Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 17:00, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты - дайын өнім есебі, сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы және тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебін ашып қарастырып, белгілі бір қорытындылар жасай білу болып табылады. Көзделген бағыттарды дұрыс жобалап, белгілі жоспар құруының арқасында тиімді және таңдамалы шешімдерді қалыптастыруға пайдалы жолдар ізделіп барлық мәселелер толығымен қамтылды деуге болады.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1.ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІ......................................................................................6
1.1.Дайын өнім есебіне жалпы сипаттама...........................................................6
1.2.Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы........................................9
1.3.Тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі..........18
1.4.Комиссиондық дүкендердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері.........................................................................................................20
1.5.Сатылған тауарды қайтарып берудің, бағадан да және сатудан да жасалған жеңілдіктердің есебі.............................................................................22
1.6.Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындар есебі.........................................................................................................................26
2.САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ.
2.1.Акциздер...........................................................................................................28
3.АУДИТ.
3.1.Дайын өнім аудиті...........................................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................39
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ
Бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге негізі болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті мемлекеттік талапқа сай барлық сомаларда есеп жұмысын жүргізеді. Шаруашылық субьекті бухгалтерлік есеп жұмысын бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған. Бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптермен ережелер және бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері негізінде ұйымдастырылады.
Дайын өнім туралы жалпы түсінікті алып қарасам, дайын өнім негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнім, дайын өнімнің өндірісте жасалғаны және оның бір тұтастығы стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, паспорты, сертификаты және басқадай құжаттармен куаландырылған қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушінің қабылдап алғаны және басқада міндеттер түрінде актілеп жасалады. Сонымен қатар қорта келгенде оны тиімді пайдалану мүмкіндігін жақсарту қажет.
Әлемдегі жетістік деңгейіне көтерілген көптеген кәсіпорын түрлері қалыптасып біршама жіктеулер арқылы топтасып, өзінің қызметін табыс табу мақсатына негіздеп, қоғамдағы әлеуметтік тұтыну қабілеттілігін қанағаттандару үшін өнім сапасын арттыруды көздеп жаңа технологиялық құрал – жабдықтарды пайдалануды талап етеді.
Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісімен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен бірге бухгалтерияға түседі. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерінің келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомосына есепті шоттар бойынша шығарылады.
Жинақ ведомосының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығыуын қамтамасыз етеді. Айдың аяғында беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісім бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады.
Сонымен қатар жұмысшыларға кететін еңбекақы шығындарын азайту мақсатында автоматтнадырылған жүйені қолдануды талап етіп, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы есептеледі. Қаржылық нәтижеге жету қол сілтеп, экономикалық және бухгалтерлік есеп саласында жоғарғы дәрежелі рентабельділіктің пайда болуына жасайтын көрсеткіштерді ашып көрсету сияқты көптеген мәселелер талқылауының негізінде таңдамалы шешім қабылдау мүмкіндігі туындайды. Талдау жасау обьектісі бойынша дайын өнім алып, ол жайлы толық мағлұмат беру көздейді.
Тұрақты баға келісім – шартта көрсетіліп тауарларды төлеу кезінде қадағаланады, өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция сомасына келсек келісім – шартқа қол қою, тауарды жеткізу арасындағы уақыт айырысуға тұрақты пайдаланғанда тиімсіз болады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық және тенгемен қайта санау тәртібі белгіленеді.
Дайын өнімді өндіріс цехтарында дайындап шығарудың маңыздылығы күннен күнге артып келеді, сонымен қатар оның төлемі жүргізілген күнін таңдап алады. Сондықтан да әр мекеменің бухгалтерлік есеп жүйесіндегі элементтердің дұрыс жүргізілуі ондағы шешу көрсеткіштерінің біліктілігі мен білімділігіне және сондай есеп жүргізудегі тәжрибелік мағлұматтары арқылы толықтырылады.
Мұндағы есеп тәртібіне қаржыланатын халықаралық стандартқа негізделген принциптер қатынасын соның негізінде жогары дәрежелі өнімнің шығарылуы, сондай-ақ оның нарықта сатылу үрдісінің ерекшелігі қамтамасыз етіліп, үнемі өндірісте жұмыстары атқарылуда. Жалпы сауда сомаларында олардың аталуы негізделіп, бухгалтерлік есептегі құжаттың айналымын және осының нәтижесінде жазбалар толтырылады. Қорта келгенде бірден бір шешім бұл соманың қазіргі кездегі қоғамдағы ойлау рөлі артып үлкен жетістіктерге қол созып, көтеріле бастауы бәрімізге айқын. Солай болғандықтан әрбір өнім ерекшелігіне байланысты оның көлемі қоғамдағы тұтыныс қажеттілігін қанағаттандыруға негіз болатыны түсінікті.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қ.К.Кеулімжаев., Н.А.Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. – Алматы: Экономика, 2006.-384 бет.
- Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) жасалған өзгертулер мен толықтыруларды қоса. 2007 жыл 1 қаңтар.
- Керімбек Ғ.Е., Салық және салық салу. Әдістемелік оқу құралы.Шымкент,2004ж.
- Абленов Д.О Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005. – 400 бет.
- Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы, 2003. -655 бет.
- Кеулімжаев Қ.К.,Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. – Алматы,2003.
- Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Буххгалтерский учет на предриятиях.-Алматы: Центраудит –Казахстан ,2002.-728с.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 1998.28.01. № 3838 Жарлығы. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің 1998 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
- Бухгалтерлік есеп стандарттары, 2005 ж.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Бухгалтерлік әдістемесі және әдістемелік ұсынымдары, - Алматы: Кәусар бұлақ, 1999.
- Төлегенов Е.Т.Бухгалтерлік ақпарат жүйелері.-Алматы, Экономика,2001.
- Сабырбаев Б.Экономикалық терминдердің орысша - қазақша түсіндірме сөздігі.- Алматы:Қазақстан, 1993. – 112 бет.
- Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. Іскер адамның орысша - қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі.- Алматы: МВП Инкар,1993.-320 бет.