Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:36, курсовая работа
Біраз зерттеушілер бұрынғы кеңес экономисі Л. Мендельсон, экономикалық дағдарыстар циклдар теориясы мен тарихы бойынша іргелі еңбектердің авторы ауыл шаруашылығындағы артық өндіру дағдарысы екі түрде көрінеді деп есептейді: циклдық артық өндіру ,ол тек ауыл шаруашылығында циклдық дағдарыстың жалпы әрекетін білдіреді, екіншісі ұзақ аграрлық дағдарыс. Құрылымдық дағдарыстар жекелеген салалар дамуындағы сәкессіздіктен туындап, әдетте , ұзақ мерзімге сағыздай созылып және көбіне циклдық дағдарыстың басталуымен тұспа-тұс келмейді.
Кіріспе………………………………………………………..........................2
Бөлім. Рыноктық қатынастар теориясы…………………................3-14
Рыноктық экономиканың даму кезеңдері......................................3-4
Рыноктың мәні,атқаратын қызметі,түрлері..................................5-12
Рынок экономиканың қазіргі көріністері.........................................13
Рынок инфрақұрылымы.....................................................................14
Бөлім. Экономикалық циклдар…………………………........15-23
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.............15-18
Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы……………………………………………………….....................19-21
Конъюнктураның үлкен циклдары..............................................22-23
Бөлім. Дағдарыс және одан шығу жолдары. Дағдарыстың түрлері..............................................................................................................24-27
Аграрлық дағдарыстар оның өнеркәсіп дағдарысынан айырмашылығы.................................................................................................24-25
Құрылымдық дағдарыстар................................................................26
Мемлекет және дағдарысқа қарсы шаралар....................................27
Қорытынды...................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................29
Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы тек бағаларды өсіріп қоймайды. Ұсыныстың сұраныстан өне бойы артта қалуы рыноктың қалыпты жұмысын бұзып, экономикалық айналымдыбүркемелеп, өндірістің құрылымына да әсер етеді. Нәтижесінде өнімді жанартып отыру баяулап, ғылыми-техникалық прогресс тежеліп, тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы нашарлап, экономиканың финанстық тұрақтылығы бұзылады. Мұндай жағымсыз құбылыстарға орын бермеу үшін рынокты оның заңдары негізде басқара отырып, оны экономиканы реттеу механизіміне енгізу керек.жалпы сұраныс пен ұсынысты реттеу – рынокты басқарудың басты қызметі, шаруашылық механизімінің құрамды бөлігі.
Мұндай реттеу әр түрлі әдкітермен, мысалы тікелей (айталық мемлекетік заказдарды стратегиялық, әлеуметтік маңыздылығы басым өнімдерге беру) жеке жанама жолмен (бағалар, фнанс-кредит тұтқалары, салық, реклама жеке т. б.) жүргізіледі. Соңғы уақытта рынокты реттеп, сұраныс пен ұсынысты үйлестіру мақсатымен маркетинг жүйесі енгізілуде.
Қaзіpгi кезеңдегі рынокты реттеудің бip ерекшелігі орталық экономикалық органдар сұраныс пен ұсыныстың макропропорцияларын peттeyдi, өз жауапкершілігіне альш отыр. Ал микропропорцияларды, яғни кейбір тауар түрлерін қызмет көрсетуді нақтылы тұтынушылар мен жабдыктаушылардың арақатынасын реттеуге кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге тұтас алғанда еңбекшілерге кең құқықтар берілген.
Енбек рыногы өндірістің тиімділігін өcipyгe, ғылыми-технихалық пpoгpecтi жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі көтеруге көмектеседі. Енбек рыногы жұмыс орны мен кәcinтi (профессияны) тандауға, өмip салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады. Енбек рыногы асқан жауапкершілікті, жинақылықты, тәртіпті қажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты енбек орнын таңдап алуға epiктi. Мемлекеттің міндеті — еңбекшілерге тиімді енбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бipгe уақытша жұмыссыз қалғанарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.
Енбек рыногы туралы сөз болғанда жұмысқа тарту теориясында жаңа көзқарас пайда болғанын атау керек. Кеңестік қоғамтану, экономикалық әдебиеттерде ондаған жылдар бойы социализм жағдайында жұмыссыздар болмайды, бұл социализмнің капитализммен салыстырғандағы белгілі бip артықшылығы деген қағида бepiк орын алып келді. Қоғамдық пiкip де осы тұрғыдан қалыптасқан eдi. Елімізде pыноктық шаруашылық системасына көшуге орай экономикалық теория алдында бірсыпыра жаңа сұрқтар қойғаны туралы жоғарыда сөз болды. Сол сұрақтардың бірі еңбек рыногы және жұртшылықты енбекке тapтy мәселесі Шындығында 1989 жылдан бepi әдебиет бетінде түрлі ғылыми-өндірістік конференцияларда, жиналыстарда айтылған пікірлерді негізінен eiкi топқа бөлуге болады. Бip топ біздің елде енбек рыногы болуға тән емес десе, eкіншiлepi енбек рыногы бар, бipaқ ол тежелген, ерекше рынок дегенді айтып жүр. Әрине, кеңестік, дәстүрлік саяси экономия тендік, әділеттілік пен қазipгi iлгepi дамыған елдерден жалақы. Еңбекке тарту, оған ынталандырумен. байланыстырғысы келеді. Онымен бipгe жаңа көзқарас енбек проблемаларын зерттегенде Экономикалық және әлеуметтік саясат, еңбекгін сипаты мен мәні, оның тиімділігін, әділеттілігі туралы мәселені қамтуды қажет етеді.
Еңбек рыногының құрамдас бөлігі жұмысшы күшінің сипатына да анықтама беру керек, Соңғы -мезгілге дейін кеңестік экономикалық ой-пікірде жұмыс күші біздің елімізде тауар емес, оның ceбeбi жұмыcшылap өз мемлекетінің қоғамның қожасы болды, қанаушы үстем таптар жойылды, сондықтан жұмысшы өз еңбегін өзіне сата алмайды деген түсінік кең орын алды. Осы қағиданың дұрыс еместігін өмір тәжірибесі дәлелдеп берді. Ceбeбi жоғарыда аталған топшылау шындыққа жатпады. Kepiciншe, жұмысшылар өндipic құрал-жабдықтары мен өндipicтi басқарудан тыс қалды, олардың енбекке деген белсенділігі де кеміді. Осыған орай теорияда және практикада жұмысшы күшін қайта даярлау, ұдайы өндіpy, оның нақтылы құнын анықтау мәселесі жете зерттелмеді. Осы жа,дай кеңес елінде жұмыс орны мен жұмыс күшінің өте арзан болғанын анықтайтын себеп. Кеңес елінде де теориялық қағидалар қаншама тepic болғанымен еңбек рыногы болды, бipaқ та ол ашық түрде шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі peтіндe қызмет тқара алмады. Жұмысшылар бip кәсіпорынан екінші кәсіпорынға, тypлi мекемелерг жиі ауысып жүрді. Технихалық жабдықталуы, енбек жағдайы және жалақысы жоғары кәсіпорыпндарды жұмысшылардың іздейтін ақиқат. Осыған орай экономикадағы қолайсыз жағдайдын бipi жұмысшылардың жиі ауысуы болды. Мәселен бурынғы Одақ бойынша 80-жылдары бip жылда 20 миллиондай адам енбек орнын ауыстыратын. Осындай құбылыс Қазақстан жағдайында да орын алды.
Қазіргі экономикалық теориядағы жаңа көзқарас бойынша күші тayap ретінде қаралуы керек. Олай болса жұмыс күшінің тұтыну құны—және құны бар. Жұмыс күшінің тұтыну құны дегеніміз оның матеряалдық және pyхани игіліктерді өндіріп, қызмет көрсетуді атқару қабілетi. Жұмыс күші арқылы адам құн және қосымшы құн өндіреді. Рынок қатынасында жұмыс күшіне сұраныс тауар өндірушінің сапалы өнім шығарып, оны сатудан пайда түсуінен белгіленеді. Сонымен жұмыс күшіне сұраныс проблемасы экономикалық өсумен тығыз байланысты. Әрине, мемлекет бұл процесін тікелей және жанама реттeyi мүмкін. Ол үшін экономика құрылымын қайта құру, перспективалық, стратегиялық күрделі қаржылар жұмсау көзделуге тиіс.
Kөп укладты экономикада жұмысшыны қабылдайтын кәопорын оның- жұмыс күші. сапасына ерекше назар аударады. Осыған-орай еңбек ақы да белгіленеді. Жұмысшынын еңбекақысының мөлшеріне түpлi факторлар әсер етеді, оның ішінде еңбек туралы заң, ұжымдық шарт, салық саясаты т. б.
Қaзip мемлекет еңбекақыны жанама әдістермен реттеуді көздейді. Бipaқ, рынок механизмі арқылы еңбекақыны реттеу алі де болса қалыптасқан жоқ. Бұрынғы кеңес елінде қоғамдық меншік негізінде өндірістің заттай факторларын жоспарлы реттеп, енбек ресурстарын даярлап, толық пайдалануға болады деген ұғым бepiк орнады. Осыған орай жеке адамның алдымен қоғамдық, өндірістегі өз еңбегінен басқа күн көретін еңбек жоқ деген кағида орын алды. Сонымен барлық қоғам мүшелері енбекке толық қамтылуы көзделеді. Осы тepic нұсқаудың салдарынан бүкіл экономикаға аз зардабы болмаған кадрлар тапшылығы пайда болды. Жұмыс орны көп болып, оны толтыруға адам саны жетпей жүрді. Мысалы, бұрынғы кеңес елінде металл кесетін станоктардың саны жұмысшы-станокшылардан екі есе артық болды. Қазірде де біздің республиканың кейбір кәспорындарында бос жұмыс орындары аз емес. Бipaқ бұл орындарды толықтыру оңайға түспей отыр. Осыған кедергі жасайтын жағдайлар:
— кәсткерлікті даярлау жүйесінің халық шаруашылығының нақтылы қажетінен алшақ болуы әлеуметтік инфрақұрылымнын (eң алдымен тұрғын уй рыногының) артта қалғаны, әр турлі аймактардағы өмip салты, тұрмыс жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылық;
— әр аймақтың жергілікті ерекшеліктері, Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтары, Оған Семей ядроттық полигоны, Арал төңірегіндегі және басқа да халық тұрмысына, денсаулығына нұқсан келтіретін апатты аймақтар жатады.
Қалаларда да жұмыссыздыққа мәжбүр болғандардың қатары көбеюде.
Қазақстанның, село, ауылдарында (өнеркәсібінде де) озат елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігі төмен, мамандығы шамалы, ауыр қол енбегінің үлес салмағы көп. Оған қоса басқару аппаратының ұлғаюын да айтпасқа болмас. Көптеген мекемелерде атқаратын еңбегіне пайдасы шамалы штаттар саны аз емес. Оның үстіне өндірті және еңбектi ұйымдастыру дәрежесі көп жерде ойдағыдай болмай отыр. Уақыт үнемдеу айтарлықтай қызмет етпейді. Өндipiстe бос уақыт өткізіп, енбекақы алатындар да жиі кездеседі.
Тиімді экономикада еңбекке тарту ұтымды болу ушін әpбip еңбекке жарамды адам шаруашылыктың түрлi салаларын өзінінің жеке басының қабілеті мен мүмкншілігіне сай таңдап алуы керек. Сонда ғана ол өндірістің пайдалы (рентабельда) болуына көмектесе алады. Сонымен бipгe өндірістің қажетіне сәйкес жұмысшының да кәсіптік дәрежесі болуы керек. Енбек рыногын реттеудің талап тілектepi осындай.
1.3.Рынок экономиканың қазіргі көріністері.
Рынок өз алдына қызмет ететін жүйеге айналды да,оның басты тетіктері «сұраныс», «баға» және «ұсыныс» т.б.болды, олардың бірлігі «рынок» деген ұғымды құрайды.
«Рынок экономикасы » деген ұғым «рынок» ұғымынан кең, оған екі сала, «өндіріс» және «тұтыну» жатады. «Әлеуметтік реттелген рынок экономикасы » деген ұғым одан да кең , ол рынок экономикасына , яғни сұраныс, баға, ұсыныс, өндіріс және тұтынуға реттеуші механизмді тікелей және жанама қоса тіркейді. Реттеуші механизіміне мемлекет, рынок институттары, әлемдік әсерлері жатады.
Рынок әлеуметтік реттеуші
деп аталады. Реттелуге жататын
субъект бүкіл қоғам , оның институттары,
реттелетін объект – «қоғамдық экономика»
, яғни рыноктық процестер, оның институттары
мен факторлары (олар фирмалардың
өндіріс ішіндегі қызметі емес);
реттеудің мақсаты - қоғамдық қажеттерді
қамтамасыз ету, рынок экономикасы
басқа салаларының жалпы
Рынок бүгінде сатып алу, сату объектісіне тән дәстүрлі тауарлармеен бірге қызмет көрсету, еңбеек, ақша, капитал, бағалы қағаздар,информация және интеллектуалды жетістіктерді біріктіреді. Соңғылары өте ерекше тауарлар, оларды сатып алу , сату рыноктың жаңа сапада болуын талап етеді. Ол рыноктың материалдық –техникалық жүйесі;сатушы мен сатып алушылардың кәсіпкерлік білімі және айырбастың механизіміне де сапалық өзерістер енгізеді. Рынок экономикасы жүйесінде сұраныс (тұтынудың) рөлі өзгереді. Әрине , қандай болмасын экономиканың «өзегі» әрқашанда өндіріс болып қала береді. Ал енді рынок экономикасы үшін өндіріс нәтижесін бағалау бұрын тарихта болмаған сипат алатынын айту керек. Бұл ең алдымен ғылыми-техникалық революцияның жетістіктері нәтижесінде өндіріс технологиясында түбірлі өзгерістердің жасалуына байланысты. Осы өзгерістер адамзат тарихында тұңғыш рет остиндустиралды елдерде халықтың басым көпшілігінің негізгі материалдық қажетін толық өтеуге мүмкіндік берді. Әңгіме бір жағынан тұрын үй, тағам, киім,аяқ киім, туралы болса , онымен бірге жоғары білім және денсаулық сақтауға қажеттілікті өтеуге де саяды.
1.4.Рынок инфрақұрылымы.
Рынок – сұраныс пен ұсыныстың аға арқылы өзара қарым-қатынасы. Экономикалық теория сұраныс, баға және ұсыныс арасындағыбайланысты білдіретін түрліжобалар жасап , оларға жеке факторлардың ықпалын зерттейді. Онымен бірге рынокты ұйымдастырудың нақтылы формаларын зерттеу қажет. Рыноктың нақты формалары төмендегі элементтен тұрады:
1.Рыноктар . Қазіргі уақытта рыноктар жүйесі қалыптасты. Олар аумақтық белгісі бойынша жергілікті, аймақтық, салалық, ұлтық және халықаралық түрлері бойынша капитал, ресурстар, еңбек және валютарыноктары болып бөлінеді. Сонымен қатар «мемлекеттік» , «монополиялық» және «еркін» (мемлекеттік те, монополиялық та емес) рыноктар бар. Мемлекеттік рыноктың басқа рыноктар үшін маңызы зор, себебі онда күні бұрын тағайындалған баға, кепілді өткізу басқа рыноктардың қозғалыстарын реттеуге әсер етеді. Рынок процесіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді. Қысқа мерзімде әсер ететін факторлар: баға дәрежесінің өзгеруі, тауар запастарын ауыстыра білу, тұтынушылардың ақшалай табысын реттеу.
Ұзақ мерзімде осы аталған факторлардың өзі қоғамдық еңбек өнімділігі динамикасына, қоғамдық өндірістің тиімділігіне, экономиканың жалпы алғанда пропорционалдық дәрежесіне, жеке тұтыну құрамындағы өзгерістерге байланысты.
2.Рынок инфрақұрылымына халық шаруашылығының ерекше саласы сауда (көтерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, тауар биржалары) жатады.
3. Рынок институттары – коммерциялық банктер, қор биржалары, сақтандыру компаниялары, аудиториялық фирмалар, еңбек бржалары, заң кеңселері, информациялық орталықтар, жарнама бюросы. Рыноктық дамыған инфрақұрылымы экономикалық үрдіс. Оның қалыптасуы рынок экономикасына қатысушылардың бірнеше буындарының қажырлы еңбегінің нәтижесі.
II.Бөлім. Экономикалық цикл.
2.1.Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жарытысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын «жаулап» алуға тырысты. Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын құбылысқа алы келеді. Артық өндірудің мәні белгілі бір тауардың ұсынысы сұраныстан басым болудан көрінеді. Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп кетеді де көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.
Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше болғаны соншалық, XIX және XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдаулардың , түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.
Экономикалық циклдарды зерттеушілердің бірі – А. Шпитгоф. Ол 1905 жылы экономикалық циклдар және дағдарыстар тақырыбына диссертация қорғап, осы саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды. А. Шпитгоф эмпирикалық , яғни нақты бақылауға негізделген теорияны жақтай келіп, циклдарды зерттеудің көптеген ғылыми материал беретіндігін, өйткені мұндай зерттеулер кездейсоқ, абстрактылы қорытындыларға емес , нақты тұрақты түрде қайталанып отыратын белгілерге назар аударуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.
Ол әрбір жаңа экономикалық циклдың пайда болуының ерекше тарихи және әлеуметтік себептерін түсіндірді. Мұның бастапқы пункті өрлеу деп есептеді А. Шпитгоф. Ол экономикалық цикл проблемасын артық өндіру проблемасымен байланыстырған жоқ, бұл мәселе тек , еркін сауда дәуіріндегі рыноктық экономикаға тән қасиет деп түсіндіреді. А. Шпитгоф творчествосын зерттегендер, соның ішінде Б. Селигмен , оның циклдық даму тұжырымдамасының белгілі орыс экономисі Туган-Барановскийге күшті әсер ететінін көрсетеді. (А. Шпитгоф Туган-Барановскийді экономикалық цикл проблемасын байыпты түрде қарастырған алғашқы зерттеушілердің бірі деп есептеді). Циклдық даму туралы А. Шпитгоф идеясының ең басты ерекшелігі бірін-бірі ауыстырып отыратын цикл фазаларын экономикалық, әлеуметтік тіпті психологиялық факторлармен түсіндіруге талпынуда жатыр. А. Шпитгоф идеяларын оны қолдаушылар өз еңбектерінде одан әрі дамытты.