Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 17:38, реферат
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік кұн есебі ғана қолданылды.
Өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілінің мәні мынада, барлық тікелей негізгі шығындар (шикізаттың, материалдың кұны, өндірістік жұмысшыларды еңбекақысы аударымдарымен бірге) жеке өндірістік тапсырмалар бойынша калькуляциялық парактың белгіленген баптары тұрғысында ескеріледі. Қалған (жанама) шығындар пайда болған жерлері бойынша (машиналар мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындарды жинақтап қорыту кезінде, не болмаса қосымша шығыстарда, не болмаса қосалқы өндіріс шығыстары бойынша), тапсырыстардың сәйкес баптары (бөлу базасы белгілеген негізде) бойынша ескеріледі.
Өнімнің немесе жұмыстың калькуляциялық бірлігінің нақты өзіндік құнын шығын сомасын дайындалған өнім немесе орындалған жұмыс санына шығын бөлу жолымен есептейді.
Өнім бірлігінің өзіндік құны жеке тапсырыс бойынша жинақталған шығын сомасын осы тапсырыс бойынша дайындалған өнім бірлігі санына бөлу нәтижесінде айқындалады. Сондықтан тапсырыстық тәсілдің принципиальды ерекшелігі - шығын көлемін уақыт аралығы үшін емес, әрбір біткен тапсырыс бойынша қалыптастыру.
Бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы
өндірісте жеке есепті ұйымдастыру
үшін, әдетте, шығындар есебі шотында
әрбір тапсырыс бойынша жеке аралық
шот (субшот) ашылады. Егер тапсырыстар
саны көп болса, аналитикалық есепті
бөлу алғашқы құжаттарға код беру
жолымен жетеді. Тапсырыстар коды
шикізат пен материалдарды
Тапсырыстық тәсілді мысал ретінде көрсету үшін мысал қарастырайық.
Тапсырыс ретінде үш құрастырмалы түрден - 1, 2, 3 бөлшектерден тұратын құрастыру бірлігі шығады. Тапсырыс жасалуы үшін құрастырылатын бөлшектерден басқа, екі технологиялық операция - құрастыру мен сынақ кажет.
Тапсырыстардың өзіндік құны мыналардан құрылады:
• бөлшектер тапсырысына кіретің өзіндік құннан;
• екі технологиялық операцияны жүзеге асыруға шығатын шығындардан;
• осы тапсырысқа есептелген жанама қосымша шығыстардан.
Кәсіпорында колданылатын есеп саясатына сәйкес жанама жалпы шаруашылық шығындар (кезең шығыстары) өнімнің өзіндік кұнына жатпайды.
Шығындарды жанама бөлу сызбасы жалпы түрде былайша көрінеді:
• шығындар бөлінетін объект (азық-түлік, азық-түлік тобы, шығындардың пайда болған жері);
• шығындарды бөлу базасы таңдалады - шығындарды бөлу жүргізуге пайдаланылатын көрсеткіштер түрі;
• бөлудің коэффициенті (мөлшерлеме) бөлінетін жанама шығындардың шамасын тандалған бөлу базасының көлеміне бөлу жолымен есептеледі;
• жанама шығындардың әрбір объектісіне келетін көлемі шығындарды бөлудің есептелген (мөлшерлеме) шамасын осы объектінін бөлу базасының шамасына көбейту жолымен анықталады.
3.Толық және толық емес өзіндік құнды калькуляциялау
«Директ-костинг» әдісі бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу кезінде тек қана айнымалы шығындар ескеріледі, ал тұрақты шығындар кезең шығындарына жатқызылады. «Директ-костинг» бойынша калькуляциялау мәліметтері ішкі пайдаланушылар үшін дайындалатын пайда мен зиян туралы есеп дайындау үшін қажет.
Шығындарды өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толық енгізу тұрғысынан толық өзіндік құн есебінің жүйесі шығындарды тиімді басқаруға қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етпейді. Сондықтан халықаралық практикада «директ-костинг» шектеулі өзіндік құн есебі жиірек қолданыла бастады.
Бұл жүйені шығын объектілері бойынша толық емес, шектеулі өзіндік құн жоспарланатын және ескерілетін калькуляциялауға баламалы, дәстүрлі отандық әдістердің бірі деп қарауға болады. Бұл жағдайда өзіндік құн тек өзгермелі шығындар бөлігінде ғана ескеріледі және жоспарланады. Шығындардың қалған бөлігі калькуляцияға енгізілмейді, оқтын-оқтын есепті кезең ішіндегі қаржылық қорытындаларға есептен шығарылады. Өзгермелі шығындар бойынша сондай-ақ қорлар, қоймадағы дайын өнім қалдықтары және бітпеген өндіріс бағаланады.
Мұндай әдетті іс жүзінде қолданған алғашқы кезеңдерде өзіндік құнға тек тікелей шығыстар кіргізілетін, ал жанама шығыстардың барлық түрлері тікелей қаржылық қорытындыларға есептен шығарылатын. Сондықтан мұндай жүйе «директ-костинг» (тікелей шығындар есебі жүйесі) деген атқа ие болды. Кейіннен «директ-костинг» өзіндік құн тікелей өзгермелі шығыстар бөлігінде ғана емес, өзгермелі жанама шығындар бөлігінде де есептелетін есептік жүйеге өзгеріп, айналды, айысты. Соған орай атауда біраз шарттылыққа жол берілген.
«Директ-костинг» жүйесінің негізінде салынған басты принцип - өзгермелі және тұрақты шығындарды жеке есептеу мен тұрақты шығындарды есепті кезеңнің зияны деп тану.
Бұл жүйе әрқилы елдерде әр түрлі аталады. Германия мен Австрияда «бірен-саран шығын есебі» немесе жабу сомасы; Ұлыбританияда – «маржиналды шығындар есебі»; Францияда – «маржиналды есеп» термині қолданылады.
«Директ-костинг» жүйесінің бірнеше айрықша ерекшеліктері бар: өндірістік шығындар өзгермелі шығындарға (тікелей) және тұрақты шығындарға бөлінеді; өнімнің өзіндік құнын шектеулі шығындар бойынша калькуляциялау; кірістер туралы есепті жасаудың көп сатылығы.
«Директ-костинг» жүйесі жағдайында операцияларды бухгалтерлік шоттарда көрсету тәртібі мынадай. Тікелей шартты-өзгермелі шығыстар бухгалтерлік есепте 8110 «Негізгі өндіріс» және 8310 «Көмекші өндіріс» шоттарында жиналады. Жанама шартты-өзгермелі шығыстар алдын-ала 8410 «Үстеме шығындар» шотында жинақталады. Жалпы басқару мен шаруашылық шығындары бөлігіндегі шартты-тұрақты шығыстар 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотында жүреді.
4. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі және ауытқуды талдау
Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.
Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:
• шаруашылықтағы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақытылы ескерту;
• өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.
Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.
Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.
Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:
Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердің санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.
Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан ол әр түрлі мақсаттардың нағыз өзіне арналған шығындар туралы деректермен қамтамасыз етеді. Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар:
• сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;
• жоспармен үйлеспейтін (келіспейтін) операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын, яғни схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет.
• шешім қабылдауға пайдаланылатын болашақта болатын шығынды болжау;
• тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;
• қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.
Бақылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: