Мейірбикелік үрдіс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 18:11, реферат

Краткое описание

Мейірбикелік үрдіс – кәсіптік бикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты – ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық.

Вложенные файлы: 1 файл

klinik 2 sinif.docx

— 421.39 Кб (Скачать файл)

III. МЕЙІРБИКЕЛІК  ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1. Аспирацияның (құсық массаларының тыныс жолдарына түсуі) алдын алу мақсатында науқастың басын бір жағына қарай бұру.

2. Дереу дәрігер шақыру.

3. Жастықты алып тастау.

4. Егер бар болса, алынбалы – салынбалы протездерді алу.

5. Науқастың көкірегін клеенкамен немесе сүлгімен жабу.

6. Аузының алдына астауша қою.

7. Қажет жағдайда электросорғышпен немесе груша тәрізді баллонмен ауыз, мұрын қуыстарындағы құсық массаларын сорып алу.

8. Ауыз қуысының күтімін жасау.

9.  Құсық массаларын дәрігер келгенге дейін қалдыру.

 

 

І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Ентігу

ІІ. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді – аптаның соңында  емделушінің  тыныс алуы жақсарады. Ұзақ мерзімді –ауруханадан шығар  сәтте  тыныштық жағдайда науқаста ентігу болмайды.

III.  МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) науқастың қысып тұрған киімдерін босату;

2) бас жағын  жоғарылату;

3) күніне 3-4 рет бөлмелерді желдетуді қамтамасыз  ету;

4) дәрігердің  тағайындауы бойынша ылғалды  оттегімен ингаляция 

    жүргізу;

    5) әр 2 сағат сайын науқастың тыныс  алу (жиілігін,   ырғағын, тереңдігін) жайдайын, жөтелдің сипаттамасын, тері  жамылғыларының түсін бақылау;

6) дәрігердің тағайындауы бойынша препараттар қабылдауды қамтамасыз ету;

7) науқас  тынысты жеңілдету тәсілдерін  (төсектегі қалпы, оттегі жастықшасын  қолдану) үйрету;

8) науқастың  туысқандарымен психологиялық қолдау  туралы, физикалық белсенділіктің  сақтаушы тәртібі туралы әңгімелесу;

 

І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Тұншығу ұстамасы (жүрек  демікпесі)

ІІ. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді – тұншығуды 20-30 минут  ішінде                                                                                                 жою.

III.  МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) Жылдам  дәрігер шақыру, өйткені бұл жағдай  білікті медициналық      көмекті қажет етеді.

2) Толық тыныштықпен  қамтамасыз ету, таза ауамен  қамтамасыз ету, қысып тұрған  киімдерін шешу (тыныс алу жағдайы  жақсарады);

3) Науқасты  төсегінде аяқтарын төмен түсіріп  отырғызу немесе жартылай отыру  қалпын беру (жүрек бұлшық етінің  жұмысы жеңілденеді, жүрекке венозды  қанның келуі және өкпеде қанның  іркілуі  төмендейді);

4) 1 таблетка  нитроглицеринді немесе 1 тамшы 1% валидол ерітіндісін тіл астына  беру (нитроглицерин коронарлы қан  тамырларын кеңейтеді, нитроглицеринді  қан қысымы 100мм с. б. төмен  болған жағдайда беруге болмайды);

5) Ауыз қуысын  көбік пен кілегейден ( тыныс жолдарының   өткізгіштігі қамтамасыз етіледі)  тазалау; 

6) Көбікті  басушылардан жіберілген ылғалды  оттегіні беру;

Ескерту: көбік  басушыларға 10% антифомсилан, 96 % этил спирті жатады. Оттегін орталықтандырылған әдіспен беру кезінде оттегіні    беру жылдамдығы алғашқы 5 минут ішінде минутына 2-3л, соңынан     минутына 6-7л. Оттегі ингаляциясы оксигенация  жағдайларын  жақсартады.

7) Аяқ-қолдарына  венозды бұрау салу, оларды 10-15 минуттан  кейін кезекпен босату. Бұл әдісті  дәрі-дәрмектер болмаған жағдайда  қолдануға болады.

8) Аяқтарды  жылы қыша ванналарына салу  немесе аяқтарға қыша қағазын,  жылытқышты қою (рефлекторлы әсер  етеді);

9)   300-400 мл көлемінде қан ағызу. Бұл  процедура қан қысымы қалыпты  жағдайда дәрігердің  тағайындауымен  жүргізіледі;

10) Науқастың  жағдайын (тыныс алу жиілігі, пульс,  қан қысымын, тері жамылғылары  түсін, диурезді, қақырық сипатын)  тұрақты бақылау; 

11) Дәрігер  келгенге дейін наркотикалық  анальгетиктерді, зәр айдайтын  дәрілерді, жүрек гликозидтері  т.б. (1% димедрол ерітіндісі немесе 2% супрастин, 0,025% строфантин ерітіндісі, 2,4% эуфиллин   ерітіндісі, 0,9% физиологиялық  ерітінді т.б.) дайындау;

12)  Дәрігердің  тағайындаған дәрілерін егуді  қамтамасыз ету; 

13) Ұстама  жойылған соң науқасты  зембілмен  жандандыру бөліміне 

        тасымалдау.

 

І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Артериялық қысымның күрт              төмендеуі (коллапс)

ІІ.  МАҚСАТЫ: артериялық қысымды біртіндеп жоғарылату (индивидуалды уақыт)

ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1)    дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті дәрігерлік көмекті  

      қажет етеді);

2)    науқасты көлденең жастықсыз қалыпта, аяқ жағы көтеріңкі етіп 

      жатқызу (миға қан келу жақсарады);

3)    емделушіні жылыту: жылы орау, аяқтарына жылытқыш қою,

    ыстык  шай немесе кофе (мидың қанайналымы  жақсарады,  

      тамырлардың тонусы жоғарылайды)  беру;

4)    таза ауаның келуін қамтамасыз ету немесе ылғалды оттегімен

      ингаляция   жүргізу (мидың  қанайналымы жақсарады);

    5)   әр 5 минут сайын қалпына келгенге  дейін  манжетті алмай АҚ-мен 

          пульсті бақылау;

    6)  профилактикалық мақсатта коллапстың  даму себептері туралы 

          науқаспен әңгімелесу.

 

 

 

ТЫНЫС АЛУ  ҚАЖЕТТІЛІГІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ  КЕЗІНДЕГІ  МЕЙІРБИКЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ СТАНДАРТТАРЫ

 

I.  МЕЙІРБИКЕЛІК  ДИАГНОЗ: Тұншығу ұстамасы (бронх  демікпесі).

II. МАҚСАТЫ:  тұншығуды жою (уақыт индивидиуалды).

III. МЕЙІРБИКЕЛІК  ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1)   дереу  дәрігер шақырту (бұл жағдай  білікті медициналық көмекті  қажет  

      етеді);

2)   таза  ауамен қамтамасыз ету;

2)  емделуші  қолдарына тірелумен жартылай  отыратын қалып беру, тар 

      киімнен босату (бұл қалыпта тыныс  алуға қосымша тыныс бұлшық  

     еттері  қосылады);

3)  ылғалды  оттегімен ингаляцияны қамтамасыз  ету, таза ауа жіберу;

4)   емделушіге  ыстық аяқ ваннасын қамтамасыз  ету;

5)  бронхолитик  пен қалталы ингаляторды қолдану  ("Астмопент",

     "Сальбутамол", "Беротек") 3 реттен  артық емес;

6)  дәрігер  келгенге дейін төмендегілерді  дайындау: бронхолитиктер-

     теофедрин, 2,4%  эуфиллин ерітіндісі, 5%-эфедрин ерітіндісі, баралгин;  

      гормоналді препараттар - преднизолон,  гидрокортизон, жүрек  

      гликозидтері т.б. 

7)  емделушінің  жағдайын (тыныс алу, пулъс, АҚ, тері жамылғыларының 

     түсі) бақылауды қамтамасыз ету. 

8)  лабораториялық  зерттеу үшін қақырықты жинауға  үйрету;

 

I. МЕЙІРБИКЕЛІК  ДИАГНОЗ:  Қан түкіру

ІІ. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді:  аптаның соңында  қан түкіру азаяды. Ұзақ   

                         мерзімді - қан түкіру ауруханадан  шығар кезінде жоғалады.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК  ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1)  емделушіге  жеңілдететін физикалық және  психикалық тыныштықты 

     қамтамасыз ету;

2) дәрігерді  шақырту;

3) дәрігер  келгенше сөйлеуге, қимылдауға тыйым  салу;

4) жылу процедураларын  орындауды болдырмау (жағары температура  

     әсерінен өкпеден қан кету  мүмкін);

5)  емделушіні  салқындатылған тамақпен тамақтандыруды  және 

     салқындатылған сұйықтық қабылдауды  қамтамасыз ету;

6) емделушінің  жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ-  АҚ, пульс) және бөлінген  

     қақырық сипатына тұрақты бақылауды  қамтамасыз ету;

7) емделушіні  жеке түкіргішпен қамтамасыз  ету, оны заласыздандыру.

 

I.  МЕЙІРБИКЕЛІК  ДИАГНОЗ: Өкпеден қан кету.

II. МАҚСАТЫ:  өкпеден қан кетуді азайту  немесе тоқтату.

III.  МЕЙІРБИКЕЛІК  ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) дереу дәрігерді  шақырту (бұл жағдай білікті  медициналық көмекті 

     қажет етеді);

2) емделушіге  жартылай отыратын қалып беру;

3) толық физикалық,  психикалық, сөздік тыныштық қалыптастыру;

4) кеуде торына  суық қолдану (мұзды мүйық,  мұз түйіршіктерін жұтқызу);

5) көк тамырға  үш жерден бұрау салу және  оларды әр 15 минут сайын 

    кезекпен  босату;

6) емделушінің  жағдайына   (сырт көрінісі, ТАЖ,  АҚ, пульс) 

    тұрақты  бақылау жүргізу.

 

I.  МЕЙІРБИКЕЛІК  ДИАГНОЗ: Кеуде торының ауырсынуы.

II. МАҚСАТЫ:  ауырсынуды азайту немесе тоқтату.

III.  МЕЙІРБИКЕЛІК  ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) науқасқа  ауырсынуды жеңілдететін қалып  беру. Ауырсынуды азайту  

    мақсатында  ауырған жағымен жату;

2) толық физикалық,  психикалық тыныштық қалыптастыру (физикалық 

    белсенділік  шектелгенде плевраның висцералді  және париеталді 

     беттерінің   үйкелісі төмендейді);

3) кеуде торына  суық қолдану (мұзды мұйық,  мұз түйіршіктерін жұтқызу);

4)  науқасқа  релаксация әрекеттерін үйрету ( бұлшық еттердің босаңсуы 

     ауырсыну деңгейін төмендетеді);

5)  беткей  тыныстың тиімділігін түсіндіру  (беткей тыныс алу ауырсынуды 

      азайтады);

6)  дәрігердің  тағайындауы бойынша қарапайым  физиотерапевтік 

     процедураларды (қыша қағазы, йод  торы) орындауды қамтамасыз 

     ету;

7)  емделушінің  жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ,  АҚ, пульс) тұрақты   

     бақылау жүргізу.

8) дәрігердің  тағайындауы бойынша анальгетиктерді,  жөтелге қарсы 

    дәрілерді  беруді қамтамасыз ету; 

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Асцит

II. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді - емделушінің жағдайыны     жақсаруын аптаның соңында белгілейді. Ұзақ мерзімді: емделуші  тамақтану және сұйықтықты қабылдау тәртібінің маңыздылығы туралы білімдерін көрсетеді.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1)  тұз бен сұйыктықты шектеумен, калий және ақуызга бай

        диета сақтау қажеттілігін емделушіге  түсіндіру және қамтама-

        сыз ету, күніне 3-4 рет бөлшекті  тамақтану, аптасына 1 рет

       жеңілдететін күн тағайындау;

2)  дәрігер нұсқауына сәйкес емделушінің дәрілік заттарды

        қабылдауын қамтамасыз ету;

3)  емделушінің күнделікті су балансын анықтауды қам-

        тамасыз ету;

4)  үш күнде бір рет емделушіні өлшеуді қамтамасыз ету;

    5)  емделушіге төсек жайлылығын  камтамасыз ету:

           а) төсекте бас жағын көтеріңкі ету;

          ә) төсекті кірлегенде ауыстыру;

6)   физиологиялық бөлінулер тәртібін бақылауды қам-

       тамасыз ету. Іш қату кезінде  - гипертониялық немесе майлы

        клизманы дәрігер нұсқауы бойынша  қою. Зәр қабылдағыш-

         пен қамтамасыз ету;

7)  емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс)

         бақылауды қамтамасыз ету;

8)  дәрігердің нұсқауы бойынша емделушіні және аспаптар-

         ды абдоминалды пункцияға дайындау.

 

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Қызудың көтерілуі

ІІ. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді: дене қызуын апта соңына

                        дейін қалыпқа түсіру.

II. МЕЙІРБИКЕЛІК   ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) емделушідегі қызба кезеңін анықтау;

2) емделушінің дене қызуын әр екі сағат сайын бақылау және тіркеу;

3) емделушіге толық физикалық және психикалық тыныштық қамтамасыз ету;

4) мейірбикелік іс-әрекеттерді қызба кезеңіне қарай  жүзеге асыру:

 

1 кезеңде - емделуішіні жылы жабу, жылытқыштар қою, ыстық, тәтті шай беру;

2  кезеңде -  физикалық суыту әдістерін қолдану. Жайма немесе жеңіл көрпемен жабу, суық компресс, мұзды мұйық қолдану;

- емделушіні көп мөлшердегі салқындатылған, витаминдендірілге сұйықтықпен (морс, шөптердің қайнатпалары, шырындар, компот) қамтамасыз ету: 

Информация о работе Мейірбикелік үрдіс