Америка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 20:14, курсовая работа

Краткое описание

Америка немесе Жаңа Дүние дүниенің тұтас бір бөлігін құрайды, бірақ ұзын әрі енсіз Панама мойнағы арқылы жалғасқан екі ірі материктен тұрады. Оның ең енсіз және төменгі бөлігінде XX ғасырдың басында Панама каналы қазылған болатын. Бір кезде материктер өзара байланыспаған және олардың табиғаты дербес дамыған. Литосфералық плиталар шекарасында Кордилвер таулары түзілген кезде құрлықпен байланыс пайда болған.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Оңтүстік Америкаға жалпы сипаттама.
Оңтүстік Американың құрылуы
Оңтүстік Америкаға жалпы физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттама
Оңтүстік Американың халықтары
Халқы және елдеріне сипаттама
Оңтүстік Американың екіншң халықтары
Оңтүстік Америка таулары
3.1 Оңтүстік Америкадағы Анд тауы
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

анара америка12.doc

— 249.50 Кб (Скачать файл)

          

Жоспары

 

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
    1. Оңтүстік Америкаға жалпы сипаттама.
    1. Оңтүстік Американың құрылуы
    2. Оңтүстік Америкаға жалпы физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттама
    1. Оңтүстік Американың халықтары
    1. Халқы және елдеріне сипаттама
    1. Оңтүстік Американың екіншң халықтары
    1. Оңтүстік Америка таулары

3.1 Оңтүстік  Америкадағы Анд тауы

    1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе

Америка немесе Жаңа Дүние  дүниенің тұтас бір бөлігін құрайды, бірақ ұзын әрі енсіз Панама мойнағы арқылы жалғасқан екі ірі материктен тұрады. Оның ең енсіз және төменгі бөлігінде XX ғасырдың басында Панама каналы қазылған болатын. Бір кезде материктер өзара байланыспаған және олардың табиғаты дербес дамыған. Литосфералық плиталар шекарасында Кордилвер таулары түзілген кезде құрлықпен байланыс пайда болған.

. Өзінің пішіні жөнінен Оңтүстік Америка оңтүстікке қарай енсіздене түсетін үлкен үшбұрышқа ұңсайды. Материктің көлемі 18 млн. км-ге жуық.

Материктің жағалары аз тілімденгендіктен, порттар салуға қолайсыз. Материктің шалғай оңтүстігінде ғана аралдар мен шығанақтар көп. Мұнда Отты Жер архипелагы бар. Тік жартасты жағалар, судың күшті тасуы, жел мен жиі түсетін тұман — бұл ауданды теңізде жүзушілер үшін қауіпті етеді.

Ескі Дүние халықтарының Жаңа Дүниені ашқан уақыты әзірге нақтылы анықталған жоқ. Ғалымдар Америка жағаларына Европа тұрғындары да, Африка тұрғындары да жүзіп бара алды деп пайымдайдың мың жыл бұрын викингтер — Скандинавияның тұрғындары теңізді кезген кездерінде белгісіз жағаларға талай тоқтаған (қосарбетті қараңдар).

Викингтердің жарықтарынан кейін 500 жылдан соң европалық теңізде  жүзушілер мұхиттың ар жағындағы  материкті қайтадан ашты. Бұл кезде  викингтердің ұлы ашулары мүлдем ұмыт болған, өйткені викингтер өз жаңалықтарын тіпті сезбеген де еді.

XV ғасырдың аяғында — XVI ғасырдың басында ғылым мен теңізде жүзудің дамуы Ұлы географиялық ашуларға жеткізді. Сауда мүдделері европалықтардың шығысқа, Азияға баратын теңіз жолын іздеуге мәжбүр етті. Кейбір саяхатшылар Африканы айналып өтіп, Үндістанға жол таппақ болды. Басқалар, мысалы X. Колумб, Жердің шар екенін негізге алып, мұхитта жүзіп, батысқа бет алды. X. Колумб өзінің  ұлы  болжамын  дәлелдеу  үшін  ұзақ  уақыт  деректер жинады:   көп оқып, карталарды зерттеді.  Ол тәжірибелі теңізші, талантты ұйымдастырушы болатын.

Ержүрек   теңізде   жүзушілер   1492   ж.   батысқа   Үндістан жағаларына  бет алған  кезде  Колумб  кемелерінің  жолында  орасан зор континент бой көрсетті. Атлант мұхиты арқылы жүзу кезінде  Колумб Солтүстік Пассат ағысын, Саргасс теңізін   ашты.   Ол   Американың   жағаларына   төрт   рет   жүзіп барды, көптеген аралдарды ашып, материкке аяқ басты. Жаңа, европалықтарға белгісіз жерлердің ашылғаны айқын болды. Бірақ оның бар екені туралы ойды жаңа жерлерге жасалған екі экспедицияға қатысқан Америго Веспуччи айтқан  еді.  Білуге  құштар  әрі  аңғарымпаз  адам, ол жаңа жерлердің алгашқы сипаттамасын жасады, кейіннен ол оның есімімен аталатын болады.

Саяхатшылардан кейін  Америкаға испан және португал шапқыншылары ағылды. Оларды жаңа жерлердің ғажайып байлығы туралы аңыздар қызықтырды. От пен семсердің күшімен бүтіндей мемлекеттер құртылып, талан-таражға түсті. Материктегі көптеген географиялық ашулар отар басып алудың осы кезеңімен байланысты.

Алайда географиялық ғылым үшін материктің табигаты үш ғасырдай белгісіз болып қала берді. Испан және португал отаршылары өз иеліктеріне ғылыми экспедицияларды жібермеуге тырысты.

Оңтүстік  Американы  зерттеуші  алғашқы  ғалымдардың  ішінде неміс географы әрі саяхатшысы Александр Гумбольдт болды.   XVIII—XIX   ғасырлардың  аралығында   ол   француз ботанигі Э.  Бонпланмен  бірге Оңтүстік Америка  табиғатын зерттеу жөнінде экспедицияны қолға алды.1 Гумбольдт материктің алгашқы геологиялық картасын жасады, батыс жағалары тұсындағы ағыстарды сипаттады, жағалауға таяу аудандардың климаты үшін оның маңызын түсіндірді. Анд табиғатын    зерттей    келе,    ол    биіктік    белдеу    идеясын    негіздеп берді.

Оңтүстік Американы зерттеуге орыс саяхатшылары да үлес қосты. XIX ғасырдың басында Бразилияда Н. Г. Рубцов пен Г. И. Лангсдорф басқарған орыстың крмплексті экспедициясы жұмыс істеді, ол Бра_зилия таулы үстіртінің ішкі ауданда-рының табитаты мен байырғы халқын зерттеді.

Совет ботанигі Н. И. Вавилов 1932—1933 жж. өзінің материкке экспедициялары кезінде егіншіліктің ежелгі ошақтарының орталықтарын және өзінің отаны Оңтүстік Америка болып табылатын кейбір екпе өсімдіктердің шығу тегін айқындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Оңтүстік  Америкаға жалпы сипаттама.

1.1 Оңтүстік Америка мемлекетінің  құрылуы

 
     Испан жаулап алушылары Орталық Америка  жеріне келгенде тілі бойынша ғана әртүрлі емес, сонымен бірге әлеуметтік даму дәрежесі бойынша да әртүрлі сатыда тұрған халықтарға тап болды. Кейін Оңтүстік Американың батыс бөлігі бойынша етек жайған мемлекеттер тізбегі осы жерден басталды. Сірә, бұлар мемлекеттер ме, әлде мемлекеттер емес пе деген таласты тарихты жазушылыр шешіп жатыр. Ал археологтар жыл сайын дерлік тропикалық ормандар қопаларында жаңа қалалар жаңа храмдар тауып, Американың осы жерінде жоғарғы және  өзіндік сипаттағы цивилизацияның болғанын дәлелдеп келеді. Жинақталған материалдар бұл мідениеттердің қалыптасуы, олардың гүлдену және құлдырау, даму орталықтарының бір жерден екінші жерге ауысып отыру тарихын негізгі сипаттарда  бағдарлауға мүмкіндік береді. Жазба материалдардың жоқтығынан  бұл халықтардың  тарихын көптеген кезеңдері  мүлде жойылып кеткен. Ал  қазыр бұл  халықтардың тарихы мен  цивилизациялары  Ескі Әлемнің ертедегі  цивилизациялары тарихынан кем емес көңіл аударуға  тұратындығында күмән жоқ.

XVI ғасырда жаулап алушылар  талқандаған және  бүлдірген неғұрлым  ірі мемлекеттердің бірі «ацтектер»  мемлекеті.Археологтардың деректері  бойынша біздің эрамыздан бұрын  көп ертеректе  ольмектердің, одан соң тольтектердің, кейінірек  -  сапотектердің  жоғары мәдениеті болғаны мәлім. Ацткетер  жергілікті тұрғындардың бұрынғы қол жеткенінің мүрагерлері ғана болып шыққан. Ацткетер билігі шеңберіндегі осы дамыған жіне санқырлы шаруашылық негізінде  ацтектердің таптық қоғамының күрделі   де  өзіндік сипаттағы пирамидасы бой көтерді. Оның шынар басында айтектердің өз «тайпасы» тұрды. Сірә, XVI ғасырдың жүзінде жеті тайпа одағы бұрынғы атышулы ұйымның  тек кейбір  белгілерін ғана сақтаса керек. Аралдарда жатқан қала ішіндегі жерлер де, сол сияқты теңіз өңіріндегі учаскелер де  қауымдар қарауына қарады. Мұндай семьялық қауым ішіндегі жұмысты оның қауым басшысы  басқарады. Айтектерді алма кезек  сайланып  қойылатын екі көсем басқарды.  Іс жүзінде XVI ғасырға қарағанда өкімет атақты бір ру бойынша мұрагерлік қуалады: испандықтардың  Теночтитлан билеушілерін  «император» деп атауы тегін емес. Кейбір жағдайларда жаңадан қосылған жерлер ацтек мемлекетінің  құрамында  тәуелсіздігі  мен дербестігін  сақтады. Бағындырылған жерлер  тұрғындарының  бір бөлігі  құлдарға айналдырылып, олардың еңбегі  қоғамдық жұмыстарға ( храмдар, сарайлар, жол, құбырлар салуға) кең  пайдаланылды.  Құлдардың біразы шонжарларға  тікелей тәуелді етіліп, солардың  шаруашылықтарында қаналды. Міне  мұның бәрі тікелей ацтек тұрғындарының  жағдайларына  да әсерін тигізді. Қарыздар үшін ацтектің  семьясы ғана емес, сонымен бірге оның  өзі де құлдыққа  сатылатын болды. Ацтектер  мемлекетінен оңтүстікке  қарай, Орталық Американың  тропикалық  ормандары мен саванналарында археологтар ертедегі  мәдениеттің , көбінесе маия қала мемлекеттер  деген атпен  белгілі  ескерткіштерін ашты және ашуда. Америка материктерінің  арасындағы  мойнақтың  оңтүстік  бөлігін  және осы күнгі Колумбияның  айтарлықтай бөлігін чибча тілдерінде сөйлеген халықтар мекендеген.  Солардың бірі чибча-муиски осында, Богота қаласының  төңірегінде  жоғары цивилизация  құрған. Олардың  шаруашылық жүйесіде  майялықтардікінен  аумайды, тропикалық орманды өртеп, учаскелер жасап, жүгері және  басқа өсімдіктер  өсірген, олардың арасында маниока мен  бататы елеулі орын алған.

Тынық мұхитқа  қарай  құлаған Анд тау жоталарының  бөктерінде біршама үлкен емес тау  аңғарлы  аймақ жатыр. Мұнда тау  өзендері жағалауларында тіпті біздің  эрамыздан бұрынғы I мыңыншы  жылда  жасалған террастық  суландыру  жүйесі негізінде   жоғары мәдениет  орталықтары қалыптасады. Қазәр осы цивилизациялар  тарихының   көптеген  кезеңдері  мәлім. Біздің  эрамыздан  бұрынғы   VI ғасырда  таулы облыстарда  алғашқы  өокендеген мәдениет   пайда болады. Куско аңғарында  кечуа тілдес  тайпалардың  бірлестіктері  шығады, олардың   арасында инкилердің  кейініректегі  «империясының» қаһарлы билеушілері инкилерде болды. Ацтектердегідей инкилер мемлекетінің  құүрылымынан да қалайда екі түрлі негіздің  ұштасқанын  байқауға болады. Бүкіл  мемлекеттің, өміріне абыздар  үлкен рөл атқарды. Жоғарғы мәртебелі инки  күннің улы болып саналды  және егіншілік табынуларда  басты рөл атқарды- мәселен, Сана Инка өзінің алтың кетпенін жерге қадаған күн мен сағатта  елде жүгери егісі басталды. Күнге табынушылық  діни жүйеде өзекті орын алды.  Инкилер мемлекетін  1531-1533 жылдары Писсаро жаулап  алушылар  талқандады.Дегенмен  инка халқының  испандықтарға қарсы күресі  бұдан соң да  40 жыл жұрді. Бұл күрес одан  кейінде тоқтаған  жоқ. Соңғы бір көтеріліс  тіпті  XX  ғасырда  болды. Испандықтар  инкилер  мемлекетінің  орталықтануын  өз  мақсаттарына  пайдалануға  тырысты. Олар  кечуа  тілінің  одан  әрі  таратылуына  жағдай  жасады, христиан  кітаптарын  аударып, ауғыздарды  осы  тілде  жүргізді,  үндістермен  қарымқатынаста  кечуаларды  пайдаланды. Кечуа  тілі  тек  тіпті  бертіндеп  ғана  Перуде  ресми  тіл  болып  танылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Оңтүстік Америкаға физикалық-географиялық сипаттама.

 

Оңтүстік Америка – батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық. Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000).Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкаменжалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері –Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка(Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.Оңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы – Анд тауларыалып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде Венесуэланың Кариб Андысы 2 тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді. Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м) жанартаулары кездеседі. Орталық Анд енді, кең (750 км). Мұнда Титикака көлі, батыс жағалауында Атакама шөлі, Льюльяйльяко жанартауы орналасқан. Оңтүстік Анд Басты Кордильера мен Жағалық Кордильерадан тұрады. Ең оңтүстігіндегі Патагония Андысы батысқа қарай Патагония үстіртіне ұласады. Құрлықтың солтүстік-шығысындағы Гвиана таулы үстірті мен шығысындағы Бразилия таулы үстіртін дүние жүзіндегі аса ірі ойпаттардың бірі – Амазона ойпаты бөліп жатыр. Ол Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы ойпатымен жалғасқан.

 

                                      

                                    

                                        

                                        

 

 

 

 

 

 


Геологиясы


 

  Құрлық негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді, бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан. Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде (Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 – 4 млрд. жыл аралығында. Олардың арасында қат-қабаттық интрузия мен жанартаулық әрекеттер әсерінен қалыптасқан конгломераттар (Рорайма формациясы) кездеседі. Әсіресе Бразилия қатпарлығы ежелгі құрылымдарға көптеген өзгерістер жасап, қазіргі жер бедерінде Орталық және Шығыс Бразилия қалқандарындағы орталық массивтер мен тұқылды таулы үстірттер жүйелерін қалыптастырды. Олар бір-бірінен тектоникалық Парнойбо, Сан-Франсиску және Парана ойыстары арқылы бөлініп жатыр. Гвиана мен Бразилия таулы үстіртіне сәйкес келетін, тұтастай көтерілген аймақ аралығында өте үлкен алқапты алып жатқан Амазона, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары қалыптасты. Жер бедері біртегіс, көбінесе батпақты, континенттік шөгінділермен жабылған қат-қабатты аккумулятті ойпаттар түрінде болып келеді. Юра-бор дәуірлеріндегі Оңтүстік Атлант мұхиты табанындағы тектоникалық қозғалыстар әсерінен Парана ойысында терең жазықтар пайда болды. Батыстағы Анд жүйесінің қалыптасуы герцин қатпарлығынан басталады, бірақ негізгі тау жасалу Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеудегі кейінгі альпілік қатпарланумен байланысты әлі де жалғасуда. Жанартаулардың атқылауы өте күшті болған Орталық Анд таулы қыратында терең тектоникалық жарықтар (грабендер) мен әрекетті жанартаулар жүйесі қалыптасты. Тау жүйесінің биіктеуі және Антарктида құрлығымен жақын жатуына байланысты плейстоцендік мұз басу жүрді. Патагония Андысының тау басы түгелдей мұздықтармен жабылған. Соның әсерінен Патагония Андысының батыс жағалауында мұздық жер бедері пішіндері мен жағалаудың фьордты және шхерлі типтері кездеседі.

Кен байлықтары.Оңтүстік Америка қойнауы кен байлықтарына, әсіресе мыс, темір, марганец, молибден, қалайы, полиметалл мен сирек кездесетін метал кендеріне өте бай. Темір кенін өндіруден Бразилия дүние жүзінде 2-орынды, Чили мыс кенін өндіруден дүние жүзінде 1-орынды иеленеді. Перу, Чили, Боливия жерінде, Бразилияда алтын мен алмастың ірі кен орындары кездеседі. Боливияда солтүстіктен оңтүстікке қарай 940 км-ге созылып жатқан қалайы белдеуі орналасқан. Теңіздің жағалық жазықтары мен синеклизаларында мұнай мен газдың мол қоры кездеседі. Маракайбо, Ориноко, Магдалена, Гуаякиль ойыстарында мұнайдың, Амазона ойпаты мен Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары бар. Колумбия Кордильерасындағы замартастың, Чилидің солтүстігіндегі алтынның және селитраның мол қоры дүниежүзілік маңызға ие.

   Климаты. Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлық, әрі жерінің басым бөлігі төменгі ендіктерде орналасқандықтан күн сәулесін де мол алады. Оңтүстік Америка 6 климаттық белдеу деңгейінде орналасқан. Климаттағы өзгерістер әсіресе жауын-шашынның маусымдылығына тікелей тәуелді. Сол себепті құрлық үстінде қысым жыл бойы көршілес мұхит айдындарынан төмен болады да, ауа массалары оның ішінде экваторлық және муссонды-пассаттық циркуляция басым түрде құрлыққа қарай бағытталған. Оңтүстік Американың орографиялық ерекшелігі, яғни батыстағы Анд тау жүйесі құрлықта меридиан бағытында ауа қозғалысының қалыптасуына әсер етеді. Атлант мұхитына қарай жазық жер бедері басым болғандықтан мұхиттың климатқа әсер ету дәрежесі күшейеді. Қаңтар айында құрлықтың басым бөлігі қатты қызады. Ең қатты ыситын жер – Гран-Чако жазығы, ондағы абстракциялық максимум температура 49°С. Суық Перу ағысы шайып өтетін құрлықтың батыс жағалаулық бөлігі шығыспен салыстырғанда әлдеқайда салқын әрі құрғақ болады, бұл Атакама шөлінің қалыптасуына себепші болды. Жауын-шашынның мөлшері мен оның таралуы құрлық бойынша біркелкі емес. Ылғалдың ең көп түсетін жері Колумбияның батысы мен Чилидің оңтүстігі (5000 – 8000 мм), Амазонияның батысы мен оған жалғас жатқан Анд етегі, Гвиана таулы үстіртінің батысы, Бразилия таулы үстіртінің шығыс беткейінде 2000 – 3000 мм және одан да мол, ал құрлықтың қалған бөліктері 1000 – 2000 мм-ге дейін ылғал алады.

                                           

 

 

 

                                        Ішкі сулары


 

                                    Игуасу сарқырамасы

Оңтүстік Америка дүние  жүзіндегі ең суы мол құрлық, басқа  құрлықтармен салыстырғанда онда екі есе артық жауын-шашын түседі. Жер бетіндегі құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағына дүние жүзіндегі өзендер ағынының 27%-ы тиесілі. Құрлық пішіні, оның климаттық жағдайы мен орографиялық құрылымы, жер бедері ірі өзен жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Ірі өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Дүние жүзіндегі суы ең мол өзен – Амазонка осы Оңтүстік Америкада орналасқан. Мұндағы өзендердің гидроэнергетикалық әлуеті өте жоғары. О. А. жеріндегі көл қазаншұңқырлары қалыптасу жолына қарай тектоникалық, мұздық, жанартаулық және лагуналық болып бөлінеді. Маракайбо, Титикака тектоникалық көлдерге, Буэнос-Айрес, Аргентина, Сан-Мартин мұздық көлдерге, Патус, Лагоа-Мирин лагуналық көлдерге жатады. Жалпы атпен “саларес” деп аталатын батпақты көлдерге Уюни, Салинас-Грандес жатса, Поопо қалдық көлге жатады.

Информация о работе Америка