Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 19:47, курс лекций
Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен жинақталып талданған аудиторлық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат аудиторлық дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде аудитор өзінің негізделген пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен мәндік процедуралар сияқты процедураларды пайдалана отырып қажетті аудиторлық дәлелдер жинайды.
Лекция 9
1.Аудиторлық дәлелдер және олардың түрлері.
2. Аудиторлық дәлелдер алу көздері. Аудиторлық дәлелдеу олардың іс-әрекеттері.
Лекция 10
Аудиторлық құжаттау және олардың түрлері.
Жұмыс құжаттарының ролі мен маңызы.
Тақырып 5.Аудиторлық дәлелдеу
және құжаттау.
Лекция 9
1.Аудиторлық дәлелдер және олардың түрлері.
2. Аудиторлық дәлелдер алу көздері. Аудиторлық
дәлелдеу олардың іс-әрекеттері.
Лекция 10
1.Аудиторлық дәлелдер және
Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен
жинақталып талданған аудиторлық қорытынды
жасауға мүмкіндік беретін ақпарат аудиторлық
дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің
дұрыстығы жөнінде аудитор өзінің негізделген
пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен
мәндік процедуралар сияқты процедураларды
пайдалана отырып қажетті аудиторлық
дәлелдер жинайды.Олар:
Аудиторлық процедуралар екіге бөлінеді:
бақылау тесті, мәндік процедуралар.
Бақылау тесті ұйымның жарамдылығы ішкі
бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйесінің
қызмет етуінің тиімділігі туралы аудиторлық
дәлел алу мақсатында алынатын тесттер.
Мәндік процедуралар қаржылық есеп берудегі
қателіктер мен заң бұзушылықтарды анықтау
үшін алынатын тестер. Олар екіге бөлінеді:
Аудит бағдарламасын түзуде аудиторлық
дәлел жинау үшін қандай аудиторлық
процедуралар және қандау көлемде орындалатынын
анықтап алу керек.
Аудиторлық дәлелдерге телаптар 500-ші
аудиторлық дәлелдер деп аталатын халықаралық
аудит стандарттарымен реттеледі.
Аудиторлық дәлелдердің келесідей түрлері
болады: ішкі, сыртқы, аралас.
Ішкі дәлел аудиттелетін ұйымнан ауызша
немесе жазбаша түрде алынатын ақпарат.
Сыртқы дәлел үшінші тұлғадан аудиторлық
ұйымның сұрауы бойынша алынған жазбаша
түрдегі ақпарат.
Аралас дәлел аудиттелетін ұйымнан жазбаша
немесе ауызша алынып үшінші жақтың жазбаша
түрде растаған ақпараты.
2. Аудиторлық дәлелдер алу көздері. Аудиторлық
дәлелдеу олардың іс-әрекеттері.
Аудиторлық дәлелдерді алу көздері:
Ғылым саласында зерттеу, оның шындықты
анықтау үшін ғылым тану жолын
оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде
ғылым тану құралы ретінде қолданылады.
әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес
оның әдістерінің де өзіндік айырмашылығы
болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму
ағымында теориялық тұрғыдан философиялық
анықтама бойынша барлық ғылым саласына
бірдей әмбебап әдіс-ол диалектикалық
әдіс деп танылған. Диалектикалық әдістің
негізі-табиғаттағы экономикадағы құбылыстың
барлығы өзара байланысты деп зерттеп
қарастыруында. Себебі, диалектикалық
әдіс өмірдегі барлық құбылысты өзара
объективтік заңдылықпен байланыста екенін
негізге алуында. Сондықтан да диалектикалық
әдіс қандай ғылым саласы болса да оның
ғылыми методологиясының негізін құрайды.
Аудит, экономика ғылым саласына қосылады,
оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін
пайдалану үшін аудитке тән ғылыми әдістер
тобы оның методологиясын анықтайды, олар
өз кезегінде жалпы методология және жеке
методология болып бөлінеді.
Аудиттің жеке әдістемесі диалектика
принциптері мен жалпы ғылыми теориялық
зерттеу заңдылықтарынан құралады.
Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым
саласына тән әдістер тобынан құралады;
олар: талдау және топтау, индукация және
дедукация, бақылау, салыстыру, өлшеу.
Осы аталған әдістердің барлығы философияның
гнесология теориясы бөлімінде толық,
жан-жақты қарастырылған.
Анализ-ғылыми зерттеу әдісі, оның негізгі
объектісі соның құрамына, бөлшегіне жекелеп
мазмұн, мағынасын анықтап, өз кезегінде
тұтасты құрайтын әр бөлшек жеке талдауға
жататын құрамға айналады. Синтез (топтау,
біріктіру, қорытындылау) ғылыми зерттеу
әдісі оның негізгі зерттеу объектісімен
құрамының арасындағы өзара байланысына
талдау жасап мазмұн, мағынасына анықтау
жасап қорытындылайды.
Аудит процесінде анализ және синтез аудит
объектісіне осы әдістер арқылы талдау
жүргізу үшін қажет. Осы әдістердің ерекшеліктеріне
сәйкес талдау объектісінің жекелей және
топтаулы түріне де талдау жасау оның
мазмұн мағынасын анықтауға болады. Аудит
барысында шаруашылық субъектілерінің
қаржылық-табыстылық көрсеткіштерін талдау
үшін дедукция-индукция әдісі қолданылады.
Дедукция (тұжырымдау, қорытындылау) -
ақыл-ойға салып, жалпы көрсеткіштерді
жеке көрсеткіштерге дәлел жасап логикалық
тұжырымдау, қорытынды жасау. Яғни, осы
әдіс қолданған жағдайда кәсіпорын шаруашылығының
жалпы көрсеткіштеріне талдау жасайды,
содан кейін әрбір бөлімдеріне талдау
жасап сол мәліметтер арқылы топтап, қорытынды
жасалынады. Индукция - ақыл-ойға салып
жеке объектілерге талдау жасап, жалпы
көрсеткіштерге анықтама беретін логикалық
әдіс.
Аудит барысында дедукция әдісі шаруашылық
субъектілерінің жалпы көрсеткіштерінің
мағынасы мен мазмұнына талдау жасап оның
жеке құрамдарына байланыстылығын анықтау.
Индукция шаруашылық субъектілерінің
шаруашылығының жеке көрсеткіштеріне
талдау жасап оның жалпы көлемін көрсететін
анықтамаларға байланыстылығын анықтап
қорытынды жасайды.
Сонымен, аудитте қолданылатын жалпы ғылыми
зерттеу әдістерін қарастырдық.
Қорыта келгенде, аудиттің әдістері үш
топқа бөлінеді: 1) аналитикалық анықтау,
есептеу; 2) құжаттау; 3) қорытындылау.
Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі-ол
негізінде экономикалық талдау (топтау,
салыстыру т.б.), аналитикалық тексеру
және статистикалық, экономика-математикалық
әдістер. Осы орайда аудиттің көп тараған
әдістемелік әдісі-ол, шаруашылық субъектілерінің
қаржылық ақпаратының құрамының аналитикалық
есебін тексеру. Мысалы, өндіріс шығынын,
оны сатудан түскен төлем сомасымен салыстыру,
онда анықталған өзгеру мөлшерінің нендей
себептен болғанын, факторлардың әсерін
есептеу.
Аналитикалық тексеру әдісі аудиттің
барлық кезеңінде қолданылады. Жоспарлаудан
бастап күнделікті тексеруде, қаржылық
ақпаратын жасауда, онда кездескен өзгертулерді
анықтауда және кәсіпорын шаруашылығының
даму жолын бағдарлау барысында аналитикалық
тексеру үздіксіз жүргізіліп отырады.
Әдістемелік құжаттау әдісі-өз кезегінде
үш топқа бөлінеді: 1) мәліметтік модельдеу;
2) нормативтік құқылық жолын анықтау;
3) есеп құжаттарын зерттеп, тексеру. Мәліметтік
модельдеу дегеніміз-аудит объектісінің
мәлімет тасушыға бір жүйеге келтіріп
тіркелген мәліметтерін айтамыз. (Ол алғашқы
құжаттар, магнит барабандары, дискалары,
перфокарта, магнит таспасы, есеп кестелері,
ақпараттар).
Мәліметтік модельдеу мақсаты тексеру
объектісінің нормативтік-құқылық, ақпараттық,
бухгалтерлік мәліметтерін бір жүйеге
келтіріп аудит жүргізуге ыңғайластыру.
Мысалы, аудит жүргізу үшін өндіріс процесінің
моделін алатын болсақ, онда шығыны жоспарланған
өлшемде, нақты шығын өлшемінде, оның цехтар
арасындағы құбылыс қозғалысы, оның бухгалтерлік
құжаттарға тіркелуі, жауапкершіліктегі
есебі тағы басқа көптеген мәліметтер
бір жүйеге келтіріп, мәлімет моделін
құрайды.
Нормативтік-құқықтық жолын анықтау әдісінде
заң тұрғысынан ереже нұсқаудың, нормативтік
құжаттар талабының ішкі ереже тәртібінің
орындалуын анықтайды. Мысалы, түгелдеу
тәртібінің заңды жүргізілуін бақылау
үшін түгелдеу жүргізудің ереже-нұсқауының
дұрыс қолданылуы бақылау қажет. Нақты
мүлік түгелдеу, қаржы қорларын тексеру,
ақша қаржысын тексеру ережелерінің дұрыс
қолданылуы.
Есеп құжаттарын зерттеп, тексеру әдісінде
сол құжаттарда көрсетілген шаруашылық
әрекеттерінің операцияларының заңдылығы,
қажеттілігі және экономикалық тиімділігі,
шындықты көрсетуін анықтау қажет. Осы
әдісті іске асыру үшін әр түрлі құжаттарды
тексеру түрлері, нақты бақылау әдісі,
әр түрлі есептеу, инспекция өткізу т.б.
қарастырулар қолданылады.
Осы орайда құжаттарды тексерудің бірнеше
түрлерін, әдістерін қарастыруға болады:
формальдық, арифметикалық заңдылық, логикалық
тексеру. Немесе жаппай қарама-қарсы екі
жазу жолымен, шоттарға тіркелу жолымен,
есепті қалпына келтіру әдісімен тағы
басқалай қарастырулармен.
Формалдық әдісте құжаттың барлық реквизиттерінің
дұрыс толтырылғандығы, түзетудің болмауы,
арифметикалық есебі, жауапкершіліктегі
жұмысшылардың қол қоюы қарастырылады.
Арифметикалық тексеруде санау, көбейту
процестерінің мақсат сондағы тіркелген
анықталады. Құжаттың заңдылығын тексерудегі
мақсат сондағы тіркелген операциялардың
заңдылығын және экономикалық тиімділігін
анықтау.
Қарама-қарсы тексеру әдісі бухгалтерлік
есептің дұрыстығын тексеруде өте жиі
қолданылады. Себебі, бір құжат бухгалтерлік
есепте екі қайтара кездеседі. Мысалы,
кәсіпорынға жабдықтаушыдан материал
келіп түссе, материалдың құжатының бір
данасы қоймасының есебінде болса, екіншісі
банк көшірмесінің тіркеуінде болады.
Соларды салыстыру арқылы қарама-қарсы
тексеру жүргізіледі, немесе дүкенші тауар
сатудан түскен ақшаны кассаға өткізеді.
Яғни, касса ордерінің түбірі касса есебінде
болады да оның түбіртегі дүкеншінің есебіне
тіркеледі. Олардың арасындағы құжат көрсеткішінің
дұрыстығы қарама-қарсы тексеру әдісін
қолдану арқылы анықталады. Осы қарама-қарсы
тексеру әдісін қолдану арқылы ұрлық немесе
әдейі қиянат жасаушылық қылмыстары анықталады.
Есепті қалпына келтіру әдісі-ол негізінде
аудит процесінде бухгалтерлік есепте
жіберілген қатені түзету. Қате түзету
процесінің бірнеше түрі бар.
Нақты бақылау бухгалтерлік есепте
және аудит барысында ерекше орын
алатын бақылау-тексеру әдісі. Оның
негізгі мақсаты кәсіпорын
Түгендеу. Бухгалтерлік есепте және
аудитте түгелдеу әдісі ол кәсіпорын мүлкінің,
негізгі құралдың, тауардың, материалдың,
ақша қаржысының, құнды қағазының есеп
айырысу әрекеттерінің нақты бір кезеңде
түгелдеу барысында бухгалтерлік есеп
көрсеткішіне сайма-сай дұрыс екендігін
анықтайды. Түгелдеу процесінің қорытындысы,
бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен нақты
тексеру құжаты "инвентарлық тізімде"
анықталған сомамен салыстыру арқылы
анықталады. Яғни, бухгалтерлік есеп көрсеткіші
тізімі қорытындысынан артық болса, оның
айырмасы жетпеген соманы көрсетеді. Қандай
көрсеткіш (t1-) анықталған жағдайда да
аудит барысында оның себебін анықтау,
оған анықтама жасау, түсініктеме беру
аудитордың міндеті.
Аудит барысында түгелдеу процесіне тікелей
бақылау жасалынады. Себебі, көп жадайда
есеп процесіндегі кемшілік немесе қиянатшылық
осы түгелдеу процесінде анықталады, екіншіден
барлық бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің
дұрыстығы көп жағдайда осы түгелдеу қорытындысымен
тікелей байланысты болады. Осы орайда,
ерекше орын алатын есеп процесі ол қоймадағы
тауардың, материалдың аналитикалық есебі.
Оны жүргізу әдісі қазіргі кезде септеу
машинасы арқылы немесе компьютер қолдану
арқылы, ал көп жағдайда қолмен есеп карточкалары
арқылы жүргізіледі. Аудит барысында аналитикалық
есеп жұмысын тексеру өте күрделі процесс.
Ол жұмыста қате жіберілсе немесе әдейі
өзгерістер енгізілсе оның кәсіпорын
шаруашылығына тигізетін әсері өте күрделі.
Соның салдарынан өндіріс процесінде
толқушылық, өндіріс өнімнің сату қуатының
өзгеруіне жалпы шаруашылық қаржылық-табыстылық
жағдайына әсерін тигізеді. Мысалы, өндіріске
қажетті материалдың сапалылығы өзгертілсе
оның бағасы да өзгереді. Ал, ол өзгерістер
материалдарды кіріс-шығыс жасауда құжатқа
бір бағамен, басқа сапамен есепке алынады.
Соның көрсеткіштерінің арасында көптеген
айырмашылықтар болады да еншісінде немесе
пайдасында қалады. Яғни, соның нәтижесінде
шаруашылықтағы субъектілер, оның сыбайластары
көп зиян шегеді.
Кәсіпорын экономикасында материалдарды,
тауарды түгелдеу сияқты негізгі құралдарды
бухгалтерлік есебіндегі ерекшеліктеріне
сәйкес өзіндік айырмашылығы болады. Мысалы,
түгелдеу тізімі негізгі құралдың аналитикалық
есеп карточкалары арқылы толтырылады.
Сол сияқты ақша қаржысы мен құнды қағазды
түгендеу процесі де өзінің бухгалтерлік
есеп, ереже-нұсқау талаптарына сәйкес
жүргізіледі.
Шаруашылық субъектілерінің есеп-айырысу
әрекетіне түгелдеу жүргізу өте күрделі,
оның тауарлары аудит жұмысы үшін өте
қажет. Егер де жабдықтаушыға алған тауары
үшін төлем жасалмаса немесе сатып алушылар
алған тауарына төлем жасамаса ол кәсіпорынның
қаржылық, табыстылық жағдайы туралы жұмысын
текеру мүмкін емес.
Қорыта келгенде аудитор түгелдеу жұмысы
туралы өзінің қорытындысын жасайды. Ал,
кездейсоқ, өрескел жағдайлар анықталса
тапсырушыға арнайы әр фактілер туралы
жеке-жеке анықтама жасап тапсырылады,
ол бірақ аудиттің құпиялық принципін
сақтау тәртібімен жүргізіледі.
Сараптау. Нақты тексеру барысында
сараптап анықтау әдісі негізінде өндіріс
барысын бақылау ретінде қолданылады.
Оның ішінде өндіріс технологиясының
дұрыстығы, өндіріске жіберілетін шикізаттардың,
материалдардың, өндіріс технологиясының
талабына лайықты екенін, жаңа өнім сапалылығын
сараптау, өндіріс процесіндегі шикізат
пен материалдардың қосалқы шығынын сараптау
тағы сол сияқты көптеген процестерге
сараптау жүргізіледі.
Бақылау - бұл да нақты тексерудің
бір түрі. Оның негізгі мақсаты күнделікті
шаруашылық барысын тексеру, бақылау жасау.
Мысалы, күнделікті өндіріс барысына бақылау
жасау, еңбек жұмыс тәртібін бақылау, материалдар
тасу, дайын өнімнің сатылу барысын олардың
қоймада сақталу тәртібін бақылау.
Қорыта келгенде аудитор жұмысында әдістемелік
тексеру әдістері үлкен орын алады. Оның
ішінде қазіргі кезде тексеру барысында
компьютер қолдану, тапсырушының компьютер
құрылымымен жұмыс істеуі ерекше орын
алады. әрине ол үшін аудитор компьютер
бағдарламасын жақсы білуі қажет.
Лекция 10
1. Аудиторлық құжаттау және
230 "Құжаттау" деп аталатын Халықаралық
аудит стандартында "аудитор аудиторлық
қорытындыны растаушы дәлелдеулерді,
сондай-ақ, аудиттің Халықаралық стандарттарға
(ХАС) сәйкес жүргізілгендігін растайтын
дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы
бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге
тиісті" делінген. Аталмыш құжатқа сәйкес
аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету
үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде
толық және аяқталған болуға тиісті.
Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың
аудитті нормативтік-құқықтық актілерге
және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға
сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.
Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден
тұрады:
- олар аудитті жүргізу және жоспарлау
кезеңіңде көмектеседі;
- олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға
және аудитке бақылауды ұйымдастыруға
жағдай туғызады;
- оларда аудиторлық қорытындыны растаушы
процедуралардың орындалуы нәтижесінде
алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.
Құжаттарды дәлелдеу маңыздылығы бойынша
4 топқа бөлеміз:
2. Жұмыс құжаттарының ролі мен маңызы.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны.
Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық
жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған
аудиторлық процедуралардың көлемі және
мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ
алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде
жасалынған қорытынды-пікірлер туралы
ақпараттарды көрсетуге тиісті.
Аудит практикасында жұмыс құжаттарының
унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық
стандарттарда да, халықаралық стандарттарда
да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік
стандарттарға сәйкес жасалынады және
сол стандарттармен бекітіледі.
Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар
артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
- жұмыс құжаттарын дайындау және оған
шолу жасаудың тиімділігін арттырады;
- жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;
- сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік
береді. Жұмыс құжаттарының нысаны мен
мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:
- көрсетілетін қызметтің сипаты;
- аудиторлық қорытынды есептің нысаны;
- клиент бизнесі;
- ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;
- аудитті орындау процесінде қолданылатын
әдістеме.
Жұмыс құжаттарының мазмұнына қойылатын
негізгі талаптар.
Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды
растауға (дәлелдеуге) тиісті:
1. Бухгалтерлік жазулар қаржылық және
басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес
орындалған;
2. Жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған;
3. Аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі
бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;
4.Дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар
жүзеге асырылған және тексерулер пікірлердің
дұрыс білдірілгендігін растау үшін жетік
дәлелдеулер алатындай етіп жүргізіледі.
Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын
аудиторлық қорытынды жасау үшін аға аудитор
немесе аудиторлық фирманың жетекшісі
мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың
мазмұнында сәйкессіздік немесе толық
еместік табылып қалуы мүмкін екендігін
мойындауға тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс
құжаттарын клиент дайындайтындығын айта
кету керек. Клиентті кеңсе жұмыстарына
жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды
аудитордың өзі тексеруіне тура келеді.
Ондай құжаттар төмендегілер болуы мүмкін:
- Тексеруші баланс.
- Банк шоттарынан үзінділер.
- Түгелдеу тізімдемесі.
- Дебиторлар мен кредиторлардың тізімі.
- Келіп түскен және шыққан негізгі құралдардың,
материалдық емес активтердің және т.б.
тізімі.
Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі
талаптар.
Жұмыс қүжаттарының толық саны (тізімі)
әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирма
ішілік стандарттарымен анықталуға тиісті.
Тұрақты аудиторлық папкада: Жарғының
және құрылтай келісім-шарттарының, статистикалық
карталардың, тиісті қызмет түрлеріне
алынған лицензиялар, партнерлермен жасалынған
келісім-шарттар, бизнес-жоспарлар, есеп
саясаты жөніндегі бұйрықтар, жұмысшы
шоттар жоспары, ұсыныс хаттары.
Ағымдағы құжаттардың картотекасы:
- жоспарланған жұмыстар туралы жазу үшін
жүргізіледі;
- жүзеге асырылған процедуралармен, жүргізілген
тестілермен, жасалынған қорытынды пікірлермен
бірге, орындалған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі
ақпараттар алу үшін жүргізіледі.
Ағымдағы құжаттардың картотекасында
аудитордың жұмыс құжаттарының көбірек
бөлігі сақталады, сондықтан оларды төмендегі
бөлімдерге топтастырылған тиісті номенклатура
бойынша бөлу дұрыс:
- қаржылық қорытынды есепке шолу жасау
құжаттары;
- аудиторлық тексерудің жоспары мен бағдарламалары;
- нақты тексеру жүргізу нәтижесі бойынша
құжаттар;
- арнайы мақсаттағы құжаттар.
Талқылауға арналған сұрақтар
Дәлелдемелер және олардың
сипаты
Тексеру жүргізгенге дейін, тексеру процессінде
сондай-ақ, оның аяқгалу кезеңінде аудитордың
жинаған және дайындаған мәліметтері
өткізілген аудиторлық тексерудің куәлігі
(дәлелі) болып табылады. Бұл мәліметгердің
бір бөлігі-аудиторлық дәлеледеулер ретінде
қарас-тырылатын құжаттар немесе олардың
көшірмелері.
Аудиторлық дәлеледеулер дегеніміз-аудиторлық
қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың
қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде
пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық
дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті
құруға негіз болған және басқа кездерден
алынған ақпараттарды растайтын бастапқы
құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.
Аудитор тексерілген қаржылық қорытынды
есептің дұрыстығын дәлеледеу үшін өзінің
жинаған дәлелдерінің жеткілікті екендігіне
сенімді болуға тиісті. 200 "Қаржылық
қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты
және оны реттеуші жалпы принциптер"
деп аталатын Халықаралық аудит стандартына
сәйкес аудит қаржылық қорытынды есепте
елеулі бұрмаланғандықтың (қателіктің)
жоқ екендігіне қатысты саналы сенімділікті
қамтамасыз етуге арналған.
Саналы сенімділік дегеніміз-бұл, жалпы
қаржылық қорытынды есепте елеулі қателердің
(бұрмалаушылықтардың) жоқ екендігі жөнінде
жоғары бірақ абсолюттік емес сенімділікті
алу үшін қажетті дәледдеулерді жинауға
қатысты түсінік.
Барлық қолдағы бар дәлелдеулерге егжей-тегжейлі
талдау жасап, оларды бағалау аудиттің
құнын көтеруі мүмкін болғандықтан, бұл
мәселе бойынша айқындық кажет. Ол үшін
аудиторға өзіне қандай дәлелдеулер алу
қажет екендігін, оларды қаңдай көздерден
және қандай процедулардың көмегімен
алатындығын анықтап алу керек. Ол әділ
және негізді аудиторлық қорытынды жасау
үшін жиналған дәлелдердің жеткілікті
әрі сапаға сәйкес келетіндігіне сенімді
болуға тиісті. Аудиторлық дәлелдеулердің
сапасы оларды алу көздеріне байланысты.
Дәлелдеулер алудың негізгі көзі клиент
әкімшілігінен, үшінші жақтан алынған,
сонымен бірге аудитор өзі алған мәліметтер
болуы мүмкін.
Клиент әкімшілігі дайындаған мәліметтерге
төмендегі ақпарат көздерін жатқызуға
болады: