Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 21:17, контрольная работа
1. Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны.
2. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді барыншша қамтуы.
Егер Кантта, мәдениеттің мағынасы — адам бойындағы хайуандық сезімді ақыл-ойдың немесе адамгершіліктің (моральдың) көмегімен жеңуге әкеліп тіресе, ұлы ойшылдардың бірі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775—1854) мәдениетті эстетикалық тұрғыдан ұғынып-меңгеруді басты орынға қойып, мәдениеттің басты мазмұны: адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады. Шеллингтің эстетикалық көзқарастары оның «Өнер философиясы» (1802—1803) атты еңбегінде толық баяндалған. Автор бұл кітабында адамның шығармашылық қызметінің басқа да түрлерінен көркемдік шығармашылықтың артықшылығын, тіпті өнердің ғылымнан да, адамгершіліктен де жоғары тұратындығын дәлелдеуге тырысқан. Көне заманнан бастап XIX ғасырдың аяғына дейінгі мәдениеттанымдық ойдың дамуын ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, мынандай қысқаша қорытындылар жасауға болады. Еуропада кеңінен тараған мәдениет жөніндегі ұғым діни сипатта болды және ол мынандай қағидаларға келіп тірелді:
мәдениетті — ақыл-ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну (энциклопедистер); мәдениетті — ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант); мәдениетті эстетикалық, көркемдік шығармашылық қызмет арқылы білу (Шеллинг); ең соңында мәдениеттің адамзаттың тегіне қатыстылығы және оның абсолюттік идея ме дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель);
адамзат мәдениеті үздіксіз
дамып-өркендей отырып эволюция мен
прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз
бағынады. Бірақ біз қарастырған
кезеңде мәдениеттің
Қазіргі заманғы ғылымдар
жүйесінде мәдениеттанудың
Мәдениеттану жеке пән
ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде
қалыптаса бастады, сондықтан да
оны әлі де болса буыны бекімеген
жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым,
сонымен қатар философиялық ілім,
өйткені ол философияның басты саласы,
мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану
қоғамда болып жатқан түрлі процестерді
(материалдық, әлеуметтіқ, саяси, адамгершілік,
көркемдік тағы басқалары) барынша
қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын,
оның өмір сүруінің принциптерін және
бір-біріне этно-әлеуметгік, саяси-моральдық,
ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен,
жағдайларымен ерекшеленетін
Мәдениеттану пәні сонымен
қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің
сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара
байланыстары мен мәдениеттің басқа
түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын
зерттей отырып, адамзат баласының
біртұтас мәдени даму процесінің жалпы
заңдылықтарын аңықтайды. Демек, мәдениеттану
пәні түрлі қоғамдар барысындағы
мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып,
ондағы басты мәдени процестерге
ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды
тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына
ғана емес, жалпы теориялық пәндер
қатарына да жатқызуға болады. Өйткені
бұл пән адамзат баласының
мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды
жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени
процестердің мәнін ашып көрсетуде
түрлі ғылым салаларының
Мәдениеттану саласындағы
ғылыми зерттеу жүмыстарында түрлі
әлеуметтік топтарға жататын адамдардың
қызметі мен іс әрекеті заңдылықтарын
зерттейтін әлеуметтік социологияның
мөліметтерінің алатын орыны ерекше,
өйткені олардың мәдени іс-өрекет
көріністері белгілі бір
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтеріне де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, «этнопсихология» рухтың не белгілі бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қасиеттері жөніндегі Гегельдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тірелді. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А. Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлт мәдениетінің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негр музыкасының терең ұлттық мөнін осы тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік. Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырауы немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы — қоғамдық саяси жағдайларға және тағы басқалары тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілген қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алса керек. «Азшылық» халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кетуі отаршылдықпен, басып алушылдықпен, шектен тыс қанаушылықпен, табиғи апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және тағы басқалары тығыз байланысты болды.
XX ғасырда мәдениеттану
ғылымының дамып, одан әрі
Әрине, жоғарыда атап көрсеткеніміздей,
мәдениеттану ғылымының дамуына
көптеген ғылымдар ат салысуда, соған
қарамастан бұл пәннің өзіндік бағыт-бағдары,
бет-бейнесі бар. Мәдениетке өзіндік
баға берушілік сол бір ғылыми
ізденістің басты белгісі болса
керек, сондықтан да бол ар мәдениеттанушылар
«мәдениет» мәселесімен тығыз айналысуда.
Кейде мәдениеттану саласында қанша
теория болса, соншама мәдениеттанушылар
бар деген пікір де айтылып
қалады. Шындығында да, теориялар санының
көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың
саналуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына
әкеліп соқты. Мысалы: Мәдениетті «семиотикалық»
тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның
басты өкілі Ю. Лотман және мәдениетті
«әдебиеттік» (С.С. Аверинцев), «тарихи»
(Л.Н. Баткин), «методологиялық» (А. Кробер,
К. Клохкон), «антропологиялық» (М. Мид)
және тағы басқа тұрғыдан пайымдаулар
бар. Әрине, олардың «мәдениет» мәселесіне
байланысты пікірлерінің, түсініктерінің
айырмашылықтары бар екендігі даусыз
және оны ешкім жоққа да шығара
алмайды, бірақ олар бірін-бірі жақсы
түсінеді, мәдениеттануға тікелей байланысты
ортақ мәселелер көтереді. Ендеше,
бұл пәнді терең зерттеуге
құлшынушылық, мәдениетке байланысты
түрлі көзқарастар жүйесінің
қалыптасуы сөзсіз қуантарлық жағдай,
ол гуманитарлық ғылыми пәннің туып келе
жатқандығының белгісі деп
Мәдениетті, оның базистік негіздерін сақтау;
Мәдениетті жаңғырту, мәдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету;
Мәдениетті трансляциялау
немесе мәдениет әлемін халықтың игілігіне
айналдыру. Бұл үш дәреженің арқасында
мәдениеттің сандық-салалық (ғылым,
техника, өнер, философия, экономика
тағы басқалары) сапалық сипатын
тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің
құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын
ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.
Осы айтылғандар ғылыми пән ретінде
мәдениеттану пәні жөнінде және оның
алдында тұрған міндеттер жайында
кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік
береді. Біздің ойымызша, мәдениеттану
пәнінің басты мәселесі — адамзаттың
ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің
қалыптасып дамуы, оның генезисі болып
табылады. Мәдениеттанушылардың бұл
орайдағы басты мақсаты дүниежүзілік
және ұлттық денгейдегі тарихи-мәдени
процестерді тарихи шындық тұрғысынан
түсіндіріп қана қоймай, оларды болжай,
әрі басқара білу. Ең бастысы мәдениеттану
ғылыми мәдениеттің қайнар бұлағынан
сусындай білуі қажет. Адамзат баласы
өз шешімін таппаған көптеген мәселелерге
белшесінен батуы қазіргі заманғы
мәдениеттің көп жағдайларда
өз бастауын ұмыта бастағандығынан
да болуы керек. Ендеше адамзаттың мәдени
жаңғыруына бұл мәдениеттану пәнінің
қосар үлесі де қомақты екендігін
ескерсек, әлі де болса буыны бекімеген
бұл жас ғылым саласының
Мәдениет пен өркениет[өңдеу]
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (JI. Морган).
Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және тағы басқалары).
Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттықматериалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті
алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер
жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр,
— дейді белгілі философ
Информация о работе Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет – тіл