Осы Заңда пайдаланылатын негізгі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 17:04, реферат

Краткое описание

Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Авария - технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;
Апат - аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
Дүлей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала;
3ілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясы - өнеркәсіп объектісіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі мен пайдаланудан шығарылуы кезеңдерінде олардың алдын алу және жою жөнінде меншік иесі қабылдаған шаралар туралы хабарлайтын құжат;
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

Вложенные файлы: 1 файл

ОБЖ сож.docx

— 33.53 Кб (Скачать файл)

 

Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар                                                                                                                      Авария - технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы; 
Апат - аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс; 
Дүлей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала; 
3ілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс; 
өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясы - өнеркәсіп объектісіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі мен пайдаланудан шығарылуы кезеңдерінде олардың алдын алу және жою жөнінде меншік иесі қабылдаған шаралар туралы хабарлайтын құжат; 
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызған төтенше жағдайлар; 
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар; 
Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай; 
1-бап Төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаhандық болып бөлінеді; 
Төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар; 
төтенше жағдайлардың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.

2-бап. Қазақстан  Республикасының табиғи және  техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайлар саласындағы заңдары 
Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен түзiледi. 
Бұл Заң әлеуметтiк және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар кезiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.

3-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi 
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi мыналар: 
- жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар ету; 
- егер ұйымдар мен азаматтардың қызметi ықтимал қауiп туғызатын болса, оның қатер төндiру және зиян келтiру деңгейiн алдын ала анықтау, халықты қорғаныс әдiстерiне үйрету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүзеге асыру; 
- төтенше жағдайларды жою жөнiндегi құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, халықты және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келген зиянды өтеу болып табылады.

4-бап. Табиғи және  техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайлардың алдын алу мен  оларды жою жөнiндегi шараларға азаматтық қорғаныс күштерiнiң қатысуы 
Азаматтық қорғаныс күштерi (әскери бөлiмдер, аумақтық және ведомстволық әскерилендiрiлмеген құрылымдар, мамандандырылған авариялық-құтқару қызметтерi) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға заңдарға сәйкес тәртiппен қатысады.

5-бап. Ұйымдардың  табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мiндеттерi 
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында: 
- өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлап, өткiзуге; 
- төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi туралы немесе пайда болуы туралы белгiленген тәртiппен ақпарат берiп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнiнде хабардар етуге; 
- қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезiнде әскерилендiрiлмеген құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдiстерiн үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететiн жергiлiктi жүйе құрып, оны үнемi әзiрлiкте ұстауға; 
- қарауындағы өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлерде, соларға iргелес аумақтарда бекiтiлген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын құтқару, авариялық-қалпына келтiру және төтенше жағдайларды жою жөнiндегi басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге; 
- заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейiн қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметiн қалпына келтiру шараларын жүзеге асыруға мiндеттi. 
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша қызметiнде төтенше жағдайлардың пайда болу қатерi басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерiн жасап, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi күштер мен құралдар құрылуын, дайындалуы мен әзiрлiкте ұсталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 
Ұйымдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздігі декларациясын табыс етеді. 
Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясында келтірілген мәліметтер тізбесі мен оларды ресімдеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді. 
Ұйымдардың басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралардың, арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың мiндеттi күшi бар нұсқамаларының орындалуына дербес жауап бередi.

6-бап. Табиғи және  техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайлардың алдын алу мен  оларды жоюға қоғамдық бiрлестiктердiң  қатысуы 
Қоғамдық бiрлестiктер табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, олардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау жөнiндегi шараларға Қазақстан Республикасының заңдарына және өздерiнiң жарғыларына сәйкес қатыса алады. 
Төтенше жағдайларды жоюға қоғамдық бiрлестiктерден қатысушылардың мемлекеттiк аттестация қуаттаған арнайы даярлығы болуға тиiс.

2 тарау 
Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше 
жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

7-бап. Қазақстан  Республикасы азаматтарының табиғи  және техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайлар саласындағы құқықтары 
Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында: 
- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерлерде болғанда өздерi душар болуы мүмкiн қатер туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралары туралы хабардар болуға; 
- азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан және олар тигiзетiн зардаптардан қорғау мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей жүгiнуге, жеке және ұжымдық үндеулер жолдауға; 
- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтарды қорғауға арналған басқа да мүлiктi пайдалануға; 
- төтенше жағдайлар пайда болған ретте өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға; 
- төтенше жағдайларды жою барысындағы мiндеттердi орындау үшін оларды тарту кезiнде өздерiнiң денсаулығына келтiрiлген залал үшiн өтемақылар мен жеңiлдiктер алуға; 
- зақым алуына немесе ауруға шалдығуына байланысты еңбек ету қабiлетiнен айырылған, зақымданудан немесе аурудан қаза тапқан немесе қайтыс болған асыраушысынан айырылған жағдайда, егер олар төтенше жағдайларды жою жөнiндегi мiндеттерiн атқару салдарынан болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырылуға; 
- төтенше жағдайлар салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеуге құқығы бар.

8-бап. Қазақстан  Республикасы азаматтарының табиғи  және техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайлар саласындағы мiндеттерi 
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында: 
- Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар және азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi олардан қорғау саласындағы заңдарын сақтауға; 
- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн авария, зiлзала және апат жайында тиiстi органдарды хабардар етуге; 
- тұрмыста, күнделiктi еңбек және шаруашылық қызметiнде қауiпсiздiк шараларын сақтауға, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк және технологиялық тәртiптің, қауiпсiздiк талаптарының бұзылуына жол бермеуге; 
- азаматтық қорғаныс дабылдарын, төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi төнген немесе олар пайда болған кезде жүрiп-тұрудың белгiленген ережелерi мен iс-қимыл тәртiбiн бiлуге, негiзгi қорғану әдiстерiн, зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсiлдерiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдалану ережелерiн үйренуге, өздерiнiң осы бiлiмi мен практикалық дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отыруға; 
- төтенше жағдайларды жою жөнiнде өткiзiлетiн оқу-жаттығуларға қатысуға, халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау құралдарына ұқыпты қарауға мiндеттi.

9-бап. Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi 
Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген құқықтарды пайдаланып, мiндеттердi атқарады.

3 тарау 
Мемлекеттiк органдардың табиғи және техногендiк 
сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкiлеттiгi

10-бап. Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң табиғи  және техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайлар саласындағы өкiлеттiгi 
Қазақстан Республикасының Үкiметi табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар саласында: 
- бiртұтас мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзiрлейдi; 
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады; 
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды; 
- халықты, табиғи ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан қорғаудың жай-күйi туралы мемлекеттiк баяндамаларды қарайды және бекiтедi; 
- уәкілетті орган туралы ереженi бекiтедi; 
-техникалық регламенттерді бекітеді; 
- төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссиялар құрып, олар туралы ережелердi бекiтедi; 
- Tөтенше жағдайлардың сыныпталуын белгiлейдi; 
- жағдайды қадағалау, бақылау және төтенше жағдайларды болжау қызметiн, шұғыл медициналық жәрдемдi, авариялық-құтқару қызметiн, төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн ұйымдастырады; 
- төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртiбiн белгiлейдi; 
- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк сараптама мен мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, олардың қызметiнiң және төтенше жағдайлар саласында мемлекеттiк есеп жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi; 
- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды қаржыландыру, мемлекеттiк резервтердi, материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстар қорларын жасау тәртiбiн белгiлейдi және бұл қорларды төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бөледi; 
- төтенше жағдайларды жою үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөледi; 
- табиғи және техногендiк сипаттағы жаhандық төтенше жағдайлардың зардаптарын жою туралы шешiм қабылдайды; 
- төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердi әлеуметтiк қамсыздандырудың жүйесi мен ережелерiн, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалдың өтелу тәртiбiн белгiлейдi; 
- Қазақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырып, шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi; 
авариялық-құтқару қызметтерiн (соның iшiнде аэроұтқыр жасақтарды) құрады.

11-бап. Уәкілетті  органның өкiлеттiгi 
Уәкілетті орган: 
орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ғылыми ұйымдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жұмысын үйлестiредi; 
- техникалық регламенттерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді бекiтедi немесе келiседi, төтенше жағдайлар саласында мемлекеттiк есеп жүргiзедi, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан қорғаудың жай-күйi туралы мемлекеттiк баяндамалар дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi; 
- азаматтық қорғаныс күштерiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға қатысуына, өз қарамағындағы жағдайда қадағалайтын, бақылайтын және болжайтын қызметтерге, төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне басшылық етедi; 
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына басшылық етеді, өрттердің алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды үйлестіреді; 
- төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк сараптамаға басшылық етедi және қажет болған жағдайда халықаралық сараптама ұйымдарын тарта отырып тәуелсiз сараптама ұйымдастырады; 
- төтенше жағдайлар саласындағы ақпараттың ашық және жария болуын қамтамасыз етедi; 
- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды қаржыландыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Үкiметiне мемлекеттiк және жұмылдырылған резервтер құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстар қорларының пайдаланылуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен алынған қаражаттың төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшiн пайдаланылуы туралы ұсыныс енгiзедi; 
- төтенше жағдайлар саласында ғылыми зерттеу, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету iсiн ұйымдастырады; 
-төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 
- аттестация өткiзiп, төтенше жағдайларды жою кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзуге лицензиялар бередi; 
төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттауды өткізеді; 
- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зiлзала мен апатты тексеру iсiн ұйымдастырады, материалдарды белгiленген тәртiппен лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйымдарды жауапқа тартуға бередi; 
- халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді; 
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша аймақтық және барынша ауқымды төтенше жағдайларды жоюға тiкелей басшылық етудi жүзеге асырады; 
- төтенше жағдайларды жою кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады; 
- халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi қызметiн қамтамасыз етедi, iзгiлiк шараларын өткiзудi ұйымдастырады; 
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi; 
авариялық-құтқару қызметтерiнiң (оның iшiнде аэроұтқыр жасақтардың) iс-қимылын қамтамасыз етедi. 
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккендерге, оның ішінде авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне шұғыл медициналық көмек көрсетеді; 
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында техникалық регламенттерді әзірлейді. 
- «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау крите рийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

Информация о работе Осы Заңда пайдаланылатын негізгі