Рыноктық қатынастар теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:36, курсовая работа

Краткое описание

Біраз зерттеушілер бұрынғы кеңес экономисі Л. Мендельсон, экономикалық дағдарыстар циклдар теориясы мен тарихы бойынша іргелі еңбектердің авторы ауыл шаруашылығындағы артық өндіру дағдарысы екі түрде көрінеді деп есептейді: циклдық артық өндіру ,ол тек ауыл шаруашылығында циклдық дағдарыстың жалпы әрекетін білдіреді, екіншісі ұзақ аграрлық дағдарыс. Құрылымдық дағдарыстар жекелеген салалар дамуындағы сәкессіздіктен туындап, әдетте , ұзақ мерзімге сағыздай созылып және көбіне циклдық дағдарыстың басталуымен тұспа-тұс келмейді.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..........................2
Бөлім. Рыноктық қатынастар теориясы…………………................3-14
Рыноктық экономиканың даму кезеңдері......................................3-4
Рыноктың мәні,атқаратын қызметі,түрлері..................................5-12
Рынок экономиканың қазіргі көріністері.........................................13
Рынок инфрақұрылымы.....................................................................14
Бөлім. Экономикалық циклдар…………………………........15-23
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.............15-18
Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы……………………………………………………….....................19-21
Конъюнктураның үлкен циклдары..............................................22-23
Бөлім. Дағдарыс және одан шығу жолдары. Дағдарыстың түрлері..............................................................................................................24-27
Аграрлық дағдарыстар оның өнеркәсіп дағдарысынан айырмашылығы.................................................................................................24-25
Құрылымдық дағдарыстар................................................................26
Мемлекет және дағдарысқа қарсы шаралар....................................27
Қорытынды...................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................29

Вложенные файлы: 1 файл

экон.теория мазмұны.docx

— 73.69 Кб (Скачать файл)

Экономикалық конъюктураның  үлкен циклдар тұжырымдамасының мәнін Н.Д. Кондратьев былай анықтады: Қазіргі экономикалық теория ұзақтығы 7-11 жылдық циклды ғана біледі. Алайда, шындығында мұнымен қатар ұзақтығы шамамен 48-55 жылға созылатын, конъюнктураның басқа да циклдары бар. Біз оны  үлкен  экономикалық циклдар деп  атаймыз. Зерделеудің негізгі нәтижелері төмендегідей болды. Қолдағы деректердің  көбі 48-55 жылға созылатын циклдық  ауытқулардың барлығын көрсетті. Егер есептеуді XVIII аяғынан бастасақ , онда үлкен циклдардың  кезеңдері шамамен мынадай болған : I цикл XVIII ғ. 90 жылынан 1844-1857 жылдарға дейін;

II цикл 1844-1851 жылдардан 1890-1896 жылдарға дейін;

III цикл 1890-1896 жылдардан 1914-1920 жылдарға (жоғары толқын) дейін, 1914-1920 жылдардан (төменгі толқын). Байқалған конъюнктураның үлкен толқындарын кездейсоқ себептермен түсіндіру мүмкін емес. Оларды түсіндіруді шаруашылықтың капиталистік жүйесіне тән ерекшеліктерден іздеу керек.

Алғашқы болжам ретінде мынадай  тұжырымдама ұсынылды:

Өндіргіш күштер мен өндірілген материалдық  игіліктердің қызмет көрсету  түрліше. Осымен қатар оларды жасауға кететін уақыт әр түрлі, әрі әр түрлі құралдар қажет. Әдетте өндіргіш күштердің негізгі түрлерінің қызмет етуі ұзақ мерзімге созылады.  Сөйтіп олар көп уақытқа және үлкен көлемде капиталдың жинақталуын қалайды. Осыдан келіп экономикада әр түрлі кезеңдерде , уақыттарда қолданылатын тепе –теңдіктің түрлері, көріністері болады деген түсінік туады. Үлкен циклдар дегеніміз ұзақ кезеңдердегі экономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы және қалпына келуі деп қарау керек. Оның негізгі себебі қорлану механизімінде , өндіргіш күштерді жасауға қажетті капиталдың жинақталу мен жойылуында жатыр. Алайда осы негізгі себептің күшеюіне екінші қатардағы факторлардың әсері бар. Өрлеудің басталуы (жоғарлау толқындары) қорланудың жаңа өндірістік құралдар жасауға капиталды рентабельді жұмсау мүмкіндігімен сәйкес келеді. Өрлеу өнеркәсіптік дағдарыстың орта мөлшердегі  факторларының қайшылығына кездеседі. Экономикалық өрлеу қарқынының төмендеуінің (төмендеу толқындары) жағымсыз сипаттары экономикалық факторлардың қорлануынан болады. Ал бұлар жетілген техниканы жасауға және капиталдың өнеркәсіп- қаржы  топтарының қолына шоғырлануына  , осы бағыттағы ізденіс жұмыстарына жол ашады. Мұның бәрі жаңа өрлеуге алғы шарт жасайды және бұл жаңа өндіргіш күштердің өсуін қамтамасыз етеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Бөлім. Дағдарыс  және одан шығу жолдары.

 

3.1.Аграрлық дағдарыс оның өнеркәсіп дағдарысынан айырмашылығы.

 

Аграрлық дағдарыстар  ерекше қайшылықтардың дүмпуі, ол рентаға  және ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен дәстүрлі артта қалуында

Аграрлық дағдарыстың  ұзақтығы соншалық ол жалпы артық  өндіру дағдарысы мен уақыты жағынан  сәйкес келмейді және жалпы экономикалық дағдарыстардың басқа фазалармен жалғасады.

Аграрлық дағдарыстардың өзіндік кезеңдері болмайды. Мысалы, XIX ғасырдағы циклдық өнеркәсіп дағдарыстары 1900, 1907, 1929, 1937 жылдардағы дағдарыстар аграрлық дағдарыстардың  бастапқы нүктесі бола алмады. Алайда циклдық өнеркәсіп дағдарыстары, әдетте,  ауыл шаруашылығы өндірісінің едуір бөлігін, әсіресе оның инфрақұрылымын , қызмет көрсету саласын қамтиды.

Біраз зерттеушілер бұрынғы  кеңес экономисі Л. Мендельсон, экономикалық дағдарыстар циклдар теориясы мен  тарихы бойынша іргелі еңбектердің  авторы ауыл шаруашылығындағы артық өндіру дағдарысы екі түрде көрінеді деп есептейді: циклдық артық өндіру ,  ол тек ауыл шаруашылығында циклдық дағдарыстың жалпы әрекетін білдіреді, екіншісі ұзақ  аграрлық  дағдарыс. Сонымен қатар артық өндіруді Мендельсон екінші көріністүрі деп қарады. Ол өнеркәсіптегі дағдарыстың әсерінен ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс қысқарады. Ол мұның өзі ауыл шаруашылығы өндірісінің өнеркәсіптен артта қалуынан туады деп көрсетті.

Аграрлық дағдарыс шикізат  пен азық түлікке өнеркәсіп сұранысы циклы қысымынан тумайды, сол ауыл шаруашылығының өзінде дамитын процестердің негізінде пайда болады.

Қазіргі ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік негізде өркендеуі мұндағы циклдық дағдарыстарды бір ізге салу, үйлестіруге мүмкіндік береді. Бірақ аграрлық дағдарыстардың осы күнгі шаруашылық өсуінің ерекше түрі ретіндегі себептері сақталады. Аграрлық дағдарыстар қазіргі жағдайда көбіне рыноктық экономикасы нашар дамыған елдерде көрінеді. Алдыңғы қатардағы елдер ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіп өндірісінің жаңа нәтижелерін кеңінен пайдаланып, осы арқылы өндіріс құрал-жабдықтарын жарақтандырудағы алшақтықты жоюға ықпал етеді. Ауыл шаруашылығындағы аграрлық және циклдық артық  өндіру дағдарысынан шығу үшін экономикалық жалпы заңдылықтарды жүзеге асыру керек.

Капиталистік өндірістің көлемі рыноктық шамасы мен сыйымдылығы  оларды сәйкесестендіруді , келісіп  шешуді қатты қажет етеді. Рыноктық механизм осындай келісімді шешім қабылдауды тек дүркін-дүркін күйзелістер, дағдарыстар арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан қарағанда тауарлы шаруашылық заңдарына сүйенген экономикадағы дағдарыстар белгілі тарихи ұзақ кезеңді құбылыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Құрылымдық дағдарыстар.

 

XX ғасырдың бірінші жартысын  бүгінгі рыноктық шаруашылықтың  дамуына дамуына жаңа катаклизмдер  әкеледі. Қазіргі капиталистік  дүниені түгел қамтыған мұнай дағдарысы бұрқ етті. Циклдық дағдарыстан мұның ерекшелігі мұнай және мұнай өнімдеріне деген дүниежүзілік бағаны көтеріп, оған деген сұранысты көбейтіп, тұтыну рыногында сұйық отынға деген ұсынысты сұранысынан азайтып жіберді. Отынға деген бағаның күрт өзгруі АҚШ-та және басқа да Батыс елдердегі көптеген шағын, орташа кәсіпорындарды банкротқа ұшыратты, өйткені олар сұйық отынға негізделген арзан энергияны пайдалануға үйренген еді. Сонымен қатар, негізгі өндірісте мұнай және мұнайдан жасалған өнімдерді тұтынатын  кәсіпорындар да күйзеліске душар болды. Өндіріс шығындарының күтпеген жерден өсуі өнеркәсіп өндірісінде мыңдаған кәсіпорындардың кедейленуіне әкеледі.

Құрылымдық дағдарыстар  жекелеген салалар дамуындағы сәкессіздіктен туындап, әдетте, ұзақ мерзімге сағыздай созылып және көбіне циклдық дағдарыстың  басталуымен  тұспа-тұс келмейді.

Мұнай, азық-түлік, энергетикалық  және шикізат дағдарыстары соңғы  онжылдықта валюта жүйесі және экологиялық  дағдарыстармен шеңбері ұлғайды. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы жағдайына тікелей әсер ете отырып олар циклдық дамудың келбетіне айтарлықтай өзгерістер енгізді, циклдық дағдарыстардың көптеген көріністерінің қайсыбірін  ұшықтырып, ал кейбірінің тігін жазады.  Қазіргі рыноктық шаруашылығы дамуының жалпы бағыты әдеттегі кестеге сәйкес келмейді. Айталық 70-жылдардың ортасында өнеркәсіптік дағдарыс мұнай дағдарысымен қатар жүрді, бірақ ол тек мұнай тұтынатын елдерді қамтыды. Ал өздерінде энергия көздері бар (мұнай,көмір,газ, жанатын сланецтер) елдер екі дағдарыстан да амансау қалып қана қоймай, тіпті біраз даму тенденциясын көрсетті. Екінші жағынан, өрлеу фазасында көптеген елдердің өнеркәсібі айиарлықтай күшті дамымайды, өйткені экологиялық дағдарыстың салдарынан олардың жағдайлары күрт шиеленіседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3. Мемлекет және дағдарысқа қарсы шаралар.

 

Дағдарысқа қарсы шаралардың әлемдік тәжірибе жинақтаған бірінші  кезекте, мемлекеттің тікелей араласуымен  атқарылатын түрлеріне мыналар  жатады:

  • өндіріс және қызмет көрсету салаларының ішінен ең маңызды бағыттарды таңдау және оларға тікелей мемлекеттік қолдау көрсету;
  • толық  экономикалық дербестікке ұмтылатын шаруашылықтарды  тікелей қаржыландырудан бас тарту және оларды бірінші кезекте сауықтыру мақсатында салықты азайту т.с.с.жеңілдіктер беру;
  • жергілікті орындарға жаңа экономикалық құрылымдарды(биржа, коммерциялық  банк, сауда үйлері, концерндер акционерлік қоғамдар мен мен серіктестіктер, фермерлік шаруашылықтар т.б.) қолдау үшін кеңейтілген өкілдіктер  мен мүмкіндіктер беру;
  • территорияда (аумақта) жналған салықтың бір бөлігін нақты іс-қызмет түрлерін ынталандыруға беруді заңдастыратын жүйе жасау;
  • қалыпты кәсіпкерлік іс-қызметті қамтамасыз ету үшін заңдылықты қорғау мекемелерін түгел жұмылдыру;
  • жаңа бәсекелі өндірістерді қалыптастыру үшін оларға ұйымдық және қаржылай көмектесу;
  • еңбек рыногының жағдайын тиянақты түрде зерттеу және еңбекпен қамтамасыз етудің тиімді саясатын жасау.

Мемлекет заңдары өздігінен  өмір сүрмейді, олар қоғам дамуы  деңгейінің көрінісі болып табылады. Саяси және экономикасына құйылуын белсенді түрде қолдайды және үкімет тарапынан да бұл жағдай толық  қолдау табуда. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Рынокты сапалы жақсы тауарлармен  толтыру менқызмет көрсетуді  жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың  басты міндеті. Ең бастысы реттелген  әлеуметтік рынокты дамыту, алыпсатарлармен  күрестегі жеңістің, «көлеңкелі экономиканы» жоюдың алғы шарттары.

Рынок  бүгінде сатып  алу, сату объектісіне тән дәстүрлі тауарлармеен бірге қызмет көрсету, еңбеек, ақша, капитал, бағалы қағаздар,информация және интеллектуалды жетістіктерді  біріктіреді. Соңғылары өте ерекше  тауарлар, оларды сатып алу, сату рыноктың жаңа сапада болуын талап етеді. Ол рыноктың материалдық –техникалық  жүйесі;сатушы мен сатып алушылардың  кәсіпкерлік білімі  және айырбастың механизіміне де сапалық өзерістер  енгізеді.

Экономикалық өрлеу қарқынының төмендеуінің (төмендеу толқындары) жағымсыз сипаттары экономикалық факторлардың қорлануынан болады. Ал бұлар жетілген техниканы жасауға және капиталдың өнеркәсіп - қаржы топтарының қолына шоғырлануына, осы бағыттағы ізденіс жұмыстарына жол ашады. Мұның бәрі жаңа өрлеуге алғы шарт жасайды және бұл жаңа өндіргіш күштердің өсуін қамтамасыз етеді. 

Капиталистік өндірістің көлемі рыноктық шамасы мен сыйымдылығы  оларды сәйкесестендіруд, келісіп шешуді қатты қажет етеді. Рыноктық механизм осындай келісімді шешім қабылдауды тек дүркін - дүркін күйзелістер, дағдарыстар арқылы жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Аубакров, Нәрібаев «Экономиалық теория негіздері». Алматы 1998 ж.
  2. Мауленова, Бекмолдин, Құдайбергенов «Экономикалық теория». Алматы 2004 ж.
  3. Шеденов «Жалпы эконом.теория». Ақтөбе , Алматы 2002ж
  4. Жүнісов, Сағындықов «Жалпы эконом.теория». Ақтөбе 2004ж.
  5. Нарматов, Нарматова «экономикалық теория»2010ж
  6. Мырзалиев, Қалтаев, Успанова, Ыдырысов. «эконом.теория» Түркістан 2006ж.
  7. Осипова «экономикалық теория»

 



Информация о работе Рыноктық қатынастар теориясы