Бизнес жоспар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 15:55, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді.

Содержание

Кiрiспе...................................................................................................................3
1. Бизнес-жоспар оның мәні, қағидалары және элементтері......................4
1.1.Бизнес-жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi......................................4
1.2.Бизнес-жоспар, оны құрудағы мақсаты мен әдістері...................................5

2. Бизнес-жоспардың кәсiпорынды дамытудағы маңызы.........................10
2.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың теориялық негіздері..............10
2.2. Кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігі және оны бағалау әдістері......14
3. Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы..................................................................................................................21
3.1. Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы..................................................................................................21

Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

бизнес-жоспар.docx

— 63.87 Кб (Скачать файл)

Қаржылық жоспарлауды жасақтауды пайда немесе зиян шегуді болжамдап бастаған дұрыс, себебі сату көлемін болжау бойынша берілгендер болса, материалдық және еңбек ресурстарының қажетті мөлшерін есептеуге, материалдық және еңбек шығындарын анықталады. Одан кейін қолма қол қаражаттар қозғалысы болжамы жасақталанады. Оны анықтаудың қажеттілігі пайда немесе зиян шегу болжамын түсіндіргенде төлемдерді жүзеге асыру тәртібінде көрсетілмейді. Қолма қол қаражаттардың қозғалысын болжау қолма қол қаражаттардың құйылуын, қолма қол қаражаттардың ағылуын, таза ақша ағынын банк шотының бастапқы және соңғы сальдосын ескереді.

Нарыққа өту кезінде кәсіпорын  қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты  ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының  да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпыдүниежүзілік стандарттарға көше бастады. Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.

Бизнес-жоспар бұл кәсіпкерлік  қызметтің техникалық-экономикалық негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеумтеттік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды маркетинг стратегиясын, өндірістік ұйымдық және заңдық жоспарларды тәуекелділікті бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.

Қаржы бизнес жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен кірістердің балансын кіріктіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің балансын және графигін қосымша жасайды.

Сөйтіп нарыққа ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

 

 

 

 

2.2. Кәсіпорынның  бизнес - жоспар тиімділігі және  оны  бағалау әдістері 

Қаржылық жоспарлау  экономиканы және оның буындарын  басқарудың аса маңызды функциясы  болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында  қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

Қаржылық болжау-мемлекеттің  мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын  ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу. Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімде (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты-болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді: Экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау; Корреляциялық-регрессиялық талдау;

Тікелей сараптамалық бағалау  әдісі. Қаржы жоспарлау- бұл белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған қаржы жоспарларының жасалу және олардың белгілі мерзімде орындалуын ұйымдастыру үдерісі. Жоспарлау бақылаудың элементі ретінде қаржылық саясаттың құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  Қаржылық жоспарлаудың  обьектісі болып шаруашылық жүргізуші  субьектілер мен мемлекеттің  қаржылық қызметі табылады, ал  қорытынды нәтижесі-жеке мекемелердің қаржылық сметаларынан бастап мемлекеттің қаржылық балансына дейінгі қаржылық жоспарларды құру болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі кезеңдегі кірістер мен шығыстар, қаржы және несие жүйелерінің салаларымен анықталады. Қаржыны жоспарлаудың нақты міндеті қаржы саясатымен анықталады.              

  Жоспарлаудың үздіксіз  қағидаты перспетивалық және  жылдық ағымдағы қаржы жоспарларының  тығыз үйлесуін шамалайды, бұған  перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақытлаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспетивалық жоспарлаудың арасында үзілісті  болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субьектілерді, олардың нақтылы даму перспетиваларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме әдісі, жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау:            

Жоспарлау өзіне мақсаттар  мен міндеттерді қалыптастыруды  және баяндауды кіріктіреді.            

Бағдарламалау деп  мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын  құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;            

Бюджет жасау-жалпы  көпжылдық бағдарламаларды қаржы  жылдары бойынша жылдық бюджеттік  цифрлар тіліне аудару процесі.  Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.             

  Обьективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әртүрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының  негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.            

  Сонымен қатар қаржылық  жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатал әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.            

Нарықтық қатынастар  жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты  қағидаттар кеңінен қолданылатын  болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшіл-аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; обьективті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.            

 Қаржылық жоспарлаудағы  предметтік-мақсатты қағидат белгілі  бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды  қамтаамсыз ету үшін қаржы  ресурстарын нақтылы қалыптастыруға  және пайдалануға бағытталған.            

  Бизнес жоспарлаудың  негізгі құжаты болып келетін  қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші  субьектілердің, салалардың аймақтардың  және жалпы мемлекеттің ақшалай  табыстары мен қорланымдарын  құрудың және пайдаланудың жоспары  болып табылады. Қаржы жоспары  ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен  қамтамасыз етілуін көрсетеді.            

  Басқарудың барлық  деңгейлерінде жасалынатын саны  көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.             

  Жиынтық қаржы жоспарлары  жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының  қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.            

  Нысаны бойынша  олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ ол бұның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысы тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың обьектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.             

  Қазіргі кезде жиынтық  қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық аумақтық жоспарларды  кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекетің жиынтық қаржы балансы, мемлекетік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.            

Жиынтық қаржы балансы  деп орта мерзімді кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы Министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы  балансында мемлекеттің меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттерге оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.             

  Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар, амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.             

 Шығыстар бөлігінің  аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы  дамытуға  жұмсалатын шығыстар, сыртқы  экономикалық операциялар жөніндегі  шығыстар, әлеуметтік-мәдени шараларға  жұмсалатын шығыстар, басқару мен  қорғаныс шығыстары, қысқа мерзімді  кредит салымдарының және ұзақ  мерзімді кредит беруге арналған  қаражаттардың өсімі.            

 Жиынтық қаржы балансы  сөйтіп ұлттық шаруашылықтың  қаржы ресурстарын сипаттайтын  қаржылық көрсеткіштердің жүйесі  болып табылады. Жиынтық қаржы  балансына қамтылатын көрсеткіштердің  құрамы оның елдің әлеуметтік-экономикалық  даму жоспарының материалдық  және қаржылық үйлесімдерінің  теңгерімділігін қамтамасыз етудің  тетігі болып табылатындығын  көрсетеді. Бесжылдық мерзімге жасаған  кезде бұл баланс қаржы және  ақша-кредит қатынастарын дамытуыдң  ауқымы мен сипатын алдын ала  айқындайды. Жиынтық қаржы балансы  ірілендірілген көрсеткіштер бойынша  оларды министрліктер мен ведомстволарға  нақтылы бекітусіз жасалынады. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың  сомасы субьектілер, яғни мекен-жайлары  бойынша бөлінбейді. Шығыстарда  да осындай. Бұл баланстың көмегімен  мемлекетік бюджет және шаруашылық  жүргізуші субьектілердің қаржы  жоспарларын жасау процесінде  жүзеге асырылатын атаулы қаржылық  жоспарлау үшін негіз қаланады.    

  Қаржы менеджерлері  шетелдегі қаржылық жоспарды  жасау әдістеріне көптеп көңіл  бөледі. Мысалы, қаржылық жоспарды  жоқ негізден бастау әдісі.  Бұл әдісті ең алғаш рет қолданған «Тексас Инструментс» фирмасы болды.  Бұл әдіс бойынша белгілі бір қызмет атқаратын бөлім жылдың басында бөлінген ақшаны тиімді пайдаланып, ары қарай қызмет ете алатынын дәлелдеуге тиіс. Менеджер аз көлемде өндірісі бар кәсіпорынның қызметіне кететін шығынды жоспарлайды, сосын өндіріс қызметі өскен кездегі түсімді жоспарлап, сол үшін жауап береді.

 

    Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көсреткіштер шаруашылық жүргізуші субьектілердің салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың  ақшалай табыстары мен қорланымдарын  жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын  жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдаланылады.

 

Шаруашылық жүргізуші  төменгі буындарында аса маңызды  абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:

 

-         өнімді өткізуден түсетін табыс;

-         өткізілген өнімнің өзіндік құны;

-         жалпы табыс; 

-         кезең шығысы;

-         негізгі қызметтен түскен табыс;

-         табыс салығының сомасы;

-         таза табыс.

 

Шаруашылық жүргізуші  субьектілердің көлемдік көрсеткіштері мыналар болып табылады:

 

-         инвестициялар көлемі;

-         жарғылық капиталдың мөлшері;

-         төлеген дивиденттердің, үлестердің  мөлшері;

-         айналым қаражаттары көздерінің  көлемі;

-         жабдықтаушылармен, тұтынушылармен  банкпен бюджетпен есеп айырысудың  көрсеткіштері;

 

Шаруашылық жүргізуші  субьектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам  экономикасының  негізін құрайды, себебі мұнда материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі.

Кез-келген шаруашылық субьектілері қаржысыз өмір сүре алмайды. Қазіргі заманғы несие мекемелерінің жұмыс тиімділігі болашақта табылар пайда мен ұрынатын шығынды мүмкіндігінше дәл болжаумен тығыз байланысты. Бүгінгі банк рыногы қайсыбір несие мекемелері ұсынатын банк өнімдері ғана емес, сондай-ақ сол өнімдерді өткізу жоспарлары болуы қажет. Өйткені, жоспарлау элементтері кез-келген ұйымның қызметін тән белгілердің бірі болып табылады. Бұл пікір ағымдағы жоспарлауға ғана емес, перспективалық жоспарлауға да қатысты, кәсіпорын қызметінің табысты болуы жоспардың сапасына тәуелді болады.            

Информация о работе Бизнес жоспар