Заңгер этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 20:36, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды таныпбілуге деген ұмтылыс күнненкүнге артуда. Этика да,
құқық та адамтанушы пəндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек — адам.
Осындай тоғысудың нəтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы
немесе тəжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық, жергілікті құқық жəне т.б.
қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

зангер этикасы.docx

— 42.44 Кб (Скачать файл)

саласында моральдық күші жоқ заңды талаптар болмайтыны секілді құқықтық белсенділігі жоқ

адамгершілік нормалары да болмайды. Алайда, құқыққорғау органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілерде қоғамдық

талаптардың бұл екі түрінің өзара əсері əлдеқайда тығыз, əрі тереңірек. Құқықтық жəне

адамгершілік нормалар ұйымдастырушылық, нақтылық пен тəртіптің жоғары деңгейін қамтамасыз

етеді. Кəсіби борыш белсенді күшке ие, ол қызметкерлердің істері мен ойларын жұмысты нақты

жəне мерзімінде орындауға, барлық күшін қойылған мақсаттарға жетуге бағытталатын

ұмтылыспен толықтырады. Кəсіби борышта құқықтық жəне адамгершілік талаптарды нақты бөліп қарастыруға болмайды.

Борыштың құқықтық жағының ерекше қасиеті болып қатысты болса да, жоғарғы бақылаудың

болуы, əкімшілік санкцияны қолдану мүмкіндігі жəне ережелерді орындамаудағы жазалаудың

орын алуы табылады. Ал моральдық нормалар ішкі сенімнің, арнамыстың негізінде жəне қоғамдық

көзқарас күшінің əсер етуімен жүзеге асырылады. Осы жерде борыштың екі жағы біртұтас сипатқа

ие болады. Яғни, кəсіби борыш құқықтық жəне адамгершілік жақтардың біртұтастығын білдіреді, себебі, моральдық талаптар мемлекет еркімен сəйкес келеді. Құқықтық санкция мен моральдық

итермелегіш күш құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің санасы мен еркіне əсер етуде

түрліше сипатқа ие. Құқық жедел түрде əсер етеді, ал ішкі сеніммен, моральдық итермелегіш

күшпен жүзеге асырылған əрекеттер негізділікке, тұрақтылыққа ие, алайда, моральдық тұрғыдан

дайындығы бар қызметкер өз əрекеттерін адамгершілік қағидаларға сəйкес қатаң түрде жүзеге

асыру үшін уақыт қажет. Құқықтық санкция бірден əсер етеді жəне жекелеген қызметкерлерге

мемлекеттік мəжбүрлеуді қолданумен сипатталады. Адамгершілік талаптар адамның

əрекеттерінің барлық түрлеріне таралады. Олар қызметкерлердің қатынастарындағы өзгерістерді

бағалау мен көрініс табу жағынан белсенді сипатқа ие. Адамгершілік борыштың маңызды құрамдас бөлігі болып өзіндік тəртіп табылады. Егер жеке

сеніммен, арнамыспен сəйкес келмесе, құқықтық əсер ету күші де, ұжымның əсері де

жеделқызметтік ісəрекеттерде қызметкердің моральдық нормаларды сақтап, өз мінезінің беріктігін

көрсетуінің кепілі бола алмайды. Ең алдымен, адамның борышқа деген адамгершілік

қатынасының жоғарғы дəрежесі қажет, борышты орындау арожданның талабына сəйкес болуы

тиіс жəне кəсіби борыштың басты көрінісі ретіндегі тəртіп өзіндік тəртіпке айналуы тиіс. Себебі,

өзіндік тəртіп дегеніміз кəсіби борыштың талаптарын орындау қажеттігін түсіну, өз əрекеттерін

кəсіби борыш талаптарына келістіруге дайындық, ішкі мүдделілік. Анттың, жарғылардың, өз

басшыларының талаптарын орындаудағы ішкі дайындық, оны қажеттік ретінде түсіну —

жауапкершіліктің ең жоғарғы көрсеткіші, кəсіби борышты мəжбүрлеу арқылы емес, өз арожданына

қарай, ерікті орындау дайындығы. Борыш пен жеке моральдық сезімдер арасында, борыш пен

арождан арасында оңтайлы қатынастарды орнықтыру борыштың талабы ретіндегі қоғамдық

тəртіптің өзіндік тəртіп деңгейіне көтерілуіне алып келеді. Борыш адамгершілік қажеттікке

айналады. Сол себепті де, өзіндік тəртіп дегеніміз борыш пен арожданның жақындасуы негізінде

жүзеге асырылатын, жоғары адамгершілік сипатқа ие мінезқұлық қалпы. Алайда, кəсіби борыштың қоғамдық қажеттігін түсіну, сезіну — өзіндік тəртіптің бір жағы ғана.

Оның екінші жағы болып алдыға қойылған міндеттерді орындау шегіндегі жүрістұрысты таңдау

бостандығы, ерік бостандығы табылады. Орындаушылық қасиет ынтамен, өз дербес шешімі үшін

жауапкершілікті мойнына алуға дайындықпен толықтырылғанда ғана қызмет үшін маңызды

сипатты иеленеді. Ынтаның болмауы орындаушылықтың адамгершілік құндылығын жоғалтады, ал

орындаушылықсыз ынта — тəуекел ретінде көрсетуге тырысатын кемшілік. Саналы тəуекел

жалпы мүдделерден, борышқа деген адалдықтан туындайды. Ерекше атап өтетін бір мəселе, құқыққорғау қызметінде адамгершілік қатынастарды

қалыптастырудың тəжірибедегі міндеті қызметкерлер қызметінің моральдық талаптары мəселесін

шешуді қажет етеді. Кəсіби борышты орындауды моральдық бағалау талабын анықтау қызметкер

мен ұжымның жүрістұрысының себептерін зерттеуді талап етеді. Кəсіби борыштың адамгершілік

өлшемі болып сөздер емес, мемлекет пен қоғамға, қызметкерлердің бірбіріне деген қатынасынан

туындайтын істер табылады. Қызметкерлердің жоғары моральдықпатриоттық жəне кəсіби

қасиеттері көп жағдайда олардың кəсіби жəне қоғамдық қызметке белсенді араласуы кезінде

қалыптасатыны белгілі. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің кəсіби борышын орындаудың адамгершілік талабы

түсінігіне оның тəжірибелік нəтижелерімен қатар жүрістұрыс себептері де кіреді. Жекелеген түрде

қызметтің объективтік салдары (оның нəтижелері) да, субъективтік себептер (жүрістұрыс себебі)

де кəсіби борышты орындаудың адамгершілік құндылығы туралы жауап бере алмайды. Оны

жүзеге асыру үшін қызметкердің алдыға қойылған міндетін орындаудағы жауапкершілігінің

деңгейін, тұлғаның мəселелерді шешу мүмкіндігін жəне өз əрекеттерінің салдарын есепке алу

деңгейін анықтаудың маңызы зор. Сонымен қатар, қызметкердің нақты əрекетін адамгершілік тұрғыдан бағалау оның бұрынғы

қызметін есепке алуға негіз бола алады. Кəсіби қызметтің моральдық талабы қызметкерлердің адамгершілік күшқайратын барынша

дамытуға бағытталады жəне кəсіби борыштың субъективтік жағын тереңдетуге негізделеді. Кəсіби этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызуға

болады. Кəсіби абырой — бұл өз борышын жантəнімен орындаудаудың жоғары əлеуметтік

құндылығын (қажеттігін жəне маңыздылығын) құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өздерінің

түсінуі жəне оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі — бұл құқыққорғау органдары

қызметкерлерінің істері мен əрекеттерінің қуатты қозғағыш күші. Абырой категориясы қадірқасиет категориясымен тығыз байланыста. Бұл категориялар іс

жүзінде өздерінің объективтік мазмұны бойынша сəйкес келеді, бірақ оларды нысандары бойынша

ажыратуға болады. Абыройды бағалау — бұл қоғамдық көзқарасты бағалау, ал қадірқасиетті

бағалау — бұл, ең алдымен, тұлғаның өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. Əрине,

қадірқасиетті бағалау қоғамдық көзқарастан алшақ жүзеге аса алмайды, алайда, бұл жерде өзіндік

бағалау ерекше рольді иеленеді. Ал бұл бағалау, өз кезегінде, тұлғаның қоғам алдындағы

жетістіктерін сезінуіне негізделеді. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің басым көпшілігі — абыройдың адамдары. Бұл қасиет

олардың қызметтік борышты орындауында көрініс табады. Оның ерекшелігі бейбіт өмір кезінде де қайраттылықты, ұстамдылықты, өз ісіне жантəнімен берілуді талап етумен сипатталады. Əрине,

олар өз қызметінің маңыздылығы, борышты орындаумен байланысты тұрақты қауіп туралы

ешкімге жария салып айтпайды. Олар өз міндеттерін жай ғана атқарады, халық осы үшін де

оларға риза. Құқыққорғау органдары қызметкерінің абыройын ол өзі қызмет етіп жүрген ұжымның,

бөлімшенің абыройынан бөліп қарастыруға болмайды. Сол себепті де, ол өзінің қызметтес

серіктерін ұятқа қалдырарлықтай əрекеттер жасамауға тырысады. Ұжымның абыройы — жеке

қызметкердің де абыройы. Абыройды сүю құқыққорғау органдары қызметкеріне тəн қасиет. Дұрыс

түсінілген абырой жалпы іске кедергі жасамайды, керісінше, оны орындауға қосымша күштер

береді. Ал абыройға табыну жағымсыз сезімдермен ұштасса, онда ол мансапқорлыққа айналады.

Мұндай жағдайда адам өзінің пайдакүнемдік мақсаттарына жету үшін кезкелген құралдар мен

жолдарды пайдалануға дайын болады. Қызметкер абыройы мен ұжым абыройының ұштасуы мақтаныш сезімін, яғни, құқыққорғау

органдары қызметкерінің осы жүйеде қызмет ететіндігін сезінудің моральдық қанағаттанған сезімін

тудырады. Соңғы жылдары құқыққорғау органдарының беделі қоғамдық көзқарас алдында

біршама төмендегенімен, құқыққорғау органдары жүйесін халық қажетті деп түсінеді жəне жалпы

алғанда оған оң баға берілуде. Қызметкердің борышы — құқыққорғау органдарының беделін

қоғамдық көзқарас алдында тұрақты түрде көтеріп отыру жəне бұл органдардың ең жақсы

дəстүрлерін қайта жаңғырту. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің абыройы оның жақсы

дəстүрлерге деген қатынасынан да көрініс табады. Дəстүрлерді ұмыту немесе оларды аяққа

таптау қызметтік ортада қатаң сөгіс табатыны сөзсіз. Дəстүрлер — бұл тек тарих емес, сонымен

қатар, қоғамдық тəртіпті қорғаушы жас буынды тəрбиелеудің қуатты құралы. Сонымен қатар, дəстүрлерге сүйену олардың дамуын, алдыға қарай қозғалысын білдіретінін

ескеріп өткен жөн. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің абыройы олардан болашаққа деген

ұмтылысты, өзінің кəсіби міндеттерін орындау үшін жаңа əдістəсілдерді жəне қазіргі заман

техникасын меңгеруді талап етеді. Ол үшін басқа елдердің құқыққорғау органдарының жетістіктері

мен жұмыс тəжірибесімен танысудың маңызы зор. Бұл біздің құқыққорғау органдарының абыройы

мен қадірқасиетін нығайтып, жоғарылата түседі, қызметкерлердің кəсіби борышын тиімді

орындауға көмектеседі. Абырой категориясының тағы да бір құрамдас бөлігі — өз сөзінде тұру. Сөзінде тұратын адам!

Бұл — адамның маңызды қасиеті, тіпті, оны кейде абырой түсінігімен теңестіріп жатады. Сөз

бердің бе — сөзіңде тұр, уəде бердің бе — орында. Əйтпесе, адамдар сені сыйлаудан қалады

жəне өтірікші, бос сөздің адамы деген атқа қаласың. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің

абыройын құртатын басты кемшілік — айтқан сөзінде тұрмау. Ақыр аяғында мұндай қызметкер

беделінен айырылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, абырой категориясы құқыққорғау органдары

қызметкерлерінің адамгершілік мəдениетінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі Абыройды

қадірлеу, бағалау — бұл борыш əрі күнделікті міндет. Абыройдың мазмұны белгілі бір дəрежеде

адамның жалпы мəдениетінің деңгейіне, оның рухани жəне физикалық дамуына, мемлекет туралы

ойлай білу қабілетіне тəуелді. Ал бұған үздіксіз, тұрақты үйрену керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

1. Құқық этикасының  пəні

2. Этикалық категориялардың  ерекшеліктері мен əлеуметтік  функциялары 

3. Кəсіби борыш пен абырой


Информация о работе Заңгер этикасы