Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 05:53, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Басқару қызметінің экономикалық мәні мен ерекшеліктерін ескере отырып, басқару қызметінің экономикалық тұрғыдағы стилін қарастыру болып табылады. Курстық жұмыстың міндеттері:
берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
басқару қызметіндегі стилдің ерекшеліктерін анықтау;
басқару қызметінің стратегиялық аспектілеріне тоқтам жасау;

Содержание

Кіріспе
І Қазақстандағы басқару қызметінің экономикалық сипаты
1.1. Басқару қызметінің негіздері мен оның қолданылуы
1.2. Басқару қызметіндегі жауапкершіліктің негіздері
ІІ Қазақстандағы басқару қызметінің қазіргі жағдайы
2.1. Басқару қызметі мен жауапкершіліктің бірлестігінің экономикалық көрсеткіштері
2.2. Басқару қызметіндегі құрылымның экономикалық тиімділігі
ІІІ Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымының аспектілері
3.1. Қазақстандағы басқару қызметінің ерекшеліктерін айқындау
3.2. Басқару қызметіндегі ерекшелікті жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

БАСКАРУдың қоғкамдағы рөлі.doc

— 142.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикадағы мемлекеттік  басқарудағы дербестілік саяси  алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 20-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама – қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және  территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама – қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісіне түсуіне әкеліп соқтырады. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреуі алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талаптық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті  1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық орын алмады. Сонымен көптеген мемлекеттердің айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің монополитетіне жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды. Экономикада тәуелсіздіктің негіздері нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жайлы республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына ішкі және территориялық су ресурстарына өсімдік пен жан – жануарлар  әлеміне, тарихи – мәдени құндылықтарына, материалдық, қардылық ресурстарына, өндірістік және өндірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі. [4. 50]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Қазақстандағы  басқару қызметінің құрылымының  аспектілері

3.1. Қазақстандағы  басқару қызметінің   ерекшеліктерін  айқындау

Орталық атқарушы орган басшысының ұсынуы бойынша Республика Үкіметі  ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Ведомствоның құрылымын, құзыретін және басқа мемлекеттік  органдармен өзара іс – қимылының  тәртібін Үкімет белгілейді. Сондай-ақ мемлекеттік басқару құрылымындағы орталық атқарушы органдарының құрылымын бекітіп отырады. Осы орайда еліміздің егемендік алғаннан кейінгі жылдарымен осы бүгінге дейін Қазақстан Республиканда 7-үкімет жұмыс істеп келіпті. Сонымен қатар орталық атқарушы органдардың қалыптасуы жайында тоқталып өтсек:

1. Сергей Александрович  Терещенко үкіметі;

2. Әкежан Қажыгелдин  үкіметі;

3. Нұрлан Балғымбаев  үкіметі;

4. Қасым- Жомарт Кемелұлы  Тоқаев үкіметі;

5. Иманғали Нұрғалиұлы  Тасмағамбетов үкіметі;

6. Даниэл Кенжетайұлы Ахметов үкіметі;

7. Кәрім Қажымқанұлы  Мәсімов үкіметі – қазіргі  уақытта қызмет етуде. Осы орайда  әрқайсысының құрылымы жайында  қарастырып өтейік.

С.А.Терещенко тұсындағы  орталық атқарушы органдарының яғни Президенттің бекітуімен 1993 жылғы 9 маусымдағы Жарлығы негізінде жарияланған үкімет құрылымы:

1. ҚР ішкі экономикалық  байланыстар министрлігі;

2. ҚР ішкі істер  министрлігі;

3. ҚР геология және  ортаны қорғау министрлігі;

4. ҚР денсаулық сақтау  министрлігі;

5. ҚР сыртқы істер  министрлігі;

6. ҚР ғылым және  жаңа технология министрлігі;

7. ҚР мәдениет министрлігі;

8. ҚР қорғаныс министрлігі;

9. ҚР білім министрлігі;

10. ҚР мөртаңба және  жалпы ақпарат министрлігі;

11. ҚР өндіріс министрлігі;

12. ҚР байланыс министрлігі;

13. ҚР ауыл – шаруашылық министрлігі;

14. ҚР халықты әлеуметтік  қорғау министрлігі;

15. ҚР сауда министрлігі;

16. ҚР көлік министрлігі;

17. ҚР еңбек министрлігі;

18. ҚР туризм, дене шынықтыру  және спорт министрлігі;

19. ҚР қаржы министрлігі;

20. ҚР экология және  табиғи ресурстар министрлігі;

21. ҚР экономика министрлігі;

22. ҚР энергетика және  отын ресурсы министрлігі;

23. ҚР әділет министрлігі;

Комитеттер тізімі:

1. ҚР антимонополиялық  саясат жөніндегі мемлекеттік  комитеті;

2. ҚР архитектура және  құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитеті;

3. ҚР су ресурстары  жөніндегі мемлекеттік комитеті;

4. ҚР мемлекеттік мүлік  жөніндегі мемлекеттік комитеті;

5. ҚР жер қатынастары  және жер орналастыру жөніндегі  мемлекеттік комитеті;

6. ҚР жастар ісі  жөніндегі мемлекеттік комитеті;

7. ҚР өндірістегі жұмыс қауіпсіздігін қадағалау және тауды қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитеті;

8. ҚР  ұлттық қауіпсіздік  комитеті;

9. ҚР статистика және  талдау жөніндегі мемлекеттік  комитеті;

10. ҚР төтенше жағдайлар  жөніндегі мемлекеттік комиссия;

11. ҚР министрлер кабинетінің құрамындағы материалдық резервтер жөніндегі мемлекеттік комитеті;

12. ҚР министрлер кабинетіндегі  қаржылық бақылау жөніндегі мемлекеттік  комитеті;

13. ҚР министрлер кабинетіндегі  тілдер жөніндегі мемлекеттік  комитеті;

14. ҚР министрлер кабинетіндегі архив және құжаттау жөніндегі басты басқармасы;

15. ҚР министрлер кабинетіндегі  геодезия және картаға түсіру  жөніндегі басты басқарма;

16. ҚР министрлер кабинетіндегі  гидрометеорология жөніндегі басты  басқарма;

17. ҚР министрлер кабинетіндегі  стандарттау және метрология жөніндегі басты басқарма;

18. ҚР атом энергетикасы  агенттігі;

19. ҚР министрлер кабинетіндегі   ҚР ұлттық аэрокосмостың агенттігі;

20. Қазақ мемлекеттік  ақпараттық агенттігі;

21. ҚР министрлер кабинетіндегі  «Қазақстан» телерадиокешендік мемлекеттік компаниясы;

22. ҚР министрлер кабинетіндегі  ҚР жоғары аттестациялық комиссиясы;

23. ҚР министрлер кабинетіндегі  ұлттық патенттік ведомствосы;

Қазақстан Республикасы министрліктерінің  құрамында Үкімет құратын ведомстволар болады. Мысалы, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде Атом энергетикасы жөніндегі және Аэроғарыш комитеттері; Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігінде: Орман, балық және аң шаруашылығы және Су ресурстары жөніндегі комитеттері.

Кейбір органдардың өкілеттіктері мемлекеттің бірнеше салаларына таратылады, мысалы, Қарулы Күштер, ІІМ, ҰҚК және басқа да министрліктер мен ведомстволарда да денсаулық сақтау мекемелері мен органдары бар. Олар арнайы және аймақтық қызмет көрсетеді, жергілікті басқару органдарының құрамына кіреді. Сонымен бірге, Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің емдеу ісін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулары мен өкімдерін орындап отырады.

Мемлекеттік басқаруды  жаңартуда – мемлекеттік басқару  органдарына  жүктелетін міндеттердің орындалуы көрсеткіштеріне баса назар аударуымыз керек. Аталған  бағытта жұмысты бастау үшін билік пен оған бөлінетін қаржыны бөлудің нақты қағидаттарын айқындап алу, міндеттер мен функциялардың құрылымдық жағынан іске асырылуының сандық және сапалық өлшемдерін анықтау, оларды тиісті ресурстар арқылы ынталандырып отыру бірінші кезектегі міндеттерге айналғаны жөн.  Тек сонда ғана реформаны алға бастыруға мүмкіндік тумақ.

Сондай-ақ үкімет  құрылымын  жетілдіруде олардың өкілеттіктерін анықтауда келесі шаралар өз тарапынан ұсынылатын жағдай қазірде біздің елімізде Министрліктер мен агенттіктер арасында нақты корпоративтік жоспарлар жоқ. Мемлекеттік салаға кәсіпкерлік басқаруды енгізу, бюджеттік ұйымдарда корпоративтендіру, әлеуметтік қызмттерді жеткізушілер арасында бәскелестік орта құру әлі енгізілмей отыр. Осы ұсыныс негізінде басқару процесін  жетілдіреді деген пікірдемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Басқару қызметіндегі ерекшелікті жетілдіру жолдары

Басқару нысаны мемлекет нысаны түсінігінің  анағұрлым кең мағынадағы маңызды  құрамдас бөлігі болып табылады. Ол биліктің жоғары сот органдарының жүйесіне, олардың арасындағы құзыретті бөлісу мен өзара әрекеттестік принциптеріне баса назар аударылады. Басқару нысаны мемлекетті сипаттайтын басты көрсеткіштердің қатарына жатады. ол бағыт таңдау мен мемлекеттік саясат басымдығына және оны жүзеге асырудың тәсілдеріне, биліктің демократиялық дәрежесіне және оны халыққа түсінікті болуына айтарлықтай ықпал етеді.

Басқару нысанын анықтау  кезінде мына төмендегі мәселелер  ескеріледі:

  • мемлекетте қандай органдар және лауазымды тұлғалар жоғары билікті бейнелейді;
  • олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады және олардың арасындағы өзара әрекеттестікте тежемелік пен тепе-теңдік механизмі қолданыла ма;
  • олардың арасындағы мемлекеттік өмірдің негізгі саласын басқару жөніндегі құзырет қалай бөлінеді;
  • жоғары биліктің төменгі тұрған органдар мен халық үшін ашықтық дәрежесі қандай.

Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің  функциясын дамытуға көптеп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең  тсүініп, білу тек мемлекетің бүгінгі  жұмысын, қоғамның тарихи даму процесін зерттеп ,  дұрыс түсінуге өкп  үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл дегеніміз обьективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.

Мемлекеттің функциясы  туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі-функция көп өзгеріске ұшыраймын  деп, бірнеше түрлерін келтіреді, жалпы  қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және сыртқы функция деп бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлектетер дұрыс деп қолдануда.

Мемлекеттің функцияларының орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік  аппарат пен органдар. Әуелі функцияны  орында уүшін тиісті  мемлекеттік  орган құрылады. Бірнеше органдар функциясының мазмұнына қарай мемлекеттік  аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу саты-кезеңдері: функция-орган-аппарат-мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде-мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын толық білуге болады. [6. 27]

Қазіргі  кезде атқарушы биліктің орталық органдарын ұйымдастыру мен қызмет атқаруының тәртібі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» туралы Конституциялық заң күші бар  1996 жылғы  18 желтоқсанындағы заңы, Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1999 жылғы 6-мамырдағы Конституциялық заңмен, Республика Үкіметінің  1997 жылғы  13-наурыздағы  №  321 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Министрлігі (Мемлекеттік комитеті) туралы Үлгі Ережемен және әрбір министрлік, агенттік, комитет, комиссия туралы  жеке ережелермен реттеледі.

Сонымен, Қазақстан Республикасында  ұйымдық – құқықтық нысандарда қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей ортаның атқарушы органдары бар:

  1. Қазақстан Республикасының министрліктері;
  2. Қазақстан Республикасының агенттіктері;
  3. Қазақстан Республикасының министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын комитеттер (ведомстволар), депортаменттер және басқармалар.

Орталық органдардың  әдетте, тәжірибеде тұрақтанған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.

1. Қазақстан Республикасының  министрлігі ммлекеттік басқарудың  тиісті саласына (аясына басшылық  жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген  шептерде – салааралық үйлестіруді  жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрліктерді Республика Премьер – Министрінің ұсынысы  бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Министрлерді де Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрлікті Республика Премьер – Министрінің ұсынысы  бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Министрлерді де Республика Премьер – Министрінің  ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады.

Министрліктің жұмысына министр басшылық жасайды және министрлікке жүктелген міндеттемелердің орындалуына  және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.

Министр лауазымы бойынша  Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіреді. Министрліктің құрылымы мен штат санының шеңберін Үкімет бекітеді.

Министрлікте министрлердің  орынбасарларының (вице министрлердің), сондай-ақ министрліктің басқа басшы  қызметкерлерінің құрамында министр  басшылық ететін (алқа төрағасы) алқа Конституциялық – кеңесші орган құрылады. Алқаның сандық құманы Үкімет, ал жеке адамдар құрамын Министр бекітеді. Алқаның шешімі министрдің бұйрығымен рәсімделеді.

Информация о работе Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі