Бөлім Кәсіпорын қызметімен танысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 10:16, доклад

Краткое описание

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бугхалтерлік есеп пәні боп саналады. Бугхалтерлік есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақыты есепке алынып, бақылау жасау.
ЖШС «Жардем» 1999 жылы құрылды,басшысы Айтжанова Злиха Альмухамбет қызы. Негізгі қызмет атқаруы «Ветеринария саласы» ауыл шаруашылық мал шаруашылығында жұмыс атқарады. Жұмыс орнында бірнеше адам жұмыс атқарады мысалы ; Бас ветеринар, бас бугхалтер, юрист, хатшы, колік жүргізуші.

Вложенные файлы: 1 файл

ҚҰНДЫЗ ОСЫНЫ.docx

— 110.98 Кб (Скачать файл)

—  негізгі құралдардың жалпы сомасын;

—  амортизациялық аударым әдісін;

—  пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшерін;

—  өтімділік құнын;

— негізгі құралдарды өндірістік және өндірістік емес салада пайдалануын.

Материалдық емес активтер дегеніміз белгілі бір нақтылы пішіні жоқ, тарататын ақшалай немесе зат түрінде нысаны болмайтын, бірақ қандай да бір құнмен бағалануына байланысты ұйымның негізгі қызмет барысында немесе әкімшілік қызметінде ұзақ уақыт, яғни бір жылдан артық қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтердің бір түрі. Оларды анықтауға болады, олар бақыланады.

Гудвилл немесе «Фирма бағасы» бір кәсіпорын екінші кәсіпорынды түгелдей сатып алғанда пайда болып, материалдық емес активтер шотында есептелетін құндылық. Ол ұйымды сатып алған кездегі нақты нарықтық баға мен таза активтерінің баланстық құнының арасындағы айырым. Егер сатып алынған ұйымдағы барлық активтердің сатып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, осы құндардың арасындағы айырым «жағымды гудвилл» деп аталады, керісінше, кем болса «жағымсыз гудвилл» дейміз.

Лицензиялық келісімдер дегеніміз заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын басқа бір заңды тұлғаға беру. Ал бұл құқыққа ие болған ұйым оның иесіне материалдық емес актив үшін белгіленген тиісті мөлшерде ақша төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттер орындайды.

Бағдарламамен қамтамасыз ету – ол сатып алынады немесе ұйымның өзінде жасалады, ол ішкі және сыртқы мақсаттарға пайдаланылады.

Патент жеке немесе заңды тұлғалардың өздері ашқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыда мойындап, оны өз жұмыс, қызметінде пайда алу үшін қолдануына рұқсат беру құжаты.  Кәсіпкерліктің бір түрімен айналысу үшін берілетін құқықты растайтын құжатты да патент дейді. Оны алу үшін баж төлемі төленеді.

Ұйымдастыру шығындарына жаңадан ұйым ашқанда жұмсалатын шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге, заң орындарына төленетін төлемдер, банктерде шот ашу үшін төлемдер, жарнамалар үшін төлемдер және т.б. шығындар жатады.

Сауда маркалары – ол тауарға, өнімге берілген атаулар, рәміздер, сауда белгілері.

Материалдық емес активтер ұйымның балансына кіріске бастапқы құнымен алынады. Егер кіріске құрылтайшының жарғылық қорына үлес есебіне алынатын болса, онда материалдық емес активтердің бағасы тараптардың келісімі бойынша бағаланады. Заңды және жеке тұлғалардың сыйы ретінде алынған болса, онда сол кездегі нарықтық баға бойынша бағаланады. Заңды және жеке тұлғалардан сатып алынған болса, сатып алған баға және оны алып іске қосуға жұмсалған шығындардың қосындысымен бағаланады.

   Кәсіпорында МЕА объектілерін қабылдау немесе тапсыру құжатпен, яғни актімен ресімделеді, онда МЕА толық атауы, жасалған айы, күні, алушы ұйымға тапсырылған уақыты, толық сипаттамасы, құны, тозу нормасы және тағы басқа қажетті деректер көрсетіледі.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.

Өндірістік емес бағытка - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.

Өндірістік бағыты бойынша - жарғылық қызметті жүзвге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (кар-тиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.

Келесі топтарға бөлінеді:

а) ғимарат және құрылыс; 
ә) компьютерлер;

б) көлік құралдары;

в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;

г) басқа да негізгі құралдар.

      Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады: айырбастауға жататын және жатпайтын.

Айырбастауға жататын материалдық емес активтер фирманың басқа активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкін

Патенттер – заңды түрде танылған және тіркелген айырықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға , не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;  
Ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) – субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді алдын ала төлеу – бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;  
Гудвиль – субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының сауда сәтіне пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтерінің жеке-жеке гудвиль фирманың алған нақты бағасы мен таза активтерінің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемелер» болып табылады.  
Басқадай (авторлық құқықтар – шығарма, әзірлеме және т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер – ұйымға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары); Франшизалар – мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызмет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді.  
Кәсіпорындарда материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субъсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай- ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады.  
Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.  
  «Ноу- хау» деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. «Ноу- хау» жалпы «патент» сияқты болып көрінгенімен одан өзгеше болып келеді. Кәсіпорындар патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп ауқыттарды «Ноу-хау»- дың бағасы, яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.  
Материалдық емес активтердің жоғарыда аталып өткен түрлерінің бірі «Лицензиялық келісімдер». Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құнын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицезиялық келсімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.  
Материалдық емес активтердің «Программамен жабдықтау» деп аталатын түрі кәсіпорнының алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.  
«Патент» деп аталатын материалдық емес актив жеке адамның немесе топтың, сондай- ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ащқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалылығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкерлік патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек.  
«Ұйымдастыру шығындарынан»- кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жұмсалған шығындар жатқызылады.  
Материалдық емес активтердің «Гудвиль» деп аталатын түрін кейде «Фирма бағасы»- деп те атайды. «Фирма бағасы» немесе «Гудвиль» материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвиль», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвиль» деп аталады.  
Материалдық емес активтердің амортизациясы  
Кәсіпорындардағы материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығындағы пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы ұйымның зияны болып табылады.  
Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептелініп тұрады.

 

2.3 Тауар-материалдық  қорлардың есебі

 

1. Өндіріс процесінде қажетті бірден-бір жағдай жұмысшылардың еңбек құралы мен еңбек затын қолдана отырып, жаңа өнім, дайын өнім шығару болып табылады. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру үшін көптеген еңбек заттары, қосалқы қорлар қажет.

Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорлардың есебі 7 “Тауарлы –материалдық қорлардың есебі” Бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес жүргiзiледi.

Тауарлы-материалдық қорлар келесі актив түрлерінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

    Өндіріс барысындағы қызметтік ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгілер- дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар. Мысалы, ұн, ағаш. Көмекші материалдар өндіретін өнімнің өзіндік құнына кіргенмен, бірақ негізгі материалдар сияқты оның заттық негізін құрамайды. Мысалы, сыр, желім, лак.

Тауарлы-материалдық қорлар дегеніміз өндіріс циклінде пайдаланылатын әр түрлі еңбек заттары, олар ұйымның ағымды активтері болып табылады. Оларға мыналар жатады:

өндірілген дайын өнім

сату үшін сатып алынған тауарлар

жолдағы тауарлар

аяқталмаған өндіріс

басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға жасаған қызметтер

қосалқы бөлшектер отын ыдыс және ыдыстық материалдар

жартылай фабрикаттар

басқа да материалдар.

Олар өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын өндірілетін өнімге түгелдей ауыстырады. Өнімнің өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады.

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың өндірісте атқаратын міндеттеріне, химиялық-физикалық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Осындай өзгешеліктер мен міндеттеріне қарай материалдар: шикізат, негізгі материал, көмекші материал, жартылай фабрикат және т.б. болып бөлінеді.

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрайды.

Босатылған тауар-материалдық қорлардың құнын анықтағанда мынадай тәсілдер қолданылады:

-          ФИФО әдісі

-          ЛИФО әдісі

-          Орташа өзіндік құнын есептеу

-          Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі

Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Бухгалтерия қызметкері карточкадағы жазылған операцияларды тексергені және оның дұрыстығы жайлы есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды.

Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» кітабы тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылай қоймадағы есеп заттай, ал бухгалтерияда заттай және ақшалай көрсетіледі.

Есептің журналдық-ордерлік материалдар қозғалысы есебінің тізімдемесі (ведомосі) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалдық-жауапкершілікті тұлғалар бойынша мәліметтер жинақталады. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезеңдегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалдық-жауапты тұлғалардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебінің тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалды талдаушы есеп көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі шығындарды бағыттау бойынша материалдар шығынын бөлуге қызмет етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.Экономиканың барлық саласындағы, кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жүмсауға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік кұнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық қорларын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға жэне тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызымен мәнін айрықша бағаламауға болмайды. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының маңызы зор. Бухгалтерлік есеп материалдардың сақтануы, шығындар нормасының төмендетілуі, тиімді қолданылуы туралы мәліметтерді жинақтайды.

 

3-бөлім  Ақша  қаражаттарының,  есептеулермен  қаржылық  салымдар  мен  несиелердің  есебі

 

3.1 Кассалық операцияларды  дайындау. Қолма-қолсыз шот бойынша  операцияларды дайындау. Ақша қозғалысы  бойынша есептелікті құру. Касса  инвентаризациясы. Есептік шоттың  ашуының процедулары.

 

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді.  Бұл  бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мэселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дүрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады.  Бұл  қызметтердің мэні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сөз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.

Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқаіру үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін, сүйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай — ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның ішкі аудиті өзекті болып есептелінеді.

Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор.

Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез — келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.

Бұл  жерде тағы маңызды бір нәрсе — банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым — қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бүл қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады.  Бұл  жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін көруге болады.

Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер мені қызықтырды, сондықтан бухгалтерлік есептің ақша қаражаттар бӨлімін кеңірек ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретінде таңдап алдым.

Информация о работе Бөлім Кәсіпорын қызметімен танысу