Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 05:53, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Басқару қызметінің экономикалық мәні мен ерекшеліктерін ескере отырып, басқару қызметінің экономикалық тұрғыдағы стилін қарастыру болып табылады. Курстық жұмыстың міндеттері:
берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
басқару қызметіндегі стилдің ерекшеліктерін анықтау;
басқару қызметінің стратегиялық аспектілеріне тоқтам жасау;

Содержание

Кіріспе
І Қазақстандағы басқару қызметінің экономикалық сипаты
1.1. Басқару қызметінің негіздері мен оның қолданылуы
1.2. Басқару қызметіндегі жауапкершіліктің негіздері
ІІ Қазақстандағы басқару қызметінің қазіргі жағдайы
2.1. Басқару қызметі мен жауапкершіліктің бірлестігінің экономикалық көрсеткіштері
2.2. Басқару қызметіндегі құрылымның экономикалық тиімділігі
ІІІ Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымының аспектілері
3.1. Қазақстандағы басқару қызметінің ерекшеліктерін айқындау
3.2. Басқару қызметіндегі ерекшелікті жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

БАСКАРУдың қоғкамдағы рөлі.doc

— 142.50 Кб (Скачать файл)

Министрлік өз құзыретінің  мәселелері бойынша заңдарда белгіленген  тәртіппен Қазақстан Республикасының  барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

Министрлік өзінің ұйымдық  – құқықтық мәртебесі бойынша  заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік  биліктің органы ретінде мемлекеттік  тілде өзінің аты жазылған мөрі мен  мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкілерді есеп – шоттары болады.

Министрліктің қызметін қаржыландыру тек қана мемлекеттік  бюджеттен жүзеге асырылады.

Заң бойынша барлық министрліктер  өзара тең болып табылады және біріне – бірі әкімшілік бағыныста болмайды, бірақ олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі ведомстволардың іс – қимылын қажет ететін, мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске асыру, қылмыспен күресу тағы басқалар жөніндегі мәселелерді шешу туралы шарттар мен келісімдер жасай алады.

2. Қазақстан Республикасының   агенттігі Үкімет құрамына енбейтін  орталық атқарушы орган болып  табылады. Агенттікті Республика  Премьер – Министрінің ұсынысы  бойынша Республика Президенті  құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

Агенттік тиісті мемлекеттік  басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін  жүзеге асырады.

Агенттіктердің және басқа, үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және қызметтен босатады.

Агенттіктің құрылымын  оның басшысы – төраға бекітеді. Әдетте, оның құрылымы депортаменттер мен басқармалардан тұрады.

Агенттік төрағасының жанынан консультациялық кеңесші орган –алқа құрылады. Оның сан және адам құратын агенттіктің төрағасы бекітеді. Агенттіктің құқықтық актілері болып оның төрағасының бұйрықтары табылады.

Министрліктер мен өзге де орталық  атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін Республика Үкіметі бекітеді.

3. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық  жоспарлау және реформалар жөніндегі мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктері, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі  ұлттық комиссия (бұл комиссияның төрайымы әрі Қазақстан Республикасының министрі) Қазақстан Республикасының  Президентіне тікелей бағынады.

4. Республиканың орталық  атқарушы органының комитеті  тиісті орталық атқарушы органның  ведомствосы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Тәуелсіз Қазақстанның жүріп өткен жолы мерзім жағынан көп емес. Бірақ осы қысқа мерзім ішінде еліміз үлкен табыстарға жетті.

Басқару жүйесін жаңартудың  белгілі бір белесіне көтерілдік. “Қазақстан 2030” Стратегиясында дамуымыздың  негізгі басымдықтарының бірі ретінде  ықшам әрі кәсіби Үкімет жасақтау алға қойылған үлкен мақсаттардың бірі ретінде еді.

Қазір  біз өтпелі кезеңде  табыспен аяқтап, дамуымыздың жаңа кезеңіне қадам басқан кезде бұл  міндеттің маңызы бұрынғыдан да арта тсүеді. Сол себепті “Мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту” туралы бастама көтерілді.

Германияның канцлері Отто фон Бисмарк  19-ғасырда айтқанындай: Қауқарсыз заңдар мен қарымды  шенеуніктер арқылы елді басқару  мүмкін болар – ау, алайда, қауқарсыз  шенеуніктермен ешқандай заң да басқару  жүйесін көтеруде, жаңарту, ашықтық  және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде ең озық  халықаралық тәжірибені сүйене отырып тұтас істеуі тиіс.

Мемлекеттік басқаруды  жаңартуда – мемлекеттік басқару  органдарына  жүктелетін міндеттердің орындалуы көрсеткіштеріне баса назар аударуымыз керек. Аталған  бағытта жұмысты бастау үшін билік пен оған бөлінетін қаржыны бөлудің нақты қағидаттарын айқындап алу, міндеттер мен функциялардың құрылымдық жағынан іске асырылуының сандық және сапалық өлшемдерін анықтау, оларды тиісті ресурстар арқылы ынталандырып отыру бірінші кезектегі міндеттерге айналғаны жөн.  Тек сонда ғана реформаны алға бастыруға мүмкіндік тумақ.

Сондай-ақ үкімет  құрылымын  жетілдіруде олардың өкілеттіктерін анықтауда келесі шаралар өз тарапынан  ұсынылатын жағдай қазірде біздің елімізде Министрліктер мен агенттіктер арасында нақты корпоративтік жоспарлар жоқ. Мемлекеттік салаға кәсіпкерлік басқаруды енгізу, бюджеттік ұйымдарда корпоративтендіру, әлеуметтік қызмттерді жеткізушілер арасында бәскелестік орта құру әлі енгізілмей отыр. Осы ұсыныс негізінде басқару процесін  жетілдіреді деген пікірдемін.

Қорыта айтқанда Қазақстанның өз дамуының жаңа кезеңіне  аяқ басу қисыны мемлекеттік басқаруды жаңарту  қоғам алдында талап етеді. Мемлекеттік  басқаруды жаңарту біздің қоғамымыздың топтасуына, Қазақстанның әлемдік қауымдастығы алдындағы абыройын мен беделін өсіру түсуге жәрдемдесумен қатар Қазақстан өзінің алдына  әлемнің барынша дамыған, барынша бәсекеге қабілетті  50-елінің қатарына кірудің асқаралы да жауапты мақсатына жетуге әсері зор болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030  Қазақстан халқына Жолдауы.
  2. Т. Ағдарбеков  Мемлекет және құқық теориясы  Алматы, 2002
  3. Д. Булгакова Мемлекет және құқық теориясы  Алматы, 2003
  4. Қ. Жоламан, А. Мұхтарова  Мемлекет және құқық теориясы  Алматы, 1999
  5. М. Марченко  Теория государсвто и право  Москва, 1996
  6. Г. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы  Алматы, 1997
  7. С. Алексеев Теория права  Москва, 1993
  8. Теория  государство и права  Москва, 1998
  9. Г. Сапаргалиев  Основы государства и права  Алматы, 1997
  10. Г. Сапаргалиев Заң терминдерінің сөздігі Алматы, 1996
  11. Г. Сапаргалиев, А. Ибраева  Мемлекет және құқық теориясы  Алматы, 1998

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

Мемлекеттік басқару  қызметінің атқарушылары

 

 

                                                                                                  


                                        


                                                 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметінің  1992-2007 жылдар аралығындағы құрылым

ҚР Премьер - министрі

Министрлік саны

Комитет

саны 

Агенттік 

саны

1

С.А.Терещенко (1992-1994) тұсындағы  1993 штат.

3-маусымдағы құрылым.

23

12

3

2

Ә.Қажыгелдин (1994-1996) тұсындағы  1996 19-қазандағы құрылым.

21

9

1-1

3

Н.Балғымбаев (1996-1999) тұсындағы 1997 ж. 6-қарашадағы құрылым.

13

2

1

4

Қ.Ж.Тоқаев (1999-2002) тұсындағы  1999 ж 22-қаңтардағы құрылым.

12

3

6

5

И.Н. Тасмағамбетов (2002-2003) тұсындағы  2002 ж 28-тамыздағы құрылым.

15

33

10

6

Д.К.Ахметов тұсындағы (2003-2007)  2006  ж. құрылым.

17

1-1

4

7

К.ҚМәсімов (2007 жылдан бастап) тұсындағы үкіметі құрылымы.

17

1-1

5


 

 


Информация о работе Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі