Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 19:34, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.
Аномальды балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

І тарау Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық
ерекшеліктері.
Аномальды балалардың даму тарихы.................................................. 7
Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның
Ерекшеліктері........................................................................................17

ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларға арналған мекемелер
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды
оқыту және тәрбиелеу мәселелері........................................................39
Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультация қызметі.........................42

Қорытынды.......................................................................................................48

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................50

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Оңтүстік-Қазақстанда-аномальды-балаларды-оқыту-мен-тәрбиелеу-мәселелері.doc

— 264.50 Кб (Скачать файл)

Ішкі факторлардың зардаптарынан олигофрения іштей туа пайда болады.                

  1. Тұқым қуалайтын кеселдер. Оған ата-ананың мерез ауруларымен ауруы, сонымен қатар ата-анасының бірінің ақыл-ой кемістігінің балаға ауысуы.
  2. Ақыл-ой кемістігінің іштен туа пайда болуына хромосомды аурулар да ықпалын тигізеді, яғни ата-ананың организміндегі тұқым қуалайтын қасиеттерінің бұзылуынан болады.
  3. Кейбір жағдайларда ананың қаны құрсақтағы нәрестенің қанымен резус-фактор бойынша сәйкес келмеуінің салдарынан баланың ақыл-ойының кеміс болып туылуы.

   Қан құрамында резус-фактордың «бар» немесе «жоқ» болуына қарай адамдардың қанын оң-резусты және теріс-резусты деп бөледі. Адамдардың 85%-нің қаны оң резусты, ал 15%-нің қаны теріс-резусты деп есептеледі. Егер екіқабат әйелдің қаны теріс резусты болса, онда құрсақтағы нәресте жұбайының оң резусты қанын мұраланады.

   Демек, резус фактор бойынша ананың қаны құрсақтағы нәрестенің қанымен сәйкес келмеуінен оның физикалық және психикалық дамуының ауытқуы бұзылатындығы байқалады. Даму процесінің бұл сияқты бұзылуы олигофренияның пайда болуына мүмкіндік туғызады.

     4. Баланың ақыл-ойының  жетілмеуіне ата-ананың маскүнемдікке, нашақорлыққа  және есірткіге  салынуы да себеп болады.

   Олигофрен балалардың бас  миының үлкен жарты шарының  қыртысы түгелімен жайылып зақымданатындығы  арнайы клиникалық зерттеулердің нәтижесінде анықталған. Сонымен бірге олигофренияда бас миының үлкен шарының барлық қыртысының жайылып зақымдануымен қатар оның қыртысындағы жүйке жүйелерінің даму барысының сапалық жағы да бұзылатындығы байқалады.

   Ақыл-ой кемістігінің даму барысындағы деңгейіне және сапалық дәрежесінің өзіне тән өзгешелігіне қарай олигофрения: идиотия, имбецильдік және дебильдік болып үш топқа бөлінеді.

   Идиотия – гректің сөзі, қазақ тілінде «нақұрыс» деген мағына береді. Демек идиотия туа біткен психикалық бұзылудың нәтижесінен болатын ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түрі.

  1. Идиот балалардың физикалық дамуы өте қатты күйзеліп бұзылған. Олардың бас сүйектері мен дене құрылысы сүйектерінің сыртқы мүсіндік тұлғалары майысып-қисайып бүлінген және соның салдарынан қимыл-қозғалыстары толық жетілмей қалған.

   Физикалық кемістіктің мұндай зардабынан идиот балалардың кейбіреулері тіпті өздігінен емін-еркін отырып тұрып, түзу жүре де алмайды. Сондай-ақ идиот балалардың көпшілігінің алақандарын шапаттайтын, бастарын шайқайтын немесе изейтін, қолдарының немесе аяқтарының саусақтарын немесе бармақтарын ауыздарына салып үздіксіз шолпылдататын, сорып отыратын ритмикалық жасанды қылықтарын да жиі байқауға болады.

  1. Идиот балалардың сөйлеу тілдері жекелеген кейбір жеңіл дыбыстарды айтудан әрі бармайды. Тек кейбір жағдайларда ғана бір-екі буыннан тіркескен бірнеше сөздерді бұрмалап бұзып айтуға шамалары келеді.
  2. Бас миының үлкен жарты шары қыртысының жұмыс істеу қызметінің соншалықты өрескел қатты бұзылғандығының нәтижесінен идиот балалардың тіпті қарапайым деген шартты рефлекстерінің өздері де өте қиыншылықпен орындалады.
  3. Идиот балалардың мінез-құлықтары тағы тақылеттес болып кетеді. Олардың кейбіреулері өлі денеге ұқсап айналасындағыларға көңіл аудармастан ұзақ қимылсыз құлап жатып алады немесе қозғалмастан бір орында мелшиіп отырады да қояды; ал басқа біреулері керісінше, тынымсыз жүгіреді, секіреді немесе тоңқалаң асып құлайды да аунақшып дөңбекшіп домалай бастайды.

   Қорыта келгенде, жоғары  жүйке қызметі іс-әрекетінің мұндай  ерекшеліктері идиот кемістігіне  шалдыққан балалардың психикалық  дамуының қатты күйзеліп, бұзылғандығын  көрсетеді.

   Дебильділік – латынның сөзі, қазақ тіліндегі аудармасы «деліқұл» деген ұғымға тура келеді.

   Баланың іштей жетілмей  туатын физикалық және психикалық  дамуындағы патологиялық кемістігін  «дебильділік» - деп атайды. Дебиль балалардың ақыл-ой қабілеттерінің таяздығы идиот пен имбецильге қарағанда әлде қайда жеңіл болады. Сондықтан да олар өздеріне арналған арнайы мектептің жеңілдетілген оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгереді және сонымен қатар қарапайым қол жұмыстарымен атқарылатын еңбектің түрлерімен шұғылдануға бейімделеді.

   Алайда бұл кемістік патологиялық  процестің негізінде пайда болғандықтан дебиль балалардың физикалық дамуында да болмашы жеңіл ауытқулар байқалып тұрады. Бірақ бұл ауытқулар жайшылықта көп біліне бермейді. Тек кейбір иіліп-бүгілуі, қайырылып-бұрылуы қиын күрделі қимыл қозғалыстарды орындағанда ғана байқалады. Мысалы, футбол, волейбол, баскетбол, ұзындық пен биіктіктен жүгіре секіру  сияқты және басқа да спорт ойындары.   Дегенмен де, педагогикалық тәсілдердің  қағидасымен жүргізілетін түзету, тәрбие жұмыстарының нәтижесінде  дебиль балалардың физикалық дамуындағы патологиялық кемістіктерінің тіпті де білінбей кететіндері соншалықты,  олардың кез келген қарапайым қол еңбегінің түрлерімен айналысуына мүлде кедергісі болмайды.

   Дебиль балалар күнделікті  қарым-қатынаста қолданылатын дағдылы  қарапайым сөздерді ауызекі сөйлеу тілдерінде еркін меңгеріп, оңай түсінеді. Ал, мазмұны күрделі, мағынасы астарлы болып айтылатын сөздерді байыптап түсінуге ақыл-ойларының зерделілігі жетпейді.

   Олигофренияның дебиль тобына  жататындардың өздері ауыр және жеңіл дәрежелі болып екіге бөлінеді.  Өйткені олардың ақыл-ойларының даму процестері мен сөйлеу тілдерінің бұзылулары біркелкі болмайды. Сөйлеу тілі ақыл-ойдың ең негізгі құралы ретінде оның даму процесіне байланысты бірыңғай жетіледі.

   Ақыл-ойларының патологиялы  кемістері жаңадан нышан көрсетіп,    енді-енді байқала бастаған мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың сөйлеу тілдеріндегі мүкістердің түрлері мен олардың айтылуындағы ерекшеліктері әр алуан болып келеді. Мұндай балалардың сөйлеу тілдердегі мүкістері, әсіресе олардың мектептің бірінші және екінші сыныбында жүрген кездерінде анық байқалады.

   Ақыл-ойы кем балалардың  арасында оқығанын түсінбейтін  кемістіктері бар балалар да кездеседі. Олар берілген мәтінді қатесіз оқығанымен оның мағынасын түсінбейді. Себебі, мәтінді оқыған кезде не бастапқы, не соңғы сөз тіркесін ұмытып қалады. Соның салдарынан мәтіннің мазмұнына сәйкес қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алмайды. Егер сол мәтінді басқа біреу дауыс ырғағымен мәнерлеп оқып берсе оны жақсы түсінеді. Демек, дебильдің жеңіл дәрежесіндегі балалар мәтіннің немесе сөйлемнің құрамындағы тіркескен сөздердің бір-бірімен грамматикалық синтаксистік жолымен байланысып, белгілі бір мазмұнды тудырып тұрғандарын ұқпайды және өздерінің оқығандарын түсініп, естерінде сақтай алмайды.

   Имбециль – латын сөзі, қазақша аудармасы «әлсіз, дәрменсіз» деген мағынаны білдіреді. Имбециль идиотқа қарағанда ақыл-ой кемістігінің жеңілдеу тобына жатады. Олардың патологиялық кемістіктеріне зерттеу жүргізген кезде жүйке жүйелерінің, әсіресе оң жағының құрылысы мен оның қызметіне залалын тигізетін әр түрлі аурулар жиынтығының бытыраңқы қалдықтарының болатындығы анықталды.

   Имбециль балалардың ақыл-ой  кемістіктері идиоттарға қарағанда  біршама жеңілдеу болғанымен, бірақ олардың да қимыл-қозғалыстарының толық жетілмегендігі айтарлықтай толық білініп тұрады. Демек мұндай балалардың да қимыл-қозғалыстарының толық жетілмегендігі айтарлықтай айқын білініп тұрады. Мұндай балалардың қимыл-қозғалыстары жеткілікті дамымай қалған. Соның салдарынан дене бітімдерінің құрылыстары да қисайып майысып бұзылған. Олар өздерінің дене мүшелерін кез келген нысаналы бағытқа бұрып және бір-бірінен айырып қимылдатып, қозғалтуға шамалары келмейді. Мысалы, бір көзіңді қыс десең, ол бүкіл бетін тыржитып жиырып екі көзін де қысады, кейде қолымен жабады.

   Толық жетілмей кем болып  қалған дене мүшелері баланың көздеген мақсатына қарай емін еркін қимылдап, қозғала бермейді. Сондықтан да олардың дене мүшелері әсіресе, қолдары ешқандай бағыт-бағдарсыз бет алды салдыр-салақ сілтеніп қимылдайтындары жиі байқалады. Қолдарының, аяқтарының және саусақтарының қимылдары өте әлсіз және ебедейсіз шалажансар болады, емін-еркін иіліп-бүгіліп, ашылып жазылмайды. Сондықтан да мұндай балалар өздерінің үсті-басына қарап, күтінуге шамалары келмейді. Қолдары мен саусақтарының кемістігі олардың жазуды үйренулеріне де қиындық туғызады.

   Имбециль балалардың мінез-құлықтары  идиоттардікіне қарағанда біршама  тыныштау болғанымен, бірақ олардың  да өздеріне тән тағылық қылықтары  жиі-жиі көрініп тұрады.

   Мысалы, олар көп уақытқа дейін өздерін мектептің шәкірттері болғанын, онда дәріс алып оқу керек екенін мойындамайды, өйткені «мектеп, шәкірт, оқу, мұғалім» деген сөздерді ұқпайды. Мұғалімнің қойған талап-өтініштеріне құлақ аспайды, демек, мұғалім сөйлеген сөздерінің мағыналарын түсінбейді. Олар сабақ жүріп жатқан кезде рұқсатсыз орындарынан тұрып, парталарды жағалап, бет-алды ары-бері сандалып жүреді, мұғалім ескертпелеріне құлақ аспайды.

   Имбециль балалардың көпшілігінде мінез-құлықтарында еліктеушілік қасиеттері басым болады. Олар не көрсе соны дәл сол қалпында айнытпай салады, тіпті әлдеқашан бұрынғы көргендерін де ұмытпай қайталап сала береді.

   Іштен туа бітетін ақыл-ой кемістігінің имбециль тобына кіретіндердің ішіндегі айтарлықтай көп тараған түрі – Дауна синдромы. Бұл кемістіктің дауна деп аталу себебі, 1866 жылы ағылшын дәрігері Лэнгдон Даун аурудың өз алдына жеке бір түрі ретінде ақыл-ой кемістіктерінің басқа түрлерінен бөліп алып арнайы зерттеген. Дауна синдромы ақыл-ойдың хромосомды кемістіктеріне жатады.

   «Дауна» балалардың психикасында  ақыл-ой кемістіктерінің басқа  түрлерінен ерекшеленіп тұратын, өздеріне тән өзгеше белгілері  болады.

   Алайда ақыл-ойларының өте  таяздығы жағынан олар имбециль  балаларға көбірек ұқсас келеді. Тек кейбір сирек кездесетін жеңілдеу түрлерін ғана дебиль дәрежесіндегі ақыл-ой кемістігіне жатқызуға болады.

   Мұндай балалардыың мінез-құлықтары  әр түрлі және құбылмалы болады. Олардың кейбіреулері ашуланшақ, ызақор, кекшіл; екіншілері байқағыш, еліктегіш; үшіншілері мейірімді, ақкөңіл, кішіпейіл, ал төртіншілері өкпелегіш, жәбірленгіш, кінәмшіл  болып келеді. Олар өздеріне күліп қарайтын адамға тез бауыр басып кетеді.

   Дауна синдромы бар балалардың психикалық қимыл-қозғалыстарының жетілмей қалатындығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларында-ақ көріне бастайды.

   Бұл кемістікке шалдыққан балаларда ынталы ұмтылыстың, қуанышты шаттықтың, еркелік наздың, мазасыз көңілдің, мұқтаждық талаптың ерекшеліктері тән, қимыл-қозғалыстары өте енжар, сүреңсіз, солғын болады. Демек, олардың барлық қимыл-қозғалыстарының, әсіресе психикалық жұмыс істеу қызметінің қалыптасып жетілуі кешеуілдеп тоқыраған немесе бұзылған.

   Алайда, 3-4 жастан асқаннан  кейін айналасындағы өзі қатарлы дені сау балалармен тікелей қатынасып араласудың және отбасындағылардың, әсіресе ата-анасының ерекше көңіл аударып түзету тәрбиесімен айналысудың нәтижесінде олардың қимыл-қозғалыстарының біршама ширайтындығын, психикалық дамуының белсенділік қызметінің артатындығын және сөйлеу тілінің сөз құрастыруға қалыптаса бастайтындығын көруге болады. Әрине, бұған қарап, бұл кемістік толық түзеліп кетеді деген ұғым тумайды.

   Гидроцефалия – қазақ тілінде «өте үлкейіп кеткен, қазан бас» деген ұғымды білдіреді. Гидроцефалия дегеніміз – жұлын сұйығының шамадан тыс қатты тасып, басқа құйылып жиналуынан пайда болатын ауру.

   Жұлын сұйығының тасуына  ананың жүкті кезінде әр түрлі азық-түлік тағамадарынан ағзаға уытты заттардың жайылуы, әр түрлі жұқпалы аурулардың залалдары және әр түрлі зақымдардың зардаптары немесе мидағы қанның жүру жолын реттеп тұратын жұлын сұйығының жүйелеріне тікелей әсерін тигізіп, олардың жұмыс істеу қызметін бұзатын ми қабықтарының қабыну процестерімен мидың іріндеп ісініуі себеп болуы мүмкін деген жорамал бар.

   Іштен туа бітетін гидроцефалия  кемістігі баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы күндерінде немесе айларында-ақ білінуі мүмкін. Бұл кезде баланың басы шарланып, әсіресе маңдайы дөңестеніп тез өсе бастайды.

   Гидроцефалия кемістігіне  шалдыққан балалардың  психикасында  өздеріне тән ерекшеліктері бар бірқатар өзгерістердің орын алатындығы байқалады. Мұндай балалардың кейбіреулері естігенін немесе көргенін мағынасы мен мазмұнын түсінбесе де есінде жақсы сақтайды. Мысалы, олар бірнеше шумақты өлең жолдарын бір естігенде-ақ жаттап алады. Ал, екінші біреулерінің музыкалық әуенге және көркем өнерге деген қабілеттері жақсы жетілген. Алайда, бұлардың жұмыс істеу қабілеттері бірқалыпты жетілмеген. Олардың белгілі бір мақсатқа талаптанып ұмтылу нысаны бұзылған. Демек, еш нәрсеге қызықпайды. Олар бір нәрсеге ден қойып көңіл аудара алмайтын алаңғасар келеді. Көңіл-күйлері тұрақсыз, құбылмалы келеді.

   Гидроцефалияға шалдыққан  балалардың ақыл-ойларының кемістіктері  идиоттың ең ауыр түріндегісінен  дебильдің жеңіл түріндегісіне дейінгі дәрежелерінде кездесе береді.

   Ақыл-ой кемістіктерінің  бұл сияқты әр түрлі дәрежеде  көріну себебі, көбінесе аурудың  даму барысының өзгешелігіне  және мидың зақымдану дәрежесіне  байланысты олардың ағзаларының  әлсіреу шамаларына қарай болады. Алайда, гидроцефалияның бірқалыпты  дамуында баланың      ақыл-ойы дұрыс жетілуі де мүмкін және ол жалпы мектепте де оқуы ықтимал.

   Гидроцефалияның дебиль  дәрежесіндегі ақыл-ойы кем балаларға  арналған арнайы мектепте, ал  имбециль дәрежесіндегілердің тек  жеңілдеу түрлерін ғана осы  мектептің имбециль сыныбында оқытуға болады.

   Микроцефалия – гректің «микро» - «кішкентай» және «цефаль» - «бас» сөздерінен бірігіп, бас сүйегі мен миы жетілмей қалған деген ұғымды білдіреді. Микроцефалия ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түріне жатады. Мұндай ауруға шалдыққан балалардың басы дұрыс өсіп жетілетін әдеттегі көлемінен әлдеқайда кішкентай, шақша бас болып келеді де, соған орай милары да толық жетілмей қалады.

Информация о работе Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері