Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:36, курсовая работа
Біраз зерттеушілер бұрынғы кеңес экономисі Л. Мендельсон, экономикалық дағдарыстар циклдар теориясы мен тарихы бойынша іргелі еңбектердің авторы ауыл шаруашылығындағы артық өндіру дағдарысы екі түрде көрінеді деп есептейді: циклдық артық өндіру ,ол тек ауыл шаруашылығында циклдық дағдарыстың жалпы әрекетін білдіреді, екіншісі ұзақ аграрлық дағдарыс. Құрылымдық дағдарыстар жекелеген салалар дамуындағы сәкессіздіктен туындап, әдетте , ұзақ мерзімге сағыздай созылып және көбіне циклдық дағдарыстың басталуымен тұспа-тұс келмейді.
Кіріспе………………………………………………………..........................2
Бөлім. Рыноктық қатынастар теориясы…………………................3-14
Рыноктық экономиканың даму кезеңдері......................................3-4
Рыноктың мәні,атқаратын қызметі,түрлері..................................5-12
Рынок экономиканың қазіргі көріністері.........................................13
Рынок инфрақұрылымы.....................................................................14
Бөлім. Экономикалық циклдар…………………………........15-23
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.............15-18
Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы……………………………………………………….....................19-21
Конъюнктураның үлкен циклдары..............................................22-23
Бөлім. Дағдарыс және одан шығу жолдары. Дағдарыстың түрлері..............................................................................................................24-27
Аграрлық дағдарыстар оның өнеркәсіп дағдарысынан айырмашылығы.................................................................................................24-25
Құрылымдық дағдарыстар................................................................26
Мемлекет және дағдарысқа қарсы шаралар....................................27
Қорытынды...................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................29
Мазмұны:
Кіріспе………………………………………………………..
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Менің бұл курстық жұмысты
жазаудағы мақсатым рыноктық экономиканың
мәнін, олардың түрлері мен құрылымын
және экономикалық циклдың көрсеткіштік
динамикасын, циклдың фазаларын
түрлерін, конъюктураның үлкен
Рынок дегеніміз тауарларға
сіңген еңбектің қоғамдық сипатын айқындайтын
және тауарларды өзгертуді жүзеге асыратын
айырбас сферасындағы қатынастардың
жиынтығы. Өндірушілер мен
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында рынок маңызды қызмет атқарады.
Экономикалық циклдарды зерттеушілердің бірі – А. Шпитгоф. Ол 1905 жылы экономикалық циклдар және дағдарыстар тақырыбына диссертация қорғап, осы саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды.
Біраз зерттеушілер бұрынғы
кеңес экономисі Л. Мендельсон, экономикалық
дағдарыстар циклдар теориясы мен
тарихы бойынша іргелі еңбектердің
авторы ауыл шаруашылығындағы артық
өндіру дағдарысы екі түрде көрінеді
деп есептейді: циклдық артық
өндіру ,ол тек ауыл шаруашылығында
циклдық дағдарыстың жалпы
I.Бөлім. Рыноктық қатынастар жүйесі.
1.1Рыноктық экономиканың даму кезеңдері
Шаруашылықты рыноктық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған ғасырларға созылғанымен, бірақ та ол адамзат қоғамының даму тарихынан қысқа. Алғашқы қауымда материалдық негіз – қоғамдық еңбек бөлінісі және қосымша өнім болмағандықтан рыноктың өмір сүру қажеттігі болмады. Өндіріс құралдарын жетілдіру және еңбек өнімділігінің өсу нәтижесінде артық өнім, онымен қоса айырбас пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі өндіргіш күштердің дамуына және адамдардың өмір сүруінің қажетті жағдайы ретінде рыноктық айырбасты қалыптастырады. Адамзат қоғамының дамуындағыәр түрлі кезеңдерде шаруашылықты рыноктық ұйымдастырудың маңызы әр қилы болды. Ежелгі дүниеде және орта ғасырларда орасан зор натуралды шаруашылық аймақтарымен қатар жергілікті құрылды. Жергілікті рыноктар арасында жай және кездейсоқ айырбас процесі қалыптаса бастады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі рыноктық экономиканың көптеген жаңа сфераларын және территорияларын қалыптастыруға жағдай жасады. Рыноктық даму тереңдей және кеңейе түсті. Жергілікті рыноктардың арасындағы байланыстың жүйеленуі біртұтас ұлттық рыноктың қалыптасуына жол ашты. Енді рыноктық шаруашылық теориясының негізгі жағдайын айта кетелік. Рынок дегеніміз тауарларға сіңген еңбектің қоғамдық сипатын айқындайтын және тауарларды өзгертуді жүзеге асыратын айырбас сферасындағы қатынастардың жиынтығы. Өндірушілер мен тұтыннушылардың арасындағы рыноктық қатынастардың элементтері: баға,мұраныс және ұсыныс, айқындау. Рынок арқылы өндіріс құралдарын және еңбекті салаларға бөлу, сонымен қатар еңбек өнімділігін ынталандыру және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге асырылады. Қоғамдық өндірістің реттеушісі ретінде рынок өндірілген тауарлар құрылымын қоғамдық қажеттіліктер құрылымына және көлеміне сәйкетендіреді. Жеке меншік рыноктық шаруашылықтың экономикалық негізі болып табылады. Біріншіден, жеке меншік пен рыноктық механизм өндіргіш күштердің даму жолына кедергі болған жоқ, өз ішінен ғылыми-техникалық революияның дамуы үшін бұрын болмаған кеңістік ашты және тез дамуына жағдай жасады. Екіншіден, экономикалық қатынастар қатып қалған, қозғалмайтын құбылыс емес. Экономикалық қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер мен азаматтық қоғамның әр түрлі институттар сияқты көптеген факторлардың әсерін өзіне қабылдай отырып, тұрақты қозғалыста болады. Форациялық теорияға сүйенген кеңес елі, басқа да бұрынғы «социалистік» елдерде орныққан жоспарлы, бір орталықтан басқару жүйесі тарихта өз артықшылықтарын дәлелдей алмады. Сондықтан жоғарыда аталған елдер рыноктық қатынасқа көше бастады. Өндіріс құралдарына жеке меншік өндірушілердің қоғамдық байланысының ерекше формасын қамтамасыз етеді. Сату, сатып алу жолымен айырбастау ,яғни шаруашылықты рыноктық ұйымдастыру. Рынок адамзаттың ерекше өнертабысы болды, әрі қоғамдық қажеттіліктерді барынша айқындайды.
1.2.Рыноктың мәні,атқаратын қызметі,түрлері.
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенімен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан бұлар ұдайы өндірістік барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «рынок» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қалған жоқ. Көпшілігі рыноктық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рыноктық экономиканы барлық аурудан тез жазатын керемет «дәрі» ретінде , немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.Саяси экономикалық мағынада рынокты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің саңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, рынок тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Рынок –тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.
Экономикалық дамудың объективті жағдайырынокты және олардың категоряларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б.) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі рыноктың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу рыноктық айырбасқа кең жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі «батыстық модельдерді» қайталау емес. Бұрынғы социалистік елдердегі рыноктық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизімін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы рыноктың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі рынок меншікке байланысты өндіріс қатынастардың бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да рынок өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік – тұрмыстық дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады. Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы құрылымдары, өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс ен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен рынокта, сұраныс пен ұсыныс,кәсіпорындарының келісімдері арқылы алғашқы сынақтар өтеді. Сонымен қатар , рынок белгілі белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөль атқарады. Өйткені ол өндірілге өнімнің оған жұмсалған еңбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелейді. Рыноктың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл қызметін ол маңызды бағаның қоғамды қажетті еңбек шығындарын нақты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар рыноктық өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек. Көп уақыт бойы біздің шаруашылығысыздың бұрынғы социалистік елдердегі сияқты сәйкестілігі бұзылып, экономика тапшылық жағдайында, болып елді. Мұны ұдайы өндірістің заңдылығы деп түсінушілерде аз болған жок. Сөйтіп, социализм тұсында сұраныс ұсыныстан әрдайым артық болуы керек деген формула пайда болды. Рынок құрылымы өте күрделі. Мұның ең басты буыны – өндіріс құрал-жабдықтары қозғалысы материалистік–техникалық жабдықтау түрінде жүзеге асты. Материалдық –техникалық жабдықтау –орталықтан ресурстарды жоспарлы түрде өндірушілер мен тұтынушыларға бөліп отыру. Бұл басқарудың әкімшілдік –әміршілдік түріне тән әдіс еді. Сырт қарағанда материалдық-техникалық жабдықтау сатып алу, сату арқылы жүргізіледі, бірақ бұл формальді түрде болып келді. Рыноктың ұдайы өндірістегі рөлін көтреу үшін өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей коммерциялық және аралық рөл атқаратын көтерме базарлар арасындағы қатынасты кеңінен дамытуды өмір талап етті. Материалдық-техникалық ресуртарды орталықтан бөлуден өндіріс құрал-жабдықтарын рынок арқылы сатуға көшу, еңбек ұжымдарының өзін-өзі басқару мен экономикалық дербестігін күшейтіп іскерлігін көрсетуге жол ашты.
Көтерме сауданың бірінші
көрінісі – өндірушілер мен
Көптеген елдердің тауар айналымында ауыл шаруашылығы мен басқа кооператив өнімдері, өздерінің қосалқы шаруашылыында өндірген өнімдерді өткізетін рынок көрнекті орын алуды. Экономикалық реформа барысында колхоздар жоспардан тыс 30 процентке дейнгі жоспарлы өнімді қалаларға апарып келісім бағаларменсатуға құқылы.
Рынокты сапалы жақсы тауарлармен толтыру менқызмет көрсетуді жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті. Ең бастысы реттелген әлеуметтік рынокты дамыту, алыпсатарлармен күрестегі жеңістің, «көлеңкелі экономиканы» жоюдың алғы шарттары.
ТМД елдерінің ұлттық рыноктары бір-бірімен тығыз байланысты. Олар дүниежүзілік рынокпен де қарым-қатынасты ұлғайтуда. Бұл қатынастарды дамытудың материалдық негізі ол елдер арасындағы еңбек бөлінісін тереңдету, тікелей тауар айырбасы мен сату қызметтерін кеңейту. Тауар айналысы рынок «сатушы мен саты алушылардың » арасындағы қатынастыңкөріну формасы болғанымен, олар шын мәнінде өндіріс пен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың қайшылықтары нақты көрсетеді.
Сұраныс пен ұсыныс –халықтың тауарларға деген төлем қабілеті бар сұранысы мен ол тауарларды ұсынудың арасындағы қатынас. Тауарды сатып алып өткізу процесі қалыпты жүзеге асып тұруы үшін сатуға шығарылатын тауар мен халықтың төлем қабілеті бар ұсынысы сай келуге тиіс. Алайда өмірде дәл осылай бола бермейді. Өйткені, сұраныс қоғамның барлық қажеттіліктерін көрсетпейді, ол тек ақша қаржысымен қамтамасыз етілген өндіріс құрал-жабдықтарымен тұтыну заттарына деген сұранысты қанағаттандыруды қамтиды. Сұраныс сияқты, ұсыныс та елдегі өнім өндірудің бүкіл көлемін сипаттайды. Мысалы ол тауар айналысы саласынан тыс өндірістік өндірістік және жеке тұтынуға түсетін өнімдерді өндіру резервтері мен көлемін қамтымайды. Халық тұтынатын тауарларға сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік тұтыну заттарының көлеміне,қорлану қорын ұтымды пайдаланып, өндірістің тиімділігін арттырумен тікелей байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына қоғамдық өндірістің екі бөлімінің – өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары өндірісінің өсу қарқыны әсерлі ықпал етті.
Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне халықтың ақшалай табысы мен еңбек өнімділігінің өсу арқынының арақатынасы да ықпал етті. Осы арақатынасты реттеуде баға да маңызды рөл атқарады. Егер, жекелеген тауарлар ұсынысы сұраныстан асып кетсе, мемлекет бөлшек сауда бағасын кемітеді, осының салдарынан рынок сыйымдылығы артып, тауарлар тез өткізіледі. Ал егер ұсыныс сұраныстан артта қалса, мемлекет ең алдымен тұтыну заттарды өндіруді ұлғайту шараларын қолданады, тек кейбір жағдайда ғана, осындай тауарларды едәуір ұлғайту мүмкіндігі болмаған сәтте мемлекет бұл тауарға деген сұраныс пен ұсынысты бір-біріне сәйкестендіру мақсатымен бағаны көтеруге мәжбүр болды. Бірақ мұндай жағдайларда бір тауардың бөлшек сауда бағасын көтеру, әдетте, басқа тауарладың бағасын кемітумен толықтырылады. Халық тұтынатын тауарлар бойынша рыноктық тепе-теңдік халық шаруашылығының үйлесімді дамуының бір белгісі. Сұраныс мен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылуы экономиканың сәйкестілігінің бұзылып, өндірістің дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуді қиындатады.