Мейірбикелік үрдіс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 18:11, реферат

Краткое описание

Мейірбикелік үрдіс – кәсіптік бикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты – ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық.

Вложенные файлы: 1 файл

klinik 2 sinif.docx

— 421.39 Кб (Скачать файл)

     өзгеруі.

  1. Емделуші Сіздің көзіңізше дәріні қабылдауы керек

Дәрілерді осы  тәртіппен тарату өте ұтымды болады, себебі:

    • Медбике емделушінің дәріні қабылдауын бақылайды;
    • Медбике белгіленген дәрі туралы емделуші сұрақтарына жауап бере

   алады;

    • Дәрілерді таратқанда қателіктер жіберілмейді.

 

Дәрілерді таратқан кезде есте сақтау керек:

  1. Дәрілерді тарату кезінде көбінесе дәрілерді тамақтанудан 15-30 минут бұрын береді, себебі дәрілер тамақпен араласып  сорылуын баяулатады.
  2. Ас  қорыту жолдарының кілегей қабатын тітіркендіретін (темір препараттары, ацетилсалицил қышқылы, кальций хлориді ерітіндісі және т.б. дәрілерді) ас ішіп болған соң 15-30 минуттан кейін    қабылдайды.
  3. Ас қорыту процесін жақсартатын ферментті препараттарды (фестал, панзинорм, асқазан сөлі және т.б.) емделушіге аспен бірге береді.
  4. «Ашқарынға» белгіленген дәрілер емделушілерге таңғы астан 20-60 минут бұрын беріледі.
  5. Ұйықтатын дәрілер ұйқыдан 30 минут бұрын қабылданады.
  6. Нитроглицерин, валидол (қажет болса) емделушінің тумбочкасында үнемі болады.
  7. Тұнбалар, қайнатпалар, ерітінділер, микстуралар әдетте ас қасықпен (15 мл) белгіленеді. Ал ауруханада мөлшерленген мензурка қолданған ыңғайлы.
  8. Спирттік тұнбалар, сығындылар мен кейбір ерітінділер (мысалы, 0,1% атропин ерітіндісі, сасық шөп тұнбасы) тамшы ретінде белгіленеді. Дәрі толтырылған флаконның тамызғышы болмаса, пипетканы қолданады. Әрбір дәріге арналған бөлек тамызғыш болуы керек.
  9. Құрамында темірі бар пилюля, драже, капсула және таблеткалар   өзгермеген күйінде қолданылады.

 

Көптеген  емдеу бөлімшелерінде медбикелер уақытты  үнемдеу мақсатында ұяшықтарға бөлінген астаушаға дәрілерді алдын ала салып қояды. Әр ұяшықта емделушінің аты-жөні, палата нөмірі көрсетілген. Медбике осы астаушамен дәрілерді емделушілерге палаталар бойынша таратады.

 

Осы тәртіппен таратудың кемшіліктері:

  1. Дәріні қабылдағанда бақылаудың болмауы емделуші дәрі қабылдауды ұмытып кетеді, дәріні лақтырып кетеді немесе кешіктіріп қабылдайды.
  2. Дәрілерді таратудың жекешелендірілген кестесімен қабылдаудың тәртібі сақталынбайды («астан бұрын», «астан кейін», «аспен бірге»).
  3. Тарату кезінде қателер болуы мүмкін (медбикенің мұқиятсыздығынан дәрілік заттар басқа ұяшыққа салынуы мүмкін немесе емделуші қателесіп, оған белгіленбеген дәрілерді алуы мүмкін).
  4. Астаушаның ішінде дәріханалық қорапшасыз жатқан дәрілік препараттар. Емделушіге белгіленген препараттар жөнінде сұрақтарға жауап беру қиын, өйткені олар астауша ішінде дәріхананың қорапшасынсыз жатады.

 

 

 

 

 

 

 

3.Дәрілік заттарды  энтеральді  және ингаляциялық жолдармен  енгізу         

Дәріні  енгізудің ең қарапайым, ыңғайлы  тәсілі оларды ішке ұнтақ, түймедақ, пилюля, тамшы және  микстура түрінде  қабылдау. Энтеральды енгізу дәрілерінің  артықшылығы сол формада қолданылады, ал кемшілігі ас қорыту жолында баяу сіңіріледі.

Ұнтақ дәріні сумен ішеді, капсуланы тіліне қойып сумен жұтады. Дәрінің сулы ерітіндісін 5, 10, 15, 20 мл бөлінген медициналық стаканмен ішеді.

 

 

Пероральды (ауыз арқылы) енгізу жолдары

Дәріні  ауыз арқылы қабылдау кең тараған. Дәріні ауыз арқылы қабылдағанда, ол ащы ішекте сіңіріліп, қан тамырлары арқылы бауырға түседі де, жалпы қан айналымына қосылады. Ауыз арқылы енгізудің жағымды  жақтары:

  1. Бұл жолмен әртүрлі формадағы дәрілерді қабылдауға болады (ұнтақ, пилюля, таблетка, микстура, қайнатпа, экстракттар түрінде);
  2. қарапайым және ыңғайлы;
  3. залалсыздандыруды талап етпейді;
  4. арнайы дайындалған көмекшілерді талап етпейді.

 

Пероральды қабылдаудың кемшіліктері:

  1. дәрілік заттардың  бір бөлігі бауырда белсенділігін жоғалтады;
  2. дәрінің әсері ағза иесінің жасына, жағдайына жеке сезімталдығына байланысты;
  3. ас қорыту жолында дәрінің баяу әрі толық сіңірілмеуі (бұған  ас қорыту ферменттері әсер етіп, дәрі 10-15 минуттан кейін ыдырай бастайды).
  4. науқастың ессіз жағдайында немесе жүрегі айну кезінде дәріні қабылдай алмауы;
  5. бұл тәсіл шұғыл жағдайда дәрінің әсері жылдам керек кезінде тиімсіз;
  6. асқазан мен ішектің кілегей қабығына кері әсер беруі мүмкін.

 

Сублингвалдық (тілдің астына) енгізу

Сублингвалдық енгізу деп дәрілік затты тіл  асты қабылдауды айтады. Дәріні бұлай  қабылдағанда  тіл асты кілегей қабаты арқылы тез сорылып қанға араласады, бауырға бармайды және ас қорыту ферменттері әсерінен жойылмайды. Бірақ бұл жолды сирек қолданады, өйткені тіл асты маңының сіңімділік көлемі аз, сондықтан бұл жолмен өте белсенді дәрілерді аз мөлшерде (мысалы: 0,0005 г көлемде нитроглицерин , 0,06 валидол) қабылдауға болады.

 

Ректальды (тік ішек арқылы) енгізу жолдары

Ректалды  енгізу жолдары деп дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді айтады. Ректалды жолмен сұйық (мысалы: қайнатпа, ерітінді, шырыштар) сонымен қатар қатты (ректалды суппозиторий) дәрілерді енгізеді. Ректалды  жолмен дәріні науқас ауыз арқылы қабылдай алмаса  (жүрек айнуы, жұтына алмауы жағдайында, асқазанның кілегей қабығының зақымдануы  кезінде және т.б.) немесе жергілікті әсер ететін  дәріні  енгізу кезінде қолданады. Бұл жолмен дәрілер енгізілгенде олар ағзаға резорбтивты және тік ішектің кілегей қабығына жергілікті әсер етуі мүмкін.

 

Суппозиторийді (свечаны) тік ішекке енгізу

Іс -әрекеттер:

      1. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, аяқтарын бүгіп ішіне тартып жатқызу.
      2. Қаптағыш қағазын ашып суппозиторийді  алу.
      3. Сол қолыңызбен енгізуге дайындау.
      4. Оң қолмен жіңішке жағын анусқа түгелдей енгізу.

 

Сұйық дәрілік  заттарды  тік ішекке клизма түрінде  енгізеді, резорбтивтік әсері бар дәрілік заттар енгізілгенде қанға тікелей өтеді. Тік ішекте ферменттердің болмауынан дәрілік заттар ыдырауға ұшырамайды, дәрі құрамындағы ақуыз, май, полисахаридті негіздер ішек қабырғасынан өте алмайды, сондықтан олар тек қана жергілікті әсер ету үшін микроклизма түрінде енгізіледі. Тоқ ішектің төменгі бөлігінде тек су, натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі, глюкоза ерітіндісі, аминоқышқылдардың кейбірі ғана сіңіріледі, сондықтан ағзаға мұндай дәрілік заттарды тамшылы клизма тәсілімен енгізеді.

 

Ингаляциялық  (тыныс жолы арқылы) жолдармен дәрілерді енгізу

Ингаляциялық  енгізу дегеніміз дәрілік заттарды тыныс жолдары арқылы енгізу. Ингаляция  арқылы ағзаға  газ тәрізді заттарды  (оттегін), қос ұшпалы сұйықтықтарды (эфир, фторотан), аэрозольдерді енгізуге болады.

Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі:

1. Тыныс жолындағы патологиялық процеске тікелей әсері.

2. Қабынған  жерге бауырда сүзілмей, ешбір  өзгермей өзінің жоғары  

    сапасында жетуі, жоғары концентрацияның сақталуы.

Ингаляциялық енгізу жолдарының кемшіліктері:

1.  Бронх жолдары өткізгіштігінің бұзылуларында  дәрілік заттың қабынған  

    жерге дұрыс     жетпеуі;

2. Тыныс алу  жолдарының кілегей қабатының дәрілік заттардың әсерінен

    тітіркену  мүмкіндігі.

 

 Медициналық тәжірибеде арнайы аспап көмегімен булы, жылы булы, майлы ингаляциялар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ингаляцияларды қалталы ингаляторлармен жүргізуге болады. Ингаляция жасарда пациенттің алдына алжапқыш жабылып, буға күймейтіндей жерге аппарат алдына отырғызылады. Буды мұрнымен жұтып, ауыз арқылы шығару керек. Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер үшін үйде қолдануға арналған ингаляторлар бар. Онда дәрілер пластмассадан жасалған түтікшеде болады, оған резеңке баллон кигізілген, пациент баллонды басып, ауаның күшімен дәріні тыныс жолдарына итереді.

 

Ингаляторды қолдану тәртібі:

  1. Баллонның қақпағын шешіп, төмен қаратыңыз.
  2. Аэрозолды баллонды жақсылап шайқаңыз.
  3. Мүштікті ауызға енгізу керек.
  4. Терең  тыныс алып баллонның төменгі  жағын басу. Осы кезде аэрозолдың белгілі мөлшері бөлінеді.
  5. Бірнеше секунд (5-10ceк) тыныс алмай, кейін ауыздан мүштікті шығарып баяу тыныс шығарыңыз.
  6. Баллон қақпағын жабу.

 

Сырттан енгізу - бұл кілегей қабығына және теріге, құлаққа, көзге дәрілік заттарды қолдану. Аталған дәрілік заттар жергілікті әсерге арналған, өйткені зақымдалмаған тері арқылы тек майда еритін заттар сіңіріледі. Компресстер, сепкіштер, майлау, жарақат үстіне арналған таңғыштар, құлаққа, мұрынға, көзге тамызғылар құю, құлақ пен көзге май жағу - осылардың бәрі түрлі дәрілік заттарды сыртқа енгізу формалары болып табылады. Оған: майлар, эмульсиялар, ерітінділер, ұнтақтар, тұнбалар, сықпалар және т.б. жатады.

 

                                                     Ысқылау

Сұйық зат  немесе майлар түріндегі дәрілік  заттарды ысқылау әдісімен енгізу. Терінің жұқа жерлеріне және шаш түктері болмаған жерлерге ысқылау жасалады, яғни білектің бүгілген жағына, санның артқы жағына, көкірек қуысының алдына, іш аймағына т.б. Теріні ысқылайтын жер таза болуы керек. Тері құрғақ болғанша 30-40 минут майларды немесе сұйық заттарды қажетті мөлшерде теріге айналдыра жағу керек. Теріде қабыну өзгерістерінің болуы (экзема, дерматит) дәрілерді бұл жолмен енгізуге қарсы көрсетпе болып келеді. Кейбір жағдайларда ысқыламай теріге жақсы сіңу үшін оны жұқалап жағып, полиэтилен пленкасымен жабады.

 

Май жағу

      Дәрі жағу таза теріге таза аспаптармен және жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын майды негізінен тері ауруларына қолданылады. Зарарсыздандырылған қалақшамен жағатын майды екі бүктелген зарарсыздандырылған салфеткаға жағып, ауыратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын мақта төсеп, компресс қағазын қойып, бинтпен орайды. Кейде тереңде жатқан тіндерге сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді, ол үшін  терінің сол жерін сабындап жуып, алақанға қажетті мөлшерде май салып, ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене бөлігіне 30-40 минут мұқият жағады. 

Майды теріге уқалап енгізу

  1. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.
  2. Май жағатын тері аймағын қарап шығу.
  3. Қатты тітіркендіргіш әсері бар майларды арнайы бейімделген лентаға жағып, соның көмегімен теріге сүртіледі.
  4. Майды теріге айналдыра уқалап енгізеді.

 

Жабысқақ таңғышты қолдану

Жабысқақ  таңғыш (пластырь) су өтпейтін дәкемен  жабылған қою, жабысқақ май. Май негізі дәрілік заттардан құралады. Пластырьды жабыстырар алдында теріні спиртпен сүртеді, шаш болса қырқып тастайды. Содан кейін қайшымен пластырьды қажетінше қиып, теріге жабыстырады. Алдын ала спиртпен бір шетін сулап, жайлап пластырьды шешеді. Таңғышты бекіту үшін пластырьды  қолданады.

Қызарғанда  және терлегенде теріні құрғату үшін ұнтақ тәрізді заттарды немесе сепкіштерді  қолданады.

 

 

Дәрі-дәрмектерді  парентеральді жолмен енгізу 

Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесіне түспей енгізу жолын - парентеральдық деп атайды.

Парентеральдық  енгізу  жолдарының бірнеше түрлері  бар:

  1. Тіндерге - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке.
  2. Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына.
  3. Қуыстарға - іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.
  4. Субарахноидалдық кеңістікке.

 Парентеральдық  енгізу жолы басқаша «инъекция»  деп аталады, латын сөзінен  «inectio» - енгізу деген мағына береді. Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:

  1. енгізген дәрі тез әсер етеді;
  2. дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;
  3. бауырдың кедергі ролі жойылады;
  4. жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.

 

Егуді жасау  үшін шприц пен инені қолданады. Кез-келген шприц келесі негізгі  бөлектерден тұрады: шкаласы бар  цилиндр, ине кигізетін конус, поршень.

ЖИТС  инфекцияның таратуын алдын алу  мақсатымен пластмассадан стерильді, бүтін қапшықтағы бір рет қолданылатын шприцтер кеңінен тараған. Шприц - тюбиктің бір рет қолданатын шприцтен айырмашылығы - оның іші дәріге толтырылады. 100 және 200 мл сыйымдылықты Жане шприці қуыстарды  жуу үшін қолданылады.

Шприц тұтас, жарықсыз, жақсы келетін поршеньмен болуы тиіс, сонда ол бүтіндігін сақтайды.

Шприцтің  бүтіндігін тексеру оңай: саусақпен  ине салатын конустағы тесігін  жауып, поршеньді кері қарай тартып, кейін оны жіберу керек. Егер поршень  тез өзінің орнына тұрса, шприц бүтін  деп саналады.

Егу жасайтын шприцтің сыйымдылығы 1, 2, 5, 10 және 20 мл болады.

Информация о работе Мейірбикелік үрдіс