Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:51, курсовая работа
Сүт өнеркәсібі – агроөнеркәсіп кешенінің ең негізгі бір бөлігі болып табылады. Сүт өнеркәсібінің тиімді қалыптасуы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына және тұтынушылардың сүт өнімімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Сүт өнеркәсібі өнімі – кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі сүт өнімі түріндегі пайдалы нәтижесі. Сүт өнімдері – адам денсаулығына ең қажетті пайдалы заттармен қамтамасыз етілген тамақ өнімдерінің бірі. Сүт – тағамдардың ішіндегі ең құнарлы, әрі таңдаулы түрі. Оның құрамында жүзден астам дәрумендер, қант, минералдық тұздар, т.б. түрлі элементтер бар. Мұның бір ерекшелігі – сол элементтердің бәрі адам ағзасына өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағамдар, шипалы сусындар, әр түрлі сүт өнімдерін жасауға болады, демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.
КІРІСПЕ.....................................................................................................3
1 СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ...................................................................5
1.1. Сүт және сүт өнімдеріне жалпы сипаттама.........................................5
1.2. Еліміздегі сүтті ірі қара мал түрлері...................................................9
1.3. Ауыл шаруашылық өнімдер нарығының сипаттамасы.....................10
2 «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚАЛЫПТАСУЫ........................................................................................16
2.1. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы.................16
2.2. Кәсіпорындағы цехтар мен негізгі процестер...................................19
2.3. «Меркі ірімшік зауытының» басқару-әкімшілік ұйымдастыру құрылымы.................................................................................................22
2.4. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау...................................................................................28
2.5. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС – да өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары..............................................................32
3 БИФИДОҚҰРАМДЫ ӨНІМДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.............33
3.1. Бифидобактериялар...........................................................................33
3.2.Сүтқышқылды өнімдер өндірісінде қолданылатын B.bifidium (бифидумбактерин)..................................................................................34
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ.........................36
4.1. Техника қауіпсіздігі...........................................................................36
4.2. Өрт қауіпсіздігі..................................................................................37
4.3. Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария.......................................40
Қорытынды...............................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер.............
Ақпарат көзі: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Кестедегі деректер бойынша елде 114 % құрғақ сүт, 73,3 % қышқыл сүт өнімі, 51,9 % шетелде шығарылған май тұтынылады.
Ал қазіргі мәліметтерге жүгінсек 2013 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында 4 605,5 мың тонна сиыр сүті өндірілді. Статистика Агенттігінің мәліметі бойынша бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 64 мың тоннаға артық. Ал «Казах-Зерно» АА мәліметі бойынша өткен айдың өзінде Қазақстанда 289,9 мың тонна сиыр сүті өндірілді. Еске түсірсек, Қазақстандағы ең үлкен сауылым 2011 жылдың маусым айында тіркеліп, сиыр сүті 786,8 тоннаға дейін жетті.
Өнім өндіруде алдынғы орынды Батыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары алып отыр. Қаңтар-қараша айлары аралығында бұл өңірлерден 714,645 мың тонна өнім алынды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 10 %-ға артық.
2 «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Меркі ірімшік зауытының негізі – 1936 жылы құрылған. Ол ауылшаруашылық өнімдерін оның ішінде сүт өнімдерін өндіретін аудандағы алып кәсіпорындардың бірі.
Алғашқыда зауыт ғимараты арнайы белгіленген үйлерде орналасты. 1954 жылы Меркі ауданында тәулігіне 40 тонна сүт өндіретін алып жаңа ірімшік зауыты салынды. 1970-1980 жылдар арасында зауыт 800 тонна сүт, 800 тоннадан 1200 тоннаға дейін ірімшік, жылына 40-60 тоннаға дейін май өндірді.
Меркілік ірімшік зауытының аты біздің ауданымыздан тыс басқа да аймақтарға тарай бастады, бұны сол жылдардағы көптеген көрмелерге қатысқандағы туралы марапат қағаздары дәлелдейді. Қайта ұйымдастыру жылдарында біздің өндірістік кәсіпорын белгілі себептерге байланысты көптеген қиындықтарды бастан өткізді. Кәсіпорын бір кездері тығырыққа келіп тірелді, яғни мемлекет алдындағы қарыздар тағы басқалар, сондай-ақ шикізаттың әкелуі бұзылып, өнімді өткізуде көпшілік қиындықтарға тап болды. 1977 жылдың аяғында зауыт ААҚ «Меркі ірімшік зауыты» болып аталып, ауданда сондай-ақ облыс деңгейінде алдынғы қатарлы кәсіпорындардың біріне айналып отыр. Қазіргі кезде кәсіпорынның басшылығында – Айтуленов Дастан атты азамат. Бүгінгі таңдағы эколомика өндірістің
Бүгінгі таңдағы күрделі экономикалық өмірдің ағымына сіңіп кету үшін ол өз кезегінде маңызды шешімдер шығарып, оның қарқынды дамуы мен өндірілетін өнімнің өсуіне әкеліп отыр. Қазіргі таңда зауыт «Костромдық», «Голландық», «Ресейлік», «Меркілік», «Ойталдық» ірімшіктерін сондай-ақ, ерітілген «Янтарь» айран, қаймақ, ірімшік, шаруа майын және тағы басқа, сүт тағамдарын шығарады. Кәсіпорын сәтті жұмыс істеуі үшін, оны қажетті мөлшерде жоғары дәрежелі шикізатпен қамтамасыз ету керек. Сондықтан бұл араға ең бірінші орынға сүт тапсырушылармен жұмыс істеу жоспары шығады. Шикізаттың тапсырылуы және онымен дер кезінде есептесу кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Қазіргі кезде сүт тек қана Меркі ауданынан емес, сонымен қатар Т. Рысқұлов, Қырғызстан Республикасынан, Ұлан өңірінен, Жуалы аудандарынан және тағы басқа көптеген аймақтарынан тапсырылады. Бүгінгі таңда зауытта шамамен 120 адам тұрақты қызмет атқарады. Негізгі мамандар үлкен жұмыс өтілі бар біліктілігі жоғары деңгейдегі қызметкерлер. Осыған байланысты мамандардың көп уақыты өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға арналған. Осы мақсатта 2004 жылы ірімшік өндіретін бөлімшелердің іші-сырты күрделі жөндеуден өтіп, жаңа пластикалық әйнектермен жасалған есік, терезелер орналастырылады, құбырлардың техникалық қайта салынуы жүргізілді.
Сонымен қатар өндірілетін өнімнің сапасының жоғары деңгейге жетуінің тағы бір себебі ол өндірісте ешбір химиялық және өзгеде қосындыларсыз тек қана экологиялық таза өнімді пайдалану болып табылады. Сондықтан, рынокта өнімге деген сұраныс өсуде, оның ішінде Қарағанды, Астана, Алматы, Тараз, Байқоныр қалаларын мысалға келтірсек болады. Талмай-қажымай атқарған жұмыстың нәтижесі өндіріліп жатқан өнімнің сапасының артуына септігін тигізді. 2005 жылы «Food Экспо - 2005» атты халықаралық көрмеде алты бірдей алқамен және жоғарғы сапалы «Костромдық», «Янтарь», айран, қаймақ, ірімшік өнімдері атты дипломды иеленді. Осы тектес жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысудың нәтижесінде көпшілік компаниялар мен фирмалар бізді танып, одан әрі бізбен қатынасуға ерік білдірді. 2005 жылы зауыт халықаралық сапа стандарттарды енгізуді айқындайды. Соған сәйкес халықаралық тәуелсіз сарапшыларды шақырды, ал олар өз кезегінде барлық сапа көрсеткіштерін түпкілікті тексеріп, ірімшік өндірісін халықаралық деңгейге шығаруды растайтын USO-9001-2000 атты сертификатымен куәландырды.
Яғни, бұл халықаралық нарықта сауда жасауға толық құқықтарға ие екенімізді растайтын куәлік USO сертификаты біздің мақсатымыздың орындалуының алғы шарты еді.
Зауытта жұмысшылардың кәсіптік біліктілігін арттыруға байланысты аттестациялар жүргізіліп отырады және өзінің біліктілігін шет елдерде арттыруға мүмкіншіліктері бар.
Зауыт басшылығы аудандағы ең бірінші болып жалақыны көтеріп, ай сайынғы жалақының үстінен берілетін сыйақының мөлшерін белгіледі. Зауыттың аумағында асхана жұмыс жасайды.
Онда зауыт жұмысшыларына қандай болмысын тағам 50% жеңілдікпен беріледі. Жыл сайын жұмысшылардың балаларын жазғы демалыстарда Тараз, Бішкек қалаларына, оның ішінде аквопарктерге кәсіпорынның қаражаты есебінен жіберіп отырады. Келесі кезекте дене сауықтыру шаралары тұр. Қазір «Меркі ірімшік зауытында» барлық жарыстарда зауыттың атын қорғап жүрген өзіміздің команда бар. Құлмағамбетов Мұраттың бастамашылығындағы командасын мақтанышпен айта аламыз.
Зауыттың тарихына және жұмысына өте үлкен үлестерін қосқан аяулы да ардақты ардагерлеріміздің құрметіне жыл сайынғы қарттар күні мерекесінде ардагерлерге үлкен дастархан жайылып, арнаулы сыйлықтар беріліп тұрады. Қазіргі таңдағы «Меркі ірімшік зауытының» қол жеткізген табыстарын оның президенті Айтуленов Дастан мырзамен байланыстыруға болады.
Биыл сүт шекерін шығаратын өндіріс цехын іске қостық. Сүт шекері тамақ өнеркәсібіне кеңінен қолданылады (балалар тағамдары, сусындар, дәрі-дәрмек жасау үшін). Лактоза өндірудің жылдық көлемін 50 тоннаға жеткізіп, 15 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Қазіргі кездегі зауыттың алдында тұрған көкейкесті мақсаттарының бірі – қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа құрал-жабдықтарды лизинг тәртібімен алу. Сондықтан бүгінгі таңда осындай мақсаттарға жету үшін Меркі ірімшік зауытының ұжымы талмай қызмет етуде.
2.2. Кәсіпорындағы цехтар мен негізгі процестер
«Меркі ірімшік зауытының» негізгі өндіріс процесі сүт өндіру болып табылады.Сүт тек цехта ғана өндіріледі және олар сүттің тазалығын дәлелдейтін ыдыстарға құйылады.Соңынан арнайы қондырғыларда салқындатылып ыдыстарға құйылады.Осы жағдайлар оның таза болуына ықпал жасайды.
Тоңазытқыштарға,ыдыстарға және тағы басқаны пайдалана отырып,одан да жоғары қысымды қолданумен сипатталады.
1. Негізгі технологиялық цехтар
- Цехтар – кешенді құю қондырғысы.
- сүт пісіру цехы.
- сүтті салқындату бойынша – салқындату цехы.
2. Көмекші цехтар
Кез келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.
Кәсіпорындағы өндіріс процессі дегеніміз- шикізатты өңдеп,тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар.
Өндірістік процестің нәтижелігі өнім түрлеріне қарай:
Кострономдық
Ойталдық
Меркілік
Сурет3.Өндірістік
технологиясына сипаттама
Негізгі процес технологиялық болып табылады,яғни бұйымдардың
шамасы,өлшемі,физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Технологиялық операция техникалық қуаттардың жетілуіне қарай:
Негізгі операциялардың
жиынтығы негізгі
Көмекші процесс кәсіпорынның ішкі жүйесінде пайдаланатын өнімді дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды дайындау, қосалқы бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, электр энергиясы, құрал-жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т.б.).
Қызмет көрсету процесі. Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім
шығармайтын процесс, оған қатыстылар:
Басқару процесі - өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.
Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы орындалуы – көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамсыз етуді талап етеді.
Өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшылыққа алады:
2.3. «Меркі ірімшік зауытының» басқару-әкімшілік ұйымдастыру
құрылымы
«Меркі ірімшік зауытының» басқару-әкімшілік ұйымдастыру құрылымына сипаттама беретін болсақ, басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде, ол өзінің осы ісіне лайық әрекет етеді.
Күрделі және өнімнің еңбек сиымдылығы жоғары өндіріске маманданған іріленген кәсіпорындар, әдетте ,ондаған цехтардан, лаборатория мен бөлімдерден тұрады. Олардың қызметін үйлестіре жүргізу үшін басқарудың күрделі иерархиялық құрылым құрылады.
Кәсіпорында басқарудың ұйымдық құрылымы төмен тұрған органның жоғары органға бағыну принциптерін сақтау негізінде жасалады. Мысалы, цехтық зертхана немесе цехтық бугалтерия жетекшілері зауыттың орталық зертханасына немесе кәсіпорынның бас бухгалтеріне бағынады.
Еңбек бөлінісі атқарушылық белгілері бойынша кәсіпорындар:
-материалды-техникалық қаитамасыз ету;
- маркетинг және өнімді өткізу;
- қаржы;
- жоспарлау;
- бухгалтерлік есеп және есеп беру;
- өндірісті техникалық дамыту;
- басқару бөлімдерінен тұрады.
Ірі және әр тараптандырылған кәсіпорындарда бұдан басқа жекелеген өнім түрлері өндірісін басқару үшін арнайы органдар немесе мамандандырылған цехтарды басқару бөлімдері жасақталады.
Кәсіпорында басқару органының осындай екі бағыттағы қызмет түрі бірдей шамада қолданылады.Олар жеке тұлғалар мен органдарға кәсіпорынның жарғысы немесе аталған тұлғалар мен органдардың нақтылы қызметтері жөніндегі ережелер негізінде бекітіліп беріледі.
Кәсіпорын әкімшілігіне директор басшылық етеді.Оны кәсіпорын иесі тағайындайды.
Директор өкілеттілігінің белгілі бір бөлігін өзінің орынбасарларына жүктейді:
Көбінесе кәсіпорында директор орынбасарларының қызметін қандай мәселелер болмасын 2-3 адам атқарады.
Орта және шағын кәсіпорындарда , керісінше, директордың бір ғана орынбасары болады. Директор немесе оның орынбасарлары өздеріне жүктелген міндеттерді жеке өздері ғана емес:
Директордың инженерлік-техникалық мәселелер жөніндегі орынбасарына:
- жобалау –конструкторлық бөлімі;
- технологиялық бөлімі;
- техникалық бақылау бөлімі;
- бас механик;
- бас энергетик;
- зертханалар бөлімі бағынады.
Көрсетілген техникалық бөлім және зертхананың шартты түрде басқару органдарына жатқызуға болады , олардың міндеттеріне негізінен инженерлік – техникалық қамтамасыз ету кіреді.
Технологиялық бөлім:
- жаңа бұйымдарды өндіру технологиясын жете зерттейді және оның жетілдірілген түрін өндіріске енгізеді;
- цехтарда технологиялық тәртіптің сақталуын бақылайды;
Информация о работе Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария