Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 19:34, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.
Аномальды балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

І тарау Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық
ерекшеліктері.
Аномальды балалардың даму тарихы.................................................. 7
Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның
Ерекшеліктері........................................................................................17

ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларға арналған мекемелер
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды
оқыту және тәрбиелеу мәселелері........................................................39
Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультация қызметі.........................42

Қорытынды.......................................................................................................48

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................50

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Оңтүстік-Қазақстанда-аномальды-балаларды-оқыту-мен-тәрбиелеу-мәселелері.doc

— 264.50 Кб (Скачать файл)

   Сонымен қатар олардың  қимыл қозғалыстары да бұзылған  және құрысып-тырысудың, қалшылдап, дірілдеудің, сіңірі тартылудың  синдромдары болады және қоршаған ортада болып жатқан тіршілік болмысының шындығын сезініп түсінуі, ұғынып әсерленуі, ойланып елестетуі арқылы көңіл күйдің реңімен бейнелеп көрсететін ми торабының жұмыс істеу қызметінің (психикасының) даму барысы да кешеуілдеп қалатындығы анық байқалады.

   Микроцефалияның пайда болуына  баланың миы бірқалыпты жетіліп  келе жатқан шағында тыныс  мүшелері мен жүрек тамырларының  ауруынан тіндердегі оттегінің  азайып кетуі (гипоксия), ағзаның  әр түрлі улы заттармен улануы (интоксикация), ауру қоздырғыш әр  түрлі жұқпалы микробтардың залалды зардаптарынан ағзаның дертке шалдығуы  (инфекция) және витамин теңдігінің бұзылуы сияқты факторлардың әсер етуі ықтимал деген жорамал бар.

   Микроцефал баланың миының салмағы дені сау балаға қарағанда әлдеқайда жеңіл болатыны, мидың үлкен жарты шарының, әсіресе маңдай бөлігінің қыртысы толық жетілмегендігі, оның үстіртіндегі иір-иір болып келетін қатпарлы арықтары мен жіңішке бұтақты иірімдері жетілмегендіктен ми біркелкі тегіс күйінде қалатындығы арнайы тексерудің нәтижесінде анықталды. Микроцефалияның алғашқы белгілері бала туғаннан кейін-ақ біліне бастайды.

   Ал, кейбір жағдайларда бұл  аурудың белгілері нәрестенің  дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы  айларында білінеді. Баланың микроцефалия ауруына шалдыққанын тек қана осы ауруға тән кейбір сыртқы белгілерінен байқауға болады.

   Біріншіден, баланың бас  сүйегі туылған кездегі көлемінен  әрі қарай үлкейіп өспейді  немесе болар-болмас қана өседі, бас сүйегінің ми орналасқан  жоғары бөлігі мен бет сүйегінің  түзілісі бір-бірімен сайма-сай келіп үйлесіп тұрмайды, маңдайы кейін қарай шалқайып, тайпайған, құлағы қалқайған үлкен және етегі салпиып төмен орналасқан.

   Екіншіден, жүйке жүйелерінің  зақымданып бұзылуынан бұлшық  еттерінің жұмыс істеу қызметтері  әлсірейді немесе мүлдем жұмыс істемей сал болып қалады, сіңірлері түйіліп, тартылады немесе                   құрысып-тырысады, дене мүшелерінің қозғалыстары жақсы жетілмегендіктен қимылдарының икемдері ауытқып бір-бірімен байланыстары бұзылады және көздері де қылиланып бітеді.

   Микроцефаль балалардың басым көпшілігінің ақыл-ойларының кемістік дәрежелері негізінен идиоттарға немесе имбецильдерге жақын келеді. Ал, психикасының жетілмей қалуынан болатын кемістіктері басқалармен байланысып, араласқан түрде байқалады.

   Қорыта келгенде, жүкті кезінде ағзаны әр түрлі зиянды заттардың уландырып, зақымдауынан құрсақтағы ұрықтың жаңадан қалыптасып келе жатқан орталық жүйке жүйесі дертке шалдығады да, оның бірқалыпты даму дәрежесі бұзылады. Нәтижесінде, баланың дүниеге келгеннен кейінгі алты айында-ақ іштен кеміс болып туылатындығы біліне бастайды.

   Ал бұл кемістік баланың  мектеп жасына таяған уақытында  тіпті анық білінеді. Сонымен  қатар, нәрестенің құрсақта жатқан  кезінде мидың дертке шалдығып  зақымдануынан оның ақыл-ойының  бірқалыпты жұмыс істеу қызметінің қабілеті бұзылып, жетілмей қалады.

   Ақыл-ойы кем балалар  қосалқы мектептерде оқытылады. Қосалқы мектепте оқушыларға жалпы және арнайы еңбек тәрбиесі беріледі.

   Жалпы – әр адамға тән еңбектің негізгі түрлері бойынша бағыт беріледі.

  Арнайы – оқушыларды кәсіптік жағынан дайындауға бағытталады. Арнайы кәсіптік еңбекке баулу 3 кезеңнен тұрады:

  1. еңбек пропедевтикасы;
  2. кәсіптік бағдар;
  3. кәсіптік еңбекке баулу.
  4. Еңбек пропедевтикасы – (1-3 сыныпты қамтиды). Негізгі мақсаты – оқушылардың еңбекке деген жалпы дайындығын қалыптастыру. Еңбек әрекетінің негізгі формасы – еңбек сабағы. Балалар қағазбен, картонмен, ағашпен, матамен, пластилинмен жұмыс орындаудың алғашқы ептілігін, дағдысын меңгере бастайды.
  5. Кәсіптік бағдар – (4 сыныпты қамтиды). Оқу шеберханаларында қол еңбегін қолдану ретінде қалыптасады. Балалар шеберханаларда еңбек жағдайларымен, құралдармен, станоктармен танысады. Материалдарды (қағаз, картон, сымдар) өңдеудегі қарапайым дағды мен ептілікті меңгереді.
  6. Кәсіптік еңбекке баулу – (5-8  сыныпты қамтиды). Мақсат – оқушыларды өнеркәсіп орындарында, еңбек құрылыстарында, халыққа қызмет көрсету орындарында жұмыс істеуге үйрету, яғни арнайы мамандық беру. Қыздар киім тігу, ер балалар аяқ киім жөндеу, маляр, штукатур, обой жапсыру, картонды түптеу мамандықтарын алады.

 

Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі

   Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.

   Тіл бұзылуының себептері органикалық және функциональдық болып бөлінеді.

   Органикалық – түрлі  зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы.

   Функциональдық – мұнда  органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы  бұзылады.

   Тілдің бұзылуы түрлі  жаста, әсіресе жас балаларда  көп кездеседі.

   Енді сөйлеу тілі мүкістеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін сипаттайық.

   Дислалаия – сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер.Пайда болу себептеріне  қарай дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді.

   Органикалық дислалияға сөйлеу тілі аппаратының сыртқы сүйек құрылысының және бұлшық ет түзілісінің органикалық кемістігінен дыбыстардың бұзылып айтылуы жатады. Органикалық дислалияның ерекшеліктері: тіл асты желбезегінің тым қысқа болып бітуінен, тілдің ұшы жоғары қарай емін еркін көтеріліп қимылдай алмайды да, таңдай арқылы айтылатын дыбыстар бұзылады. Сонымен қатар тілдің ауыздың ішіне зорға сиып тұратын өте етжеңді үлкен немесе өте кішкентай жіңішке болуы да дыбыстардың  дұрыс айтылуын қиындатады.

   Соныменен, органикалық дислалия  бұл перифериялық аппараттың  сүйегі мен бұлшық етіне зақым  келуінен дыбыстардың дұрыс айтылмауы.

   Перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылуы туа пайда және жүре пайда болуы мүмкін.

   Туа пайда болатын кемістікке жататындар:

  • прогнатия -жоғары жақ төменгі жақтан алға шығып тұрады;
  • прогения – төменгі жақтың алға шығуы;
  • тістердің дұрыс орналаспауы;
  • еріннің түрлі кемістіктері;
  • таңдай параличі;

   Жүре пайда болатын кемістікке жататындар:

  • сүйектер мен бұлшық еттердің зақымдалуының нәтижесінде артикуляциялық аппаратта пайда болатын түрлі кемістіктер.

   Дұрыс тістеу – бұл  астыңғы алғы тістер үстіңгі  тістермен сәл жабылып тұрады.

   Органикалық дислалияға  жататын кемістік бұл ринолалия.

   Ринолалия – ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бүлінуі.

 

 

  Ринолалияның түрлері:

  1. Ашық ринолалия – сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді.
  2. Жабық ринолалия – ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м,н» әріптерін атағанда білінеді.

   Ашық ринолалияның себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың  қысқалығы, таңдайдың параличі.

   Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы.

   Ринолалик балалар өте  әлсіз болады. Осының өзі олардың  сөйлеуінің дамуына әсер етеді. Туылғаннан кейін олар өте кеш отыра бастыйды, сөйлей бастағанда көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Олар мектепке барған уақытта түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Мұғалімдер оны түсінбеуі мүмкін, айналасындағы балалар да мазақтауы мүмкін. Бұның бәрі оның психикасының дамуына әсерін тигізеді. Кейбір ринолалик балалар өздерінің осындай кемістіктерінен мектепті тастап кетеді де көп сөйлемейтін жұмыс, мамандық іздей бастайды. Міне, сондықтан ринолалик балаларға ерте кезден бастап жәрдем көрсету керек. Бұл жәрдемді хирург пен логопед мамандары көрсете алады.

   Мысалы, «хейлопластика» - бұл  туғаннан кейінгі бірінші аптада баланың жоғары ерніне жасалатын операция.

   «Уранопластика» - жасанды  таңдай жасау. Бұл операция 5-6 жасында  жасалады. Қазіргі мәліметтерге  қарағанда жыл сайын 5000-нан астам  балалар таңдай кемістіктерімен  туылады.  Бұның себебі: сөйлеу  аппаратының жетілмеуі, түрлі инфекциялық, вирустық аурулар, тұқымқуалаушылық.

   Дислалия сөйлеу тіліндегі бұзылған дыбыстардың санына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер баланың сөйлеу тілінде мүкістердің саны төрт дыбысқа дейін байқалатын болса – оны қарапайым дислалия деп атайды, ал егер бесеу және одан да көп болса – оны күрделі дислалия деп атайды.

   Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың  мүкістік ерекшеліктеріне қарай  бөлінетін дислалияның түрлері:

  1. Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;
  2. Ротацизм – «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
  3. Ламбдацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
  4. Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;
  5. Каппацизм – «к» дыбысы;
  6. Гаммацизм – «г» дыбысы;
  7. Хитизм – «х» дыбысы;
  8. Йотацизм – «й» дыбысы;

   Алалия грек сөзі, «қолдануға жарамайтын болымсыз тіл» деген мағынаны білдіреді. Демек алалия деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады. Сөйлеу тілінің мұншалықты бұзылуына негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себеп болады. Органикалық зақымдануға мидың қабынып ісінуі, сырттан болатын қатты соққыдан зақымдануы, босанған кезде миға қан кетуі және нәрестенің құрсақтағы дамуы кезеңінде және толғақ кезінде, сондай-ақ дүниеге келгеннен кейінгі бір айлығынан бір жас аралығындағы дамуында ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы жатады. Сонымен қатар, алалияның пайда болуына менинго-энцефалит, рахит және қызылшаның асқынған түрі тыныс алу жолдарының қатты сырқаттануы және нәрестенің алғашқы айларындағы ұйқысы мен тәбетінің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Бас миының үлкен сыңарының сөйлеу тілі аймағындағы жинақталған зақымдардың өздеріне тән ерекшеліктеріне байланысты алалия моторлы және сенсорлы болып бөлінеді.

   Моторлы алалияда сөйлеу тілін қимылдатып қозғалысқа келтіріп тұратын анализатордың қызметі бұзылады. Моторлы алалик балаларда назар аудару, көңіл қою, зер салу, ықыласпен қарау немесе бір нәрсені елеу, ілтипатқа алу, ескеру және есінде сақтау сияқты жоғарғы психикалық функциясының даму деңгейінің төмен екендігі байқалады. Баланың психофизикалық жағдайының әлсіздігінен оның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді және болдырып тез шаршайды. Сонымен қатар мұндай балалардың дене түзілістері және соған орай олардың қимыл-қозғалыстары да бұзылған. Олар ебетейсіз жүреді   және жиі-жиі сүрініп кетіп құлай береді, музыканың ырғағымен қимыл жасап жүруді білмейді. Артикуляциялық аппаратының қимыл-қозғалыстарының дамуы айтарлықтай дәрежеде жетілмеген. Мысалы, бала тілін жоғары көтеріп және сол қалпында ұстап тұру, үстіңгі ернін жағалата жалау, таңдайын тақылдатып қағу, тілін екі жағынан қусырып сүйірлеу және т.б. сияқты артикуляциялық аппараттың қарапайым қимылдарын орындай алмайды. Моторлы алалияға шалдыққан балалардың өздеріне қарасты қарап айтылған сөздерді түсінуі біршама сақталған. Олар ересек адамдардың сөйлеген сөздерін ықыласпен тыңдай алады, қарапайым жай тапсырмаларды, өтініштерді орындайды. Қорыта келгенде, олар сөздерді жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.

   Сенсорлы алалия. Сөйлеу  тілін түсініп ұғынудың және  сезіп түсінуінің бұзылуы сенсорлы  алалияның ең басты сипаты болып саналады. Алайда сенсорлы алалияда есту қабілеті толық сақталады. Демек, сенсорлы алалия бас миының сол жақ жарты шарының самай аймағының зақымдануынан пайда болады. Мұндай балалар өздеріне қарата айтылған сөздерді мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді. Олар дыбыстардың ерекшеліктерін ажырата алмайды, яғни оларға айналасындағы құбылыстардың қимыл қозғалыстарынан шығып жататын әр түрлі дыбыстардың барлығы да бірдей сияқты болып көрінеді.

   Тұтығу – нң ауыр кесел. Оның себептері:

  1. Қорқу;
  2. Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;
  3. Ата-анасының тұтығуы;
  4. Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.

   Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін. Тұтығудың пайда болу себептері көп. Кейде олар жұқпалы аурулардан кейін, дене әбден әлсірегенде пайда болады. Баланың қоршаған ортаның оған көзқарасы, ол туралы әділетсіз баға да, жалтақ сөйлеуге, қорқып сөйлеуге әкеп соғады. Осындай фактілердің жиіленіп қайталануы – баланың тұтығуына әкеп соғады.

   Мысалы, кейбір ата-аналар  балаларының қабілетін жұртқа  мақтаныш ретінде көрсеткісі  келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең, тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді.

Информация о работе Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері