздыққа қарсы саясаты, статистикалық деректер, үшіншіде еліміздегі жұмыссыздықты анықтау түрлері мен жасалып жатқан саясатты жетілдіру жолдары баяндалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.

 

1.1.Жұмыссыздықтың мәні мен объективті  негізі.

 

 

Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс істегісі келетін еңбек етуге жарамды тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілмеуі. Жұмыссыздық-еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңына сәйкес өздеріне байланысты емес себептермен табысы жоқ (еңбек табысы) және жұмыс істеуге дайын, қабілетті, бірақ аталған орган оған сай келетін жұмысты ұсынбаса, жұмысы жоқ адам сипатында мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету органында тіркелген азаматтар жұмыссыз деп танылады[1, 211.б.].

Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді:

-еңбекке қабілетті адамдар;

-жасына және денсаулығына қарай  еңбек етуге қабілеті бар адамдар.

Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі олардың экономиканың нарықтық немесе нарықтық емес секторларында жұмыс істеуіне байланысты жүргізіледі. Ересек адамдардың құрамынан нарықтық емес құрылымдарға бейімделген институционалдық адамдарды бөліп қарау керек. Нарықтық емеске - мемлекеттік әскер, полиция, мемлекеттік аппарат деп аталатын институттары жатады. Жұмыспен айналысатын адамдардың қатарына экономиканың нарықтық құрылымдарына бейімделгендер жатқызылады.

Жұмыс күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер жеке категория болып бөлінеді. Осыларға жұмысы жоқтар, бірақ жұмыс іздеу талабына сәйкес келмейтіндер жатады. Осындай адамдарға еңбек нарығында жұмыс істеуге бейімділігі жоқ деп болжау жасалады. Шынында жұмыс істегісі келетін, бірақ әртүрлі себептермен жұмыс істеуден бас тартқан адамдар категориясы болады. Бұл былайша айтқанда, жұмыс табудан күдер үзген адамдар. Адамдардың осы категориясы жұмыссыздарға кірмейтін адамдарға жатады.

Жұмыссыздық деңгейі - бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.

Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады.

Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді. Қоғам үшін ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтік жіктелуі күшейеді, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т.б. Сонымен қатар, бұл құбылыстың кемшіліктерін біржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің белгілі резерві әрқашанда болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықтық экономиканың нормальді қызметіне қажеттілігі бар деуге болады.

Жұмыс істейтін адам деп - үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол - жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен, студентер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді. Жұмыс күші - жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі - бұл жүмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы.

Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және тағы да басқа сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті, өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.

Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені жазылған. Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама берілген. Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау өте қиын. Мысалы: көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызылатын барлық критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті себептермен жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында тіркелмейді Оған себеп - осы қызмет орындарының жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқыларын білмеуі және тағы солай сияқты. Екінші жағынан, халықтың жұмыспен қамтылуын көрсететін сандар әртүрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрып қалады және т.с.с. Қызметкерлер жұмыс істеушілер қатарында есептелінеді, ал шынында жұмыссыз болып келеді. Біздің байқауымызша, бұндай адамдар өзін-өзі және жақын адамдарын белгілі кәсіпорынға жататындығымен жұбатады. Бұл құбылысты жұмыстан босамаған қызметкерлер жұмыссыздығы деп атауға болады. Ең соңында, жұмыссыздық деңгейін есептеуде біраз адамдардың көлеңкелі секторда істейтіндігі ескерілмейтіндігін айта кеткен жөн.

Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз - ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген адам. Ал жұмыссыздықты - экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз.

Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам табылады[2, 282.б.].

Информация о работе Жұмыссыздық