Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 10:17, дипломная работа

Краткое описание

"Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Бүгінгі туризм-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туризмнің қазіргі индустриялды табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен түскен табыс мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1.Маңғыстау облысының туристік-рекреациялық мүмкіншілігі
1.1.Аймаққа экологиялық-экономикалық бағалау жүргізу.......................4
1.2.Маңғыстау облысының туристік-рекреациялық ресурстары...............6
2. Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы……………………………........................................................13
2.1.Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің басқарушылық құрылымы.........................................................15
2.2.Туризм, дене шынықтыру және спорт басқарманың Мемлекеттік мекемесінің экономикалық сипаттамасы.......................................................23
2.3Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің 2011-2013 жылдар аралығында өткізген іс шаралары............24
2.4 Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарлары.........................................................26
3. Қорытынды....................................................................................................29
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
5.Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

Otchet_praktiki_1.docx

— 82.79 Кб (Скачать файл)

2. Оқу-спорт және туризм  жұмыстары жөніндегі бөлімінің  спорт жөніндегі бас маманы.Ол  жұмыс жоспарларын дайындайды, облыстық  федерациялардың, ведомствоға қарасты  және аудандық құрылымдық бөлімшелердің, өзге дене шынықтыру-спорттық  ұйымдардың жұмыстарын үйлестіреді. Спорттық мектептерде, спортқа дарынды  балалар үшін мектеп-интернаттарда  және олимпиадалық резерв дайындау  орталығында жоғары спорттық  жетістікті дамыту және спорттық  резерв дайындау бойынша жұмыс. Республикалық спорттық атақтар  мен санаттарды беру, спорттық  медальдармен, төс белгілерімен, дипломдармен  және грамоталармен марапаттау  бойынша біліктілік комиссия  жұмысына қатысады. Спорт түрлерінен  аға жаттықтырушылардың жұмысына  басшылық және бақылау жүргізеді, спорт ұйымдары жаттықтырушыларының  жұмысын, олардың кәсіби дайындығының  деңгейін тексереді, жұмысқа есеп  жүргізуді жоспарлайды. Спорт ұйымдары  жұмысының тиімділігіне талдау  жасайды. Басқарманың спорттық шараларының  айлық және тоқсандық жоспарларын  дайындау. Спорттық іс-шараларды  дайындау және өткізу. Ресми облыстық  жарыстарды өткізу бойынша және  спортшыларды жарыстарға іссапарға  жіберу жөніндегі бұйрықтар мен  шығын сметаларын әзірлеу. Ведомствоға  қарасты құрылымдарға тәжірибелік  және әдістемелік көмек көрсету.

Спорттық іс-шараларды, оқу-жаттығу жиындарын әзірлеу мен өткізуге, спорт түрлерінен құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға шығуларына құжаттамалық негіздеменің болуына және мақсатқа лайықтылыған бақылау жүргізеді.

3. Оқу-спорт және туризм  жұмыстары жөніндегі бөлімінің  спорт жөніндегі бас маманы.Ол  ведомствоға қарасты ұйымдардың  жұмысына бақылау жүргізеді. Басқарманың ұйымдастыру-әдістемелік ұсыныстарын жүзеге асырады. Статистикалық есеп беру жұмысын жүргізеді. Спорт түрлерін дамыту бойынша материалдарды талдап, қорытындылайды. Облыс және ведомствоға қарасты ұйымдардың құрама командаларының дайындық жоспарларына бақылау жүргізеді. Жоғары спорттық жетістікке қатысты материалдарды қорыту. Республикалық және халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындаудың перспективалық жоспарларын әзірлеу және жоспарлау. Облыста спортты дамытудың стратегиялық, индикативтік жоспарларын дайындау. Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ай сайынғы ақпаратты ұсыну. Басқарманың спорттық шараларының айлық және тоқсандық жоспарларын дайындау. Спорттық шараларды дайындау және өткізу. Ресми облыстық жарыстарды өткізу және спортшыларды жарыстарға іссапарға жіберу жөніндегі бұйрықтар мен шығын сметаларын әзірлеу. Ведомствоға қатысты құрылымдарға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді.     Спорттық іс-шаралардың, оқу-жаттығу жиындарын әзірлеу мен өткізуге, спорт түрлерінен құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға шығуларына құжаттамалық негіздеменің болуына және мақсатқа лайықтылығына бақылау жүргізеді. БЖСМ-нің, облыс аға жаттықтырушыларының жұмыстарына бақылау жүргізеді, спорт түрлерін бағыттайды (бөлек кестеге сәйкес).

4.Оқу-спорт және туризм  жұмыстары жөніндегі бөлімінің  туризм жөніндегі бас маманы  облыста туризм саласындағы мемлекеттік  саясатты жүзеге асырады және  туристік қызметті үйлестіреді. Туризмді дамыту жоспары мен  аймақтық бағдарламаны әзірлейді  және іске асырады. Қазақстан  Республикасының лицензиялау туралы  заңнамасына сәйкес туризм нұсқаушысының  қызметін лицензиялайды. Облыста  туристік индустрия объектілерін  жоспарлау және салу қызметін  үйлестіреді. Туристік қызметті  жүзеге асыратын тұлғалардың  және туристік маршруттардың  мемлекеттік тізілімдеріне енгізу  үшін ақпарат дайындайды. Туристік  қызмет рыногына талдау жүргізеді, туристік ресурстарды қорғау  жөніндегі шараларды дайындайды  және енгізеді. Туристік қызметті  жүзеге асыратын тұлғалар, туризм  объектілері және  туристік әлует  туралы ақпаратты ұсынады.Туристік  қызметті ұйымдастыру мәселелері  бойынша туристік қызмет субъектілеріне  әдістемелік көмек және кеңес  береді, балалар және жастар лагерьлерінің, туристік бірлестіктердің қызметіне, өз бетінше туризмді дамытуға  көмек көрсетеді.

5. Оқу-спорт және туризм  жұмыстары жөніндегі бөлімінің  спорт жөніндегі жетекші маманы  бөлімде іс жүргізуді ұйымдастырады. Ұйымдастыру-әдістемелік ұсыныстарды  жүзеге асырады. Мүдделі дене  шынықтыру-спорттық ұйымдарымен оқу-жаттығу жиындары мен спорттық шараларды өткізуді үйлестіреді. Спорт түрлерінен аға жаттықтырушылармен жұмыс, өтінімдерді және спорттық жарыстардың қортындысы бойынша есептік материалдарды сараптау. Басқарманың жылдық және күнтізбелік жоспарларының орындалуына талдау жасайды. Құрметті атақтарды, спорттық разрядтарды, жаттықтырушы және төреші санаттарын беру үшін материалдарды әзірлеу және оларды нормативтік құжаттарға сәйкес сараптау. Ресми облыстық жарыстарды өткізу және спортшыларды іссапарларға жіберу жөніндегі бұйрықтар мен шығын сметаларын әзірлеу. Облыстық чемпионаттар мен біріншіліктердің жеңімпаздарын және жүлдегерлерін марапаттау үшін дипломдар мен мақтау қағаздарын әзірлеу.Спорттық іс-шараларды, оқу-жаттығу жиындарын әзірлеу мен өткізуге, спорт түрлерінен құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға шығуларына құжаттамалық негіздеменің болуына және мақсатқа лайықтылығына бақылау жүргізу. БЖСМ-нің, облыс аға жаттықтырушыларының жұмысына бақылау жасайды, спорт түрлерінен бағыттайды (бөлек кестеге сәйкес).

6. Құрылымдық бөлімнің  басшысы – ұйымдастыру-кадрлық  және құқықтық жұмыстар жөніндегі  бөлім бастығы бөлімді басқарады. Басқарманың кадрлық құрамы жөніндегі  құжаттарды жүргізу. Мемлекеттік  қызмет жөніндегі басқармаға  кадр мәселелері жөніндегі ақпараттарды  уақытылы тапсыру. Бос әкімшілік  мемлекеттік қызметке орналасуға  конкурс өткізу. ҚР Бас прокуратурасы  жанындағы ҚСжАО, ҰҚКД арнайы  тексеруге құжаттарды әзірлеу. Өндірістік  мәселелер жөніндегі бұйрықтарды  тіркеу. Жеке құрам жөніндегі  бұйрықтарды дайындау. Мемлекеттік  қызметшілерді аттестациядан өткізу, тәртіптік комиссияны өткізу  жөніндегі құжаттарды әзірлеу. Аппарат  оқуын өткізу, қазметшілерді біліктілікті  арттыру курстарына оқуға ұсынады. Ресми спорттық іс-шаралардың  салтанатты ашылу және жабылу  рәсімдерін дайындау және өткізу. Ресми жарыстардың жеңімпаздары  мен жүлдегерлерін марапаттау  және үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мерейтой иелерін құттықтау үшін  дипломдарды, мақтау қағаздарын  әзірлеу. Ведомствоға қарасты құрылымдарға  тәжірибелік және әдістемелік  көмек көрсетеді.Ведомствоға қарасты  ұйымдардағы кадр қызметтерінің  жұмысын үйлестіреді.

7.Ұйымдастыру-кадрлық және  құқықтық жұмыстар жөніндегі  бөлімінің  бас маманы.Оның қызметі  істер номенклатурасына сәйкес  басқарманың іс жүргізуіне жалпы  басшылық ету, ережеге сәйкес  басқарма құжаттарын әзірлеу  және мұрағатқа тапсыру. Азаматтар  өтініштерімен жұмыс жүргізу. ҚР  Президенті Жарлықтарының, Үкімет  қаулыларының, әкімінің шешімдері  мен өкімдерінің, бақылауға жататын  өзге де құжаттардың орындалуына бақылау жасайды, бақылау картотекасын жүргізеді. Өзге бөлімдермен бірге шешімдер мен өкімдерді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді; осы жоспарлардың жүзеге асырылуына бақылау жүргізеді, олардың орындалу барысы жөнінде сәйкес материалдарды жүйелейді. Бақылау мәселелері жөніндегі ақпараттарды әзірлейді, бөлімдерде бақылаудың ұйымдастырылуына тексеруді ұйымдастырады. Құжаттардың орындалуы жөнінде басшыға баяндайды. Ресми спорттық іс-шаралардың салтанатты ашылу және жабылу рәсімдерін дайындау және өткізу. Ведомствоға қарасты құрылымдарға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді.Ведомствоға қарасты ұйымдарда іс жүргізуді үйлестіреді.

8.Құрылымдық бөлімнің  басшысы – қаржы-экономикалық  бөлімінің бастығы бөлімге басшылық  етеді. Басқарманың қаржы-шаруашылық  қызметі, тауарларды, жұмысты және  қызметтерді мемлекеттік сатып  алу бойынша жұмысынжұмысын ұйымдастырады  және өткізеді. Мақсаттылы бағдарламалар  мен жобаларға бөлінетін жергілікті  бюджет құралдарын бөлу бойынша  ұсыныстар енгізеді, олардың мақсаттылы  пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Бюджеттік бағдарламалар паспорттарының  орындалуына есеп және бақылау  жсау, түсетін ақша қаражаттарының  толық есебін жүргізу және  мақсатты жұмсалуын бақылау, тауарлы-материалдық  құндылықтардың есебі, сонымен қатар, бухгалтерлік есепте олардың  қозғалысымен байланысты операцияларды  уақытылы көрсету, шығын сметаларының  орындалуының шүбәсіз есебі, төлемдердің  дұрыс есептелуі мен аударылуы  және т.б. Бухгалтерлік құжаттардың  сақталуын, ресімделуін және бекітілген  тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын  қамтамасыз етеді. Банктік, кассалық  операциялардың ресімделу, дебиторлар  және кредиторлармен есептесу, түгендеуді  жүргізу тәртіптерін сақтау. Шаруашылық  операцияларын дұрыс ұйымдастыруды  іске асыру мақсатында басқарма  басшылығын ақпаратпен қамтамасыз  ету. Бухгалтерлік есептер мен  баланстарды құрастыру және белгіленген  мерзімде сәйкесті органдарға  тапсыру, мекеменің қаржы-экономикалық  қызметіне экономикалық талдау  жүргізу. Басқарма алқасында қаралатын  мәселелерді дайындау, қаржы тәртібі  мәселесі бойынша аппараттық  кеңес. Бөлім қызметкерлері мен  ведомствоға қарасты ұйымдарға  бухгалтерлік есеп және қаржды  тәртібі мәселелері бойынша әдістемелік  және тәжірибелік көмек көрсетеді.Ведомствоға  қарасты ұйымдардағы есепті ұйымдастыру  жөніндегі қаржы қызметтерінің  жұмысын бақылайды. Балалар спорт  мектептерінің құқықтық мәселелер  бойынша қызметкерлерінің жұмысын  үйлестіреді.

9. Қаржы-экономикалық бөлімінің  бухгалтерлік есеп жөніндегі  бас маманы.Оның қызметі шаруашылық  операцияларын жүзеге асыру, мекеменің қаржылық ахуалы туралы шұғыл ақпаратты әзірлеу, бухгалтерлік есептерді дайындау және белгіленген мерзімде сәйкес органдарға тапсыру, мекеменің қаржы-экономикалық қызметіне талдау жүргізу. Шығын сметасы бойынша қаржылық өтінімдерге сәйкес, ведомствоға қарасты ұйымдарды қаржымен қамтамасыз ету. Қаржы қозғалысын жүргізу. Бағдарламалардың паспорттарын жасау және бюджеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы есеп беру. Спорт мектептерінің тұрғысында іссапар шығындары бойынша есеп беруші тұлғалардың есебін жүргізу. Бөлімнің қаржы және материалдық ресурстарына  есеп, бақылау және талдау жасау. Белгіленген қаржы-экономикалық есепті уақытылы құрастыру және тапсыру. Іссапарға шығу үшін шығын сметаларын құруға, бекітілген нормативтерге, мөлшерлерге сәйкес жарыстарды өткізуге, сондай-ақ, іссапарға, оқу-жаттығу жиындарына, спорт шараларын өткізуге бөлінген ақша қаражаттарының дұрыс пайдаланылуына әдістемелік көмек көрсетеді. Облыстық іс-шараларды өткізуді, ОЖЖ, іссапарларды уақытында қаржылармен қамтамасыз ету.Ведомствоға қарасты ұйымдардың қаржы қызметтерінің жұмысын бақылайды.Балалар спорт мектептерінің қаржы тәртібі мәселелері жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді.

10. Қаржы-экономикалық бөлімінің  экономикалық жұмыс жөніндегі  бас маманы.Ол мынадай қызметтерді  атқарады:облыс бойынша спорт  және дене шынықтыру салаларын  әлеуметтік-экономикалық дамыту  бағдарламалары мен жоспарларының  жобаларын әзірлеу,облыс әкімінің  іс-әрекеттер жоспарына, облыстың  әлеуметтік-экономикалық дамуының  индикативтік жоспарына, инвестициялық  жобалар бағдарламасына, спорт ғимараттарының  желісін дамыту бағдарламасына  ұсыныстар және олардың экономикалық  негіздемелерін дайындау. Бағдарламалар  мен ерекшеліктер тұрғысынан  бюджет қаржыларының шығын сметаларын  әзірлейді және бекітуге ұсынады. Облыста ашылып жатқан балалар  спорт мектептерінің жобалық-сметалық  құжаттамасын дайындау. Әрекеттегі  ведомствоға қарасты ұйымдардың  штаттық кестелерін, тарификациялық  тізімдерін және шығын сметаларын  сараптау. Мемлекеттік тапсырысты  орындау бойынша жұмыс істейтін  коммуналдық кәсіпорындар қызметінің  қортындысына жәрдем ақшаның  дәлелдігі жөнінде талдау жүргізеді. Басқарманың қаржы-экономикалық  қызметіне экономикалық талдау  жасау. Ведомствоға қарасты ұйымдарға  тәжірибелік және әдістемелік  көмек көрсету.Ведомствоға қарасты  ұйымдардың штат кестелерін, тарификациялық  тізімдерді, бюджет жобаларын, шығын  сметаларын құрастыруына және  басқармаға уақытында тапсыруына  бақылау жүргізу.

11. Қаржы-экономикалық бөлімінің  бухгалтерлік есеп жөніндегі  жетекші маманы Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, есеп пен есеп беруді жүргізуге, тендерді өткізу жөніндегі жұмысқа, тапсырысты орындаушылармен шарттарды құрастыруға, хаттамаларды ресімдеуге жауапты. Жалақыларды, сауықтыру жәрдемақыларын есептеу, әлеуметтік салық бойынша аудару және есеп беру, зейнетақы жинақтау қорына аудару. Спорттық іс-шараларды өткізуге арналған шығын сметасына сәйкес спорт шараларын жүлде қорымен қамтамасыз ету, төрешілердің, медперсоналдың және т.б. еңбекақысын төлеу есебін жүргізеді. Шаруашылық мұқтаждықтарға тауарлар, қызметтік көлікке қосалқы бөлшектер, спорттық мүкәммалдар, жабдықтар мен экипировкаларды сатып алудың, олардың қозғалысының есебін жүргізеді, уақытында есептен шығарылуына бақылау жасайды. Басқармада және ведомствоға қарасты ұйымдарда түгендеу жүргізеді.

3. Дене шынықтыру  және спорт басқармасының мемлекеттік  мекемесінің экономикалық сипаттамасы

Облысымыздағы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына Үкімет тарапынан жыл сайын қаражат бөлінуде. Ол қаражат басқарманың басқаруымен облысымыздағы туризм мен спортты дамыту мақсатында жұмсалуда.  Бөлінген қаражат облыс аудандарына бөлініп, ол аудандарда туризм және спорттық комплекстер салумен, оларға жөндеу жүргізуге жұмсалуда. Облысымызға спорт бөліміне бөлінетін қаражаттар туралы айта кетейік.           Облыста жергілікті деңгейде мемлекеттік спорттық ұйымға жөндеу жүргізу үшін 51229000 теңге бөлінді. Ақтау қаласындағы бокс спорттық залына жөндеу жүргізу үшін 450000 теңге бөлінді. Ал, Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау аулындағы ғимаратқа жөндеу жүргізу үшін 2829000 теңге қаражат бөлінді. «Каспий» волейбол клубына  4950000 теңге, «Каспий» футбол клубына 13000000 теңге қарастырылды. Ақтау қаласындағы «Жас Қанат» стадионына 30000000 теңге бөлінді.   Бұл бөлінген қаражаттар осы спорттық ғимараттарда жөндеу жүргізуге тиімді пайдаланылды. Облыс аймағында балалар және жасөспірімдерге арналған мектептер пайдалануға берілді.    Облысымызға қаражат бөліп, спортық мектептерді осылай жөндеу арқылы облысымызда спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны артты.          Спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны жылдық көрсеткіш 78,4% жетті. Қазіргі көрсеткіш бойынша облыстың 94302 тұрғыны спортпен шұғылданады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,9% көп.

  Енді туризм бөлімі бойынша әр ауданға бөлінетін қаражат туралы айта кетейік.           

                                                                                                            1 кесте

Информация о работе Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы