Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 22:28, курсовая работа
Керамика (грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. Керамиканың негізгі технологиялық түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады. Кірпіш саздың күйдірілуі мен қалыптасуы нәтижесінде жасалынған, өз бойымен бұйымдар болып табылады.
Кіріспе ..................................................................................................2
Өндіріс цехы орналасқан қала туралы қысқаша мәлімет.................4
Шығарылатын өнімнің сипаттамасы …………………….…………5
Техникалық талаптар ………………………………………...………6
Технологиялық бөлім …………………………………………....…. 8
Өндірістегі технологиялық сызбаны таңдау … … …… …… …...12
Қабылданған технологиялық схеманың жазбасы…….……….…..15
Цехтың жұмыс режимі, өнімділігінің есесбі ……………….…....16
Цехқа қажет шикізат пен жартылай фабрикат мөлшері қажеттілігінің есебі ……………………………………………… 18
Керекті технологиялық құрылғылардың саны………………..…..19
Қабылданған технологиялық құрылғыларға сипаттама ……..... 20
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау…………………………... 21
Керамикалық кірпіш өндірісінде технологиялық процестердің қауіптілік дәрежесінің анализі ……………………….………..... 23
Қорытынды ……………………………………………………….. 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………………………... 27
Кірпіштің химиялық және техникалық- құрылыстық қасиеттерінің мән- жайын, оларды әр түрлі техникалық әдістерді және активті минералдық заттарды, тұздардың, қышқылдардың және үстілей активті заттардың ерітінділерін қолдана отырып қажетті бағытта жетілдіре реттеуді білу үлкен техникалық – экономикалық тиімділікке жетудің сенімді жолдардың бірі. Әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға байланысты отынның, электрлік энергияның, өндіріске қажетті құрал – жабдықтарының, сазға қосылатын қоспалардың, шикізаттарды шығарып және өңдеудің қымбатталуына сай кірпіштің сату- алу бағасы үздіксіз өсіп тұрған жағдайда жалпы керамикалық заттарды ұқыптылықпен, біргірлікпен құрлыста дұрыс пайдалана білу олардың техникалық – экономикалық тиімділігін асырады.
Қалай болғанда да, жас ұрпақ келтірілген ғылыми және өндірістік мағұламаттар игерумен қатар, оларды жаңа мәліметтермен жетілдіріп, минералдық керамикалық материалдарды мүлде жаңа тәсілдер негізінде алуды ұсынады, қазіргі белгілі ауалық және гидравликалық заттарды өндіру техналогиясын жоғары сатыға көтереді, олардың құрылыстық қасиеттерін ұқыптылықпен пайдалана біліммен көтереді деген үмітпен болашақ және осы шақта құрлыс өңдірісте істеп жүрген мамандарға арналған.
Күрделі құрлыс материалдары мен бұйымдардың тапшылығы айтарлықтай өсіп кетті. Оның үстіне құрлыстағы техникалық – экономикалық мешеулік және материал сыйымдылығының жоғарылығы тапшылықты асқындыра түсуде. Сондықтан кез келген өңдірде құрлыстық материалдармен, оның ішінде керамикалық материалдарман қамтамассыз ету өзекті проблема екені айқын. Әрине , құрлыстық көлемін реттей отырып тапшылықты бәсендетуге болады. Бірақ ғылыми – техника негізінде құрлыс саласында үнемділік тәртіпті қанағаттандыру. Сондай – ақ кірпіш өндірісін ғылыми – техникалық және ұйымдастырушылық тарапында дамыту және керамиканы қолдану барысында үнемділік тәртібін нығайту жолдарын келтірілді.
Керамикалық кірпіштің барлық номенклатурасы және дайындау әдістері қарастыруда артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра отырып, керамикалық кірпішті жартылай құрғақтай престеу әдісі таңдалды.
Курстық жұмысты орындау барысында жартылай құрғақтай престеу әдісінің технологиялық схемасы орындалды.
Берілген курстық жұмысқа арналған шикізаттың, қолданылатын құрылғылардың, өндіріс технологиясының сипаттамасы жазылған түсіндірме жазбасы бар.
Кірпіш ешқандай жарықшақ пен механикалық ақауларсыз болу қажет. Кірпіш жақсы күйдірілген болу керек; күймей қалған немесе қатты күйіп кеткен кірпіш жарамсыз болып саналады. Күйдірілгеннен кейін кірпіш қалыпты күйдірілген кірпіш эталонының түсіне сай болу керек. Кірпіштің жарылып кетуіне әсер ететін әктік қоспалардың болуы жіберілмейді.
Қысуға беріктік шегіне байланысты кірпіш мынадай маркаларға бөлінеді: 75, 100, 125, 150, 200, 250, 300.Толық денелі кірпіштің тығыздығы 1600 – 1900 кг/м3, оның жылуөткізгіштігі 0,7 – 0,82 Вт/(м*С). 150-ден жоғары маркалы кірпіштердің су жұтымдылығы 6 %-дан кем болмауы керек, басқа маркалы кірпіштерде 8 %-дан кем емес. Бұл талап кірпіштің қажетті кеуектілігін береді, әйтпесе жылуөткізгіштігі жоғары болып кетеді де, құрылыстық қоспамен жабысуы төмендейді. Кірпіштің аязға төзімділігі кезектесіп қатыру мен ерітуде 15 циклден за болмауы керек; одан да аязға төзімділігі жоғары маркалар бар: Мрз 25, Мрз 35, Мрз 50.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.