Аймакты к экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 21:07, лекция

Краткое описание

Әлемнің кез келген еліндегі қоғам өзінің өмірлік қызметінің бірнеше аспектілеріне ие: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және рухани. Осылардың барлығы қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі формаларында өтуі мүмкін. Мәселен, нарықтық қатынастар немесе қатаң, бір орталықтан басқарылатын мемлекет қалыптастыратын қатынастар олардың негізі болуы мүмкін. Бізге белгілідей, нарықтық қатынастар, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарына, тауар-өндірушілердің еркін қызметіне, еркін бәсеке мен баға белгілеуге, адамның өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз ететін қызмет түрін еркін таңдауға, экономиканың ашықтығына негізделген жеке меншік арқылы қалыптасады.

Содержание

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау – экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жоспарлауының мәні, объектісі, пәні.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау жүйесі.
Стратегиялық жоспарлау логикасы.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау методологиясы мен әдістері.

Вложенные файлы: 1 файл

лекция.docx

— 158.60 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорын қызметінің жоспарларын  әзірлеу кезінде әртүрлі әдістер: баланстық, есептеу-аналитикалық, бағдарламалық  мақсатты, графоналитикалық, индукция және дедукция, сараптамалық бағалау  әдістері қолданылады.

Баланстық әдіс қоғамдық қажеттіліктер  мен ресурстарды байланыстыру, әртүрлі  өнімдерді, өндірістерді, салаларды, аумақтарды және тұтастай түрдегі халық шаруашылығын дамытудағы қажетті пропорционалдықтар және үйлестіруді қамтамасыз етуге  арналған.

Баланстық әдіс ресурстарға  деген қажеттілікті олардың болуымен (қамтамасыз ету мүмкіндігімен) өлшеуге  мүмкіндік береді, сондықтан да кәсіпорындарда материалдық, еңбек ресурстарының  баланстық есептеулері, жұмыс уақытының  балансы, қаржылық (бухгалтерлік) баланс және т.б. тәжірибеде қолданылады.

Баланс француз тілінен  сөзбе- сөз аударғанда – «таразы», тепе-теңдік немесе қандай да бір тұрақты  өзгеруші құбылыстарды екі жақты  теңгеру дегенді білдіреді. Әрбір  баланстың мәні – ресурстар мен  қажеттіліктер арасындағы, шаруашылық шаралары мен күтілетін нәтижелер  арасындағы сандық сәйкессіздіктерді  қамтамасыз ету болып табылады.

Баланстық әдіс, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің  әрбір түрі, біріншіден,- қандай да бір  қызметтің нәтижесі ретінде екендігіне, екіншіден, - тұтынуға арналған ресурстар  жоспарлы түрде мүмкіндік беретініне және халық шаруашылығындағы натуралды-заттық және құндық пропорцияларды байланыстыруға болатынына негізделеді. Жоспарлаудағы  баланстық әдіс, өнімді өндіру, ресурс, сала, өңірдің немесе тұтастай алғанда  экономиканың жоспары қажеттіліктермен және осы қажеттіліктерді қанағаттандырудың көздерін алдын-ала айқындалатындығына негізделеді. Анықталған ресурстар есептелген қажеттіліктермен байланыстырылады және теңдестіріледі. Өйткені жиынтық қажеттіліктер, негізінен, жоғарыдағы ықтимал ресурстардың көлемдерінде қажеттіліктерді ранжырлау – оларды бірінші кезекте маңыздылық дәрежелері бойынша бөлу жүзеге асады.

Жалпы жүйедегі экономикалық баланстар материалдық, еңбек және қаржылық баланстарға бөлінеді. Материалдық  баланстардың негізгі тағайындалуы – өнімдердің белгілі бір түрлеріне  деген қоғамдық қажеттіліктерді  оларды рационалды және тиімді пайдалану  негізінде ресурстармен байланыстыру болып табылады. Нарықтық жағдайларда  олар өңірлер мен тауар өндірушілер  арасындағы өнімдерді неғұрлым мақсатты бөлуге ықпал етуі тиіс. Материалдық  баланстар келесі белгілері бойынша: әзірлеу және атқару кезеңдері мен  сатылары бойынша – ұзақ мерзімді перспективадағы, орта мерзімді перспективадағы, бір жылға арналған баланстарға  бөлінеді; пайдаланылатын баланстық  үлгінің түрі бойынша – бір  өнімді, көп өнімді (жиын, кешенді, өнім аралық) баланстар; өлшем бірліктері бойынша – натуралды, құндық және натуралды-құндық болып бөлінеді.

Жоспарлаудың барлық сатылары мен деңгейлерінде пайдаланылатын материалдық баланстардың негізгі  түрі – бір өнімді баланс: Rm= Pm-ді қамтамасыз етуі тиіс, мұнда:

Rm– түсімнің n көзі бойынша  материалдық ресурстардың n түрінің  көлемі;

Rm– пайдаланудың k бағыты  бойынша материалдық ресурстардың m түріндегі қажеттілігі.

Бір өнімді баланстар материалдық  ресурстардың нақты түрлері бойынша  әзірленеді және түсу көздері бойынша  осы ресурстардың көлемдері мен  пайдалану бағыттары бойынша  қажеттіліктер арасындағы теңдікті қамтамасыз етуі тиіс. Қажеттіліктердің ресурстармен байланысына, өндірістік қуаттардың жоспарланған түрдегі іске қосылуын, экспорттық және импорттық  жеткізілім көлемдерінің өзгерулерін  ескере отырып, өндіріс құрылымдарын, көлемдерін және материалдық ресурстарды  тұтынуды дұрыс айқындау арқылы қол  жеткізіледі.

Жиын баланстар – белгілі  бір белгісі бойынша (салаға жатушылық, өнімдердің технологиялық дайындалуы, өнімдердің өзара алмасымдылығы  және т.б.) біріктірілген бірөнімді  баланстардың жиынтығы, жиын баланстарды  әзірлеу кезінде бірөнімді баланстар  теңдестірілетін өнімдер түрлерінің біріне және тиісті өлшем бірлігіне (натуралды, шартты, құндық) келтіріледі.

Кешенді баланстар бір  немесе бірнеше салалардың (құрастырылатын материалдар, отын-энергетикалық ресурстар, трубалар, кабель өнімдер және т.б.) өзара алмасымды материалдық  ресурстарының топтары бойынша  әзірленеді. Осындай баланстарда  өндіріс факторлары мен өзара  алмасымды ресурстардың қолданылуы: техникалық негізділік пен өзара  алмасымдылықтың экономикалық тиімділігі, тұтынудың өңірлік ерекшеліктері, жергілікті ресурстарды пайдаланудың мүмкіндігі, өндіріс пен тасымалдаудың  өндірістік қуаттарының болуы және оны пайдалану ескеріледі.

Өнімаралық баланстар, оны  жасауға ресурстардың алуан түрлерінің маңызды саны пайдаланылатын, нақты  өнімдер өндірудің теңдестірілімділігін байланыстыру мен оны бақылаудың құралы болып саналады. Сала өнімдері, салалардың жиынтығы бойынша және тұтастай түрде халық шаруашылығы бойынша  жасалады.

Натуралды түрдегі материалдық  баланстар әртүрлі натуралды  өлшем бірліктеріндегі өнімдердің жекелеген түрлері бойынша құрылады, мысалы, тоннамен есептегендегі –  шойын балансы, тенше метрмен  есептегендегі – ағаш материалдардың балансы. Өнімдердің түрлеріне қатысты  материалдық баланстар әмбебап  және жергілікті байланыстарды сипаттауы  мүмкін. Мәселен, егер қандай да бір  өнімді көптеген салалар тұтынатын  болса, онда аталған өнімнің балансы  – әмбебап. Бұл, мысалы, электрэнергиясы  кеме мұнай балансы. Егер өнімдердің белгілі бір түрі шектеулі тұтынуға ие болса – онда баланс – жергілікті. Жергілікті баланстардың қатарына, мысалы, темір рудасының балансын жатқызуға  болады.

Құндық материалдық баланстар, яғни ақшалай түрдегі көрсетілген  баланстар натуралды түрде көрсетілген  материалдық баланстармен салыстырғанда  неғұрлым жинақты және әмбебап сипатты  білдіреді. Олар әрқашанда көпөнімді  және өзінің басым көпшілігі бөлігі бүкіл салалар немесе өңір деңгейінде әзірленеді. Мысал ретінде жабдықтар  балансын келтіруге болады.

Натуралды-құндық материалдық  баланстар бірыңғай өнімдердің топтары  бойынша әзірленеді. Аталған жағдайда өлшем бірлігі үшін қандай да бір  белгілі мазмұндағы шартты бірлік алынады. Мәселен, отын балансы шартты отын бірлігімен есептеліп шығарылады (мысалы, 1 кг. шартты отын – 7000 Ккал).

Материалдық баланстарды  жасау кезіндегі міндетті талаптар – анық болу және ресурстық екі  бөлігінің тепе-тең болуы болып  табылады. Сондықтан да алдын-ала  есептеулер аяқталғаннан кейін жекелеген  баптар бойынша олардың өзара  байланысы жүзеге асады. Материалдық  баланстың аталған бөліктері  арасында сәйкессіздік болған жағдайда оларды жою бойынша нақты іс-шаралар  әзірленеді. Баланстардың бөліктерін байланыстыру жөніндегі жұмыстар оған түзетулер жасау деп аталады. Егер болжанып отырған қолдағы бар  ресурстардың саны оларды пайдаланудың белгіленген көлемінен асып кететін  болса, онда келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

  1. Нақты ресурсты өткізу нарығы зерттеледі.
  2. Ресурстың сандық параметрлері өзгертіледі.
  3. Ресурстың нақты түріне сұранысқа қолдау көрсетіледі (ынталандырылады).
  4. Ресурстың бағасы төмендейді.

Егер материалдық баланстың  бөлінетін бөлігінің оның ресурстық  бөлігінен жиыны асып кеткендігі анықталса, онда материалдық ресурстың  тапшылығы анық байқалады.

Реттелетін нарықтық экономика  материалдық баланстардың «ресурстар-бөлу»  кестесінен сұраныс пен ұсыныс балансына  айналуын талап етеді. Осындай баланстың  әрбір нұсқасы бағалардың белгіленген  деңгейі үшін ғана әзірленуі ықтимал. Сондықтан да осындай баланс шындығында көпнұсқалы болады, мысалы, екі, үш немесе төрт деңгейлі.

Материалдық-техникалық ресурстардың баланстық есептерінің жинақтаушы қорытындысы – құнды өлшемдермен  орындалатын және аса маңызды  макроэкономикалық пропорциялардың  бірін көрсететін, жиынтық сұраныс  пен ұсыныс балансы. Осы баланс арқылы несие ресурстары балансымен, халықтың кірістері мен шығыстарының балансымен, кәсіпорындардың кірістері мен  шығыстарының балансымен, мемлекеттің  қаржылық балансымен, ал сол арқылы орталықтандырылған қаржылық ресурстардың кірістері мен шығыстарының балансы  ретінде қатысатын бюджетпен  байланысы жүзеге асырылуы мүмкін. Осылайша, экономикалық баланстарды  жоспарлау жүйесі жоспар құжаттарында макроэкономикалық жүйенің тұтастай түрдегі негізгі пропорциялары  мен олардағы өзгерістерді талдауды көрсетуге мүмкіндік береді.

Нормативтік әдіс – болжамдық  және жоспарлау құжаттарын әзірлеу  және жоспарлы шешімдерді негіздеу тәсілдерінің бірі – нормалар мен нормативтер  жүйесін айқындау мен пайдалануға  негізделген. Тәжірибеде ол өзге әдістермен жиынтықта және дербес қолданылады. Мысалы, қажеттіліктерді негіздеу және ықтимал ресурстарды анықтау  кезінде әртүрлі баланстарды  әзірлеу процесінде нормалар мен  нормативті жүйесі қолданылады. Нормативтік  әдіс сандық көрсеткіштерді, қажетті  ресурстарды айқындау және мақсаттарды  негіздеу кезінде бағдарламалық-мақсатты тәсілмен тығыз байланыста болады.

Нормативтік әдістің маңызды  аспектісі – нұсқаумен белгіленетін жоспарлы тапсырмалардың орнына нормативтерді  кеңінен пайдалану болып табылады. Нормативтік әдістің негізгі  артықшылығы мынада: ресурстар (жоғары тұрған басқару органдары, кәсіпорындар олардың өсуіне мүдделілік танытады) мен оның жақсаруына тұтастай қоғам  мүдделі болып табылатын, өндірістің түпкі нәтижелері арасындағы байланыс белгіленеді.

Есептеу-аналитикалық әдісі  қайта құрушы болып саналады, өйткені  кез келген топшалау ретраспективалық деректерге (өткен кезеңдегі) негізделеді. Математикалық әдістер көмегімен  талданатын деректер пролангациялануы мүмкін. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін сипаттайтын барлық көрсеткіштер іс жүзінде талданады, перспективада, негізінен, нәтижелік көрсеткіштер – еңбек өнімділігі, саудадан түскен түсім, пайда, рентабелділік және т.б. көрсетіледі.

Жоспарлаудағы математикалық  әдістер.

Жоспарлы құжаттарды жүзеге асыру барысындағы негіздеу, әзірлеу  және бақылау процесінде, ғылыми негіздеуді арттыруға, экономикалық-математикалық  үлгілерді және есептеу техникаларын пайдалану арқылы жоспарларды оңтайландыруға мүмкіндік беретін математикалық  әдістер кеңінен пайдаланылады.

Макро-, мезо- және микро деңгейдегі қазіргі экономикалық теория табиғи, қажетті элемент ретінде математикалық  үлгілер мен әдістерді қолданады. Бұл – макро- және микроэкономикалық, теориялық және оңтайландырушы, статистикалық  және динамикалық, детерминацияланған және стохастикалық әдістер.

Макроэкономикалық үлгілер  экономиканы, ірілендірілген материалдық  және қаржылық көрсеткіштерді, мысалы, жалпы ұлттық өнім, тұтыну, инвестиция және мемлекеттік шығыстар, жұмыспен қамту және жұмыссыздық нормалары; пайыздық мөлшерлеме және айналыстағы  ақша саны арасын байланыстыра отырып, біртұтас ретінде сипаттайды.

Микроэкономикалық үлгілер  экономиканың әртүрлі құрылымдық, функционалдық  негізгі бөліктерінің өзара байланысын немесе нарықтық ортадағы қандай да бір  жекелеген бөліктерінің тәртібін сипаттайды. Экономикалық элементтер типтері мен  нарықтағы олардың өзара байланысты әрекет ету фирмаларының алуандығынан, микроэкономикалық моделдеу экономикалық-математикалық  теорияның негізгі бөлігін құрайды.

Теориялық үлгілер экономиканың жалпы қасиеттерін және формалды алғы шарттардан жасалған қорытындылар дедукцияларының сипатты элементтерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Қолданбалы үлгілер нақты  экономикалық объектінің жұмыс істеу  параметрлерін бағалауға және тәжірибелік  шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар тұжырымдауға мүмкіндік береді. Қолданбалы үлгілердің қатарына, мысалы, бақылау жасау  негізінде оларды статистикалық  тұрғыдан маңызды баға беруге мүмкіндік  беретін экономикалық үлгілер жатады.

Тепе-теңдік үлгілер нарықтық экономиканы моделдеуде маңызды  орын алады және оны нөлге тең  аталған жағдайдан шығаруға ұмтылатын  зерттеліп отырған объектінің жағдайын сипаттайды.

Моделдеу кезіндегі нормативтік  әдіс оңтайландыруға негізделген. Нарықтық экономика теориясындағы микро  деңгейдегі оңтайландыру – бұл тұтынушының  пайдалылығын немесе фирманың пайдасын молайту, ал макро деңгейдегі оңтайландыру – экономикалық субъектілердің тәртібін рационалды таңдау нәтижесі.

Статистикалық үлгілерде  нақты уақыттағы немесе уақыт  кезеңіндегі экономикалық объектінің жағдайы сипатталады; әдетте динамикада өзгермелі болып саналатын бірқатар шамалардың мәні тіркеледі, мысалы, капиталды  құрайтын және қаржылық инвестициялар, өндіріс шығындары және қаржы  айналысы, пайда және бағалар.

Уақыт аралығындағы өзгермелі  шамалардың өзара байланысы кіретін  динамикалық үлгілер (моделдер) бірнеше  статистикалық үлгілердің (моделдердің) жай жиынын білдірмейді, нақты процестердің барысын айқындайтын экономикадағы  әртүрлі күштер мен өзара әрекеттерді  сипаттайды.

Детерминацияланған үлгілер, үлгілердің өзгермелі шамалары арасындағы қатаң функционалдық байланысты болжайды.

Стахостикалық үлгілер зерттеліп  отырған көрсеткіштерге кездейсоқ  әсер етулердің болуына рұқсат етеді  және оларды сипаттау үшін теория құралдарын пайдаланады.

Грифоаналитикалық әдістер  негізінен жергілікті шешімдерді (міндеттерді) жоспарлау кезінде пайдаланылады, соған қарамастан кейбірі (ПЕРТ жүйесі – желілік әдістер) шешімдердің  қиын жолын оңтайлы параметрлермен айқындауы мүмкін. Графиктер, номограммалар, схемалар, картографиялық бейнелер, факторлар  мен нәтижелік көрсеткіштердің  жүйелік өзара байланысын көрнекі  түрде бейнелеу мүмкіндігін береді.

Бағдарламалық-мақсатты әдіс – бұл, басқару объектісінің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының негізгі  мақсаттарын таңдау, ресурстармен теңдестірілімді  қамтамасыз ету, объектінің өзінің тиімді дамуы жағдайында белгіленген мерзімдерде  оларға жету жөніндегі өзара байланысты шараларды әзірлеу оның мәні болып  табылатын, жоспарлы шешімдер жүйесін  құру тәсілі.

Информация о работе Аймакты к экономика