Бөлім Кәсіпорын қызметімен танысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 10:16, доклад

Краткое описание

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бугхалтерлік есеп пәні боп саналады. Бугхалтерлік есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақыты есепке алынып, бақылау жасау.
ЖШС «Жардем» 1999 жылы құрылды,басшысы Айтжанова Злиха Альмухамбет қызы. Негізгі қызмет атқаруы «Ветеринария саласы» ауыл шаруашылық мал шаруашылығында жұмыс атқарады. Жұмыс орнында бірнеше адам жұмыс атқарады мысалы ; Бас ветеринар, бас бугхалтер, юрист, хатшы, колік жүргізуші.

Вложенные файлы: 1 файл

ҚҰНДЫЗ ОСЫНЫ.docx

— 110.98 Кб (Скачать файл)

Шығыс шығармай, бәрімізге белгілі, сәйкесінше табыс алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс таппай, ұйымның өркен жаюы және әлеуметтік мәселелерін шешу мүмкін емес.

Нарықтық экономика жағдайында кез келген ұйымның алға қоятын ең басты мақсаты табыс алу болатындығы бәрімізге аян.

Табыстың өсуі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жемісті өркендеуінің міндеттері алғышарты болып табылатын өзін-өзі қаржыландырудың қаржылық базасын жасайды. Осы принцип өнімді өндіруге жұмсалған шығындарды толық ақтауға, кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын кеңейтуге негізделеді. Бұл әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті капиталы есебінен жабатыны білдіреді.

Субсидия дегеніміз- үкімет органдарының заңды тұлғаларға беретін, әдетте, ақшалай жәрдемақысы.

6160 – «Қаржыландырудан түсетін басқа да кірістер»шоты

6160 шоты бойынша шоттар  корреспонденциясы

7430 – «Бағамдық айырма  бойынша шығыстар»шоты.

7470 – «Басқа да шығыстар»шоты.

Кезең шығыстарының есебі

Өнім өндіруге кеткен шығыстардан басқа кезең шығыстары да болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сталған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық жүргізуші субъект еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.

Кезең шығыстарына мыналар жатады:

жалпы және әкімшілік шығыстар;

пайыз бойынша шығыстар;

сату бойынша шығыстар.

Бұл шығыстар тауарлы- материалдық қорларының қалдығына жатқызылмайды, олар өзі орын алған есептік кезеңнің қорытынды пайдасын азайтып есептен шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды.

     Кірістер дегеніміз қаржының келуі немесе акитвтер құнының өсуі,не болмаса пссивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі  экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты – табыс табу болып табылады. Пайда – шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан шығыстарды шегергенге тең. Бірақ бұл анықтамалар әр түрлі қабылдануы мүмкін.

Шығындар – бұл шаруашылық жүргізуші субъктіге тиесілі келісімшарттар және оқиғалардың нәтижесінде, сонымен қатар шығынның немесе акционерлік капиталды үлестірудің нәтижесі болып табылатындарын қспағанда субъектіге әсерін тигізетін барлық басқа да мәмілелер, оқиғалар мен жағдайларнәтижесінен капиталдың азаюы.

Табыс – есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе банк қызметінің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде орын алған, жалпы қабылданған есептілік қағидаларына сәйкесөлшенген және мойындалған несиелік қарыздың азаюы нысанындағы экономикалық пайданың көбеюі.

Шығыс – есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің кері ағыны немесе пайдаланылуы түріндегі азаюына әкелетін қарыздардың пайда болуы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлетіндерінен ерекше болады.

Табыс банктің өмір сүру көзі болып табылады. Банксіз табыс жоқ, ьабыссық банк жоқ. Табыстың мәнін анықтау, бағалау және табысты уақытпен байланыстыру бухгалтерлік есептің негізгі мәселелері. Табыстар екі түрге бөлінеді: негізгі және негізі емес қызмет түрлеріне байланысты.

    Өнімді сатудан түскен табысты мойындаудың негізгі өлшемдерінің бірі – сатушы сатып алушыға сатылған өнімге меншік құқығынан сыйақы және елеулі тәуекелдерді беруі болып табылады. Егер сатушы оның өзінде қалдырса, онда ереже бойынша, бұл мәмілені сату ретінде тануға болмайды.

 

 

3.3  Қаржылық  есептілік:  құрылу  әдістемесі  мен  тәжірибесі

 

     Қаржылық есептілік элементтерін бағалау – аталған элементтер бухгалтерлің есеп пен қаржылық есептілікте танылатын және тіркелетін ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдістері мен тәртібі халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

 Қаржылық  есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына  заңды тұлғаның қаржылық жағдайы  туралы сенімді, мәнді және пайдалы  ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының  қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып  алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік  органдар кіреді.

 Қаржылық  есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына  заңды тұлғаның қаржылық жағдайы  туралы сенімді, мәнді және пайдалы  ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының  қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып  алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік  органдар кіреді.

 Қаржылық  есеп беру басқарушы органдардың  жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының  болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге  және инвестициялық қызметтерді  қабылдауға пайдалы ақпараттарды  береді.

     Қаржылық есеп беру есептеу  қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан  табыс болып танылады, ал шығысы  мен зияны орын алынған кезінен  бастап танылады.

    Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Түгендеу – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, ТМҚ-ның, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және оладың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді.

    Қаржылық  есептілік дара кәсіпкердің немесе  ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің  нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы  өзгерістер туралы ақпартты білдіреді.

    Қаржылық  есептілікті жасауды ұйымдар  Қаржылық есептіліктің халықаралық  стандарттары комитеті Қорының  оларды ресми аударуға және  ҚР-да жариялауға жазбаша рұқсаты  бар ұйым мемлекеттік тілде  немесе орыс тілінде жарияланған  халықаралық стандарттарға сәйкес  жүргізіледі.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талджау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

 Осымен  қоса, есеп беру кәсіпорынның  шаруашылық қызметін жедел басқару  үшін қажет және ол болашақ  кезеңдерді жоспарлау мен болжау  үшін басты база болып табылады.

 Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады

 

3.4  Өндірістік шығындар есебі мен талдауы

 

Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты — бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады.

Шығындарды басқару — бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау.  
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол жеткізеді.

Шығындарды басқарудың маңызды міндеттері:

-   кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;

-   шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау;

-   шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу;

-   өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу — өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;

-   шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға көмектесетін ақпараттық базаны дайындау;

-   бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері мен құралын анықтау;

-   кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын іздеу;

-   шығындарды нормалау әдісін таңдау;

Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған міндеттерінің барлығы кешенді шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.

Шығындарды басқарудың функциялары:

-   өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу;

-   шығындарды  әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша,  көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен

яғни ұйымды жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік 
ретінде қарастырамыз. Жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік ретінде  шығындарды басқару жүйесін 1- ші суреттен көруге болады.

Өндірістік және өткізілетін өнімдердің жоспарлық орындалуы

мен динамикасын талдау.

Өндіріс көлемі мен өнімді өткізу көлемі өзаратәуелділік көрсеткіші болып табылады.Сату көлемін анықтау жағдайында шектелген өндірістік мүмкіндіктер мен шектелмеген сұраныс басымдылығы өнімнің өндіру көлеміне жіберіледі. Бірақ нарықтың толуын және бәсекелестің күшеюін сату көлемінің шараларын өндіріс анықтамайды, керісінше сату көлемінің мүмкіндігі негізінде өндірістік бағдарламаны игеру болып табылады. Кәсіпорын тек қана өткізілетін көлемді тауарларды өндіру керек..

Негізгі талдау міндеттері:

-         өндірілген өнім және өндіріс динамикасы жоспардың орындалуының бағалау   дәрежесі;

-         көрсеткіштер мөлшерінің өзгеруіндегі факторлардың ықпалын анықтау;

-         өткізілген өнім және шаруаішілік қорларының өсуінің шығарылуын анықтау;

-         қорларды игерудегі іс-шаралардың әзірленуін анықтау.

Өндіріс көлемі және өткізілген өнімдер натуралды, шартты-натуралды, еңбектілік және құндылық өлшемдерді білдіреді. Құндылықтарды бағалау көмегімен кәсіпорын қызмет көрсеткішінің көлемінің қорытындысын алу үшін, ағымдағы бағаны немесе салыстырманы қолданады.

Өткізілетін өнім көлемі сатып алушының төлемі бойынша немесе өнімді жіберу бойынша анықталады; ағымдағы бағалылықты және салыстырмалылықты, жоспарлылықты білдірілуі мүмкін. Нарықтық экономика жағдайындағы бұл көрсеткіш бірінші дәрежелі мәнді сатып алады. Өнімнің қалай сатылуына, нарықта оған сұранысы қандай екеніне оның өндіріс көлемі тәуелді болады.

 

 

 


Информация о работе Бөлім Кәсіпорын қызметімен танысу