Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 15:57, курсовая работа

Краткое описание

Солтүстік және Оңтүстік Американың жақын жатқан аралдарымен косып негізінен бір дүние бөлігіне біріктіреді. Дегенмен де екі құрлықтың табиғат жағдайлары бір-біріне ұқсамайды, ол олардың географиялық орны мен табиғатының даму тарихына байланысты.
Солтүстік Америка жер көлемі жөнінсн жер шарындағы үшінщі құрлық, аумағы түгелдей дерлік солтүстік шарда поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты алып жатыр. Құрлықтың жалпы көлемі аралдарын қоса есептегенде 24 250 км2.

Содержание

1. Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
1.1 АҚШ – на жалпы сипаттама
1.2 Жер бедері мен пайдалы қазбалары
1.3 Солтүстік Американың климаты және ішкі сулары
2. АҚШ − тың географиялық орны және экономикалық географиялық жағдайы
2.1 АҚШ − тың табиғат жағдайлары мен ресурстары
2.2 Канаданың географялық орны, жер бедері және табиғат зоналары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой Америка.DOC

— 164.50 Кб (Скачать файл)

       Алуан   түрлі  табиғат  жағдайлары  мен  ресурстары   шаруашылықты  дамыту   үшін  жақсы  табиғи  база  болды  және   болып  қала  береді. Сонымен  бірге   бұларды  пайдаланудың   ауқымы  мен   ысырапшылдық  сипаты  табиғи  ортаның  жай − күйін  нашарлатады  және  сонымен  қатар    ауа  мен  судың  күннен − күнге   ластануына  әкеліп   соғады.

       Өнеркәсіп  орындарының  басым  бөлігі  және   көптеген   автомобильдер  шоғырланатын   көптеген  урбандалған  территориялардың   табиғатқа  зияны  ерекше. Өндірістің   зиянды   қалдықтары  мен  пайдаланылған  қыздар  қала  агломерациясының   территориясын  ғана  емес   сондай − ақ  кеңістіктің   ұлан − ғайыр  маңайын, теңіздердіңжағалау   аймақтарын, өзендер  мен  көлдерді  ластайды.

 

2.2 Канаданың  географялық  орны, жер  бедері   және  табиғат  зоналары.

 

       Канада − дүние  жүзінде   жерінің   ауданы   жөнінен  Ресейден  кейінггі  екінші  орын   алатын, жоғары  дамыған  ел. Канада   жерінің   ауданы  9 млн. 970 мың  км². Ел  материктің   солтүстік   бөлігі  мен  Канаданың  Арктикалық  архипелагындағы   аралдарды   алып  жатыр. Астанасы − Оттава   қаласы.

       Орасан  зор  Канада  жерінің   табиғат  жағдайлары  да   әркелкі. Елдің   солтүстік  полюске    неғұрлым  жақын  орналасқан   солтүстігі   табиғат  жағдайлары  өте  қатал  болғандықтан  нашар  игерілген. Суық  арктикалық  шөлдер   мен   тундра   алып  жатқан  жазықтарда  қойөгіз  бен  солтүстік  бұғысы − карибу  тіршілік  етеді. Елдің  осы  бөлігінде  ғасырлар  бойы  қатал  климат  жағдайында   өмір  сүруге  бейімделген  байырғы  халық − эскимостар   тұрады. Олардың  негізгі  кәсібі  бұғы  шаруашылығы, теңіз  жануарлары  мен  балық  аулау  болып  табылады.

       Канаданың  қоңыржай  белдеуде  орналасқан   оңтүстік  бөлігінде  табиғат  жағдайлары  салыстырмалы   түрде  қолайлы  болады. Оңтүстікке  қарай  температура  жоғарылап, жауын − шашын  мөлшері  артады. Канаданың  басты   байлығы − көгілдір   көлдер  мен  қалың  ормандар. Көлдердің  жалпы  саны   жөнінен   Канада  дүние  жүзінде   бірінші  орын  алады. Мұнда  Ұлы  көлдермен   қатар  ондаған  ірі  көл, мыңдаған  ұсақ  көлдер  бар. Канада  ормандарға  бай. Мұнда   америкалық  көгілдір  шырша,  бал  қарағай, қарағай  өседі. Сондықтан  жергілікті  халық  ағаш  дайындау   және  оны   өңдеумен  айналысады. Барлық  жерде  дерлік   айрықша   үйеңңкі   ағашы  өседі. Тіпті  елдің  мемлекеттің  туында  да  үйеңкі  жапырағы  бейнеленген. Ұлы  көлдер   маңын  мекендеген   алгонкин  тайпалары   ежелден − ақ  үйеңкінкің  тәтті   шырынын  қант  орнына  қолданған. Үйеңкінің  қоймалжың  шырынын  канадалықтар  әлі  күнге  дейін  тамаққа  пайдаланады. Ормандарда  терісі  бағалы  аңдардан  бұлғын, күзен, ақкіс   пен  жыртқыштардан   қара  аю − барибал, сілеусін, кайот  тіршілік  етеді.

       Елдің  оңтүстік  батысндағы  прерийді   егіс  далалары  алып  жатыр. Құнарлы  қара  топырақта  өсірілетін   бидай, сұлы  арпадан   мол  өнім  алынады. Канада  жылына  шамамен  40 млн. тонна  бидай  өнімін  жинайтындықтан, астықты  басқа  елдерге  де  көп  сатады. Ал  шөбі   шүйгін  жайылымдар  мал  шаруашылығын  дамытуға  мүмкіндік   береді. Канада  жерінің  батысында   Кордильера  тау  жүйесіне  жататын   Маккензи, Жағалық  жоталар, Канаданың   Сеңгір   таулары   орналасқан. Тау  беткейлерін  қалың  орман  жапқан. Канада   Кордальерасының  биіктігі  6000м − ге  жетеді.Мәңгі  қар  мен  мұз  басқан  тау  шыңдарынан   басталатын  қысқа, мол  сулы  өзендер  жазықтағы  көлдерге  құяды.

       Канаданың  жер   қойнауы  пайдалы  қазбаларға  өте   бай. Ежелгі  платформаға   сәйкес  келетін  жазық   бөліктерде  уран, никель, алтын, мыс, темірдің  бай  кен  орындары  бар. Ұлы  жазықта  мұнай  мен  газ  өндіріледі. Ағыны  қатты  тау  өзендерінде  арзан   энергия  көзі, ірі  су   электро  станциялары  салынған. Канаданың  бай  табиғи  қорлары   шаруашылықтың  сан  алуан  салаларын  дамытуға  мүмкіндік  береді. Өз  жерлерін  өндірілетін  металдарды  пайдаланып, жұмыс  істейтін  зауыттарда  реактивті  ұшақтар, ірі  мұхит   кемелері, жеңіл  автомашиналар  мен  ауыл  шаруашылық   машиналары  жасалынады. Елде  ағаш  өңдеу, қағаз  жасау  өнеркәсіптері  де   жақсы  дамыған.

       Елдің  аты   үндістер  тілінде  « қоныс », « қауымдастық »   дегенді  білдіреді. Шындығында  да   Канада   жер  шарының  әр  түкрірінен келген   көптеген  халықтардың  атамекеніне  айналған. Канаданың  негізгі  халқын  Еуропадан, әсіресе   Англия  мен  Франциядан  қоныс  аударғандар  құрайды.  Ағылшын  және   француз  тілдері  алдегі  мемлекеттік   тілдер  болып  табылады. Сондықтан  « Ағылшын  Канадасы »  және  « Француз  Канадасы »  деген  ұғым  бар. Елдің  байырғы   халықтары    эскимостар  мен  үндістердің   үлес   салмағы  шамалы, олар  табиғаты   қолайсыз  аудандарға   ығыстырылған. Ел  халқының  басым  көпшілігі   шағын  қалаларда  тұрады. Канада   халқының  тұрмыс  жағдайы  жағынан   өте  жоғары  елдердің  қатарына  жатады.

       Канадада   табиғатты   қорғауға  көп  көңіл  бөледі. Елде   31  ұлттық  парк  жұмыс  істейді. Ең  ірілері − Вуд  Буффало, Джаспер, Глейшер, Фанди. Бастапқыда   қорық  ретінде  ұйымдастырылған  ұлттық  парктерде  қазіргі  кезде  жергілікті  халық  пен  туристердің  демалуына  қажетті  жағдайлар  жасалынған.    

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

       Солтүстік   Америка   табиғатының   жалпы   белгілері   Еуразияға  ұқсас    болғанымен,  географиялық  орны  мен  жерінің   аумағы  жер   бедердегі  айырмашылықтарға  байланысты   табиғат  кешендері   өзіндік   ерекшеліетерімен  сипатталады.

       Материктің  батыс  бөлігін  бойлай   жер  шарындағы   ұзын   тау  жүйелері   болып   есептелетін  Кордильера   тау  жүйесі  созылып  жатыр. Кордильера  испан  тілінен  аударғанда  « тау  жотасы, тау  тізбегі »   деген   мағынаны  білдіреді. Себебі  Кордильера  бір − бірімен  жалғасқан  тау  жоталарының  бірнеше  қатар  тізбектерінен   тұрады.

       Материк   ауданының   Еуразияға  қарағанда    шағын  болуы; солтүстік  полюске  неғұрлым  жақын  орналасуы; оңтүстігіне  қарай  сүйірленуі; батысы  биік  таулы, ал  шығысының   аласа  болуы; ендік  бағыттағы  таулардың  болмауы − міне  осының   бәрі  климаттың  өзіндік   ерекшеліетерін  қалыптастырады.

       Материктің  солтүстік  шығысындағы   Әулие   Лаврентий  өзені   арқылы  Атлант   мұхитымен   жалғасып  жатқан  көлдер  Ұлы  көлдер  жүйесі  деп аталады. Жоғарғы   көлден  Эри   көліне  дейін    көлдердің  деңгейлері   біртіндеп  төмендейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған    әдебиеттер.

 

1. Физико − географический   атлас  мира, М., 1964;

2. Ланге  П.В « Континент   коротких  теней » М., 1990

3. Власова Т.В. « Физическая   география  частей  света », М., 1966;

4. Большая  Советская  Энциклопедия  2 том, М., 1970;

5. Кинг  Л  « Морфология   Земли », М., 1967;

7. Власова  Т.В. « Материктердің    физикалық    географиясы » А.1984.

8. Қазақ  Совет  энциклопедиясы  А., 1993;

9. А.В.Рябчиков  « Физическая  география  материков  и  океанов » М., 1988;

10. Виноградов  З. К « Практикум   по  физической   географии    частей  света»   М.1970.

 

 



Информация о работе Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы