Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 08:38, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыспен күресудің бірден- бір құралы қылмыстық заң болып тыбылады. Қылмыстық құқық нормаларының көмегімен адам мнг азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерді, қылмыстық қол сұғушылықтан және бейбітшілік пен адам зат қауіпсіздігін қорғау міндеттері жүзеге асырылады. Ал кең көлемде алғанда, қылмыстық құқықтың басты мақсаты- қылмыстардың алдын алу және қылмыспен күресу болып табылады.

Содержание

1. Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі
2. Қылмыстық іс жүргізу нысаны
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні, міндеттері мен жүйесі мақсаттары
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары

Вложенные файлы: 1 файл

Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

Қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының жалпы

бағыты - құқықтың осы саласының құрамдас бөліктерінің ішкі тұтастығына байланысты болады.Арнайы және жеке мақсаттар ортақ мақсатпен өзара тығыз байланыста болады, сөйтіп, соңғысының мазмұнымен және бағытымен айқындалады. Мақсаттардың иерархиясы оларға қол жеткізу тесілдерінің иерархиясымен айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қылмыстық- атқару құқығы ғылымының  әдістемелік негізі құқықтық жалпы теориясы болып есептеледі. Бұл ғылымының теориялық жағдайы,  қағидаттары мен ұғымы аппараты, зерттеу әдістерінің-  барлығы құқығы саласының негізгі болып саналады.

Мемлекеттің қазіргі даму кезеңінде қылмыстық- атқару құқығы ғылымының  тұрғыда қамтамасыз  ету мен жаза орындау саласындағы  құқықтық реформаны жоғары дәрежеге жетілдіру  мақматы тұр. Сондай- ақ  бас  бостандығынан айыру орындарында экономика проблемаларын шешу  жолдарын іздестірген жөн. Аталған мақсаттар  қылмыстық- атқару құқығын іске асыруды қамтамасыз  ететін қылмыстық- атқару кодексін орындау арқылы өмірге енеді.

Бұл саладағы ғылыми зерттеулерді үйлестіріп отыру мақсатында қылмыстық жазаны атқару проблемасы зерттеу үшін ғылыми орталық ашқан жөн болар еді.

Сонымен, Қылмыстық іс жүргізу заңын корытындылай келе курстық жұмысты аяқтап, мынадай мәселелерді қарастырдым:

1. Қылмыстық іс  жүргізу заңының түсінігі, түрлері  және мазмұнының не мақсатта оқытылатынымен таныстым. Онда: Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен мазмұны тұрғысындағы сипаттамасы негізінде Қылмыстық іс жүргізу кодексі ғана алынбайды. Құқықтың көздеріне арналған бөлімде кең ауқымды мағынасында сот ісін жүргізудің мазмұнын құрайтын заңдар мен заң актілерінің жүйесі берілетін болады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдері өзара тек пен түр ретіндегі қатынасын, тектік басталуы анағұрлым кең ауқымды,  жан-жақты қамтиды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің Жалпы бөлімі басты, негізге алынатын ережелердің жиынтығын білдіреді, Ерекше бөлім ауқымындақылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен әдістерін құралдық тұрғыдан дамытуға арналған. Қыл-мыстық іс жүргізу кодексінің Жалпы бөлімі бес бөлімнен тұрады, ал Ерек-ше бөлімі жеті бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім мыналардан тұрады.Олар: 1. Негізгі ережелер; 2. Қылмыстық процеске катысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар; 3. Дәлелдемелер және дәлелдеу; 4. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары; 5. Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер. Ерекше бөлім: 1. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу; 2. бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу; 3. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау; 4. Сот шешімдерін орындау; 5. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу; 6. Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері; 7. Айрықша іс жүргізу.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы - толып жатқан тұрлі жақтарды, жайжапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды,сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әртүлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады.

2. Қылмыстық іс  жүргізу құқығының тарихына үңілетін болсақ, кылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық құқық арасындағы байланыстың тарихи тамыры бар. Өз қалыптасуының ерте кезеңінде құқық материалдық құкық пен іс жүргізу құқығына бөлінбеген болатын.

3. Қолджаныстағы  іс жүргізу заңы 1997 жылы 13-желтоқсаннан  бастап қабылданып, жаңа кодекс  әрекет ете бастады.

Ғылыми пікірталастарға сүйенетін болсақ, Қылмыстық іс жүргізу құқығының дамуының кеңестік кезеңіне осы сала мәнінің мәселелері түрліше шешілген кезеңдер тән. 50-ші жылдарға шейін кеңестік қылмыстық процесс нақты қызмет саласын реттейтін құкықтық нормалар жүйесі, ал доктринаға байланысты барлык нәрселердің процеске қатысы жоқ деп саналған. Басқаша   айтқанда,   қылмыстық   іс   жүргізу   қызметі   бар   да, қылмыстық іс жүргізу құқығы дейтін сала жоқ. Н.Н.Полянский, В.Я.Лившиц, И.Д.Перлов сияқты ғалымдар өз еңбектерінде қылмыстық процеске тек кана қолданбалы, материалдық құқықтан туындайтын сипат беруге тырысты.

4.Қылмыстық іс  жүргізу заңының қайнар көзі болып:

І.Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2.Қазақстан Республикасының  Қылмыстық құқығы;

З.Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы;

4.Қазақстан Республикасының  Азаматтық іс жүргізу Кодексі;

5.Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі және тағы басқа заң нормалары табылады.

5.Қылмыстық іс  жүргізу заңы мына аумақтарда  қолданылады:

а)Кеңістікте (әуеде, суда, шекарада және т.б.).

ә)Шетелдіктер мен азамтатығы жоқ адамдарға қолданылуы;

б)Уақыт тұрғысынан қолданылуы.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. .Қазақстан  Республикасының Конституциясы   (1995 жылы 30-тамыз Алматы Жеті Жарғы).

2. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу Кодексі-Алматы: ЮРИСТ,2002 жыл.(1997 жылы 13-желтоқсандақабылданған);

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы Б.Қ.Төлеубекова Оқулық (Жалпы бөлім) Алматы Жеті Жарғы.

4. Қазақстан Республикасының  Азаматтық іс жүргізу Кодексі-Алматы: ЮРИСТ, 2001 жыл.

5. Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексі -Алматы ЮРИСТ, 200 Іжыл.

  1. Қазақстан Республкасының Қылмыстық Кодексі

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі