Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:51, курсовая работа
Сүт өнеркәсібі – агроөнеркәсіп кешенінің ең негізгі бір бөлігі болып табылады. Сүт өнеркәсібінің тиімді қалыптасуы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына және тұтынушылардың сүт өнімімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Сүт өнеркәсібі өнімі – кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі сүт өнімі түріндегі пайдалы нәтижесі. Сүт өнімдері – адам денсаулығына ең қажетті пайдалы заттармен қамтамасыз етілген тамақ өнімдерінің бірі. Сүт – тағамдардың ішіндегі ең құнарлы, әрі таңдаулы түрі. Оның құрамында жүзден астам дәрумендер, қант, минералдық тұздар, т.б. түрлі элементтер бар. Мұның бір ерекшелігі – сол элементтердің бәрі адам ағзасына өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағамдар, шипалы сусындар, әр түрлі сүт өнімдерін жасауға болады, демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.
КІРІСПЕ.....................................................................................................3
1 СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ...................................................................5
1.1. Сүт және сүт өнімдеріне жалпы сипаттама.........................................5
1.2. Еліміздегі сүтті ірі қара мал түрлері...................................................9
1.3. Ауыл шаруашылық өнімдер нарығының сипаттамасы.....................10
2 «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚАЛЫПТАСУЫ........................................................................................16
2.1. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы.................16
2.2. Кәсіпорындағы цехтар мен негізгі процестер...................................19
2.3. «Меркі ірімшік зауытының» басқару-әкімшілік ұйымдастыру құрылымы.................................................................................................22
2.4. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау...................................................................................28
2.5. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС – да өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары..............................................................32
3 БИФИДОҚҰРАМДЫ ӨНІМДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.............33
3.1. Бифидобактериялар...........................................................................33
3.2.Сүтқышқылды өнімдер өндірісінде қолданылатын B.bifidium (бифидумбактерин)..................................................................................34
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ.........................36
4.1. Техника қауіпсіздігі...........................................................................36
4.2. Өрт қауіпсіздігі..................................................................................37
4.3. Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария.......................................40
Қорытынды...............................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер.............
Қорытынды
Қазақстан Респубикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей «Қазақстан ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқада салаларын дамытуға үлкен мүмкіндігі бар. Ауыл шаруашылық шикізатын өндіру және өңдеу саласында аграрлық өндірісті тұрақтандыру экономикалық дамудың негізі ретінде үлкен көңіл бөлу қажет». Сонда ғана Отандық агробизнес ұлттық экономиканың, әсіресе Қазақстан халқының 44% әл-ауқатының артуына жағдай жасай алады, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін отандық ауыл шаруашылық шикізатымен жабдықтау көлемі мен сапасын ұлғайтып, экономиканың шикізаттық бағытын жоюға мемлекеттің азық - түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, қамтылған жедел шаралармен қатар біз елімізде қандай көлемде сүт шикізатын өндіретінімізді анықтаған дұрыс болар. Бұл үшін Статистика агенттігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, монополияға қарсы және басқа да ұйымдарға мал басының саны, жалпы сауын, тауарлы сүт көлемі, еліміздегі жеке қосалқы шаруашылықтағы сүттің өнімділігі туралы шаруа-фермер шаруашылығы және мемлекеттік секторда жедел мәліметтерді алу әдісін қайта қарау, сүт өндірушілер мен сүт өңдеушілер саудасы арасындағы түсетін табысқа талдау жасап, оларды көтеру мәселесін қарастыруы керек. БСҰ-ға кіруге байланысты несие құрылымын өзгертудің, ҚҚС, сүт және сүт өнімінің техникалық регламентін және қорғау шараларының жіберілетін мөлшерін және мемлекеттік қолдаудың нормативті актілерін қайта қарастыру қажет.Сонымен қатар сүт өнеркәсіптерінің жоспарлау қызметін ұйымдастыру мен ауыл шаруашылығы және өндірістік кәсіпорындарының бірігуін қамтамасыз ету керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» (Агробизнес-2020 )
2. « Қазақстан сүт өнімдерімен қаншалықты қамтылған?» Мақала.Егемен Қазақстан.17 қазан 2012ж.
3. Б. Барақбаев Сүт
және сүт тағамдары. Алматы «Қайнар» 1989ж.
4. Б.Садықов, И. Сарыев, А. Отарбаев Ақ дастархан.
1987ж.
5. Крусь Г.Н., Шалыгина
Методы исследования молоко и молочных
продуктов:Учебник для вузов 2002г.
6. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы,Егемен Қазақстан, 2007ж 28 ақпан.
7. Есентугелов А. Долгосрочное стратегия развития экономики и размещение производственных сил в Казахстане. Аль – Пари 2000 ж, № 6, 3 бет
8. Бабич Т.Н, Кузьбожев Э.Н, Планирование на предприятия, уч.пос. 2005 ж
9. Бурлибаева Д.Я, Формирование производственной программы предприятия в условиях рыночной экономике, Автореферат 2001 ж
Информация о работе Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария