4120 – «Еншілес
ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді
кредиторлық берешек», мұнда бір
жылдан асатын мерзіммен сатып
алынған активтер және пайдаланылған
қызметтер үшін еншілес ұйымдармен
есеп айырысу жөніндегі операциялар
және еншілес ұйымдарға өзге
ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
көрініс табады;
4130 – «Қауымдастырылған
және бірлескен ұйымдарға берілетін
ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»,
мұнда бір жылдан асатын мерзіммен
сатып алынған активтер және
пайдаланылған қызметтер үшін
қауымдастырылған және бірлескен
ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі
операциялар және қауымдастырылған
және бірлескен ұйымдарға берілетін
өзге ұзақ мерзімді кредиторлық
берешек көрініс табады;
4140 – «Филиалдар
мен құрылымдық бөлімшелерге
берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық
берешек», мұнда филиалдар мен
құрылымдық бөлімшелерге берілетін
ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
есепке алынады;
4150 – «Жалдау
бойынша ұзақ мерзімді берешек»,
мұнда бір жылдан астам қаржылық
жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін
төлеумен байланысты операциялар
көрініс табады;
4160 – «Төлеуге
арналған ұзақ мерзімді сыйақылар»,
мұнда алынған қарыздар, берілген
вексельдер, эмиссияланған бағалы
қағаздар және сенімгерлік басқару
шарттары бойынша төлеуге арналған
есептелген сыйақылардың болуымен
және қозғалысымен байланысты
операциялар және төлеуге арналған
өзге ұзақ мерзімді сыйақылар
көрініс табады;
4170 – «Өзге
ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»,
мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген
өзге ұзақ мерзімді кредиторлық
берешек есепке алынады.
36. 4200 «Ұзақ мерзімді
бағалау міндеттемелері» кіші
бөлімі ұзақ мерзімді бағалау
міндеттемелерін анықталмаған уақытпен
және сомамен міндеттемелер ретінде
есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім
мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4210 – «Ұзақ
мерзімді кепілгерлік міндеттемелер»,
мұнда бір жылдан жоғары кепілдік
мерзімімен іске асырылған өнім
жөніндегі кепілгерлік міндеттемелер
бойынша резерв құрумен және
қозғалысымен байланысты операциялар
көрініс табады;
4220 – «Заңды
наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді
бағалау міндеттемелері», мұнда
қарау мерзімі бір жылдан жоғары
сот талап етулері және өзге
ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
бойынша резерв құрумен және
қозғалысымен байланысты операциялар
көрініс табады;
4230 – «Қызметкерлерге
сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді
бағалау міндеттемелері», мұнда
қызметкерлерге ақы төленетін
жұмыста болмауы нысанында қысқа
мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды
шығындар, сондай-ақ он екі ай
немесе одан көп уақыттан кейін,
қызметкерлер тиісті қызметтер
ұсынған кезең аяқталғаннан кейін
төлеуге жататын пайдаға қатысуға
және сыйлық төлеуге арналған
болжалды шығындар және қызметкерлерге
сыйақылар бойынша өзге қысқа
мерзімді бағалау міндеттемелері
көрініс табады;
4240 – «Өзге
ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері»,
мұнда алдағы шоттар топтарында
көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді
бағалау міндеттемелері есепке
алынады.
37. 4300 «Кейінге
қалдырылған салықтық міндеттемелер»
кіші бөлімі кейінге қалдырылған
салықтық міндеттемелер есепке
алуға арналған.
4310 «Корпорациялық
табыс салығы бойынша кейінге
қалдырылған салықтық міндеттемелер»,
мұнда салық салынатын уақыттағы
айырмаға байланысты болашақ
кезеңдерде төлеуге жататын пайдаға
салынатын салық сомасы есепке
алынады.
38. 4400 «Өзге ұзақ
мерзімді міндеттемелер» кіші
бөлімі алдағы кіші бөлімдерде
көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді
міндеттемелерді есепке алуға
арналған.
Осы кіші бөлім
мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4410 – «Алынған
ұзақ мерзімді аванстар», мұнда
тауарларды, шикізатты, материалдарды
жеткізу, қызметтер көрсету өзге
алынған аванстар негізінде, сондай-ақ
жеткізушілерге ішінара дайындық
бойынша өндірілген өнімге ақы
төлеу бойынша алынған аванстар
және өзге алынған ұзақ мерзімді
аванстар есепке алынады;
4420 – «Алдағы
кезеңдердің кірістері», мұнда болашақ
есепті кезеңге жатпайтын, ағымдағы
есепті кезеңде алынған кірістер
көрініс табады;
4430 – «Өзге
ұзақ мерзімді міндеттемелер», мұнда
алдағы топтарда көрсетілмеген
өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер
есепке алынады.
8. «Капитал мен резервтер» 5 бөлімінің
шоттары
39. «Капитал
мен резервтер» 5 бөлімінің шоттары
капитал мен резервтерді есепке
алуға арналған.
«Капитал мен
резервтер» 5 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді
қамтиды:
5000 – «Жарғылық
капитал»;
5100 – «Төленбеген
капитал»;
5200 – «Сатып
алынған меншікті үлес құралдары»;
5300 – «Эмиссиялық
кіріс»;
5400 – «Резервтер»;
5500 – «Бөлінбеген
пайда (жабылмаған залал)»;
5600 – «Қорытынды
пайда (қорытынды залал)».
40. 5000 «Жарғылық
капитал» кіші бөлімі шығарылған
капиталды, ұйымдардың жарғылық
капиталын немесе мүліктік (үлестік
жарна) қорын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім
мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5010 – «Артықшылықты
акциялар», онда акционерлік қоғамның
төленген эмиссияланған артықшылықты
акцияларының жиынтықты атаулы
құны есепке алынады;
5020 – «Қарапайым
акциялар», онда акционерлік қоғамның
төленген эмиссиялық қарапайым
акцияларының жиынтық атаулы
құны есепке алынады;
5030 – «Салымдар
мен пай», онда серіктестіктің
жарғылық капиталына салымдардың
құны есепке алынады.
41. 5100 «Төленбеген
капитал» кіші бөлімі төленбеген
капиталды есепке алуға арналған
5110 – «Төленбеген
капитал», онда эмиссиялық акцияларды
төлеу, ұйымдардың жарғылық капиталына
салымдар (мүліктік жарналар) енгізу
жөніндегі операциялар, сондай-ақ
жеке тұлғалардың және ұйымдардың
эмиссиялық акцияларды төлеу
жөніндегі берешегі және құрылтайшылардың
ұйымдардың жарғылық капиталына
салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу
жөніндегі берешегі көрсетіледі.
42. 5200 «Сатып
алынған меншікті үлес құралдары»
кіші бөлімі сатып алынған
меншікті үлес құралдарын есепке
алуға арналған.
5210 – «Сатып
алынған меншікті үлес құралдары»,
онда өздерінің меншікті үлес
құралдарын сатып алу кезінде
ұйым келтірген шығындар ескеріледі.
43. 5300 «Эмиссиялық
кіріс» кіші бөлімі эмиссиялық
кірісті есепке алуға арналған.
5310 – «Эмиссиялық
кіріс», онда шығарылған акциялар
бойынша эмиссиялық кіріс (жеке
меншік үлестік құралдардың құны
мен оларды іске асыру кезіндегі
олардың атаулы құны арасындағы
айырма) есепке алынады.
44. 5400 «Резервтер»
кіші бөлімі қаржылық есептілік
стандарттарының талаптарына сәйкес,
сондай-ақ құрылтайшы құжаттарға
және ұйымның есеп саясатына
сәйкес капиталдың шоттарында
көрсетілетін резервтерді есепке
алуға арналған.
Осы кіші бөлім
мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5410 – «Құрылтайшы
құжаттармен белгіленген резервтік
капитал», онда Қазақстан Республикасының
заңнамасына және құрылтайшы
құжаттарға сәйкес белгіленген
резервтік капитал көрсетіледі;
5420 – «Негізгі
құралдарды қайта бағалауға арналған
резерв», онда негізгі құралдарды
қайта бағалау жөніндегі операциялар
көрсетіледі;
5430 – «Материалдық
емес активтерді қайта бағалауға
арналған резерв», онда материалдық
емес активтерді қайта бағалау
жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5440 – «Сатуға
арналған қаржы активтерін қайта
бағалауға арналған резерв», онда
сатуға арналған қаржы активтерін
қайта бағалау жөніндегі операциялар
көрсетіледі;
5450 – «Шетелдік
қызмет бойынша шетел валютасын
қайта есептеуге арналған резерв»,
онда монетарлық бап бойынша
туындаған бағамдық айырмаларн
көрсетіледі, ол мәні жағынан
шетелдік ұйымға ұйымның таза
инвестицияларының бір бөлігін
құрайды және ұйымның қаржылық
есептілігінде таза инвестиция
қатардан шыққанға дейін жеке
капитал ретінде жіктеледі, одан
кейін кіріс немесе шығыс ретінде
танылады;
5460 – «Өзге
резервтер», онда алдыңғы топтарда
көрсетілмеген өзге резервтер
көрсетіледі.
45. 5500 «Бөлінбеген
пайда (жабылмаған залал)» кіші
бөлімі бөлінбеген пайданы немесе
жабылмаған залалды есепке алуға
арналған.
Осы кіші бөлім
мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 – «Есепті
жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған
залалы)», онда есепті жылдың
бөлінбеген пайдасы (жабылмаған
залалы) көрсетіледі;
5520 – «Өткен
жылдардың бөлінбеген пайдасы
(жабылмаған залалы)», онда өткен
жылдардың бөлінбеген пайдасы
(жабылмаған залалы) көрсетіледі.
46. 5600 «Қорытынды
пайда (қорытынды залал)» кіші
бөлімі есепті жылда ұйымның
қорытынды пайдасын (қорытынды залалын)
есепке алуға арналған.
5610 – «Қорытынды
пайда (қорытынды залал)» есепті
жылда ұйымның қорытынды пайдасын
(қорытынды залалын) есепке алуға
арналған, сондай-ақ есепті жылда
түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру
жөніндегі ақпарат қорытындылады.
9. «Кірістер» 6 бөлімінің шоттары
47. «Кірістер» 6
бөлімінің шоттары кірістерді
есепке алуға арналған.
«Кірістер» 6 бөлімі
мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
6000 – «Өнімдерді
сатудан және қызмет көрсетуден
алынатын кіріс»;
6100 – «Қаржыландырудан
алынатын кірістер»;
6200 – «Басқа
да кірістер»;
6300 – «Қысқартылатын
қызметке байланысты кірістер»;
6400 – «Үлестік
қатысу әдісі бойынша ескерілетін
ұйымдар пайдасының үлесі».
Есепті кезеңнің
соңында осы бөлімнің шоттары 5610
– «Қорытынды пайда (қорытынды залал)»
тобының шоттарына жабылады.
48. 6000 «Өнімді
сатудан және қызметтерді ұсынудан
түсетін кіріс» кіші бөлімі
өнімді сатудан және қызметтерді
ұсынудан түсетін кірістерді
есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім
мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6010 – «Өнімді
сатудан және қызметтер көрсетуден
түсетін кіріс», онда өнімдерді
сатудан және қызметтер көрсетуден
түсетін кірістерді алумен байланысты
операциялар ескеріледі, және оларға
ұқсас операциялар көрсетіледі;
6020 – «Сатылған
өнімді қайтару», онда сатылған
өнімді қайтарумен байланысты
операциялар көрсетіледі;
6030 – «Бағадан
және сатудан түсетін жеңілдіктер»,
онда бағадан немесе сатудан
берілетін жеңілдікпен байланысты
операциялар көрсетіледі.
49. 6100 «Қаржыландырудан
түсетін кіріс» кіші бөлімі
қаржыландырудан түсетін кірісті
есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім
мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6110 – «Сыйақылар
бойынша кірістер», онда қаржылық
активтер бойынша кірістерді
алумен байланысты операциялар
көрсетіледі, мәселен депозиттер,
берілген қарыздар;
6120 – «Дивидендтер
бойынша кірістер», онда бағалы
қағаздар бойынша алынған дивидендтер
бойынша кірістерді алумен байланысты
операциялар көрсетіледі;
6130 – «Қаржылық
жалдау бойынша кірістер», онда
активтерге қаржылық жалдауға
берілген кірістерді алумен байланысты
операциялар көрсетіледі;
6140 – «Инвестициялық
жылжымайтын мүлік операцияларынан
алынатын кірістер», онда капитал
құнының немесе сол және басқаның
өсуінен жалдау төлемдері немесе
кірістерді алу мақсатында (жалдау
шарты бойынша иеленуші немесе
жалға алушының) иелігінде бар
(жер, ғимарат, немесе олардың
бөлігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді
алумен байланысты операциялар
көрсетіледі;
6150 – «Қаржылық
құралдардың әділ құнын өзгертуден
түсетін кірістер», онда қаржылық
активтің әділ құнын өзгертуден
кірістерді алумен байланысты
операциялар немесе кіріс ретінде
оның өзгеруін тани отырып
әділ құн бойынша бағаланатын
міндеттемелер көрсетіледі;
6160 – «Қаржыландырудан
түсетін басқа да кірістер»,
онда алдындағы топтарда көрсетілмеген
қаржыландырудан түсетін кірістерді
алумен байланысты операциялар
көрсетіледі.