Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2014 в 19:04, курсовая работа

Краткое описание

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет құрылған соң олардың арасындағы бұрын көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық қатынастар үзілгені белгілі. Ал Қазақстан сияқты алдымен шикізат өндіретін өндіріске маманданған және қорғаныс өнеркәсібіне жеке бөлшектер ғана өндіретін кәсіпорындары ғана бар республикаға бұл үлкен соққы еді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ...................6
1.1.Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі...................................................6
1.2.Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері.......................................................................................................................8
1.3.Жұмыссыздық деңгейі.Оукен заңы...................................................................12
II МЕМЛЕКЕТ ПЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ҚАРСЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ..................................................................16
2.1.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау, статистикасын анықтау............................................................................................ 16
2.2.Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау..........................................................................................................................19
2.3.Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау...............22
III ЕЛІМІЗДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АНЫҚТАУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ..............................................................25
3.1. Қазақстан республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары....................................................................................................25
3.2.Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау….......................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

Жумыссыздык курсовая.doc

— 367.50 Кб (Скачать файл)

 

1.2.Жұмыссыздықтың түрлері мен  формалары, себептері.

 

 

Жұмыссыздықты әр зерттеуші әр түрлі жіктейді. Солардың біреуі жұмыссыздықтың амалсыз және еркін түрін ажыратады. Амалсыз жұмыссыздықта адам берілген жалақы деңгейінде жұмыс істегісі келеді, бірақ оған жұмыс табылмайды. Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады.

Көптеген экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына негізгі типтерге бөледі: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдық және технологиялық.

Фрикциондық жұмыссыздыққа төмендегіндей сипаттар тән болып келеді. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорыннан басқаға жылжуымен байланысты белгілі бір дәрежесі болады. Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылары белгілі квалафикациясы бар жұмысшы күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар вакансия туралы информация болмағанда немесе осы информация тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында қашан болмасын сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздық дәрежесі жаңа жұмыс істеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді(1 айдан 3 айға дейін).

Уақытша жұмыссыздықта кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде "жұмысаралық" жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы). Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты жатады.

Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып келген кезде, олардың орнын басқа жұмыссыздар басады. Сондықтан, әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға экономистер "уақытша жұмыссыздар" деген термин қолданады. (Ол жұмыстың қайта жаңғыруымен ңемесе іздеумен байланысты).

Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты керсетеді. Еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын "білімдері бар" деп есептелінеді.

Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы.

Уақытша жұмыссыздық ақырындап "Құрылымдық жұмыссыздық" деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер "құрылымдық" терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сүраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді. Олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының "қысқы белдеуден" - "жазғы белдеуге" миграциясы мысал бола алады.

Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда "сатуға" болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек, ал кейде тұрған жерін де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы профессионалдық-квалификациялық және территориялық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәтижесінде, жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымында өзгерістер пайда болады, бұл-жұмысшы күшінің тұрақты түрде территориялық және салалық қайта бөлінуін талап етеді. Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған жұмыскерлер, басқа салаларда бар бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады (әдетте қатарынан алты айдан артық). Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте төмен квалификациялы немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.

Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.

Циклдық жұмыссыздық негізін экономикалық құлдыраумен және сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығарылуымен және жұмыспен қамтудың көлемдерінің циклдық ауытқулары құрайды. Циклдық жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюымен және жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады. Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде "сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық" деп те атайды.

Жұмыссыздық себептерінің біріне жұмыс күші құрылымы мен бос жұмыс орындары арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады. Еңбек нарығының тепе-тендік үлгісі жұмысшылар деңгейінің бос жұмыс орындарына сәйкестігін болжайды, жұмысшы кез-келген жұмыс орнына лайықты. Егер ол шынында солай болса, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болып, онда жұмыс орнын жоғалту жұмыссыздықты тудырмайтын еді. Еңбек нарығына шығарылғандар тез арада нарықта белгіленген жалақысы бар жаңа жұмыс табар еді. Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз. Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы тербелісте, ал ол осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне  деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді. Мысалы: дербес компьютерді енгізу жазу машиналарына сұранысты қысқартты, ал ол жазу машинкаларын шығаратын өндірістегі еңбекке сұранысты төмендетті. Сол уақытта электронды өнеркәсіптегі еңбекке сұраныс өсті. Одан кейін, әр аймақ әр түрлі тауар өндіретіндіктен, еңбекке сұраныс бір уақытта елдің бір бөлігінде өсіп, ал екіншісінде қысқаруы мүмкін. Мысалы: мұнай бағасының өсуі Атырау сияқты мұнай өндіретін жерлерде жұмыс күшіне сұранысты арттырады. Экономистер осындай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке сұраныс құрылымындағы өзгерістерді құрылымдық ығысу деп атайды.

Құрылымдық ығысу ұдайы болгандықтан және жұмысшыларға жұмыс ауыстыру үшін белгілі уақыт қажетігінен уақытша жұмыссыздық тұрақты сипатта болады.

Құрылымдық ығыстырулар жұмысшылардың ұдайы босатылуы мен уақытша жұмыссыздықтың жалғыз себебі емес. Одан басқа егер фирма банкротқа түссе, егер олардың жұмысының сапасы қанағаттандырмаған жағдайда немесе олардың нақты мамандығы қажет етілмесе жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады. Жұмысшылар өздерінің мамандық қызығушылығын өзгерткен жағдайда немесе елдің басқа ауданына көшкен кезде өз тілегімен жұмыстан шығады. Еңбек нарығында фирмалар арасындағы сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыздығынан уақытша жұмыссыздық әрқашан болады.

Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.

Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдік жұмыссыздық нөльге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты "жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі" деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі "экономиканың өндірістік әлеуеті" деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты (шынайы) көлемі. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе-теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз - оң өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жүмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз. Мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.

"Табиғи" термині экономика  жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде  жұмыс істеп, өзінің өндірістік  мүмкіндігін қолданып жатыр деген  ұғым бермейді. Біздің іскерлік  циклдарды қысқаша шолуымызда экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік. Бірақ кейде экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен де болуы мүмкін.

Осымен қатар, нақты және жалғал жұмыссыздық болады. Бірінші жағдайда, адамның еңбекке қабілет және ықыласы болады, бірақ еңбек нарығында түрлі жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды. Екінші - әртүрлі себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды. Жұмыссыздық ашық және жасырынды, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді - циклдық және құрылымдық, ал қысқа мерзімдікке маусымдық және фрикциондық жұмыссыздық жатады. Құрылымдық жұмыссыздықтың бір формасына технология және жаңа жабдықтар енгізуімен байланысты және ол адамдарды машинамен алмастырып, жұмыссыздық тудырады.

Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Бұған берілген уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар жатады, бірақ оларға егер де ұсынылған жұмыс қолайлы келсе, жұмыс күшінің қатарына қосылуы даяр. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіпорынмен ресми түрде үзген (осы себепті жұмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжиребеде бұл жәйтті толық жұмыс істеушілік деп атайды. Тағы да бұған қоса конверсиялық, экономикалық, тоқырау, жоспар арасындағы жұмыссыздық түрлері болады.

Конверсиялық - әскери өндіріске кешен салаларындағы қысқартуға байланысты болады.

Экономикалық - нарық коньюктурасының ауытқуына тауар өндірушілердің бәсекелестік күресте жеңілуіне байланысты болады және бұл жұмыссыздықтың түрі тұрақты сипатта болады.

Жоспар арасындағы жұмыссыздық мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай қалса болады.

Ал тоқырау жұмыс істегісі келмейтіндерге және де уақытша жұмыс істей алмайтындарға байланысты. Бұл жұмыссыздық өсу қарқыны жоғары болады[2,288.б.].

 

1.3. Жұмыссыздық деңгейі.Оукен заңы.

 

 

Экономика ресурстарды қаншалықты жақсы қолданатынына  байланысты сипатталады. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күші болады – бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты. Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші ( пайыз түрінде ). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.

Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Демек,

Жұмыс күші =  жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны

Жұмыссыздық деңгейі =  жұмыссыздар саны * 100 %

жұмыс күшінің жалпы саны [4,60.б.].

 

Ол Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен статистика бойынша агенттігі шұғылданады. Статистикалық мәліметтерде соңғы кезде екі көрсеткіш есептелініп жүр: жұмыссыздықтың ресми және жалпы деңгейі.

Жұмыссыздықтың масштабын азайту мақсаты ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделді. Өйткені жұмыссыздықты мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсатты қойып керегі де жоқ. Толық жұмысбастылық кезеңіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық деңгейлерінің қосындысына тең. Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдық жұмыссыздық нольге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі “экономикалық өндірістік әлеуеті” деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе – теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды. Еңбек рыногының бұл жағдайында кәсіптік – біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін.

Информация о работе Жұмыссыздық