Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 11:09, дипломная работа
сауда орталығы дизайны туралы
Ерте орта ғасырларда отырықшы халықтардың тұрғын-жайларын жоспарлау құрылымы өзгерді. Ежелгі бекініс-қалалардың орнына нығайтылған бекініс-үйлер пайда болды, кейіннен олар қамалдарға айналды. Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда шахристан деп аталатын қалалар салынды. Олар бірнеше қорғаныс дуалдарымен қоршалды. Шахристанда негізінен діни ғимараттар, базарлар, ақсүйектердің, әкімдердің, ірі қолөнершілер мен саудагерлердің тұрғын үйлері тұрғызылды. Қалалардың экон. маңызы онан әрі артқан сайын оларға іргелес ұсақ қолөнершілер, саудагерлер, кедейлер тұратын рабаттар пайда болды. Үйлер мен қорғаныс құрылыстары, қорғаныс дуалдары мен мұнаралары шикі кірпіштен және саз балшық соқпаларынан салынды. Тараз қазбаларынан ірі діни ғимараттарды әшекейлеуге арналған пішімі алуан түрлі көптеген күйдірілген саз тақталары табылды. Тараз тақталары 5 – 7 ғасырларда Ақ-Тепедегі (Ташкент түбінде), Пенжикенттегі, Барахшадағы бекініс-үйлерінен табылған архит. нақыштың осындай түрлерімен біртекті. Қалалар сауда-экон. маңызының онан әрі артуы шахристанға шығыс, оңт. және батыс жағынан келіп тірелетін қала іргесіндегі рабаттардың дамуына жағдай туғызды. 11 – 12 ғасырлар қарсаңында қирап қалған бұрынғы бекіністердің орнына қаланы билеушілердің кеңейтілген, қайта жөнделген қорғаныс жүйелері бар жаңа бекіністері (сарайлар) тұрғызылды. Қаланың жоспарлау құрылымы мен бекіністері үш кезең бойында қалыптасты. Негізгі құрылыс материалдары саз балшық соқпалар мен шикі кірпіш болды. Бірінші кезеңдегі бекініс ғимараты шикі кірпіштен екі қабатты монументті етіп салынды. Оның тұғырлы қабатының ортасына биікт. 2 қабат, диам. 5,8 м жартылай өрісті күмбезбен көмкерілген және де бекіністің жоғ. қабаттағы басқа да бөлмелерінен бөлек сегіз қырлы зал орналасты. Залдың ортасында тас тақталармен шегенделген құдық қазылды. Ғимараттың батыс беті жағындағы залдың кіре берісі үстіңгі қабаттағы тұрғын жайлармен, күмбезбен көмкерілген баспалдақтар галереялары арқылы байланысады. Қабырғалардың түрлі биіктігінен ойылған ойықтардан галереяларға жарық түсірілді. Күмбезді зал ерекше құралымды құрылымымен көзге түседі. Шаршы пішінді сегіз бұрышқа айналдыру үшін оның бұрыштары кірпіш бағаналармен 2,88 м биіктікке дейін көтеріліп, содан кейін сегіз қырдың бұрыштарынан, айналдыра қалау әдісімен тұрғызылған жартылай өрісті күмбездің іргетасынан сатылы аркалар тұрғызылған. Қалыңд. бір кірпіш (40 см) күмбездің сыртқы 4 жағы айқас тартылған бедерлермен нығайтылған. Барлық бөлмелер мен баспалдақты галереялардың өтпе жолдары сыналап қаланған жебе тәрізді аркалармен жабылған. Осындай бекініс үйі Шардара бөгенінің аймағындағы Ақтөбе-І ежелгі елді мекенінен табылды. Бұл шикі кірпіштен тұрғызылған екі қабатты бекініс-үйдің бөлмелері жоғарыда айтылған тәсілмен жоспарланған, ортасында құдықты залы бар. Луговой т. ж. ст. (Жамбыл обл.) аймағындағы ежелгі Құлан қ. өзінің жоспарлану құрылымы, құрылыс материалдары және құралымдық тәсілдерінің ерекшеліктері жөнінен ерте орта ғ-ларға тән қалалардың қатарына жатады. Қазақстанның ерте орта ғ-лық ескерткіштерінің ішінде Ақыртас деп аталатын салынып бітпеген құрылыс керуен-сарайға арналған.
9 – 10
ғасырларда Қазақстанда бүкіл
Орт. Азиядағы сияқты, зор сапалық
өзгерістер болды. 11 – 12 ғ-ларда
ол гүлдену шегіне жетті. Бұл
кезеңнің қалалары 3 жеке құрылымнан
тұрды: қамал, шахристан және
рабат. Құрылысқа күйдірілген
кірпішті қолдана бастау –
сәулет өнерін дамыту ісіндегі
ілгері дамуға жол ашты. Ғаныш
ерітіндісін қосып күйдірілген
кірпіштің өте берік болуы
ғимарат төбесі құралымын
Қазақстанның онан әрі дамуы Орта Азия мен Қазақстан халықтарының сәулет өнерін өркендетудің жалпы бағыт-бағдарын бейнеледі. Күмбез астындағы құралымдар жетілдірілді, құрылыстардың композ. құрылымын өзгерткен қос қабатты сымбатты барабандар, ғимараттарға әсемдік және архит. өзіндік түр беретін алуан түсті жылтыр кірпіштер, қаптағыш тақталар пайда болды.
Қазақстанның далалық аймақтарында салынған діни және мемориалдық ескерткіштер 3 негізгі топқа бөлінеді: 1) күмбезді мазарлық; 2) қоршаулар (сағана там, төртқұлақ там); 3) қабір үстіндегі ескерткіштер және қабір үстіндегі ұстындар (сыпа, үштас, бестас, қойтас, құлпытас, т.б.). Мазарлар композициясына қарай: мұнаралы, порталды-күмбезді, орт. білікті; жабу түріне қарай: сфералық немесе барабаны бар яки барабаны жоқ, шатырлы (сопақша), күмбезді болып бөлінеді. 15 – 18 ғ-лардағы мұнаралы құрылыстарға Қызылорда обл-ның Шахнияз, Қармақшы ата мазарлары, Оңт. Қазақстан обл-ның Созақ ауд-ндағы мазарлар, т.б. бірқатар ескерткіштер жатады. Олар тік бұрышты немесе көп қырлы іргетасқа қойылған биік көп қырлы барабан арқылы сопақша немесе ұя тәрізді күмбезбен жабылған. Іші еңселі, 2-қабаты күмбезбен көмкерілген, босаға табалдырығы аласа. Мұндай құрылыстардың шығуы көшпелі баспананың (күйменің) тууына себеп болды. Дөңес жерлерге салынған бұдан ертеректегі мұнаралы құрылыстардың – Қызылорда обл-ндағы Ақсақ қыз, Сараман-Қосы, Бегім ана (10 – 12 ғ-лар) секілді бірсыпыра ескерткіштер пішіндерінің композициясы мен құрылымы ежелгі қорған құрылыстарынан алынғаны дәлелденді. Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары, Домбауыл кешені, Діңгек ғимараттарының құрылыс ерекшелігінде қола дәуіріндегі Дың ескерткіштері белгілері айқын көрінеді (8 – 10 ғ-лар). Космол. үлгілер діни құрылыстар архитектурасының ертедегі түрлерінің бірі және әр түрлі этн. бірлестіктердің орт-тары болды. Оңт. облыстардағы күмбезді мазарларды салу ісіндегі құралымдық тәсілдер мен пішіндер композициясы Орта Азия архитектурасы ықпалымен дамыды. Оқша ата мазарын (15 – 16 ғ-лар) салған сәулетшілер тік бұрышты қабырғалардан бұрыштардағы аркалар арқылы бірте-бірте күмбездерге көшу тәсілін қолданды. Жүніс ата мазарын салу үстінде өңделген кірпіштен жасалған күрделі сталактиттер жүйесі пайдаланылды.Орт. білікті күмбезді мазарлар (Айқожа ишан күмбезі, 17 ғ., Қызылорда) кеңінен тарады. Оңт. және шығыс аймақтарда 4 шағын күмбезі бар мазарлар өріс алды. Орт. және Бат. Қазақстанда бұрышты күмбездердің орнына ұшы сүйір шағын мұнаралар немесе үшбұрышты құймалар (төрт құлақ) орнатылды. Күмбездердің пішіндерінде қабат жасау дәстүрі сақталған. Бат. Қазақстан мазарларында мұқият қаланған және беті өңделген қабырғаларға керісінше, өңделмеген әктастардан күмбез тұрғызу әдісі тарады. Бұл архит. дәстүр ертедегі темір дәуіріндегі мемориалдық және діни ескерткіштерден басталған үш қабатты қорған және неғұрлым кейінгі дәуірдегі мұнаралы құрылыстардың пішіндерімен сабақтас. Сатылы қорғандар түрлерінің дәстүрлері қабір үстіндегі құрылыстар архитектурасында Қазақстанның барлық жерінде үштас, бестас, сыпа, сандықша түрінде сақталып қалды. 20 ғ-дың қарсаңында тастан немесе шикі кірпіштен 3 – 5 – 7 қабатты, биікт. 8 м-ге дейін жететін шағын сатылы-үшбұрышты қабір үсті ескерткіштері жасалды (Шығ. Қазақстан) ===15 – 18 ғасырлардағы кешендер===Үстіртте, Маңғыстауда, Орал маңында салынған мазарлар Еуразияның көптеген көшпелі халықтарында кең тараған баспана – күймені еске түсіреді. Іргетасы жоқ бұл мазарлардың босағасы берік бекітіледі, олардың ойықтары перделерді немесе шымылдықтарды еске түсіреді. Күмбездерінің ұшы оймышты сүмбі орнатылған цилиндр немесе шар тәрізді болып келеді. Барабандарға күмбездер орнату жиі кездесті. Ішкі безендіруі де баспана-күймемен сабақтастықты байқатады. Бірақ кейбір бөлшектерден сағаналы қорған астындағы құрылыстар (күмбездердің пішіні, тұрмыс заттарының, қару-жарақтың бейнесін салу, жоғ. ойық, т.б.) дәстүрлерінің ықпалы көрінеді. Қазақстан халықтарының көшіп-қону дәстүрінің біраз өзгеруіне байланысты, күймелер бірте-бірте жойылып, оның орнына бұрын халық арасына онша тарамаған, орын ауыстыруға, қайта құруға неғұрлым қолайлы жиналмалы, алмалы-салмалы киіз үй қолданылды (қ. Киіз үй). Дәулетті адамдардың киіз үйлері тікпе немесе жапсырма әшекейлермен өрнектелген ақ киізбен (ақ түс бұрын шарапатты болып есептелді; ру, ауыл, тайпа басының белгісі болды) жабылды. Киіз үй өрнегінің құрылымы, сондай-ақ, оның барлық композициясы белгілі бір жүйеге негізделді (шеңберлі шаңырақ – күн, уықтар – күн сәулесінің тарам-тарам шапағы, аспалы желбаулар немесе бақандар – “өмір ағашы”). Киіз үйдің ортасына ошақ орнатылды. Оның есікке қарама-қарсы түпкі бөлігі – төр (құрметті) деп аталып, есіктің оң жағы әйелдердің орны (мұнда үй жиһаздары – жүк аяқ, абдыра, т.б. қойылды) деп есептелді. Есік (сықырлауық) әшекей, нақыш салынған тақтайлардан жасалды, ал киіз есік ши тоқымасының үстіне жабылды. Верный (қазіргі Алматы қ.) қ-ның әкімш.-қоғамдық орт. 19 ғ-дың 80-жылдарының орта шенінде қазіргі 28 гвардияшы-панфиловшылар бағы маңына (бұрынғы қала бағы) салынды. Бақтың айналасында ірі ғимараттар: губернатор үйі, офицерлер үйі, қоғамдық жиналыс ғимараты (қазіргі Қазақконцерттің әкімш. ғимараты), гимназия және архиерей үйлері орналасты. Олардың кейбіреулері (губернатор үйі, 1887 ж. Жер сілкінісі кезінде қираған) орыстың классик. архитектурасы стилімен салынды. Сілкініс қаланың тастан тұрғызылған көптеген құрылыстарын қиратты. Одан бергі кезде шағын үйлер күйдірілген кірпіштен қаланған аласа тұғыр қабатының үстіне ағаштан тұрғызылды. Қаланың ірі ғимараттары ағаштан қиюластырылды. 1911 жылғы күшті жер сілкінісінен қирамай қалған үйлердің бірсыпырасы бүгінгі күнге дейін сақталған. Қазақстанда қалалар санының өсуіне байланысты жұмысшы поселкелері мен сауда-қолөнер орт. да көбейді. Табиғат байлықтарын пайдалану негізінде Қарағандыда, Успенскіде, Жезқазғанда, Риддерде, Зыряновта, Шахта қ. маңында, Доссор, Мақат және басқа мұнай кәсіпшіліктерінде кенттер пайда болды.
Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері тұрғызылды, қалаларды жоспарлау мен салудың соны тәсілдері белгіленді, өткен кезеңдердегі монументтік сәулет өнерінің дәстүрлері қайта жанданды, жаңа материалдар мен құралымдар, ғимараттарды көркемдеп, сәндеудің архит. пішіндері мен құралдары пайда болды.1927 – 29 ж. Респ. жоспарлау к-тінің арнаулы комиссиясы ауылға арналған тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, басқа да ш.-тұрмыстық үйлердің бірсыпыра типтік сұлбасын, бас жоспарларын жасады. Жаңа құрылыстар негізінен бос жатқан жерлерде жүргізілді. Қызылорда қ-нда жеке әкімш. ғимараттары мен тұрғын үй орамдары жедел қарқынмен салынды. 30-жылдардың басында Алматы қ-нда құрылыс кең өріс алды. Түркістан-Сібір т. ж-н салу және республика астанасын Алматыға көшіру қаланың қауырт өсуіне қолайлы жағдай жасады. Қаланы көркейтіп дамыту, Алматы үшін жоспарлаудың дәстүрлі тікбұрышты-орамды жүйесі бойынша, көлденең қиып өтетін көшелерді ұзарту жолымен батыс бағытқа қарай дамытылды. Қала орт. жаңа құрылыстар ауданына (қазіргі Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесінің аралығына) ауысты. 1926 – 34 ж. Үкімет үйінің ғимараты, Байланыс үйі, Түрксіб т. ж. басқармасы үйі салынғаннан кейін республиканың басты әкімш. алаңы ұйымдастырылды.
2. 4 Сауда индустриясы
Табиғат заңы бойынша адамзат баласы ұрпақ жайып басқа дүниеге есік ашқанша үздіксіз өмір сүріп, тіршілік етіп, онымен күресіп, еңбекшілікпен айналысады. Осы тіршілік үрдісі кезінде әрбір адам ағзасы эмоцаналды түрде демалады оның әрі қарай қызмет етуі биологиялық процесс болып табылады. Сондықтан әрбір адам өз қызмет өмірі барысында міндетті түрде демалып көңіл көтеріп, серігіп, тынығып және т.б. үрдістермен күй кешеді. Қарапайым әрі түбі тереңге кеткен маңызды демалыс, өз кезегінде әрбір адамның қажеттілігіне сай туризм деген мағыналы қызмет түріне әкеліп соқтырады.
Әлемнің
барлық тұрғындары (жасы, жынысы, ұлтына,
әлеуметтік жағдайына)
Жақсы
ұйымдастырылған ойын – сауық
индустриясы көптеген
Өзінің бос уақытының бір
Адам
баласының өмір сүру деңгейі дамуымен
қатар, оның ойын – сауыққа деген
қажеттілігі де арта түсуде. Алғашқы
кезеңдерде адамдарға жүгіру бойынша
жарыстар және тура ата білу де жеткілікті
еді. Одан кейін осы жұмысқа сезім
мен ақылдың қажеттілігі
Ойын-сауық туризмнің ажырамас бөлігі. Қазіргі таңғы турфирмалар әр түрлі ойын – сауық турларын ұсынады. Ойын – сауық турлары бұл бүкіл әлем бойынша әр түрлі және ең танымал турлар. Оның ең негізгі мақсаты, әрине саяхат барысында көңіл көтеру. Ойын – сауық турлары да басқа турлар секілді шектеулі уақытта болады. Олардың ұзақтығы көбінесе 2-4 күн. Ең кең тараған ойын-сауық турлары апта соңында болатын турлар. Кейбір турлар, тақырыптық саябақтарды аралауға негізделген турлар 5-7 күнге дейін созылуы әбден мүмкін. Ойын-сауыққа негізделген турлар көңіл – көтерудің түріне байланысты болады. Сондай турлар түрлерінің бірі – демалып жатқан мекендегі фестивалдық бағдарламаларда, мерекелік іс-шараларда қатысу. Және ойын-сауық турлары барысында тақырыптық саябақтарға бару өте кең таралған. Оларға кіруге арнайы билеттер сатылынып алынады және көбінесе ол билеттер жеңілдіктермен берілуі мүмкін. Ойын – сауық сипатындағы кешкі іс-шаралардың болуы да мүмкін. Олар арнайы мейрамханаларға, концерттерге бару болып табылады. Қазіргі кездегі туристерді тамақтандыру орындары да өздерінің негізгі қызметтерінен бөлек, ойын-сауық іс-шараларын ұсынуда. Сондықтанда турда тамақтануға көбіне кешкі ас кірмеуі мүмкін. Себебі осындай мейрамханаларда тамақтанудан бөлек, шоу бағдарламалар ұйымдастырылатындықтан турфирмалар үшін олар турдың толық бағасын ақтамауы да мүмкін. Ойын-сауық түрлері екіге бөлінеді: Біріншісі, бір реттік турлар – мейрамдарда, демалыс кездерінде, немесе дәстүрлі фестивальдар (Венециандық, в Рио-де-Жанейро) ретінде, қандай да бір ерекше жағдайларда (қаланың 100 жылдығы секілді) ұйымдастырылуы мүмкін. Екіншісі, әрдайм қызметтегі арнайы орындарда болатын үлкен – үлкен ойын – сауық мекемелері (Диснейленд немесе басқа да тақырыптық саябақтар, Лас-Вегастағы казино және Сан-Сити (Оңтүстік Африка)), басқа да аса танымал емес туристер қызығушылық танытатын, кішігірім ойын-сауыққа арналған жерлер. Мұндай жердегі турлар жыл бойы қызмет көрсетеді