Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін) бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2015 в 08:47, курсовая работа

Краткое описание

Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) – жерлік учаскеге меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен сапалық күйі, құны, т.б.) және нарықтық экономиканың тіршіліктік (функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады. Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және т.б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................... 4


1.Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы............................................ 6


2. Топырақ бонитетін анықтау әдістері мен тәсілдері....................... 11
2.1 Топырақ бонитеті - Мемлекеттік жер кадастрының
маңызды бөлігі.......................................................................................21
2.2 Топырақ бонитетінің критерилері мен
негізгі принциптері................................................................................30


3. Топырақ бонитетінің балдарын шығару тәсілдері....................... 36
3.1 Бұрынғы Одақтағы және Қазақстандағы алғашқы
жерді бағалаудың принциптеріне қысқаша шолу..............................45
3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі.......50
3.3 Топырақ бонитетінің (1979ж) Мемлекеттік
әдістемесі ..............................................................................................52


4. Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін)
бағалау.........................................................................................53
4.1 Топырақ бонитировкасындағы және топырақ
зерттеудегі материалдардың жағдайы................................................67
Топырақ бонитировкасын жүргізу жұмысындағы негізгі
көлемі, мерзімі және бағасы................................................................70

Қорытынды...........................................................................................72

Қолданылған әдебиеттер .....................................................................73

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Топырақ-бонитетінің-балдары.doc

— 441.00 Кб (Скачать файл)

Шөлейттік қоңыр топырақ кескінінде әлсіз қабат-қабат түйіртпекті және борпыл құрылымды, құбалау-қоңыр немесе ашық құба түсті, қарашірінділі-элювилі /гумус шайылатын / А1 жиекше айқындалған. Көбінесе оның үстінде жұқа қабықша байқалады. Қарашірінділі жиек қалыңдығы 10-15 см, ол төмен қарай, түйіртпектері үлкен кесекті немесе тоң кесекті, тығыздалған немесе тығыз құрылымды, түсі күңгірттеу-сұр қоңыр иллювилі /шайынды заттар шоғырланған/ В1 жиекшеге ауысады. А1+А2 жиекшелердің қалыңдығы -30-35 см.

Қарашірінділі-иллювилі жиектен төмен біркелі реңді емес, ақшыл карбонат дақтары бар, сарғыш қоңыр иллювилі карбонатты Вк жиек жатыр, ол тығыз салындығы, тоңкесек немесе жаңғақ түрлі түйіртпекті келеді; 80-100 см тереңдіктен ол оқшау, ғаныш /Сғ/ шоғыры бар аналық жыныспен жалғасады; оның астында жеңіл еритін тұздар /Ст/ жиынтығы байқалады.

 

Шөлейттік қоңыр топырақтар арасында құмбалшықтылары мен бірге құмайтты және құмды түршелерді де кеңінен тараған. Топырақтың механикалық құрамына тән ерекшелік тозаңды түйірлер тобы кескін бойы біркелкі таратылмайды және оның көп мөлшері, тұрақты кебір белгісі бар, В1 жиекшенің төменгі бөлігінде шоғырланады. Онда кебірлік қасиет ұлғайған сайын, тозаңды түйір мөлшері де артады.

Шөлейттік қоңыр топырақтың физикалық қасиеттері қолайсыз, қатты бөлегі түйіртпексіз, иллювилі жиек тым тығыз /құрғақ күйінді/, суөткізгіштігі төмен.

Шөлейттік қоңыр топырақтарды құнарлылығы мен ылғалдылығы төмен болғандықтан, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге тек қана суармалы жағдайда ғана мүмкін. Солай болғанда басты назарды бұл аймақта топырақтың қайта сортандануына, кебірленуіне және жел эрозиясына қарсы тұрақты, озат жүйелі агротехнология мен агроормандық мелиорация шараларын игеру керек. Суармалы егіншілікке біркелкі кебірленбеген, сортанданбаған массивтердің топырағы жарамды. Дегенмен ең қолайсыз-шабынды, далалық қоңыр топырақ. Тұщы ыза деңгейі құрылық бетіне жақын жатқан, механикалық құрамы жеңіл, шабынды далалық қоңыр топырақтар бақша, көкөніс және жеміс ағаштарын өсіруге қолайлы. Жылу қоры жеткілікті болғандықтан, шөлейттік қоңыр топыраққа суармалы жағдайда өте бағалы дақылдар өсіруге болад

8кест-Қостанай облысының топырағының балл банитетін есептеу

Топырақ-тар

Индекс

Қара-

шірінді

0-50см

Негіз-гі

балл

Түзету коэфициенттері

Негіз-гі балл

М/қ

тұз

тас

топ.

қаб.

қал.

Жер аст. Су дең.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Кәдімгі қара топырақ

Ч2 тс

4,7

67

0,95

1,0

-

-

1,0

1,0

64

Ч2 тсСН1

4,5

64

0,95

0,92

-

-

1,0

1,0

57

Ч2 глСН3

4,4

62

0,95

0,46

-

-

1,0

1,0

28

Оңтүстік қара топырақ

Ч1 тсСН2

3,9

55

0,95

0,54

-

-

1,0

1,0

29

Ч1 глСН3

3,5

50

0,95

0,46

-

-

1,0

1,0

22

Қара қоңыр топырақ

К3 тс

3,0

42

0,95

1,0

-

-

1,0

1,0

40

К3 тсСН3

2,8

40

0,95

0,44

-

-

1,0

1,0

16


 

 

 

ҚР солтүстік облысындағы балл банитетті есептеудегі, көрсетілген түзету коэфициентінің талдауы мынадай тұжырымдама береді:

1. ҚР солтүстік облысындағы топырақтың сапасын бағалау және балл банитеті 1979 жылғы методика бойынша (қарашіріндінің негізгі балынан басқа) жүргізіледі.

2.Әр облыста өзінше түзету  коэфициенті сияқты сапаны бағалау  белгілері топырақтың ерекше  қасиеттеріне және белгілеріне  сәйкес критетилері қойылған.

3. 1979 жылғы методика бойынша  ұсақтасты және гидроморфты топырақтарға  түзету коэфициентін анықтау  әдістеріне ешбір облыстан қолданыс  таппаған. Бұндай  жағдай натриді  сіңіру және топырақ тұздылығында  да орын алған.

Сондықтан, барлық солтүстік облыстарда «өздерінің» түзету коэфициенттері ойластырылған, (1985ж СКО, Қостанай) осының негізінде Мемлекеттің қаржылық бюджетінен алынып суарылмайтын топырақтың балл бонитеті есептелінген.

4.Облыстық филиалдар қосымша  келесі қасиеттері мен белгілеріне сәйкес түзету коэфициенттері жүргізілген:

1)топырақтың механикалық құрамына

2)кебірлігіне

3)корбанатына

4)солодтануына

5)ұсақтастылығына

6)қаңқалығына

7)топырақ ұлпасының қабатының  қалыңдығына

8)гидроморфтынығына

9)тау жынысының шығуына

10)комплекстілігіне

11)эрозияланғандығына (алғашқы эрозия)

12)тұздылығына

13) тау жынысының тереңдікте  орналасуына

14) қиыршықтылығына

16) жауып кетуіне (су эрозиялық)

17)глейленгендігіне.

1979 ж  методикасын қажет ететін  түзету коэфициентінің жалпы  саны 3,4 есе.

5.Солтүстік облыстағы суарылатын  топырақтың қойылған балл банитетін  әртүрлі топырақтың қасиеттері  мен белгінеріне түзету коэфициентімен  есептелінетіндіктен оны дұрыс  қойылмаған деп есептеу керек.

 

Осындай жағдайларда 1979 жылғы методика Солтүстік филиалындағы топырақзерттеушілерді қанағаттандырмағандықтан Методиканың өздігінен өзгеруіне әкеп соқты.

Методиканың өзінше өзгеруі Орталық органның келісімінсіз (Гос НПЦзем) жүргізілгендіктен бұны ақтамайды.

Сондықтан, өздерінің облыстық түзету коэфициенттерінің қойылуы мынаған әкелді, топырақ бонитировкасындағы құжаттардың сәйкессіздігіне және қала шетіндегі райондар мен қосылған облыстарда даулы жағдайларға.

Бұл жағдай ұзамай шешілуі керек. Біздің көзқарасымыз бойынша, Облыс филиалдары қойған түзету коэфициенттерін жақсылап қарап шығу, әрбір топырақ сапасын бағалау критерилерін ғылыми негіздеу және олардың санын неғұрлым минимумға дейін азайту.

Онымен бірге қарашіріндінің этолонды көрсеткіштеріне түзету жұмыстарын жүргізу керек, егістік жерде қарашіріндінің 14-18%-ке азаюын есепке ала отырап (мәліметтер СКО-дан), нәтижесінде ортагумусты қаратопырақ азгумустының қатарына қосылған, ал азгумусты әлсізгумусты топырақтың қатарына қосылған (мәлімет Қостанай облысы бойынша).

Ал түзету коэфициенттері бойынша мыналарды көрсетуге болады:

1.Оқығаннан кейін мына түзету  коэфициенттерін анықтауға және  талдауға қолдану керек:механикалық  құрам, кебірлік, жер асты суы, тұздылық, эрозия (су, жел) , тау жынысының өту  тереңдігі.

2.Түзету коэфициенттерінің ұсақтастылығына, тастылығына, қаңқалы, қиыршықтылығына.

3.Глейлену критериін жер асты  суына (гидроморфтыға) қосу керек.

4.Климаттық жағдайы- космостық  факторлар, яғни топырақ емес, олар  «жер» түсінігінің қосылыстары  болып табылады, жер учаскесінің  балын анықтағанда қолданылуы  мүмкін, егер осындай жағдайлар туындап жатса.

 

 

4.1 Топырақ бонитировкасындағы және топырақ зерттеудегі материалдардың жағдайы.

 

Республикада әр кезеңдегі топырақ зерттеу құжаттары 182,5 млн.га аумақты және әртүрлі деңгейдегі ауылшаруашылық дақылдарының топырақтары 82% құрайды.

Қазіргі уақытта ауылшаруашылығына арналған топырақ зерттеулері әр жылға толығымен арналған.

1986 ж. дейін әртүрлі сатыдағы топырақ зерттеулері 178 млн.га  аудандарда орындалған,  олардағы 22,3 млн.га егістік. Бұл жұмыстар ауылшаруашылығына арналған жерлерде 84,3 млн.га, олардағы 20,2 млн.га егістік.

1986-2002 жж. аралығында  топырақ зерттеулерінің ауданы 53,9 млн.га, сонымен қатар 1986-1990жж. -29,2млн.га, 1991-1995жж.-17,1млн.га және 1996-2002жж. 7,6 млн.га. Ауылшаруашылығына арналған жерлердің топырақ зерттеулерінің көлемі  көрсетілген уақытта 47,2млн.га, және 1986-1990жж.-24,3 ,1991-1995жж.-15,3 , 1996-2000жж.-7,6млн.га (кестеде көрсетілген).

1986-2002жж. егістікте өткізілген топырақ  зерттеулерінің ауданы 15,8млн.га, ауылшаруашылығындағы  жерлердің ауданы 78% -ті құрайды.

1986 ж. топырақ зерттеулер бонитировкамен  қосылып жүргізілді, негізінен, ертеректе  жүргізілген түзетулер мен зерттеулер  және олардың сапаларының жағдайлары  топырақ балл бонитетін анықтауға жарамды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топырақ бонитировкасын жүргізу жұмыстарындағы негізгі көлемі, мерзімі және бағасы.

 

«Қазақстан Республикасында Ірімасштабты топырақ зерттеу инструкциясы» бойынша (Алматы қаласы,1995 ҚР Госкомземом бекітілген), Ірімаштабты топырақтарды зерттеу жұмыстары суарылмайтын жерлерде 15 жыл, суарылатын жерлерде 10 жыл сайын жүргізіліп отырады.

Ауылшаруашылық құрылымдағы кәсіпорындардың көбеюіне байланысты, жер учаскесіне деген ауылшаруашылық өндіріс орындарында сапа куәліктерін енгізу , топырақ зерттеудегі материалдар сапасын және бонитировка ізденістерінің көлемін ұлғайту қажет.

Бірінші кезекте (2003-2005ж),  ауылшаруашылық жерлерге арналған құжаттарды жаңарту (1986ж дейін  ауданы 15,0млн.га) және бірінші кезекте, ауданы 5,2 млн.га құрайтын егістіктерде жүргізіледі.

 Жылдағы ізденістер көлемі 5млн.га құрайды және 90 жылдардағы зерттеу бағдарламаларының деңгейіне жетеді.

Болашақта (2006-2010жж.) 1986-1990жж. жүргізілген ауданы  24,3 млн.га , ондағы 8,2 млн. Га егістік, ауылшаруашылық жерлердегі құжаттарға жаңарту қажет болады.

Одан кейін 1991-1995жж.  жалпы ауданы 37,4 млн.га,  ондағы 5,1 млн.га егістік жерлерінің құжаттарын жаңарту.

Топырақ зерттеу құжаттарын жаңарту жұмыстары топырақ бонитировкасымен бірге жүргізілуі керек.

Көлемі, мерзімі және жұмыстардың бағасы келесі  кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

        Қорытынды

 

Бонитеттеу нәтижесі топырақтарды егіншілікке игергенде құнарлылығында мүмкін болатын өзгерістерді сандық бағалауға және  топырақ құнарлығын сақтау мен көтеру арқасында ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнімдер алуға арналған шараларды құрастыруға негіз болмақ.

Топырақ зерттеу кезінде оның басқа топырақтармен салыстырылғандағы өнім беру мүмкіндігінің қаншалықты айырмашылығы бар екендігі анықталады. Топырақ бонитетінің мақсаты- топырақтың құнарлылығын оның даму тарихымен байланыстырып, сол даму барысындағы табиғи және әлеуметтік өзгерістердің топырақтың құнарлылығына деген әсерін анықтау.

Топырақ бонитеттеу үшін оның барлық қасиеттерін толығымен зерттеп, топырақтың құрамын, құрылымын, көпжылдық ауылшаруашылық дақылдарының бірнеше жылдық өнім беру мүмкіндігін қарастырып, зерттеп, зерделеу қажет.

Топырақты бонитеттеу экономикалық бағалаумен жалғасады, ол деген-жер қорының құрамды бөліктерін өзара салыстыру арқылы оның тиімділігін анықтау. Экономикалық бағалауда, тек топырақ құнарлығын анықтап қана қоймай, ауылшаруашылық өндірісінің басты құралы сапасында белгілі территорияның өнім алудағы шығын мөлшерін анықтайтын құрлық өзгешеліктерін (жер бедері, топырақ жамылғысы, өнім өткізу орнының алыстығы, т.б.) есептейді. Экономикалық бағалаудағы есептер бағамен жүргізіледі, оның маңызды көрсеткіштеріне алынған азықтың жалпы мөлшері және таза табыс жатады.

 

 

 

 

                          Қолданылған әдебиеттер

 

1. Оспанов Бақыт, Жамалбеков Есбол. «Қазақстан жер қорлары, оларды бағалау және тиімді пайдалану». Қаз. Ұлттық унив-ті. Алматы: 2005ж.

2. Тазабеков Тілепбай «Топырақтарды  жақсарту, бағалау және қорғау». Алматы: Қазұлтагру, 2004ж.

3. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р  Н. «Жалпы топырақтану және топырақ  географиясы». Алматы: Қазақ унив-ті 1997ж.

4. Тазабеков Т.Т. «Топырақ географиясы». Қазақ мемлекеттік Аграрлық унив-ті , Алматы: 2000ж.

5. Давлятшин И.Д. «Принципы и критерии бонитировки почв. Алма-Ата: КазНИИНКИ. 1990г.

6. Антропов, Виктор Николаевич, Каржанов Курмангали Д. «Бонитировка и экономическая оценка земель». Алма-Ата: Наука, 1987г.

7. Родомакин, Александр Федорович  и Федорин Ю.В.  «Качественная  оценка земель». Алма-Ата, «Қайнар» , 1970г.

8. Ю.Г.Евстифеев. «Почвы казакской  ССР  выпуск 6  Кустанайская область». Академия наук Казахской ССР. Алма-Ата 1966г.

 


Информация о работе Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін) бағалау