Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2014 в 19:04, курсовая работа

Краткое описание

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет құрылған соң олардың арасындағы бұрын көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық қатынастар үзілгені белгілі. Ал Қазақстан сияқты алдымен шикізат өндіретін өндіріске маманданған және қорғаныс өнеркәсібіне жеке бөлшектер ғана өндіретін кәсіпорындары ғана бар республикаға бұл үлкен соққы еді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ...................6
1.1.Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі...................................................6
1.2.Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері.......................................................................................................................8
1.3.Жұмыссыздық деңгейі.Оукен заңы...................................................................12
II МЕМЛЕКЕТ ПЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ҚАРСЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ..................................................................16
2.1.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау, статистикасын анықтау............................................................................................ 16
2.2.Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау..........................................................................................................................19
2.3.Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау...............22
III ЕЛІМІЗДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АНЫҚТАУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ..............................................................25
3.1. Қазақстан республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары....................................................................................................25
3.2.Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау….......................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

Жумыссыздык курсовая.doc

— 367.50 Кб (Скачать файл)

Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Жұмыс істейтіндер өзгеріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар – атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталды.

Оның есептеуі бойынша, егер ЖҰӨ 2,7% - ға өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді, ал ЖҰӨ қосымша тағы 2%- ға өссе жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және керісінше, ЖҰӨ - нің қосымша қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасында байланысты көрсетеді. Ол былай есептелінеді:

 

 

Y-Y*

                ¾¾¾ = ß (u-u*)

Y*

 

 

 

Мұндағы: Y – нақты өнім көлемі;

Y* – потенциалды ЖҰӨ;

u – нақты жұмыссыздық деңгеййі;

u* - табиғи жұмыссыздық деңгеййі;

ß – эмпирикалық коэффициент.

[9, 78.б.]

 

Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстандағы жұмыссыз халық пен жұмыссыздық деңгейі мынадай:

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы 2012 жылғы статистика бойынша соңғы 3 жылда жұмыссыздық көрсеткіштері:

[ 18 ]

Осымен бірінші тарауды қорытындылай кететін болсақ, жұмыссыздықтың бірнеше түрлері бар екенін білдік. Оның халыққа әкелетін зардаптарын да қарастырдық. Оған бірнеше себеп әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейін анықтау үшін статистикалық деректерге сүйенеміз. Жыл өткен сайын жоғарыдағы кестеден байқағанымыздай оның пайызы азаюда. Бұл еліміз үшін қуантарлық жәйт.

 

II МЕМЛЕКЕТ ПЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ҚАРСЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ.

 

2.1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау, статистикасын анықтау

 

 

2011 жылы 15 жас жəне одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,8 млн. адамға жетті, бұл 2010 жылға қарағанда 163,9

мың адамға (1,9 %-ға) артық. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы саны 4,7 млн. адамды (53,3%) – қалалық халық, 4,1 млн. адамды (46,7%) – əйелдер құрады. Экономикалық белсенділік деңгейі 71,6%-ға қалыптасты. 2011 жылы Республиканың экономикасында 8,3 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылға қарағанда 187,5 мың адам (2,3%) санына өсті. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыспен қамтушылық деңгейі 94,6%-ына, 15  жас жəне одан жоғары жастағылардың – 67,8%-ына жетті.

Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны 5,6% млн. адамды немесе 67,2%, өз бетінше жұмыс істейтіндер – 2,7 млн. адамды немесе 32,8%-ды құрады. Жалпы жұмыспен қамтылғандардың ерлер саны 4,3  млн. адамды немесе жартысынан көбі əйелдер – 4,1 млн. адамды (48,8%) құрады. Жұмыспен қамтылғандық құрылымындағы негізгі үлесті – 30,5%-ды 25-34 жастағы тұлғалар, ал 22,7% – 45-54 жастағылар, 22,7%-ды – 35-44 жастағылар жəне 14,5% – 15-24 жастағы жастар құрады.

2011 жылы жұмыссыз халықтың саны 473,0 мың адамды құрады, өткен жылға қарағанда 23,6 мың адамға (5,0 %) азайды. Жұмыссыздық деңгейі 5,4%-

ды қалыптастырды. Жалпы жұмыссыздық саны бойынша қалалық халық 270,6 мың адамды (57,2%), ауылдық халық – 202,4 мың адамды (42,8%) құрады.

Жұмыссыздар құрылымында əрбір екіншісі - əйелдер. Тұлғалардың үлесі – 25-34 жастағылар 40,7%, 15-24  жастағылар – 12,2% құрады. Жұмыссыздардың саны арасында жоғары білімді 117,9 мың адам (24,9%), жалпы орта білімді – 174,8  мың адам (36,9%), орта кəсіби білімді – 124,8 мың адам (26,4%). Əрбір жұмыссыздың үшіншісі кез - келген жұмыстың жоқтығы себебі бойынша жұмыспен қамтылмаған, 20,4% - өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар, 10,5% - штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылғандар, 6,2% – оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстың жоқтығынан. 2011 жылы 15 жас жəне одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан енжар (əрекетсіз) халық саны 3,5 мың адаммен қалыптасты немесе 2010 жылмен салыстырғанда 10,4 мың адамға (0,3%) азайды. Экономикалық тұрғыдан енжар (əрекетсіз) халық санының 1,3 млн. адамын – ерлер (38,0%), 2,2 млн. адамын (62,0%) - əйелдер құрады [19].

 

 

 

 

 

Кесте 1.Жұмыссыз халықты жынысы және жасы бойынша бөлу.

 

Жұмыссыз халық жас топтары және жынысы бойынша

 

2007

2008

2009

2010

2011

Барлық халық

Жұмыссыздар барлығы

597,2

557,8

554,5

496,5

473,0

Соның ішінде жасы:

15

0,3

0,6

0,6

1,3

1,3

16-19

35,9

18,4

15,6

8,7

7,9

20-24

90,6

77,6

71,5

56,6

50,0

25-29

119,9

112,7

129,3

105,7

107,2

30-34

90,8

87,2

82,7

73,7

85,5

35-39

57,3

59,3

53,1

52,3

48,8

40-44

56,3

43,7

48,6

49,7

43,9

45-49

60,6

55,8

55,2

54,7

42,5

50-54

47,3

51,5

52,9

49,3

46,9

55-59

32,7

37,8

36,0

34,8

27,3

60-64

5,6

13,2

9,5

9,8

12,9

Ескерту: Қазақстан халқының экономикалық белсенділігі статистикасы


 

[16].

Жұмыссыздық деңгейі біліміне қарай ерекше көрінеді. Өткен жылы жоғарғы білімі бар жұмыссыздар 4,5%-ті, кәсіптік орта білімі барлар - 7,5%-ті, жалпы орта білімі барлар - 10,4%-ті құрады. Жұмыссыздардың жалпы көлемінде кәсіптік орта және жалпы орта білімі барлар басымдық танытады - тиісінше 25%-ті және 39,8%-ті құрайды. Бұл ретте жұмыссыз әйелдерде білім алу деңгейі жоғары: жоғарғы білімі барлар жұмыссыздардың ішінде олар 60%, кәсіптік орта білімі барлары - 66% болып отыр.

2011 жылы 501 мың жұмыссыз немесе 78,2% адамның экономика саласының әртүрлі саласында еңбек қызметі тәжірибесі болды. Олардың негізгі бөлігі (21,7%) бұрын ауыл шаруашылығында жұмыс істегендер. Сауда саласында табысты кәсіппен жұмыссыздардың 14%, өнеркәсіпте-10%, құрылыста-7,3%, көлік пен байланыста-5,4%, білім саласында-5,2% шұғылданған.

Жұмыссыз ерлердің қатары негізінен бұрын аграрлық секторда, құрылыста, көлік пен байланыста жұмыс істеген адамдар есебінен, ал әйелдер қатары - денсаулық сақтау, білім, сауда, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегендер есебінен толықты.

Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңсіздігі, тиісті біліктіліктегі жұмыстың жоқтығына байланысты жұмыссыздарға сұраныстың жоқтығы еңбек нарығындағы ахуалды күрделендіре түседі. Өткен жылы 235,6 мың жұмыссыз немесе олардың жалпы санының 36,7% "ыңғайға келетін" не кез келген жұмыстың жоқтығын атап көрсеткен. Таратылуы, штаттың қысқаруы немесе жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардан жұмыстан шығып қалған адамдар биылғы жылы 138,2 мың адамды немесе бүкіл жұмыссыздардың 21,6%-ін құрады. Өз еркімен 85,3 мың адам (13,3%) жұмыстан шыққан. Оқу орнын бітіргеннен кейін 82,8 мың адам немесе 12,9% жұмыссыз қалған.

Соңғы жылдары ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады. Алайда ұзақ уақыт бойы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамдардың үлесі әлі де едәуір. Биылғы жылы 229,4 мыңнан аса адамның жұмысы (кәсібі) болмады. Бұл олардың жалпы санының 37,3% болады. Бір және одан ұзақ бойы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздар ішінде әйелдер басымдық танытады - 67%. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық ерлерде 3,1%-ке, әйелдерде - 5,6%-ке жетті.

1 айдан 6 айға дейін жұмыс іздеп жүргендер 246,7 мың адам немесе барлық жұмыссыздардың 38,5%-і болды, 6 айдан 12 айға дейін жұмыс іздеп жүргендер тиісінше 116,1 мың адамды және 18,1%-ды құрады. 114,2 мыңнан аса адам бұрын еш жерде жұмыс істемеген, бұл жұмыссыздардың жалпы санының 18,6%.

Жұмыссыз халыктың жартысына дерлігі (48,3%) жалдамалы қызметкерлер ретінде жұмыс іздестіруде. Олардың 67,5%-і мемлекеттік ұйымдарда, 24,2% - мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істеуді қалайды, 51% кез келген жұмысты істеуге дайын.

«2012 жылғы тамызда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 467,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2012 жылғы тамыз айының соңына 61,5 мың адам («Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады (2011ж. тамызда – 0,8%), - делінген хабарламада.

Республика экономикасында 2012 жылғы тамызда (бағалау бойынша) 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 142,0 мың адамға немесе 1,7%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,8 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 68,1%) құрады[ 19 ].

Жұмыспен қамту проблемасы шағын қалалар мен тоқыраған ауылдық өңірлерде аса өткір болып отыр. Республикада еңбек нарығының жай күйінің мониторингі үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тіркелуін көрсететін деректер базасы құрылды. Сапа мен ұсыныстың кәсіптік – біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың еңбек ұтқырлығының төмен болуы себепті. Жергілікті еңбек нарықтарындағы жұмыс күшінің бір мезгілдегі тапшылығы жағдайында қазіргі уақытта Қазақстанда оған сұраныстың жеткілікті екенін талдау дәлелдеп отыр. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың ай сайынғы бос орындар банкі 15-17 мың бірлікті құрайды. Бірақ кәсіптік белгісі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен айына бір бос жұмыс орнынан есеппен 7-10 жұмыссыз үміттенеді.

 

2.2 Кәсіпорынның жұмыссыздыққа  қарсы жүргізетін әлеуметтік  саясатын талдау.

 

 

Жұмысбастылықты жақсарту және жұмыссыздықты төмендетудің негізгі бағыттары жұмыс күші ұсынысы мен сұранысына әсер ету жолымен жүзеге асырылады (3 сурет). Әр бағыт пен шараларды жүзеге асыру аймақтық және кәсіпорын деңгейінде сәйкес экономикалық механизмдердің құрылуын қажет етеді.

Жұмыс күшіне сұраныстың қалыптасуы жұмыс берушінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарына бағынады. Оның басты ұстанатын мақсаты – пайда табу үшін өзі басқаратын кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыру саясатының бірінші және негізгі бағыты – жұмыс орындарын сақтау және модернизациялау, жаңа жұмыс орындарын құру және артық және тиімсіздерін жою. Бұл шаралар аймақтық және жергілікті басқару орындарының қолдауымен әрекет ететін кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

Екінші бағыт – кәсіпкерліктерді дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын құру. АҚШ тәжиребесінде шағын кәсіпорындар арқасында он жаңа жұмыс орындары ішінен сегізі құрылады. Жаңа кәсіпорындарды құрумен қатар жұмыс күшіне сұраныстың кеңейюіне әрекет ететін ірі кәсіпорындарда ішкі кәсіпкерлікті дамыту да әсер етеді.

Үшінші бағыт – ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Бұл бізге шетелдік тәжиребеден келген. Жұмыссыздарға жергілікті басқару органдарының иелігіндегі обьектілерде құрылыспен, жөндеу, жинастыру, қызмет көрсетумен байланысты уақытша жұмыс берумен түсіндіріледі. Бұл бағытты пайдалану аясы оның кәсіпорындарда таралуы есебінен кеңеюі мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын өзінің тікелей міндеттеріне кірмейтін жұмыстар шеңберін анықтайды.

Төртінші бағыт – еңбек потенциалын пайдалану мүмкіндігі шектелген тұлғалар үшін жұмыс орындарын құру. Бұл бағыт бойынша тапсырыстарды орындау кезінде жұмыстардың мазмұны мен сипаты жеке адамның физикалық мүмкіндіктерінің шектеулігін ескеру керек.

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3

Жұмысбастылық жақсарту және жұмыссыздықты төмендету саясаты

 

Жұмысбастылық жақсарту және жұмыссыздықты төмендету саясаты



 

Жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыру саясаты

 

Жұмыс күші ұсынысы мен сұранысына теңгерілген әсер ету саясаты

 

Жұмыс күші ұсынысын қалыптастыру саясаты



Әрекет ететін кәсіпорындарда жұмыс орындарын құру және сақтау

Жұмысшыларды оқыту және қайта оқыту



Кәсіпкерлікті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын құру

Өзіндік жұмысбастылықты дамыту


 

Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

Жұмыс уақыты ұзақтығын реттеу


 

Еңбек потенциалын қолданудың шектелген мүмкіндігімен тұлғалар үшін жұмыс орындарын құру

 

Миграциялық үрдүстерді реттеу


 

Осы үрдістермен байланысты жұмыс күшінің мобильділігі жұмысшылардың еңбек әрекетінің өзгеруіне дайындығы мен қабілетін сипаттайды.

Жұмыс күші ұсынысының қалыптасуы жұмысшының қажеттіліктері мен қызығушылықтарын көрсетеді. Оның ұстанатын басты мақсаты – мазмұны бойынша, еңбек шарты мен еңбекақы бойынша қанағаттандырылатын жұмысқа орналасу.

Информация о работе Жұмыссыздық