Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 11:38, реферат
«Kaz Global Travel» туризм индустриясында жақсы дамыған туристік фирма болып табылады. «Kaz Global Travel» 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Турфирманың реквизиттері: ЖШС «Гелиос», ТҰ №41 лицензия Қ. Р., Қарағанды қ., Бейбітшілік даңғылы д., 3 үйде орналасқан, тел\факс:. +7 (87212) 42-64-95. Ген. Директор: Баедилова А.С. Офис қызметкерлері мен тұтынушылары үшін ыңғайлы демалатын орын жасалған, сонымен қатар қысқаша мәліметтер алу үшін брошюралар, видеолар ұсынылады.Кеңседе сонымен қатар авиабилеттерді онлайн брондау жүйесі бар,осы жүйе арқылы авиабилеттерді сатуға болады.Билеттерді брондау AMADEUS жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Туризм – бұл клиентке ақылы түрде түрлі қызметтерді көрсететін экономика бөлімі. Сол себепті туризм экономика салаларының ішіндегі тез дамып келе жатқан, келешегі зор қызмет көрсету аясы болып отыр.
Туристік фирмаларда қызмет көрсету дегеніміз бір жақтың екінші жаққа ұсынатын қандай да бір іс-шаралары немесе пайдасы болып табылады, олар көбіне білінбейді және ешқандай материалдық нәрсені алуды меңземейді.
Туристік фирмаларда қызмет көрсету нарығы басқа нарықтардан негізінен екі себеппен ерекшеленеді:
1. Қызмет көрсетуді өткізгенге
дейін оның барлығы білінбейді.
Бұл жағдай қызмет көрсетуді
өткізгенге дейін оның
2. Қызмет көрсетуге белгісіздік тән болады, бұл клиентті тиімсіз жағдайға қояды да, сатушыларға көрсететін қызметтерін нарыққа жылжытуын қиындатады.
Туристік фирмаларда қызмет көрсету нарығының бұл ерекшеліктері және қызмет түрлерінің өзгешеліктері, атап айтқанда, олардың көзге түспейтіндігі, сақтауға жарамсыздығы, сапасының өзгергіштігі, жасалынуы мен пайдаланылуының ажырамастығы қызмет көрсету маркетингінің өзгешелігін айқындай түседі.
Туристік фирмаларда қызмет сапасының орны мен роліне терең тоқталып өтсек сапа көпшіліктің естіп, білетін ұғымдарының қатарына жатады. Бұл термин мағынасының тым субъективті пайымдалуын күшейтеді, себебі әрбір адам оған өз тәжірибесінен алған нәрсесін қосады.
Туризм – бұл клиентке ақылы түрде түрлі қызметтерді көрсететін экономика бөлімі. Сол себепті туризм экономика салаларының ішіндегі тез дамып келе жатқан, келешегі зор қызмет көрсету аясы болып отыр.
2.2 «Kaz Global Travel» туристік фирмасының маркетингі
Туризмдегі маркетинг — әлемдік туристік нарықтағы үдерістерді есепке алу мен туристік өнімнің сапасын арттыру негізінде пайда табу мақсатында туристік-экскурсиялық қызметтің жаңа тиімді түрлерін дайындау, оларды өндіру мен өткізу бойынша туристік компаниялардың қызметін ұйымдастыру және басқару жүйесі болып табылады.
Туристік фирма жас және кішігірім болғандықтан, фирманың басшылығы жеке маркетинг бөлімін ашпай, оның жұмысын бір адам орындайды. Ол қызметкердің көрмелерге қатысуын, жарнама орналастыруды, жаңа туристік қызмет құру туралы келісімдерді ұйымдастырады.
Әрине, бұл жеткіліксіз. Өңдеу, талдау және т.б маркетингтік зерттеулер үшін туристік кәсіпорында бірнеше адамнан тұратын маркетинг қызметі болу керек.
Бұл фирма толық маркетингтік бөлімді ашпай, маркетингтік қызметпен бір адам айналысатындығы туралы жоғарыда айтылды.
Маркетингтік қызметі сапалы іске асыру үшін бір адам жеткіліксіз. Әрине, бұл фирманың қызметкері өз жұмыстарында маркетингті қолдану үшін нақты туристік қызметтерге сұраныс пен ұсынысты зерттейді, жаңа жобаға баға белгілейді, қызметтерін жарнамалайды және т.б. Фирманың қызметін қауіпсіз тәсілмен жүзеге асыру үшін маркетинг қызметі қажет. Мұндай құрылымды дербес орган ретінде құру жетістікке жетуге, нарықтың бұл секторында жетекші орынды алуға көмектеседі. Бұл агенттікке, қайта құрылу, яғни фирманың нарықта ұзақ өмір сүруіне ең аз талаптарға болса да жауап беруіне, жалпы маркетингтік саясатты зерттеу жұмыстарына қолайлы жағдай жасау қажет. Себебі жедел дамитын нарықтың қатаң бәсекелестік жағдайында аса маңызды факторлардың жетік бағаланбауы банкротқа әкелуі мүмкін.
Келесі нұсқа – фирмада маркетинг қызметінің ең қарапайым құрылымын құру, яғни маркетинг мәселелелрімен айналысатын адамның үлкен тәжірбиесі, басқа фирмалардың дамымауы мен бұл бағыттағы қуатты құрылымды құрмауға фирма басшылығын мәжбүрлейтін факторлар. Бұл нұсқаның шығыны аз болса да, тиімділігі аз.
Фирманың жарнамалық саясаттарына келсек, онда жүргізілген зерттеулерге қарамастан, ол аса тиімді емес, зерттеулер көрсеткендей, сұралған келушілердің негізгі пайызы жарнаманы радиодан тыңдады да, кейбіреулері бизнес тақырыбындағы журналдардан, ең сирегі газеттен оқыған. Жарнаманың тиімділігін арттыру үшін бұл факторларды ескеріп және дыбыстық жарнамаға, INTERNET-жарнама, жапсырмалар мен сыртқы жарнама – орталық жолдардағы штендерлерге бейімделу керек.
Сатуды ынталандыру саясатына қатысты, жеңілдіктер жүйесін жетілдіруге болады, мысалы, жаңа жылдық және рождестволық қана емес, мерекелік, топтық – 10 адамнан көп топтық турға тапсырыс беру кезінде жеңілдік 2%, тұрақты келушінің карточкасы бойынша жинақтама жеңілдігі, қымбат турды сатып алу жағдайында бір экскурсия тегін ұсынылады. Бұл фирма мұндай жеңілдіктерді жасай алады, себебі негізгі келушілері қымбат VIP-турларды сатып алатын қалталы кәсіпкерлер.
Сонымен бірге, маркетинг қызметінің тиімді жұмысы үшін бұл саладағы қызметкерлердің тәжірбиесін арттыру қажет. Басшылық қызметкерлердің түрлі конференцияларға, семинарлар мен конгресстерге баруын қолдау қажет.
Ең басты фирмада маркетинг қызметінің толық бөлімі – Маркетингтік Жоспарлау бөлімі бар екендігін айту керек. Тәжірбие алу мен маркетинг бойынша білім деңгейін арттыру үшін бұл фирмаға менеджерлерді бағыттау қажет.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізу фирманың қызметін жақсарта алатындықтан, турфирма басшылығынан қолдау табу қажет.
Мақсатқа жету үшін келесі әрекеттер іске асырылу керек:
– маркетингтік жоспар жыл сайын түзетілуі керек;
– фирманың қызметі бағдарламасын жасау үшін топтар құру;
– нарыққа бірге қатысу жағдайында индустриалды қамтамасыз ету бойынша туроператормен коорператив жүргізу;
– туристік нарықта өнімді өткізу бойынша біріккен шаралар жасау;
– жаңа тауарды, қызметтерді сынау, т.б.
Маркетинг стратегиясы туристік өнімді жарнамалау, өндіру мен ілгерілетуге негізделеді. Туристік компаиядағы маркетологтың рөлі нарықтағы барлық талаптарды талдаудан, оларды қанағаттандыру үшін стратегияны менеджерлерге жасатудан тұрады.
Маркетингтік ойларды жүзеге асыру келесі жағдайларға байланысты:
– жоспарлау үдерісіне басшылардың қатысуы;
– стратегияны ретімен іске асыру.
Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы оның пайда болуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасаумен жоғарылайды, рынокты қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуы.
Туристік қызметтегі маркетинг концепциясы:
Туристік маркетинг дегеніміз – ірі туристік ұйымның туристік экскурсиялық қызметтің жаңа, тиімдірек түрін жасауда және оны жасап, өткізу арқылы, ол туристік өнімнің сапасын жақсарту негізінде пайда табуға бағытталған қызметін үйымдастыру және басқару жүйесі.
Туристік маркетингтің негізгі қызметтері – рекреациялық мұқтаждықты, сұранысты, монопольды және коммерциялық бағаны, рынокты сегменттеуді қалыптастыруға бағытталған әрекет.
Туристік маркетингтің қызметтеріне келесілер жатады:
Туристік фирма баға құрудың белгілі бір саясатын ұстана отырып, сату көлеміне де, және түсетін пайдаға да әсер етеді. Баға көлеміне ішікі факторлар (кәсіпорын мен маркетинг мақсаттары, маркетинг кешенінің стратегиялары, шығындар, баға құруды ұйымдастыру) және сыртқы факторлар (рынок түрі; турөнімнің бағасы мен құндылығы арсындағы байланыс; бәсекелестік; экономикалық жағдай; делдалдардың мүмкін болатын реакциясы).
Баға құру саясатына әсер ететін туркәсіпорынның мақсаттары; рынокта көп уақыт әрекет ету, пайданы көбейту, рыноктық үлесін ұлғайту, турөнімнің сапасы жағынан жетекшілікке ие болу. Баға құруға әсер ететін негізгі факторлар – шығындар, тұгынушылар көзқарасы, бәсекелестер бағалары. Бағаны анықтаудың ең оңай тәсілі, ол шығындарға негіздеп баға құру. Баға құрудың дұрыс тәсілі-қажеттіліктерді анықтау және турөнімнің бағасы мен тұтынушының құндылығының ара-қатынасын анықтау. Баға құрудағы саясатқа сондай-ақ бәсекелестер бағасы мен олардың бағаның өзгеруіне қатысты мүмкін болатын реакциясы. Сондықтан, бәсекелестердің бағасын зерттеу-баға құру кезіндегі негізгі элемент болып табылады.
Турөнімді жылжытудың негізгі қүралының бірі болып, халықаралъқ көрмелер мен кездесілерге қатысу болып табылады. Олар турөнімге ғана емес және турфирмаға назар аударуға мүмкіндік береді. Маркетингтік бөлімнің мұндағы қызметі болып жатқан, болашақта болатын кәсіби көрмелер туралы ақпарат жинау болып табылады. Осыған байланысты екі стратегиялық бағыт орнатылады – біреуі әлуетті агенттерді бірге жүмыс істеуге тарту («риsһ») және екіншісі тұтынушыларға бағытталған («рull»). Кәсіби көрермендер көрменің үшін бірінші күн арналады. Көрмеге турфирманың өнімін көрсететін жарнамалық материал дайындалады. Көрмеге дайындалу кезінде шетел тілдерінде визиттық карточкаларды қажетті көлемде дайындайы қажет. Ең негізгісі жарнамалық стендті жасауы қажет.
Туристік көрмелерге қатысудың екі мақсаты бар: 1) партнерлік байланыстарды және агенттік тораты кеңейту; 2) өзінің өнімдеріне түпкілікті тұтынушыларды тарту.
Стендте жұмыс істеу үшіе турфирма ең көзге түсімді, эрі пысық қызметкерлерін қояды. Олар шетел тілдерін білуі қажет. Стенд – турфирманың қызметі жайлы толық мәлімет беретін витрина.
Тур операторлармен жұмыс істеуге
агенттерді тартудың тағы бір
құралы презентацияларды ұйымдастыру.
Презентация кәсіби көрме жүмыс
істеп жатқан күндері, аумақтардағы жаңа
филиалдардың ашылуына
байланысты немесе туристік мерзімнің
ашылуымен байланысты
ұйымдастырылады. Презентацияны ұйымдастырумен
маркетинг бөлімі айналысады. Презентация
салтанатты түрде мейрамханаларда, клубтарда
жүргізіледі.Ұйымдарга демеушілк көмек,
Турфирмалар әр түрлі қоғамдық шараларда
демеуші ролін атқаруы болады. Маркетинг
бөлім елде, қалада қандай шаралар өтіп
жатқандығын іздестіріп, ол жерлерге қатысу
туралы шешім қабылдайды. Негізі қоғамдық
өмірде мағызы бар және БАҚ – да үлкен
резонанс алатын оқиғаларға демушілік
жасайды.
Оперативті маркетинг. Турфирманың маркетингтік бөлімі агенттік торап арқылы және Интернет жүйесі арқылы жүргізілетін барлық сатулардың мониторингін жүргізеді. Сатулардың жүргізілуінің бағытын бақылау мақсатында есеп беру бланктары жасалады.
Жарнамалық қызмет. Турфирманың жарнамалық қызметін жүргізудің негізгі бағыттары болып жарнамалық стратегияны және медиажоспар жасау, медиажоспардың орындалуын бақылау, БАҚ – да жарнаманы ұйымдастыру, каталогтар жасау, пресс – конференцияларды жүргізу және т.б. жарнамалық әрекеттер.
Шетелде турөнімнің жарнамасымен тек турфирмалар ғана емес, сонымен қатар, федералды және жергілІкті құрылымдар, қонақ үйлер, театрлар, музейлер, тематикалық парктер, мейрамханалар және басқалар. Мысалы, Голландидағы қызғалдақтардың өскендері жайлы БАҚ – ғы күшті жарнама рақылы білуге болады. Аты әйгілі Кекенхоф өзінің ғажайып гүлдері бар брошюраларын элемнің түпкір – түпкіріне жібереді. Бұл брошюраларда парктың тарихы туралы, қандй көлікпен ол жерге жетуге болатындығы жэне бағаларының қандай екендігі туралы толық ақпарат бар. Қазіргі кездегі турфирманың қызметі рыноктық ортада жүргізіледі. Сұраныс пен ұсыныс қаңдары, еркін бәсекелестік турфирманы рыноктық ойынға бас ұруға әкеледі. Маркетинг фирмаішілік және сыртқы орта шындығымен байланыстыратын механизм болып табылады. Ол рыноктың конънктурасы, рыноктағы бәсекелестер, туристік лектерің бағыттары, туристік өнімнің өзгеруі, тұтынушылардың талғамы мен көзқарасының өзгерісі жайлы ақпапарт береді.
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Жарнаманың мақсаты және қызметі.Жарнаманың көп мақсаттары бар, алайда олай көрінгенімен жарнама әруақытта бір мақсатты көздейді.
Жарнаманың негізгі мақсаттары келесіден тұрады:
-пайдаланушының зейінін аудару;
-тұтынушыға тауарды пайдаланудың тиімділігін көрсету;
-қызмет немесе тауардың өзі туралы пайдаланушыда нақты білім деңгейін қалыптастыру;
-сатушының немесе өнім шығарушы фирманың жағымды бейнесін құру;
-тауарға қажеттілікті қалыпастыру;
-фирмаға оң қатынасын қалыптастыру;
-сатып алушыға бәсекелестің емес, дәл жарнамалаушы фирманың тауарын алуға сендіру немесе иландыру;
-тауар өніміне ынталандыру;
-тауар айналымының жылдамдауына қабілеттену;
-бұл пайдаланушыны тауардың әруақытта сатып алушысы, фирманың әр уақытта клиенті болдыру;
-басқа фирмаларға сенімді партнер бейнесін қалыптастыру;