Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 19:47, курс лекций
Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен жинақталып талданған аудиторлық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат аудиторлық дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде аудитор өзінің негізделген пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен мәндік процедуралар сияқты процедураларды пайдалана отырып қажетті аудиторлық дәлелдер жинайды.
Лекция 9
1.Аудиторлық дәлелдер және олардың түрлері.
2. Аудиторлық дәлелдер алу көздері. Аудиторлық дәлелдеу олардың іс-әрекеттері.
Лекция 10
Аудиторлық құжаттау және олардың түрлері.
Жұмыс құжаттарының ролі мен маңызы.
ХАС 260 Басқарушы өкілеттілігі бар тұлғаларға аудиттің аспектілерін хабарлау – тиісті құжаттардың мазмұнын жасау тәртібі ашып көрсетіледі.
Жоспарлау деп аталатын үшінші бөлімде үш стандарт көрсетілген. ХАС 300 – Жоспарлау, ХАС 310 Бизнес білімі, ХАС 320 Аудиттегі елеулілік. Бұларда тиісті жоспарлау процесі, клиент қызметінің бағыты мен сипатын аудиторлардың түсіну маңыздылығы, аудитттегі елеулілік пен аудиторлық тәуекелділіктің өзара байланысы, аудиторлық тексерулерді жоспарлау мен өткізу және олардың нәтижелерін бағалау барысындағы елеулілік ұғымының қолданылуы сиптталады.
Төртінші бөлім Ішкі бақылау
ХАС 400 Тәуекелдіктерді бағалау және ішкі бақылау.
Клиенттің ішкі бақылау жүйесін зерделеу және бағалау мәселелері қарастырылған.
ХАС 401 Компьютерлік ақпарат жүйесіндегі аудит. Мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізетін жағдайда қолданылуы қадет қосымша рәсімдер ашып көрсетілген.
ХАС 402 Қызмет көрсетуші ұйымдар пайдаланатын субьектілер ерекшелігіндегі аудит есебі. Мамандандырылған сервистік ұйымдардың есеп берулерін дайындау мен есеп жүргізуді алған ұйымдардағы аудиттің ерекшеліктері келтірілген.
Бесінші бөлімге Аудиторлық дәлелдеулер стандартары кіреді.
ХАС 500Аудиторлық дәлелдеулер аудит мәліметтерінің көздерімен табиғатын, сондайақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады.
ХАС 501 Аудиторлық дәлелдеулер – ерекше баптарды қосымша қарау. Құндылықтрды сақтау бойынша құжатты басшылық, дебиторлардың есеп шотарынан және талапар мен критерийлер бойынша мәселелерді растау, әлдеқайда шындыққа жанасымды аудиторлық ақпаратты алудың басқа процедураларын қолдану.
ХАС 505 Сырттай растау – үшінші тұлғадан мәліметтерді алу үшін сұрау салуды әзірлеу және жіберу тәртібін реттемелейді.
ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар – бастапқы сальдо. Тексеруді алғаш рет жүргізетін жағдайда немесе мұндай жұмысты істемегеніне бір жылдан астам уақыт өтсе, ондай кезде есепшот бойынша аудитордың жауапкершілігі анықталады.
ХАС 520 Аналитикалық процедуралар – талдамалы тексерулердің процедурасының және оның міндеттемелері мен өткізілу уақытына қатысты ұсыныстың сипаты берілген. әдеттен тыс қатынас пен талдамалы процедура нәтижелеріне сенім білдіру деңгейінің фактілерін аудиордың зердедеу мәселелері қарастырылады.
ХАС 530 Аудиторлық сұрыптау және іріктемелік тестілеудің басқа процедуралары. Сұрыптауды жүргізу, іріктеулерді жіктеу және қателіктерді экстрополяциялау бойынша ұсыныстар беріліп, факторлары анықталады.
ХАС 540 Бағалау мәнінің аудиті. Бағалау мәліметтері, аудиттің негізгі кезеңдері, олардың негізділігін талдаудағы аудитордың жауапкершілігі белгіленіп, осы бағалаулардағы қателіктерді анықтау бойынша ұсыныстар берілген.
ХАС 550 Байланыстырылған тараптар. Өзара байланысқан тараптар және олармен бірге өткізілетін операциялар аудитінің процедуралары қарастырылады.
ХАС 560 Кейінгі уақиға. Аудитор есеп беруді жасаған күннен кейін немесе ееп беру жарияланғаннан кейін болатын уақиғалар есеп берулердің мазмұнына елеулі түрде ықпал еткен жағдайда аудитордың қалай әрекет етуі керектігін көрсететін тәртіптері анықталады.
ХАС 570 Үздіксіз қызмет. Кәсіпорын қызметінің үздіксіз принципін қолданудың дұрыс еместігіне аудитор күмәнданатын жағдай сипатталады.
ХАС 580 Басшылықтың мәлімдемесі. Тексерілген ұйым басшысы ұсынатын ақпараттарды алу мен пайдалану жағдайы анықталады.
Алтыншы бөлімде № 600-699 Басқалардың жұмысын пайдалану стандарттары, оның ішінде ХАС 600 Басқа аудитордың жұмысын пайдалану, ХАС 610 Ішкі аудитордың жұмысын қарастыру, ХАС 620 Сарапшы жұмысын пайдалану біріктірілген.
Жеінші бөлімге “Аудиторлық іріктемелер мен есеп беруді ұсыну” үш стандарт қосылған :
ХАС 700 Қаржылық есеп беру бойынша аудиторлық есеп беру – аудиторлық есеп берудің формалары мен мазмұнына қатысты ұсыныстар берілген, сөзсіз қорытындылаудың ықтимал қалыптастырулары мен қорытынды жасалатын жағдайлар, кейбіреуі сөзсіз болатын, ішінара жағымсыз да бар және қорытындыны беруден бас тарту жағдайлары қарастырылады.
ХАС 710 Салыстырмалы мәндер. Клиенттің есеп беруі өткен жылдың көрсеткіштерін қамтыған жағдайларда аудитордың әрекет ету тәртібі сипатталады.
ХАС 720 Тексерілген қаржылық есеп берулердің елеулі сәйкессіздігін сәйкестендіру мақсатында аудитордың басқадай ақпараттарды оқу қажеттілігі айтылады.
Сегізінші бөлімде “Мамандандырылған салалар” екі стандарт келтірілген:
ХАС 800 Арнайы мақсаттарға арналған аудиторлық тапсырмалар бойынша аудиторлық есеп беру. Жалпы қабылданған стандарттар немесе принциптер бойынша ғана емес, сондайақ субьектілердің қызмет түрлері, операциялары нақты есеп шоттары, баптары бойынша жасалған есеп пен есеп берулерді арнайы тексеру бойынша есеп берулердің ерекшеліктері. Ашып көрсетіледі.
ХАС 810 Болжалды қаржылық ақпаратты зерттеу. Болжау мен бағалау мәліметтеріне немесе уақиғаны дамытудың жорамалды сценерийіне негіз
Дәлелдемелер және олардың
сипаты
Тексеру жүргізгенге дейін, тексеру процессінде
сондай-ақ, оның аяқгалу кезеңінде аудитордың
жинаған және дайындаған мәліметтері
өткізілген аудиторлық тексерудің куәлігі
(дәлелі) болып табылады. Бұл мәліметгердің
бір бөлігі-аудиторлық дәлеледеулер ретінде
қарас-тырылатын құжаттар немесе олардың
көшірмелері.
Аудиторлық дәлеледеулер дегеніміз-аудиторлық
қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың
қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде
пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық
дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті
құруға негіз болған және басқа кездерден
алынған ақпараттарды растайтын бастапқы
құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.
Аудитор тексерілген қаржылық қорытынды
есептің дұрыстығын дәлеледеу үшін өзінің
жинаған дәлелдерінің жеткілікті екендігіне
сенімді болуға тиісті. 200 "Қаржылық
қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты
және оны реттеуші жалпы принциптер"
деп аталатын Халықаралық аудит стандартына
сәйкес аудит қаржылық қорытынды есепте
елеулі бұрмаланғандықтың (қателіктің)
жоқ екендігіне қатысты саналы сенімділікті
қамтамасыз етуге арналған.
Саналы сенімділік дегеніміз-бұл, жалпы
қаржылық қорытынды есепте елеулі қателердің
(бұрмалаушылықтардың) жоқ екендігі жөнінде
жоғары бірақ абсолюттік емес сенімділікті
алу үшін қажетті дәледдеулерді жинауға
қатысты түсінік.
Барлық қолдағы бар дәлелдеулерге егжей-тегжейлі
талдау жасап, оларды бағалау аудиттің
құнын көтеруі мүмкін болғандықтан, бұл
мәселе бойынша айқындық кажет. Ол үшін
аудиторға өзіне қандай дәлелдеулер алу
қажет екендігін, оларды қаңдай көздерден
және қандай процедулардың көмегімен
алатындығын анықтап алу керек. Ол әділ
және негізді аудиторлық қорытынды жасау
үшін жиналған дәлелдердің жеткілікті
әрі сапаға сәйкес келетіндігіне сенімді
болуға тиісті. Аудиторлық дәлелдеулердің
сапасы оларды алу көздеріне байланысты.
Дәлелдеулер алудың негізгі көзі клиент
әкімшілігінен, үшінші жақтан алынған,
сонымен бірге аудитор өзі алған мәліметтер
болуы мүмкін.
Клиент әкімшілігі дайындаған мәліметтерге
төмендегі ақпарат көздерін жатқызуға
болады:
Мұндай жағдайда аудиторға қаржылық
қорытынды есептегі қате жіберу тәуекелдігін
бағалау қиын болады. Егер аудитор бұл
мәліметтерге сенім артуға шешім қабылдайтын
болса, онда ол тексеруге аз уақыт шығындайды.
Клиент басшылығы дайындап берген мәліметтерге
қарағанда, үшінші жақтан алынған дәлелдеулер
сенімдірек болады. Сонымен бірге, клиент
басшылығы тарапынан қысым жасау ықтималдығы
орын алды, ал аудитордың бұл ақпараттарды
дайындаған үшінші жақтың жұмыскерлеріне
сұрақ қою мүмкіндігі жоқ деп пайымдауға
болады. Егер аудитор өзінің тікелей бақылауындағы
ақпарат көздерінен алынған дәлелдеулерді
пайдаланатын болса, әрине, жақсырақ болады.
Бірақ, ол жеткілікті түрде күрделі және
қымбат, Сондықтан аудитор үшін кәсіпорындағы
шаруашылық операцияларьшың өзі жүргізген
талдауы маңыздырақ, Мұндай кезде аудитор
есеп құжаттарында қате көрсетілу мүмкін
болғандықтан, шаруашылық операциялары
жөнінде қауіпке көбірек ұшырайтьш ақпараттарды
алуына болады. Бір ғана шаруашылық операциясы
жөнінде бірнеше ақпарат көздерінен алынған
дәлелдеулер бір кезден алынған дәлелдеулерге
қарағанда әлдеқайда сенімдірек.
Дәлелдеулер алу процессін бірнеше кезеңдерге
(сатыларға) бөлуге болады.
Сенімді дәлелдер алу үшін аудитордан
белгілі бір процедураларды қолдану талап
етіледі.
Аудиторлық процедуралар деп-аудит өткізу
кезінде дәлелдеулер жинау әдістерінің
жиынтығын айтады. Клиент тарапынан аудитордың
алдына әртүрлі міндеттер қойылуы мүмкін
болғандықтан, дәлелдеулер алу үшін қандай
да бір процедураларды қолданбас бұрын,
мақсатты айқындап оны негіздеу қажет.
Мысалы, дайындап тапсырылған қаржылық
қорытынды есептің дұрыстығы мен әділеттілігін
бағалау емес, жасалынған басқару шешімдерінің
пайдалалығын немесе жасалынған келісімнің
тиімділігін анықтау талап етіледі. Бұл
мақсаттар нақтырақ. Глобалды (күрделі)
мақсаттар да болуы мүмкін; меншіктің
сақталуын анықтау және оны жетілдіру
жөнінде ұсыныстар дайындау; жалпы өндірістің
де, жекелеген өнімдердің де рентабельділігін
бағалау; кәсіпорынның төлей алу қабілетін
ағымдағы мерзімге ғана анықтап қоймай,
келешекке де болжам жасау және т.б.
Дәлелдеулерді бағалау. Дәлеледеулерді
бағалау деп—шындықты анықтау үшін жиналған
дәлелдеулердің ролін логикалық және
ой -санамен айқындау процессін айтады.
Егер дәлелдеулердің жекелеген элементтері
әртүрлі көздерден жинақтала отырып немесе
әртүрлі сипатқа ие бола отырып, жүйелі
түрде алынған болса, онда аудиторлық
дәлелдеулер нанымдырақ (сенімдірек) болады.
Мұндай жағдайда аудиторға дәлелдеулердің
элементтерін жеке-жеке қарастыру нәтижесінде
алынатын сол дәрежесінен артық кумулятивтік
сенімділік дәрежесін алуға болады. Және
оған қарама-қарсы, егер бір ақпарат көзінен
алынған аудиторлық дәлелдеулер басқа
көздерден алынған дәлелдеулермен жүйелі
(бір ізді) болмаса, онда аудитор сол жүйесіздіктің
шешімін табу үшін қандай қосымша процедуралар
қажет екендігін айқындауға тиісті.
Аудиторға дәлелдеулер алуға шығарылған
шығыстар мен алынған ақпараттардың пайдалылығы
арасындағы өзара байланысты қарастыру
қажет. Бірақ күрделілік пен шығыстар
мәселесі өздерінен-өздері қажетті процедураны
алып тастау үшін салмақты негіз больш
табыла алмайды.
Дәлелдеулерді жинау және талдау кезінде
олар жауап беруге тиісті талаптар, оларды
алу әдістері қарастырылуы қажет, сондай-ақ
алынған дәлелдеулердің арасындағы байланысты
бөліп көрсете білу қажет. Тексеру жүргізіп
және дәлелдеулердің барлық жиынтығын
жинап алғаннан кейін аудитор оларды тәуекелдікті
азайту мақсатында бағалауға тиісті.
2. Дәлелдемеге қойылатын талаптар
Аудитор еш уақытта өз пікірінің түгелімен
дұрыстығына толық сенімді бола алмайды.
Сонымен бірге ол өзінің пікірі белгілі
бір дәрежеде әділетті екендігіне сенімді
болуға тиісті. Барлық дәлелдеулерді салыстыра
отырып, аудитор қорытыыды жасау үшін
олардың жеткілікті түрде нанымды екендігін
шеше алады. Ондай шешімді аудитор өзі
алған дәлелдеулер төмендегі талаптарға
сай екендігіне сенімді болса ғана қабылдай
алады:
Дұрыстық дегеніміз-бұл, аудитор
алған дәлелдеулердің шын екендігінің
жөне сенімге лайық болатындығының
айғағы: егер дәлелдеулер жоғары дәрежеде
шындыққа жататын больш есептелсе,
ол тапсырылған қаржылық қорытынды
есептің әділдігіне (объективтілігіне)
аудитордың көзін жеткізеді. Мысалы,
егер тауарлы-материалдық босалқыларға
түгелдеу жүргізу аудитордың қатысуымен
жүзеге асырылған болса, ондай дәлелдеулер
аудиторға берілген мәліметртерден алынған
дөлелдеулерге қарағанда сенімдірек болады.
Дұрыстықтың сапасын көтеруге жағдай
жасайтын құраушылары болады. Атап айтсақ,
ақпараттардың төуелсіздігі. Шаруашылық
жүргізуші субъектіден тыс жерден алынған
дәлелдеулер клиенттің өзінен алынған
дәлелдеулерге қарағанда сенімдірек (стандарт
№500). Мысалы, сыртқы дәлелдеулер (банктердің,
заңгерлердің, партнерлардың және т.б.
хабарлары) субъектінің өзінен алынған
жауаптарға қарағанда сенімдірек болады.
Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі. Алынған
дәлелдеулердің сенімділігі ішкі бақьілау
жұмысының сапасына тікелей байланысты.
Құжаттарға жасалынған талдаулардың және
берілген сүрауларға жасальшған бақылаулардың
нәтижелері, ішкі бақылау құрылымдарының
іс-шаралары мен процедураларының тиімділігі
жөнінде жеткілікті дәлелдеулер алуға
мүмкіндік береді.
Мұндай кезде аудитордың ол процедураларды
бірнеше рет жүргізу ықыласы туындауы
мүмкін. Егер бақылау процедурасын интенсивті
жүргізу қажеттілігі туындайтын болса,
аудитор тексеру көлемін азайтуға бағытталған
бақылау құралының пайдалылығы жөнінде
шешім қабылдауға тиісті.
Аудиторлық дәлелдеулердің өз уақытында
алынуын екі жақты қарастыруға болады:
дәлелдеулерді жинау кезеңдері бойынша
және тексеру кезеңдері бойынша. Мысалы,
ақша қаражаттарының өтімділігін (ликвидтілігін)
баланс жасау мерзіміне жақындатыңқырап
бағалаған дұрысырақ болады, себебі бұл
кезенде жинақталған дәлелдеулер нанымдырақ
болады. Егер табыстар мен шығыстар жөніндегі
қорытынды есептің дұрыстығына дәлелдеулер
жинау керек болса, онда оларды іріктеу
жолымен тексерудің барлық кезеңіне жинау
қажет.
3. Дәлелдеме алу әдістері
Сенімді дәлелдеулер алу үшін аудитор
әртүрлі әдістерді немесе процедураларды
пайдаланады: бақылау (зерттеу), растау,
сұрау беру, түгелдеу жүргізу (активтерді
тексеру), құжаттарды тексеру (талдау),
қайта есептеу, сканерлеу, тексеру, арнайы
тексеру және талдамалық процедуралар.
Аудит бойынша арнайы әдебиеттерде әртүрлі
авторлар дәлелдеулер алу әдістерін әдіснама
және әдістемелік тәсілдерге, сондай-ақ
нақты тексеру жүргізу тәсілдеріне бөліп
қарастырады. Біз тек аудиттің әдістемелік
тәсіддерін қарастырдық.
Бақылау (зерттеу)-өздерінің міндетті
қызметін орындаушы клиент жұмыскерлерінің
жұмыстарын көзбен шолып зерттеу немесе
мақсатты қабылдау болып табылады. Аудитордың
пікірі бойынша ол қаржылық қорытынды
есепке, тексеруге немесе аудиторлық қорытындыға
едәуір әсерін тигізуі мүмкін.
Растау дегеніміз-сұратылған ақпараттың
дұрыстығын растайтын жазбаша жауап алу.
Сұрақ беру. Сұрақ беру нәтижесінде клиент
аудитор берген сұрақтарға жауап ретінде
жазбаша немесе ауызша ақпарат береді.
Сұрақ беру нәтижесінде клиенттен дәлелдеулер
алу мүмкін болғанымен, оларды ақырғы
деп есептеуге болмайды. Себебі ол ақпараттар
клиенттің пайдасына бұрмаланған болуы
мүмкін.
Түгелдеу-аудитордың материалдық активтерді
тексеруі және санауы. Бұл әдіс бойынша
алынған дәлелдеулер көбінесе тауарлы
-материалдық босалқылармен байланысты.
Құжаттарды тексеруге оқу, іріктеу
және құжаттармен танысу, салыстыру және
дәлелдеулер жатады. Аудиторлардың тәжірибесінде
құжаттарды формалды тексеру деп аталатын
құжаттық тексеру әдісі пайдаланылады
(барлық реквизиттерінің толтырылуының
дұрыстығы, түсіндірмесіз қателердің
түзетілуі, текстегі және цифрдағы қатенің
өшірілуі, лауазымды адамдардың және материалдық
жауапкершілікті адамдардың қолдарының
бары, бастапқы құжаттардағы, есеп регистрлеріндегі
және қорытынды есеп нысандарындағы қойылған
штамптардың дұрыстығы).
Қайта есептеу деп -клиент пайдаланған
процедураларды толық немесе жартылай
қайталауды, атап айтқанда есептеулердің
математикалық дәлдігін есептеу процедураларын
айтады.
Сканерлеу - ерекше бір нәрсені табу
мақсатында әрбір элемент бойынша (мысалы,
бастапқы қүжаттарды) үздіксіз қарап отыру.
Арнайы тексеру -тексеру жүргізуге
тар мамандықтың иесін тарту.
Аудиторлар қарама-қарсы тексер
|
1. Аудитті құжаттау
230 "Құжаттау" деп аталатын Халықаралық
аудит стандартында "аудитор аудиторлық
қорытындыны растаушы дәлелдеулерді,
сондай-ақ, аудиттің Халықаралық стандарттарға
(ХАС) сәйкес жүргізілгендігін растайтын
дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы
бар мәліметгерді құжатпен рәсімдеуге
тиісті" делінген. Аталмыш құжатқа сәйкес
аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету
үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде
толық және аяқталған болуға тиісті.
Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты -
аудитордың аудитті нормативтік-қүқықтық
актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған
стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне
сенімді болуы.
Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден
тұрады:
олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде
көмектеседі;
олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға
және аудитке бақылауды ұйымдастыруға
жағдай туғызады;
оларда аудиторлық қорытындыны растаушы
процедуралардың орындалуы нәтижесіңде
алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны
Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық
жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған
аудиторлық процедуралардың көлемі және
мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ
алынғаы аудиторлық дәлелдеулердің негізінде
жасалынған қорытынды-пікірлер туралы
ақпараттарды көрсетуге тиісті.
Аудит практикасында жұмыс құжаттарының
унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық
стандарттарда да, халықаралық стандарттарда
да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік
стандарттарға сәйкес жасалынады және
сол стандарттармен бекітіледі. Жұмыс
құжаттарының көлемі фирмаішілік стандарттардың
негізінде және аудитордың кәсіби пайзымен
анықталады. Мұндай кезде аудитор өзі
дайынндаған жұмыс құжаты бұрын аудит
өткізбеген басқа аудиторға немесе орындалған
жұмыстар жөнінде және аудиттің барлық
детальдарын егжей-тегжейлі көрсетпей-ақ,
маңызды шешімдер қабылдаудың себептері
жөнінде мағлұмат беру үшін аудиторлық
фирманың жетекіпісіне қажет болып қалуы
мүмкін екендігін назардан тыс қалдырмауға
тиісті.
Жоғарыда айтылғандардан жұмыс құжаттары
бір уақытта жұмыстың сапасына бақылау
жасау құралын бере отырып, жұмыс процессіне
жағдай туғызады деген қорытынды пікір
айтуға болады.
Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар
артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу
жасаудың тиімділігін арттырады;
жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;
- сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік
береді.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмүнына
төмендегі факторлар әсер етеді:
көрсетілетін қызметтің сипаты;
аудиторлық қорытынды есептің нысаны;
клиент бизнесі;
ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;
аудитті орындау процессінде қолданылатын
әдістеме.
Жұмыс құжаттарының мазмұны. Жұмыс
құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған
жұмыстардың және маңызды мәселелерге
қатысты жасалған қорытынды пікірлердің
жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады.
Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит
өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды
қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының
файлдары стандартталған болса, аудиторға
ақпараттарды жинау процессін бақылау
және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне
мұқият шолу жасау женілірек болады. Жұмыс
құжаттарына төмендегілер кіреді: