Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 10:17, дипломная работа
"Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Бүгінгі туризм-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туризмнің қазіргі индустриялды табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен түскен табыс мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады.
Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1.Маңғыстау облысының туристік-рекреациялық мүмкіншілігі
1.1.Аймаққа экологиялық-экономикалық бағалау жүргізу.......................4
1.2.Маңғыстау облысының туристік-рекреациялық ресурстары...............6
2. Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы……………………………........................................................13
2.1.Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің басқарушылық құрылымы.........................................................15
2.2.Туризм, дене шынықтыру және спорт басқарманың Мемлекеттік мекемесінің экономикалық сипаттамасы.......................................................23
2.3Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің 2011-2013 жылдар аралығында өткізген іс шаралары............24
2.4 Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарлары.........................................................26
3. Қорытынды....................................................................................................29
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
5.Қосымша
Маңғыстау әкімшілігінің аудандық туризм салаларын дамытуға бөлінген қаржы қаражат көрсеткіші
№ |
Аудандар |
2011ж |
2012ж |
2013ж |
2013-2011жж |
2013-2011жж |
1 |
Қарақия |
3712 |
4513 |
5912 |
2200 |
15,9 |
2 |
Мұнайлы |
3517 |
5012 |
5917 |
2400 |
16,8 |
3 |
Түпқараған |
4007 |
4915 |
5217 |
1210 |
13 |
4 |
Маңғыстау |
4807 |
5315 |
5913 |
1109 |
12,3 |
Осы көрсеткішке тұжырымдама жасайтын болсақ Қарақия ауданына бөлінген қаражат 2011 жылға қарағанда пайыздық көрсеткішпен алғанда 2013 жылы 15,9% - ға өскен. Мұнайлы ауданына бөлінген қаражат 2011 жылға қарағанда 2013 жылы 16,8% - ға өскен. Ал, Түпқараған ауданына бөлінген қаражат 2011 – 2013 жылдарды салыстырғанда пайыздық көрсеткішпен 13% - ға өскен. Маңғыстау ауданының 3 жылдық көрсеткішін салыстыратын болсақ 2011 жылғы бөлінген қаражат 2013 жылға қарағанда 12,3% - ға өсті.
4. Туризм,дене шынықтыру және спорт басқармасының мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2014 жылдар аралығында өткізген іс шаралары
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мемлекеттік мекемесі 2011 – 2013 жылдарға алдына қойған жоспарды толығымен орындады десе болады. Басқарма Маңғыстау облысында туризм саласын дамыту мақсатында туристік саланың қызметін ұсынатын ұйымдардың санын көбейтті. Туристтік саланы дамытуды қамтамасыз етуде шығу туризмінің көлемін көбейтті. Әлеуметтік көрсеткіш шамамен 26,9 мың адам болды. Ал, ішкі туризмнің көлемі өсіп 10 мың адамға жетті. Көрсетілген туристік қызмет бұл жылдар аралығында 234,1 млн теңгені құрады. Ақтау қаласының колледжінің студенттерінің арасында Бүкіл Әлемдік Туризм күніне арналған туристік слет өтті. Өткен жылдың қараша айында Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының туризм индустрия Комитетінің жетекшілерінің қатысуымен туризмнің дамуы сұрақтарына байланысты республикалық семинар өтті. Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауында жағажайлық зона құру жоспары бойынша Ақтау қаласының жеке кәсіпкерлерінің жетекшілігімен «Достар» және «Нур Плаза» жағажайы салынды. Экологиялық туризмді дамыту үшін табиғи саябақтар құру мақсатында «Турист» турфирмасы облыстағы экотуризм бағдарламасын жасады. Мемлекеттік табиғи Үстірт қорығына экологиялық жорық ұйымдастырылды. Үстірт қорығы болашақта әлемдік нарықта туристік ресурс ретінде танылады. Турфирма «Табиғат», «Жыл құсы ұшып келеді», «Қарақия ойпаты», «Тамшалы шатқалы» және тағы басқа экомаршруттар құрды. Мұндай экотуризм жұмыстарына басқармалық емес ұйымдарда қатысты. Мысалы: «Эко Маңғыстау» мекемесі табиғат және Маңғыстаудың қасиетті жерлері бойынша 15 танымдық экскурсиясын ұйымдастырды. 2013 жылдың басында Қазақстан Республикасының делегациясының құрамында 9 -13 наурызда Берлин қаласында өткен «ITB-2013» халықаралық туристік биржаға, 13 – 16 наурызда Мәскеу қаласында өткен «Интурмаркет 2013» халықаралық туристік көрмесіне қатысты. Сомен қоса басқарма 27 мамырда Астрхань қаласында өткен, халықаралық «Кендірлі» демалыс орнының презинтациясы ұйымдастырылған, каспийаралық «Іскери Каспий» Кеңесіне қатысты. Қыркүйек айында Париж қаласында өткен «Top Resa» халықаралық туристік көрмеге және қараша айында Лондон қаласындағы халықаралық көрмеге қатысты. Өз елімізде KITF – 2013 Қазақстандық Туристік Көрмеге, Астана қаласында өткен халықаралық туристік көрмеге және Көкшетау, Шымкент қаласында өткен республикалық семинарларға қатысты.Осы жылғы көрмелерге қатысуға облыс аймағынан ақпараттар жиналды.Мен өз жауапкершілігіме қонақ үйлермен, демалыс аймақтарын алдым. Осы жылдарда облыстың туристік деңгейіне арналған 1500 данадан жарнамалық өнімдар: буклеттер, ашық хаттар жинағы, күнтізбелер, қаламдар шығарылды. «Туризм. Маңғыстауға келу» атты интернет порталын құру мақсатында басқарманың «www.tism.kz» веб – сайты құрылды. Қазіргі уақытта бұл сайт ақпараттармен толтырылуда. Облыста дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында 2011 – 2013 жылдар аралығында көптеген әс шаралар атқарылды. Аймақта дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын адамдар санының көрсеткіші 94,4% жетті. Спорттық мектептердегі спортпен шұғылданатын балар мен жасөспірімдердің жылдық көрсеткіші 98% жетті. Қазіргі уақытта дене шынықтыру жіне спортпен шұғылданатын облыс тұрғындарының көрсеткіші 94302 адамға жетті. Бұл өткен мектептері Жергілікті жердегі спорттық кешендерді жөндеуге қаражаттар бөлінді. 2011 жылы жөндеу жүргізуге 51229000 тенге бөлінді. Облыстың 6 спорттық мектебінде жөндеу жүргізілді. Спортшыларды дайындаудың сапасын жоғарылату мақсатында оқыту – баптау құрамасына облыстың 586 спортшылары, 43 республикалық және 49 облыстық спортшылар қатысты. Жастарды әдепсіздіктен арылту, спорттық секцияларға қатысуға мақсатында және Қазақстанның ұлттық спорттық құрама командасының қорына дайындау үшін 2011 жылдың 1 шілдесінен Маңғыстау облысының 15 балалар – жасөспірімдер спорттық мектебі жұмыс жасай бастады. Оның үшеуі Олимпиядалық қордың Арнайы балалар – жасөспірімдер спорттық мектебі. 2011 жылдың маусым айынан бастап 2 жаңа спорттық метеп жұмыс жасай бастады. Облыстық жарыстардың жеңімпаздары республикалық жарыстарға қатысқан комплекстік жарыстар өткізілді. Республикалық комплекстік жарыстарда облысымыз ұлттық спорттың түрінен 6 орынға (Өскемен қаласында), жазғы Республикалық Спартакияда 7 орынға, Қазақстан Республикасының қызметкерлерінің мемлекеттік Спартакиядасында 5 орынға (Атырау қаласы) иеленді. Салалық Спартакияда өткізілді: ● Медицина қызметкерлерінің спартакиядасы; ● МАЭК Казатомпром спартакиядасы; ● Мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиясы; ● Заң оргондарының спартакиядасы. 2013 жылы денсаулық сақтау мақсатында облысымызда 16871 адам қатысқын 180 дене шынықтыру және спорттық шаралар өткізілді. Маңғыстау облысының құрама командалары спорттың әр түрінен 325 халықаралық және республикалық шараларға қатысты.
5. Дене шынықтыру және
спорт басқармасының
Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арнаған стратегиялық жоспары. Спорт бөлімі мынадай жоспар қояды: ● облыстың барлық дене шынықтыру ұйымдарымен бірігіп жалпы спортты дамыту және спортта биік жетістікке жету жолдарында жұмыс жасайды; ● «Спорт» бөлімінде 2015 жылғы жоспардың орындалуын облыс әкімінің қада,алауы; ● 2012-2015 жылға стратегиялық жоспардың орындалуын қадағалайтын мониторинг өткізу; ● Облыста спорттық санатты игеруде жұмыс жасау; ● Дене шынықтыру – сауықтыру спорттық қызмет саласын жеке және заңды тұлғалар бойынша лицензиялау; ● Спортшылар мен бапкерлер – оқытушылар игеру бойынша сарапшылар жұмысын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтің кестесін құру; ● Облыс аймағында спорттық обьектілер мониторингін жүргізу: ● Бейнеу ауданындағы дене шынықтыру – сауықтыру комплексінің құрылысын бастау; ● Ақтау қаласында теннистік орталық құрылысын аяқтау; ● Форт – Шевченко қаласындағы спорттық комлекстің құрылысын аяқтау; ●Қарақия ауданы Жетібай кентіндегі спорттық залдың құрылысын аяқтау; ● Облыс бойынша спорттық ауданның құрылысы. Келесідей комплекстік шаралар өткізу: ● Маңғыстау облысында спорттың 5 түрі бойынша студенттік ойын; ● Маңғыстау облысындағы колледждерде оқитын студенттер мен оқушылар арасында 4 – Спартакиада; ● Маңғыстау облысындағы ардагерлердің 3 – Спартакиадасы; ● Мемлекттік қызметкерлер арасында облыстық спартакияда; ● Қазақстан Республикасының бокстың 1 – мастері Ш. Бөлтекұлын еске алу мақсатында халықаралық турнир. ● Облыстың 10 мықты спортшыларын айсайын ақшамен қамтамасыз ету; ● «Жыл спортшысы», «Жыл бапкері» атты облыстық жарыс өткізу; ● Лондонда (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия) өтетін ХХХ Олимпиядалық Ойындарға Қазақстан Республикасынан қатысатын қатысушыларды облыс спортшылар арасынан кандидаттарды дайындауды қамтамасыз ету; ● Азия, Европа, Әлем Чемпионатына Қазақстан Республикасының құрама командасы үшін облыс спортшыларын дайындау; ● «Спорт нашақорлыққа қарсы» атты ұранмен спорттық шара өткізу; ӘКК саласы үшін бақылау жүргізу: ● «Каспий» фудбол клубы ● «Каспий» волейбол клубы ● «Каспий» баскедбол клубы ● Олипиядалық қорға дайындау орталығы ● Мүгедек спортшылардың клубы ● Жас Қанат. Жоғары ұйымдарға басқарма жұмысының сұрақтары бойынша уақытылы ақпарат пен есеп беруді қамтамасыз ету; . Туризм бөлімі бойынша мынадай стратегиялық жоспарлар қойылып отыр: Туристік кластер дамытуді мен Мастер – планды іске асыру бойынша жұмыс жүргізу; 2015 жылға «Туризм» бөлімі бойынша облыс әкімінің жоспарды орындауды қамтамасыз ету; Халықаралық «Кендірлі» курортының құрылысының мониторинг және координация сұрақтарын жүргізу; Басқарманың веб – сайтын толықтыру мен мазмұны бойынша жұмыс жүргізу; Туризмнің дамуы сұрақтары бойынша туристік фирма, қонақ үй шаруашылығы мен мейрамхана бизнесі және халықаралық құрылым жетекшілерімен дөңгелек үстел өткізу; Облыстың қонақ үй шаруашылығы юойынша мониторинг жүргізу; Облыс колледждері мен мектептерінің жетекшілерімен ішкі туризмнің дамуы сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізу; Туристік шараларда аймақтың қатысуын қамтамасыз ету: Алматы қаласындағы «KITF - 2014» «Туризм және саяхат» атты Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңке; Астана қаласындағы «Astana Leisure - 2014» «Астана демалыс» Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңке; Маңғыстау облысын туризм бойынша халықаралық туристік көрмеге қатысуын қамтамасыз ету: Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы) «In tour market» халықаралық туристік көрмеге; Милан қаласындағы (Италия) «BIT» халықаралық туристік көрмеге; Берлин қаласындағы (Германия) «ITB»халықаралық туристік көрмеге; Пекин, Париж, Лондон қалаларындағы халықаралық туристік көрмелерге; Маңғыстау облысының туристік потенциялы туралы жарнамалық – имидждік сапасын қамтамасыз ету; Маңғыстау облысының туристік жол кариасын жасау және шығару; Туристік индустриялық Комитетін туристік құжаттың жаңаруы туралы мағлұматпен қамтамасыз ету; Білім басқармасының Ақтау, Анталия, Астрхань колледждерінің студенттерінің халықаралық фестиваль өткізу; Иран Республикасының тур ұйымдары үшін ақпараттық тур өткізу; Әзірбайжан Республикасының туристік ұйымдарымен бірігіп туристік шаралар өткізу.
Қорытынды
Туризм бос уақытты тиімді пайдалануға, адам денсаулығын жақсартуға мол ықпал жасайды. Халыққа осындай қызмет көрсетеін мемлекеттік орын туризм, дене шынықтыру және спорт мемлекеттік басқармасы болып табылады. Мен тәжірибеден өткен орын Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесі халыққа толығымен қызмет етуде. Басқарма туризм болімі бойынша облыстағы турфирмаларды басқарып, қадағалап отырады. Облыстағы балаларға жазғы демалыстарды ұйымдастырып, облыстағы және басқа облыстағы демалыс орындарына жолдама береді. Ақтау қаласындағы колледждерде туризм пәнін ашылуына ықпал жасайды. Облыс аймақтық, республикалық және басқа мемлекеттерде өтетін көрме мен жәрмеңкелерге ат салысып қатысуда. Спорт саласы бойыншада атқарылған қызметтер көп. Облыста балалар мен жасөспірімдерге арнап спорт мектептер ашуда. Облыстағы спортшы балаларды облыс аймағындағы, басқа облыстағы, шет елдердегі сайыстарға қатысуларына мүмкіндік жасайды. Басқармада осындай жұмыстар атқарылып жатқанмен, әліде іске асырылатын шаралар көп. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына Маңғыстау облысындағы қасиетті, көрнекті орындарды өз қарамағына алып, туристік орынға айналдыруды ұсынар едім. Маңғыстаудың Каспиий жағалауынан жаз мезгіліне арнап жағажайлар салса нұр үстіне нұр болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Маңғыстау облысында туризмді
дамыту бағдарламасы: 2012-2015жж.
2. Қазақстан Республикасында
2007-2011 жылдар аралығында туризмді дамыту
бағдарламасы.
4.Өмірзақов Қ.Ж. Манғыстау маңғаз мекенім : оқулық.-Ақтау.,2009.
5. Никитинский Е.С. Қазақстанның туристік құқығы: оқулық.- Астана.: ТОО «МАХ».
6.Кенжебеков Т.И. Маңғыстау- ашық аспан астындағы мұражай : оқулық.-Ақтау.,2005
7. http://kk.wikipedia.org/ Ашық энциклопедия
8.http://www.mangystau.gov.kz/
8.http://stat.kz/