Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 08:38, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыспен күресудің бірден- бір құралы қылмыстық заң болып тыбылады. Қылмыстық құқық нормаларының көмегімен адам мнг азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерді, қылмыстық қол сұғушылықтан және бейбітшілік пен адам зат қауіпсіздігін қорғау міндеттері жүзеге асырылады. Ал кең көлемде алғанда, қылмыстық құқықтың басты мақсаты- қылмыстардың алдын алу және қылмыспен күресу болып табылады.

Содержание

1. Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі
2. Қылмыстық іс жүргізу нысаны
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні, міндеттері мен жүйесі мақсаттары
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары

Вложенные файлы: 1 файл

Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

Нысанды мазмұннан тыс алып қарауға болмайды. Іс жүргізу нысанының мәні жөнінде реакция өкілдерімен айтысқа түсе отырып, К.Маркс "Ағаш ұрлау туралы заң жөніндегі айтыстар" деген өз еңбегінде былай деп жазды: Егер   сот   процесі  бір   ғана   мазмұнсыз   нысанмен шектелетін болса, мұндай бос нысандылықтың ешқандай дербес құндылығы жоқ. Егер қытай құқығын француз процедурасының нысанына сыналып енгізіп жіберсек, ол осы көзқарас тұрғысынан француз құқығына айналар еді;материалдық құқықтың, алайда, тек өзіне тән қажетті іс жүогізу нысандары бар. Қытай құқығында таяқ міндетті түрде бар болатыны сияқты; орта ғасырлық қылмыстық заңдар жинағының мазмұнымен, іс жүргізу нысаны ретінде, азаптау тікелей байланысты екені сияқты,жария, еркін сот пройесі жеке змүдде емес, ал бостандық өзек долған, өз табиғаты бойынша жария мазмұнының қажетті бір бөлігін құрайды. Мысалы, өсімдіктер нысандары өсімдіктермен, ал жануарлар нысандары - жануарлардың етімен және қанымен қаншалықты байланысты болса, сот процесі мен құқығы да бір-бірімен соншалықты тығыз байланысты. Сот пройесі мен заңдарды бір ғана рух рухтандыруға тиіс, өйткені пройесс заң өімірінің нысаны ғана, демек, оның ішкіөмірінің көрінісі.

Мұның алдында біз материалдық қылмыстық құқық тек іс жүргізу нысанында ғана бар екенін, қылмыстық құқық нормаларын тек арнаулы процедура нысанында қолдануға болатынын айтқан едік. Қылмыстық іс жіргізу құқығы - нысан құқығы. Демек, нысан белгілі салаға, оның барлық көріністері арқылы, ең шағын элементтен бастап, іс жүргізу құқығын іргелі сала деп түсінуге дейін өзек болады. Алайда, бұл тек процесс мәнінің бір жағы 
ғана. Қылмыстық процестің өз нысаны бар. 
Башқаша айтқанда, қылмыстық іс жіргізу құқығы 
қылмыстық іс жүргізу құқық қатнастарын жүзеге 
асыру тәртібін реттейді. Қылмыстық сот ісін 
жүргізудің мақсаттарына жету және міндеттерін 
шешу өзара қатнастардың шептерін, шектерін, 
олардың байланыстарын,  қолданылған шаралардың құқықтық нәтижелерінің сипатын, іс-қимылдардың кезектілігін, яғни нысандеп аталатын нәрселердің бәрін айқындайды. Іс жүргізу 
нысаны еркін бола алмайды. Нысан құрамы идеялардың жүзеге асырылуын идея бұрмалан байтындай, жалпы заң рухына қайшы келмейтіндей шарттармен қамтамасыз етуге тиіс.

М. Л, Якубтың пікірінше, қылмыстық сот іс 
бойынша іс жүргізу нысаны соттың, тергеу және 
прокурорлық қадағалау оргондарының қылмыстық істер қозғау, оларды тергеу мен шешу жөніндегі қызметінің, сондай-фқ процеске қатысушылар және белгілі бір мақсатта іске қатыстырылған өзге адамдар қызметінің, сол қызметпен байланысты қатнастардың құқықтық нысаны болып табылады. Ол қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген, жалпы сот қызмет, сондай-ақ әрбір жекелеген іс жүргізу әрекеті, жүзеге асырылатын және іс бойынша әрбір шешім қабылданатын, жүзеге асырылатын әрекеттер мен қабылданатын шешімдердің байланысы мен жүйелілігі айқындалатын шарттар жиынтығы болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу нормалары екі түрге бөлінеді: 1) жекелегеніс жүргізу әрекеттерін жүзеге асырудың және шешімдер қабылдаудың шарттары мен жүйелілігін белгілейтін нормалар; 2) жалпы қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін белгілейтін нормалар. Мысалы, сот-медициналық куәландыру сияқты іс жүргізу әрекетін оған сот-медицина сарапшысы қатысқан жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. Осы іс жүргізу әрекетінің басқа әрекеттерден айырмашылығы осындай. Алөкілетті адамдар жасаған хаттамалау шарты оны кімнің (соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының) жасайтына байланысты емес.

 

3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні, міндеттірі мен жүйесі.

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормалары белгілері бір тәртіппен, бүтіндей бір жүйені құрап орналасқан.

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйесі деп – жекеленген қылмыстардың жауаптылығын анықтайтын, тектік объектісінің белгілері бойынша топтсатырылған нормалар жиынтығын айтамыз.

Екіншіден, 1959 жылы Қаз. КСР ҚК мемлекеттік қылмыстар туралы тарауда екі бөлімді – ерекше қауіпті мемелкеттік қылмыстар туралы және өзге де мемлекеттік қылмыстар (барлығы 36 қылмыс құрамы) туралы бөлімдерді біріктірген болатын. Қылмыстардың екінші тобы іс жүзінде мемлекеттің мүдделеріне емес, әр түрлі салалардағы (мысалы, қорғаныс қабілетті, мемлекеттік шекаралардың қол сұғылмайтындығы, темір жол, су және әуе көлігінің, ақша және несие жүйесінің қалыпты жұмыс істеу саласындағы) мемлекеттік басқару негізідеріне бағытталады. Осыған байланысты «өзге де мемлекеттік қылмыстар» жаңа қылмыстық кодексте қылмыстық- құқық қорғаудың белгілі  бір объектісіне бағытталуына байланысты ҚК Ерекше бөлімінің басқа да таруларына әділ түрде бөліп – бөліп жіберілген. Мәселен, бандитизм (237-бап) пен жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы тарауына, ҚР күзетілетін мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз өту үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық – құқық норма (330-бап) басқару тәртібіне қарсы қылмыскер таруында, ал ұшудың халықаралық ережелерін бұзу туралы норма (306-бап) көліктегі қылмыстар тарауында берілегн және тағы басқа.

Үшіншіден, ҚР 1997 жылғы жаңа ҚК қылмыстарға жаңа ұғым енгізілді: «Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігінің негіздеріне қарсы қылмыстар». Барлығы 10 қылмыс құрамы, олрадың бесеуі бұрын еркеше қауіпті мемлекеттік қылмыстарға жатқызылған еді, ал, қылмыс құрамы жаңа. Осы дәрежедегі қылмыстар құрамының күрт қысқаруына, сірә, негізінен, бұрын өзге мемлекеттік қылмыстарға жатқызылған бірқатар қылмыс құрамының ҚК-тің басқа тарауларына ауыстырылуы  себеп болады.

Төртіншіден, мемлекеттік конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігінің  негіздеріне қарсы қылмыстары үшін жауапкершілік туралы тұжырым бұрынғы ҚК-тің тиісті құрамдары секілді, идеологияландырылмаған.

Бесіншіден, мемлекеттік қылмыстарға күрес жөніндегі қылмыстық заңды реформалау кезеңі  қаракеттерді қылмыстық іске жатқызу және жатқызбай үдерістерімен ұштастырып отырады. Өкіметті күшпен алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру (ҚК-нің  168-бабы) және қарулы бүлік үшін (ҚК-нің 169 бап) қылмыстық жауапкершілік енгізілген, ал зиянкесті және Отанға опасыздық жасаудың екі түрі- шетелге қашу мен шетелден оралудан бас тарту үшін жауапкершілік  алынып тасталды.

Бұл  өзгерістер осы айтылған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің кемуімен ешбір байланысты емес екеніне, ол жоғарыда атап көрсетілгендей, жаңа ҚК міндеттері ішінде, қоғам мен мемлекеттің  ең басты құндылығы ретінде, адам мен азаматтың мүдделерін және олардың құқықтары мени бостандықтарын қорғау басты міндет екенін туындағанына назар аударамыз.

ҚР қылмыстық заңның адамзат құндылықтарының мұратына қайта оралуы- қылмыстық құқықтық қорғау объектілері жөнінде әбден қалыптасып қалған иерархиялық айтарлықтай өзгергенін көрсетеді. Қылмыстық заңмен қорғалатын объектілер енді демократиялық қағидалар негізінде мүлдем басқаша қарастырылатын болды, яғни алдымен жеке  бастың, сосын қоғамның және мемлекеттің мүддесі ескеріледі. Қылмыстық құқықтық қорғаудың табан тірер негізі ретінде ең алдымен жеке бастың мүддесі қарастырылады және осы мүдденің сенімі әрі қорғалуы қоғамдық және мемлекеттік мүддерердің тиімді қорғалуына зор әсер етеді.

Сонымен қылмыстық құқықтық ерекше бөлімінің жүйесі мынандай тәртіппен орналасқан:

  1. ТАРАУ. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні.
  2. ТАРАУ. Адамның жеке басына қарсы қылмыстар.
  3. ТАРАУ. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
  4. ТАРАУ. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтыры мен босандықтарына қарсы қылмыстар.
  5. ТАРАУ. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмымстар.
  6. ТАРАУ. Мемлекеттің конституциялық құрлысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
  7. ТАРАУ. Меншікке қарсы қылмыстар.
  8. ТАРАУ. Экономикалақ қызмет саласындағы қылмыстар.
  9. ТАРАУ. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
  10. ТАРАУ. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.
  11. ТАРАУ. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар.
  12. ТАРАУ. Экологиялық қылмыстар.
  13. ТАРАУ. Көліктегі қылыстар.
  14. ТАРАУ. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
  15. ТАРАУ. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
  16. ТАРАУ. Сот төрелігіне және жазалардың орындаоу тәртібіне қарсы қылмыстар.
  17. ТАРАУ. Әсери қылмыстар.

Қылмыстарды осылай топтастырып тауарларға бөлуін заң шығарушы тектік объектінің негізінде жасаған.

 

Негізгі категориялардың иерархиясында міндеттер мақсаттардан кейінгі екінші орында түр. Міндеттер іс жүргізу құқығы құрылымының және жүйесінің элементтері мақсаттарының туындылары болып табылады. Сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттері арасындағы тығыз мағыналы өзара байланысты осымен түсіндіріледі. Міндеттерді шешу сот әділдігі сияқты мақсаттарға қол жеткізудің негізіне алынады. Басқаша айтсақ, міндеттер дегеніміз - мақсаттарға қол жеткізудің жолдары екен. Қылмыстық іс жүргізу құқығында міндеттер үш діңгейге бөлінеді (ҚІЖК-нің 9-бабы).

Бірінші деңгей мынадай міндеттерді қамтиды:

-қылмысты тез  және толық ашу;

-қылмыс жасаған  адамдарды әшкерлеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту;

-әділ сот талқылауы  және заңды дұрыс қолдану.

Осы деңгейдегі міндеттерді шешу қылмыстық ізге түсу функцияларын жүзеге асыруға бағытталған және қылмыстық мінез-құлыққа ықпал ету жөніндегі іс жүргізу әдәстері мен тәсілдерінің бәрін де қолданудан көрінетін әділ сот мәнінің бір ғана аспектісін білдіреді.

Екінші діңгейдегі міндеттерге мыналар жатады:

-негізсіз айыптау  мен соттаудан қорғауды қамтамасыз ету;

-адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды қамтамасыз ету;

-заңсыз айыптау  немесе кінәсізді саттау жағдайында кідіріссіз және толық ақтауды қамтамасыз ету.

Айтылғандардың игілікті бағыты көзге айқын түседі, олар кінәсіздерді -қылмыстық ізге түсуден қорғаудан көрінетін әділ соттың екінші қырын білдіреді.

Міндеттердің үшінші деңгейі заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқыққа деген құрметтеу шілікті қалыптастыруға жәрдем көрсету мәселелерін шешеді. Бұл деңгейдің жалпы сипаты бар. Алғашқы екі деңгейдегі міндеттерді шешу бір мезгілде үшінші деңгейдегі міндеттерді шешуді де білдіреді. Егер бірінші жіне екінші деңгейдегі міндеттердің ең болмаса бірішешілмесе үшінші деңгейдегі міндеттердің ьірде бірін шешілді деп санауға болмайды.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерін шешудің қолданылуы қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген әдістер мен тәсілдерге негізделеді. Өзгеше әдістер мен тәсілдерге жол берілмейді. Керішінше жағдайда заңдылық пен құқық тәртібінің бұзылғандығын сеніммен айтуға болады.   Соңғысы   қылмыстық   сот   ісін   жүргізу мақсатына қол жеткізілмеді және әділ сот жүзеге аспады дегенді білдіреді.

Қылмысты тез және толық ашу.Тез деген сөз жасалған қылмыс пен оныуәкілетті оргондардың білуі арасындағы уақыт айырмашылығы мейлінше қысқа болуға тиісті екендігін білдіреді. Анықтау және тергеу оргондары қылмыстың жфғдайларын тергеуді неғұрлым ерте қолға алса, қылмыс жасаған адамның кінәсі мен қылмыстық жауапкершілігі деңгейін кейінгі сот бағалауының әділеттілігі мен заңдылығының ықтималдылығы соғұрлым жоғары болады. Жасалған қылмыс үшін әділетті түрде жазалау неғұрлым ертерек орын алса, соғұрлым әділ сот тиімділігі де жоғары болады. Толық ашу деген сөз барлық кінәлі адамдар және барлық қылмыс 
анықталуға тиіс дегенді білдіреді. Мұның маңыздылығы мынада: бір адамның бірнеше қылмыс жасауы немесе бірнеше адамның бір 
қылмыс жасауы мүмкін. Осы аталған жағдайлардың әрқайсысына қатысты кінәлі адамдардың іс-әрекетін бағалау қылмыстық -құқықтық бағалау түрліше болуы мүмкін, мұның өзі жазалаудьщ түрлі түрлерін қолдануға әкеп соғады. Қылмысты ашуды қылмыстық ізге түсу оргондарының: прокурордың (мемлекетік айыптаушы),   тергеушінің,   анықтау   органының, арықтаушының   іс  жүргізу     қызметімен байланыстыру қажет (ҚІЖК-нің 7-бабы, 14-тармақ). Қылмыс жасауды ашу,яки фактіні білу қылмыстық ізге түсу органдары қызметінің шегінен тысқары тұратындай орын алмауға тиіс. Қылмыстан жапа шегуші не оның куәгері қылмыстың жасалғандығы туралы ақпаратты бұл туралы қылмыстық ізге түсу органына белгілі болғанға дейін хабардар болды деген жағдайдың қылмыстарды тез және толық ашудың қылмыстық іс жүргізу міндетіне қатысы жоқ. Егер қылмыстық жазалануға жататын, яки қылмыс ретіндегі іс-әрекетті бағалау осы фактіні белгіленген заң тәртібімен тіркеу арқылы қылмыстық ізге түсу органы қолға алса қылмыс ашылды деп саналады.

Қылмыс жасаған адамдарды әшкерлеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту. Әшкерлеуді нақты адамның қылмыс жасау фактісін белгіленген іс жүргізу тәртібімен дәлелденуі деп түсінген жөн. Әшкерлеу үшін қылмыстық істі дәлелдемелік негібен қамтамасыз ету қажет, дәлелдемелік негіз істі дәлелдердің пайда болуы, олардың нақ осы қылмысқа қатысы, жекелеген дәлелдердің өзара қисынды байланысы болсын, қай жағынан да, заңдылық көзқарасы тұрғысынан талас тудырмауға тиіс. Әшкерлеу, сондай-ақ адам жасаған дәлелденген іс-әрекетті қылмысты деп тануға және ол адам қылмыстық жазалануға тиіс екендігін білдіреді. Қылмыстың жасалу фактісі мен оны жасаған адамның арасындағы дау тудырмайтын өзара бафланысты айқындау кінәлі адаімға заңда көзделген барлық шараларды қолдануға негіз болып табылады (ҚІЖК-нің 36-бабы, 1-бөлігі). Әрине, мұндай шараларды қылмыстық ізге түсу органы ғана қабылдай алады.

Әділетті сот талқылауы және заңды дұрыс қолдану.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі