Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:51, курсовая работа
Сүт өнеркәсібі – агроөнеркәсіп кешенінің ең негізгі бір бөлігі болып табылады. Сүт өнеркәсібінің тиімді қалыптасуы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына және тұтынушылардың сүт өнімімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Сүт өнеркәсібі өнімі – кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі сүт өнімі түріндегі пайдалы нәтижесі. Сүт өнімдері – адам денсаулығына ең қажетті пайдалы заттармен қамтамасыз етілген тамақ өнімдерінің бірі. Сүт – тағамдардың ішіндегі ең құнарлы, әрі таңдаулы түрі. Оның құрамында жүзден астам дәрумендер, қант, минералдық тұздар, т.б. түрлі элементтер бар. Мұның бір ерекшелігі – сол элементтердің бәрі адам ағзасына өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағамдар, шипалы сусындар, әр түрлі сүт өнімдерін жасауға болады, демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.
КІРІСПЕ.....................................................................................................3
1 СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ...................................................................5
1.1. Сүт және сүт өнімдеріне жалпы сипаттама.........................................5
1.2. Еліміздегі сүтті ірі қара мал түрлері...................................................9
1.3. Ауыл шаруашылық өнімдер нарығының сипаттамасы.....................10
2 «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚАЛЫПТАСУЫ........................................................................................16
2.1. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы.................16
2.2. Кәсіпорындағы цехтар мен негізгі процестер...................................19
2.3. «Меркі ірімшік зауытының» басқару-әкімшілік ұйымдастыру құрылымы.................................................................................................22
2.4. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау...................................................................................28
2.5. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС – да өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары..............................................................32
3 БИФИДОҚҰРАМДЫ ӨНІМДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.............33
3.1. Бифидобактериялар...........................................................................33
3.2.Сүтқышқылды өнімдер өндірісінде қолданылатын B.bifidium (бифидумбактерин)..................................................................................34
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ.........................36
4.1. Техника қауіпсіздігі...........................................................................36
4.2. Өрт қауіпсіздігі..................................................................................37
4.3. Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария.......................................40
Қорытынды...............................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер.............
Бифидобактериялар анаэробты микроағзаларға жатады, бірақ культивирлеу процесі кезінде олар біраз көлемді оттегінің әсерінен көбейе береді. Бифидобактериялардың кейбір штамдары оттегінің әсерініен өзререді. Көбінесе көп штамдарына 36-38С температура оптималды болып келеді,ал барлық штамдарғада 20С төмен температура , максималды температурасы 45-50С болып табылады. Бифидобактерияның рН 6-7 оптималды болып келеді. Ал егерде рН 5,5 болған жағдайда олардың өмір сүруі тоқтатылады.
М.А. Сидоров бифидоқұрамды өнімдерді 3 топқа бөлуге болатындығын көрсетті. Бірінші топ, арнайы субстраттарда өсірілген бифидобактериялардың өмір сүруге қабілетті жасушаларын қосатын өнімдерді жеке топтайды. Мұндай микроорганизмдердің өнімде көбеюі қарастырылмайды. Екінші топ, бифидобактериялардың таза культураларымен немесе аралас культураларымен ұйытылған өнімдер жатады. Бұл жағдайда бифидобактериялардың белсенділігін жоғарылату үшін сүтке бейімделген және аэробты жағдайларда өсуге қабілетті немесе бифидобактериялардың немесе бифидогенді факторлардың үйлесуін туғызатын мутагенді штаммдарды қолданады. Үшінші топ, аралас ашу өнімдері, әсіресе бифидобактериялар мен сүтқышқылды микроорганизмдердің культураларының аралас ұюы. Бұл біріншіден, сүттегі бифидобактериялардың өсуін стимулдайды, екіншіден, бифидобактериялармен түзілетін сірке қышқылының татымын маскирлейді.
3.2. Сүтқышқылды өнімдер өндірісінде қолданылатын B.bifidium
(бифидумбактерин)
Біздің елімізде өндірістік қолдануда бифидобактериялардың 3 тобы қарастырылады: B.bifidium, B.longum, B.adolescentis.
2-кесте. Сүтқышқылды өнімдер
өндірісінде қолданылатын
Қолданылатын бифидобактериялардың штаммдары |
Сүтқышқылды өнімдері |
B.bifidium 1, 791, ЛВА-3 штаммдары |
Бифидокефирлер, вита, бифидок, БАД-1Б, сүтқышқылды бифидумбактерин, сүтқышқылды бифидумбактерин, БАД-1Б, бифивит, бифисанус, бифидті сүт |
B. breve, B. infantus |
Бифилайф |
B. adolescentis МС-42, ГО-113 штаммдары |
Бифилин, бифидин |
B. adolescentis АТ-41, К3, 11124 NKI 317/402, B.bifidium |
Бифацил |
Сүтқышқылды стрептококкалар, таяқшалар, бифидобактериялар |
Ацидобифилин |
Соның ішінде біздің қарастыратынымыз - B.bifidium (бифидумбактериялар). Бифидумбактериялардың патогенді микроорганизмдерге қарсы жоғары антогонистік активтілікті көп мөлшерде қышқыл өнімдерді, лизоцимді, спирттерді, бактериоциндерді бөлу арқылы танытады. Олар микробтардың асқазан-ішек трактісінің жоғары бөлімдеріне және ағзаның ішкі ортасына өтпеуін қамтамассыз етеді. Бифидумбактериялар ішек қабырғасында сорылу процестерін күшейтеді (сүт және сірке қышқылдарын бөлу арқылы), аминоқышқылдар мен белоктарды сонымен қатар витаминдерді синтездейді, жергілікті иммунитет жүйесіне иммунды стимулдеу әсерін көрсетеді.
Бифидумбактерин прпепаратының микроскоптық көрінісі
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
4.1. Техника қауіпсіздігі
Сүт және сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда ұйымдастырушылық, гигиеналық және санитарлық-техникалық шаралар жүйесі жұмыс істейді. Олар жұмысшы денсаулығына зиянды өндірістік факторлардың әсерін алдын алуға бағытталған. Қазіргі техникалық қауіпсіздік құралдарын енгізу өндірістік жарақаттануды болдыртпау және өндірістік аурулардың пайда болуына жол бермейтін, жағдайларды қамтамасыз етуге тартады.
Жұмысшыларға зиянды әсер ететін негізгі факторлар шаңдық, шу және өндірістік бөлмелердің әлсіз жарықтану болып табылады. Микроклимат (температура, салыстырмалы ауа ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы), шу деңгейлері, вибрация деңгейі, жұмысшы беттерінің жарықтандырылуы, жұмысшы зонада зиянды заттар концентрациясы санитарлық талаптарға сәйкес келу керек.
Шу шығаратын барлық бөлмелерде кәсіпорынның медико-санитарлық қызметі шуды (80дБ артық емес)төмендету жөнінде шаралар қабылдайды, жұмысшыларды медициналық тексеруден өткізеді, есту мүшелерін қорғаудың жеке құралдарын пайдалануды талап етеді, еңбек пен демалыстың тиімді тәртібін сақтау, шудың жоғары деңгейлі жағдайларында болу уақытын қысқарту (СНиП «Шудан қорғану»). Станоктар, машиналар, аппараттар вибротежейтін құрылғылармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жұмысшы орындарда жұмыс беттерінің жарықтандырылуы бөлменің тағайындалуына байланысты 200 ден 400 лК құрау қажет (СНиП «Табиғи және жасанды жарықтану»). Қалыпты жарықтану табиғи және жасанды жарықтанудың үйлестірілуі арқылы қол жеткізіледі. Жұмысшы орынның жеткіліксіз жарықтануы көру мүшелерінің тез шаршауына әкеледі, бұдан жарақаттанудың жоғарлауына. Жұмыс сапасы төмендеп, еңбек өнімділігі кемиді. Бөлмелерде және еден бетінде температураның ауытқуы 2,50С аспау қажет, сондықтан өндірістік жылынбайтын немесе жасанды салқындатылатын бөлмелерде едендер жақсы жылытылған болу керек.
Айтарлықтай жылу бөлінетін цехтерде ауаның желдетілуі қарастырылуы қажет. Табиғи желдету кезінде жұмысшы роындарда желорайлар және қауырт ауның салқындатуға жол берілмейді. Жұмысшы зонада ауада зиянды заттардың мөлшері, нақты заттары үшін, шектік рұқсат етілген концентрациядан (ШРЕК) аспау қажет.
Сүт өндірісінде техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері: еңбекке деген саналы көңіл бөлуге негізделген өндірістік дисциплинаны қатаң сақтау.
4.2. Өрт қауіпсіздігі
Өртке қарсы шаралар мен жарылысты ескерту өрттің шығуы немесе шаң-ауа қоспасының жарылысы мүмкіндігін толықтай жоюға бағытталған. Сүт және өнімдерін өндіретін цехтер алғашқы өрт сөндіру құралдармен қамтамасыз етілуі қажет. Өрт қауіпсіздігінің барлық талаптары: жұмыс орындарында және өндірістік участкілерде тәртіпті, өту және бару жолдарының белгіленген өлшемдерінің, шикізаттың, дүмбілдердің, қораптар мен буып-түю материалдардың қоймада дұрыс жинақталуының, қағаз, ыдыс-қаптардың, буып-түю материалдар қалдықтарының уақытылы жиналуын қатаң сақталуын қадағалайды. Кәсіпорындарда өртке қарсы автоматты сигнал беру мен қорғаныс жүйелері орнатылады, өрт сөндірудің әдеттегі құралдарын күшейтеді, жарылысты ескерту мен жарылыстан қорғанудың жаңа әдістерін ендіреді.
Өрт
пен жарылыстың негізінде әр
түрлі жанғыш заттардың жылу
қуатын бөліп шығара
Шаң – бұл ауада қалықтаған жағдайда болуға қабілетті ұсақ қатты заттардың жиынтығы. Бұл бөлшектердің мөлшері – микронның жүзден бір бөліктерінен бастап 1 мм-ге дейін жетеді. Ауада шаңдық бөлшектердің таралуы кезінде аэроқалқыңқы немесе аэрозоль деп аталатын шаң-ауа қоспасы түзіледі. Бөлшектердің жазықтық бетіне шөгуі кезінде аэрогель деп аталатын шаң қабаты пайда болады. Ауадағы органикалық шаңдардың үлкен концентрацияларында (қант опасы 8,9 г/м3, крахмал 40,3 г/м3) ашық жалын отынана немесе ұшқынан жарылыс болуы мүмкін. Ауадағы шаң концентрациясын төмендету үшін аспирациялық қондырғылар және сорылатын желдету жүйесін қолданған жөн. Технологиялық, көліктік және аспирациялық жабдықтың жұмысы кезінде, оның ішінде тұтанудың төменгі шегінен асып түсетін шаң мөлшері, аэрозоль түзіледі. Өндірістік үй-жайлардың ішіндегі жарылыс қаупі бар аэроқалқауыш технологиялық және қөліктік жабдықтың қанағаттанарлықсыз қымталуы немесе оның ақаулығы кезінде пайда болып, ол шаңның қауырт бөлінуіне, сондай-ақ аспирация жүйелері жұмысы тиімділігінің төмендеуіне жағдай жасайды.
Өндірістік үй-жайларда аэроқалықтауыштың жарылыс қаупі бар мөлшерінің түзілуі үшін еденде қалыңдығы 2 мм-дей шаң қабатының болуы жеткілікті. Міне сондықтан да барлық кәсіпорындарда шаңдық режимді сақтауға аса қатты көңіл бөлу қажет. Жарылыс нәтижесінде адамдарға әсер ететін қауіпті және зиянды факторлар:
- орталығындағы қысым жол беруге болатын мәннен асып түсетін екпінді (жарылыстық) толқын;
- жалын мен өрт;
- ғимараттар, құрылыстар,
жабдықтар, коммуникациялар
- жан-жаққа ұшатын сынықтар.
Жарылыстың алдын алу үшін жарылыс қаупі бар ортаның құрылуы мен тұтану көзінің пайда болуын жою қажет. Егер өндірістік үй-жайлардағы ауаның шаңдануын және жарылыс қаупі бар мөлшердегі аэрозольдың пайда болу мүмкіндігі жойылса, онда тұтандыру көзі болғанның өзінде де шаңдық жарылыс болмайды. Мұндай жағдайларды жабдықтарды мұқият тұмшалаудың, тиімді жұмыс істейтін аспирацияның , сондай-ақ өндірістік ұй-жайлардағы тозаң жағдайына оңай көшетін шаңды жүйелі және өз уақытында сүртіп тазалап тұрудың нәтижесінде қамтамасыз етуге болады. Бұдан бөлек, тіпті соққының әлсіз ұшқындарының қонып қалған шаңға түсуі немесе үйкелісі көбінесе бықсуға әкеледі, ол кейінірек аэрозоль тұтануының қуатты көзіне айналуы мүмкін. Аспирация жүйелеріндегі ауа арналарының ішіне қонып қалған шаң да үлкен қауіп тудырады. Ол жарылыстың аспирация коммуникациялары бойымен белсенді таралуына жағдай жасауы мүмкін. Сондықтан да ауа арналарын олардың ішіне жиналып қалған шаңнан мезгіл-мезгіл тазартып тұру маңызды.
Электр жабдығы мен электр аппаратурасы өзінің орындаушылығы бойынша электр қондырғыларының түзілімі мен пайдаланудың Ережелері талаптарына жауап беруге тиіс. Электр жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің салалық Ережелері талаптарын дәлме-дәл орындау әлектр жабдығынан тұтану көздерінің құрылу мүмкіндігіне жол бермейді. Тұтанудың көзі статикалық электр де болуы мүмкін. Статикалық электр зарядтарының машиналардағы ток өткізетін бөліктер мен құрылымдарда жинақталуы оларды жерден оғаштау кезінде ғана мүмкін болады, сондықтан да статикалық ұшқынданудан қорғанудың неғұрлым тиімді әдісі жерлендіру болады.
Цехта пайда болған өртті сөндіру үшін су (гидранттар мен қолғаптар), көбік (өрт сөндіргіштері ОП-3, ОП-5), ал электрқозғалтқыштар – көмірқышқыл жанғанда (ОУ-2 өрт сөндіргіштер) қолданады. Шаңдық жарылыс пайда болған кезде өндірістік үй-жайлардағы қысымды төмендету жөніндегі тиімді шара – ғимараттарда жарылыс кезінде оңай ұшып кететін панельдер, еркін ашылатын арнаулы терезе жақтаушылары мен басқа да түзілімдерді орнату. Олардың алаңы П-90-81 СНиП талаптарына сәйкес қорғалатын үй-жайдың 1 м3 көлеміне 0,03 м2-тан кем болмау керек. Сүт өндіретін кәсіпорындарда терезе көздеріне қалыңдығы 3 мм-ден аспайтын әйнектер салған жөн. Арматураланған әйнектер немесе әйнек блоктарын қолдануға жол берілмейді. Қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамын оқытуды, білімдерін тексеруді, нұсқамалар өткізу мен жұмыс істеуге рұқсат беруді үзбей ұйымдастырып отыру керек.
4.3. Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария
Санитарлық
ережелер мен нормалар (СанПиН 2.3.4.545-96)
өнімдерге бөтен заттардың
Өнімдердің ластануын алдын алу еңбекті ұйымдастырумен, әр жұмысшы орынның ұйымдастырумен, жұмысшы ұқыптылығымен, жүйелі жинау және желілерді жабдықтарды, бөлмелерді тазартумен тікелей байланысты. Жұмыс орны ыңғайлы және жұмыс жылдамдығы қамтамасыз етіліп және гигиена ережелерін сақтала отырып ұйымдастырылу қажет. Құрал-саймандарды қызметі бойынша пайдалану ыңғайлығы үшін олар түсті белгімен белгіленеді. Әр заттың өз орны болуы керек. Кәсіпорынға жаңа кіріскен жұмысшылар жұмысқа жіберер алдында жеке гигиена ережелерімен танысу және дайын өнімге бөтен заттардың түсуін болдыртпау жөнінде нұсқау өту керек.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) процесінде персоналдың жеке гигиена ережелерін орындауын, әсіресе жұмыс алдында, жұмыстағы үзілістерден және дәретхананы пайдаланғаннан кейін қол жууға қатысты қатаң бақылауды жүзеге асырады. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі технологиялық үй-жайларда кемірушілер мен жәндіктердің (оның ішінде шыбындардың, тарақандардың) болуына жол берілмейді.
Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі айтарлықтай дәрежеде кәсіпорын жұмысшыларының денсаулығына байланысты, сондықтан жұмысқа кіріскенде жұмысшылар медициналық тексеруден міндетті өту керек. Медициналық тексеріс санитарлық бақылау ережелерімен белгіленген, мерзімде өткізілуі қажет.
Сүт және сүт өнімдерін өндіретін цехтерде ауысымның барлық жұмысшылары емдеу мекемесінің медициналық қызметкерімен міндетті тексерістен өтеді. Медициналық тексеріс нәтижелері журналда тіркеледі. Өндірістік цехтердің, бөлімшелердің, қоймалардың, кәсіпорынның тұрмыстық бөлмелерінің санитарлық күйі әр жұмысшыға байланысты, оның санитарлық ережелердің және өз міндеттерін білу, шығарылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне өзінің жауаптылығын түсіну болып табылады.
Жабдық пен өндірістік бөлмелердің дезинфекциясы үшін құрамында хлоры бар құралдар: хлорамин, антисептил, анолит, натрий гипохлорит ерітіндісі, сондай-ақ аммонийлық препараттар – “Септабик” және “Септодол” қолданады.Ластануды болдырмау мақсатында кешенді технологиялық желілерге жатпайтын сүтті тазалау, қосалқы шикізатты дайындау, қайта өңдеу, өнімді буып-түю жөніндегі қондырғылар бір-бірінен оқшауландырылған үй-жайларда, сондай-ақ қойма үй-жайларынан бөлек орналастырылады. Өндірістік цехтың әр қызметкері жеке гигиена ережелерін орындау қажет. Жұмысқа таза киім мен аяқ киімде келу керек. Жұмысты бастар алдында душ қабылдап, бауы бар таза санитарлық киім кию керек. Шаш таза және таза қалпақ немесе орамал астына жиналу керек. Санитарлық киімді түйреуішпен немесе инелермен қадауға тыйым салынған. Халат қалталарында темекі, түйреуіш және ақшалар сақтау тыйым салынған. Қалтада тек ұқыпты бөктелген бет орамал болу керек. Санитарлық киім өлшемі бойынша таңдалу керек және баулары шешілмей байлану керек. Олардың машинаның айналмалы бөліктеріне түсуі келеңсіз жағдайға әкелуі мүмкін. Жұмыс орнында моншақ, сырға, сақина және т.б. әшекейлер тағуға болмайды. Қолдағы тырнақтар таза, қысқа алынған, лакпен болмаған болу керек.
Информация о работе Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария