Дебиторлық қарыз есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2012 в 16:23, курсовая работа

Краткое описание

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі
2.1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
2.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
2.3 Күмәнді дебиторлық борыштар
2.4 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
2.5 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ фин учет.docx

— 62.18 Кб (Скачать файл)

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

Кт: 1310 «Материалдар»  шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

  • Банктегі шоттан қателесіп есептен шығарылған сомаға:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

Кт: 1030  «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы жазылады.

  • Құны акцептелген (төленген) тауарлы-материалдық қорлармен айналымнан тыс активтер қоймаға келіп түсенде олардың жетіспеушіліг мен бағалардың сәйкессіздігі нәтижесінен болған, сондай-ақ арифметикалық қателіктерге:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

Кт: 1210 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

  • Ағымдағы жал бойынша алынуға тиісті жал төлемдері мен айыппұлдарға, сондай-ақ өсімақыларға:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты,

Кт:   6010 «Өнімдерді сатудан  және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы  жазылады.

  • Төтенше жағдайлардан болған залалдардың орнын толтыру бойынша дебиторлық борыштың пайда болуына:

Дт:  1280«Басқадай дебиторлық борыштар» шоты,

Кт:  6310 «Тоқталынған операциялардан болатын кірістер (зияндар)» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Сонымен қатар «басқадай  дебиторлық борыш» шотында төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға  артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, көлік ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға деген шағым талап сомалары, тауарлық-материалдық  қорлардың жетісеушлігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқадай дебиторлық борыш шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

Тип

1

2

3

4

5

1

Жұмысшылар мен қызметкерлерге қызметтегі іссапары және басқа да мақсаттар үшін кассадан берілген сомаларға

2150

1010

 

2

Жұмысшылар мен қызметкерлерге берілген банк несиелері

2150

3010

 

3

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  ұйымның кассасына бұрын аванс  ретінде алған сомаларының жұмсалғаннан қалған артық сомасын төлегеніне

1010

2150

 

4

Жұмысшылар мен қызметкерлерге аванс ретінде берліген соманың  жұмсалғаннан қалған бөлігі оларға есептелген еңбекақы сомасынан ұсталды

3430

2150

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.  Қорытынды

 

Қазақстан Республикасындағы  барлық шаруашылық субъектілердегі  табыстар есептеу тәсілінен айқындайтындықтан  күдікті борыштар бойынша резерв құру қажет. Олар тәуекел қоры болып  табылады және  борыштық өтелмей  қалуынан сақтандырады. Бухгалетрлік баланста дебиторлық берешек күмәнді  борыштар бойынша резервті есептен  шығару үшін көрсетіледі. Салық Кодексіне  сәйкес   күмәнді талаптар Қазақстан  Республикасының заңды тұлғалары  және жеке кәсіпкерлері Қазақстан Республикасында  тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар тауар өткізу, жұмыс  орындау, қызмет көрсету нәтижесінде  пайда болатын сәттен бастағанда 3 жыл ішінде  қанағаттандыратын  талаптар, Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес салық төлеуші  дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандыратын талаптар күмәнді деп танылады. Күмәнді  дебиторлық борышты шотта көрсету  қажет салыстыру принципі бойынша  дебиторлық борыштың есепті кезеңді  күмәнді шығындары мойындалуын  талап етеді. Болжанатын дебиторлық борыш  операциялық іс-әрекеттен  болған шығыс күмәнді борыштан шығыстары  ретінде көрсетіледі. Егер күмәнді  дебиторлық борыш күтілмесе, онда крістер  мен алынуға тиісті шоттарға ешқандай түзетулер  талап етілмейді.

Қорыта келгенде, басқа  да кредиторлық қарыздар мен есептесулердің есебі мына шоттарда жүргізіледі: 3350, 4150, 4160, 3360, 4250, 4230. Несие берудің басқа  түрлері  4030 «Басқа да несиелер»  шотында есебі жүргізіледі. 4030-шотында  кәсіпорынның еңбеккерлері үшін банкіден алынған несиесі, шығарылған облигациясы, тауарлары (жұмыстары мен қызметтері) және берілегн вексельдері есепке алынады. Кәсіпорын өз өндірісінң тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету  үшін өзінің материалдық-техникалық базасын  жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау  экономикалық және  әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын  өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен  немесе делдалдық ұйымдармен келісімшартқа  отырады.

Кәсіпорынның дебиторлық және кредиторлық қарыздарын басқара  отырып, шикізат пен материалдарды  ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын  азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды  өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын  төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға, алдағы кезеңде инвесторларды осы  кәсіпоырнның ісіне толықтай араласуға, жаңа нарықтық қатынастарға ие болуға,  шығындарды, кіріс пен табысты  басқаруға мүмкіндік бар.

 

 

 

 

ІV.  Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2003, В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт. Беттер: 246-275, 278-349.

 

  1. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» : оқулық / Қ. К. Кеулімжаев, Н. А. Құдайбергенов. - Алматы : Экономика, 2006.

         Беттер 140-172, 274-287.

 

  1. Қазақстан Республикасының Заңы «Бухгалтерлік есеп және  қаржылық есеп туралы»

 

  1. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұрығымен бекітілген)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Дебиторлық қарыз есебі