Қалба жотасының физикалық географиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 16:31, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан – жақты дамыған, білімді, сауатты, өмір сүруге бейім, белсенді, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Мұғалім қоршаған ортаның және заман талабына сай, өзінің көзқарас – пікірін өзгертіп жаңартып отыруы тиіс.
Қалба жотасы Алтай тауының оңтүстік батыс жалғасы болып табылады.
ХІХ ғасырдың І жартысында қазіргі Қазақстан аумағын зерттеуші экспедициялардың саны артты. Атақты неміс ғалымы А.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде «Центральная Азия» деген көлемді еңбегін шығарды.

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАЛБА ЖОТАСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЛАНДШАФТАРЫНЫҢ АНАЛИЗІ.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды.

Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.

Жер бедерінің  формасы шығу тегі жағынан тектоникалық, мұздықты және сулы-эрозиялы болып келеді, құрамына сулы алқаптар, тау арасындағы қазаншұңқырлар, алқап тәрізді төмендеулер, сусыма тастар, жартастар, қорымдар, тасты өзендер кіреді. Жоталардың үсті пенепленденген жазық тәрізді, ал кейбір аудандардың құрылу ерекшеліктерін кар, трог, цирк құрайтын ежелгі мұздықтар , сондай-ақ таңғажайып формалар жасайтын гранит қалдықтарына (Желілік бағандар - Тас ертегісі, Шайтан қалашық) қарап анықтаған. Барлық жоталар көркем өзен алқаптарымен бөлінген.

Қорық аумағына өзендердің тарамдалған гидрологиялық  жүйесі, мұзды көлдер, бұлақтар, бастаулар, биік таулы батпақтар (Алтайдағы ең ірі батпақ – Гульбище батпағының ұзындығы 6 км, ені 2 км). Қорық аумағында ағатын өзендер: Қара және Ақ Уба, Палевая Разливанка, Линейчиха, Үлкен және кіші Тұрғысын және тағы басқалары Ертістің Карск теңізіне құятын жоғарғы бассейніне жатады. Ақ және Қара Уба өзендері қорық аумағынан тыс жерде Батыс Алтайдағы Ертістің саласы болып табылатын Уба өзеніне барып құйылады. Өзендер көбінесе таудың еріген суымен қоректенеді (40-70%).

Таулы тайганың құрамына өсімдіктердің жоғарғы белдеуіне жататын: күңгірт қылқанды аралас ормандар, альпі және субальпі шалғындары, тундра белдеуі. Батыс Алтайдағы ормандардың орман өсіруші мамандар анықтаған 25 түрінің 16-сы қорық аумағында кездеседі. Қорықтың климаты географиялық жағдай мен жер бедеріне байланысты. Қорық Азия материгінің ең түкпірінде орманды, далалы, шөлді табиғи-климаттық аймақтардың түйіскен жерінде; Оңтүстік Сібір және Орта Азияның әр түрлі таулы аймақтарында, Батыс Сібірдің байтақ жазықтық кеңістігінде, Қазақстан мен Орта Азияның далалары мен шөлдерінде орналасқан. Қорықтың мұхиттан және ашық теңіздерден алыс жатуы оның климатының континентальды болуына, ауа температурасының жылдық ғана емес тіпті күндік деңгейінің құбылмалығына негіз болады. Жазғы маусымда цельсия бойынша +18+24 градус жанға жайлы ауа-райы жиірек болады. Аязсыз күндер 90 күнге дейін созылады. Қыс 220-240 күнге дейін болады. Қаңтардағы орташа температура цельсия бойынша -17-28 градус. Қар жамылғысының биіктігі 1,5-2.0 метрге дейін, кейде 3-4 метрге дейін жетеді.

Көктемде қар  жылдам ериді, көшкін жүруі, қардың опырылуы жиірек байқалады. Ақ Уба көлінің ауданында жылына 1600-2000 мм-ге дейін қар түседі, кейде одан да көп, 3000 мм-ге дейін жетеді. Жалпы қорық аумағында жауын-шашынның деңгейі бірқалыпты десе де болады.

Аумақтың климаты  континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік-батыс беткейлерде көп болуына байланысты - бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді. Сондай-ақ таулы жер бедері атмосфералық ауа айналымы процесінің дамуына әсер етеді және теңіз деңгейінің биіктілігіне, жер қыртысының формасына, беткейлердің экспозициясына және жер беті жамылғысының сипатына қарай өзгеріп отыратын климат жағдайларының әртүрлілігін тудырады. Тауда қалыптасатын ауа массасы өзінің сипаты жағынан жанаса орналасқан жазықтың ауа массасынан қатты ерекшеленеді.

Адамдардан  жапа шеккен жаралы табиғат жарасын  емдеп, бұрынғы сұлулығы мен байлығын қалпына келтіруге тырысуда. Қазіргі кезде орман жапқан жердің жалпы құрамы 12,5 мың га жерді құрайды (бұл қорық ауданының 20 %). Негізгі орман құрайтын ағаш түрлері:

  1. Қылқанжапырақты ағаштар: самырсын қарағайы, майқарағай, балқарағай, шырша, қарағай;
  2. Жапырақты ағаштар: қайың, көктерек, терек, шетен[9].

 

2.3 Геоэкологиялық жағдайы

 

Табиғи –  антропогендік ландшафтардағы экологиялық  жағдай көптеген факторларға байланысты: табиғи жағдайлар мен геожүйенің техногенезге төтеп бере алу дәрежесіне, антропогенездің сипаты мен қарқындылығына, тұрғындардың әсеріне (соның ішінде халық тығыздығына да), техногенездің бой көрсетуіне және басқалар.

Қалба ауданы экологиялық  тұрақсыздық көрсеткіші бойынша (2-қосымша) қолайлы аймаққа жатады. Экологиялық тұрақсыздықтың қолайлы деңгейіндегі аймақтар геожүйелерде антропогенезбен байланысты кері экологиялық өзгерістердің мүлдем болмауымен, болған жағдайдың өзінде әлсіз байқалуымен сипатталады. Геожүйелер құрылымындағы шағын өзгерістер негізінен экстремалды табиғат жағдайларымен байланысты[21].

Қазақстанда қазіргі кезең экологиялық жағдайдың шиеленісуімен сипатталады, әсірісі терең дағдарыстық геоэкологиялық жағдайлар Арал және Балқаш маңында, Кенді Алтайда, Ертіс маңында және Каспий маңында байқалады. Сонымен қатар күрделі геоэкологиялық жағдайлар Алматы, Жамбыл, Өскемен, Лениногорск, Шымкент және басқа тауларда орнаған. Жоғарғы дәрежелі су орталарының ластануы Сырдария, Ертіс, Арыс және т.б. өзендерге тән.

Бұл алға басып  келе жатқан геоэкологиялық жағдайлар  Қазақстан территориясында геоэколгиялық  негізде адамдықоршаған ортаның сапасын басқару (жүргізу) қажеттілігін анықтайды. Сонымен қатар шаруашылық әрекеттер нәтижесінде қатты бұзылған аудандардың экологиялық тұрақтылығын қалыптастыру қажеттілігі мен олардың орнына жоғары өнімді және экологиялық таза «мәдени» ландшафтар құру маңызды орын алады[21].

Су ресурстарының  жағдайын жақсарту үшін экологиялық  сараптама кәсіпорындар үшін шамалы талаптарды күшейту, ағын суларды тазартатын жаңа технологиялар енгізу арқылы зиянды заттарды төгуді азайту көзделген.

Су ресурстарына тау – кен өндіруші, металлургия, жылу энергетика өнеркәсібі салаларының кәсіпорындарының техногенді салмағының түсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендері республикамыздың өте қатты ластанған өзендердің қатарына жатады. Жер беті суларының ең жоғары ластануы полиметалл рудаларын байыту және өндіру аудандарында байқалады[2,15,23].

Топырақтың  ауыр металдармен техногенді ластану  ауданы шамамен 12,4 мың шаршы шақырым  Шығыс Қазақстандық биогеохимиялық антропогендік аймақ қалыптастырады. Оның ішінде қауіпті және өте қауіпті  деңгейде ластанған топырақ үлескілері бөлінеді. Бір шама қарқынды ластанған топырақ елді мекендер территорияларында кездеседі.

Кен байыту фабрикаларына  жақын орналасқан территориялар  үшін улы заттардың сапалы құрамы тән. Ластанудың жиынтық көрсеткіші 30-70 пайызға дейін жоғарылайды, ол топырақ ластанудың апатты деңгейіне сәйкес келеді.

Жер беті өсімдіктерінің барлық зерттелген бөліктері – бидай  сабағы, қара бидай, жоңышқа, мыңжапырақ, қарағандар ластанған территорияларда  өседі. Олардың күлдерінде қорғасын, мырыш және мыс мөлшері жоғары. Топырақ ластанудың орташа деңгейі белдемінде осы өсімдіктердің күлінде қорғасын мен мыс мөлшері ғаламшар өсімдіктері үшін орташа мәннен арта түседі. Қорғасын аймақ өсімдік жамылғысын негізгі ластаушы болып табылады [23]. Қазақстандық Ертіс маңын жырту нәтижесі аймаққа теріс әсер алып келеді[2].

Ядролық қарулардың жаппай сыналу кезінде оның қоршаған ортаны ластау көлемі, тек қана сынақ  алаңы аумағымен ғана емес бүкіл  планетаға таралғаны белгілі. Бұл сынақтар нәтижесінде табиғи және жасанды радионуклидтер үлкен аумақтың әр түрлі ландшафтарында табиғи процестер әрекетінен әр түрлі ортаға қайта шоғырлану процесі белсен жүрді. Радионуклидтердің табиғи процестерден, әр түрлі ландшафтарда қайта шоғырлануы және олардың табиғаттың әр түрлі компоненттеріндегі шоғырлану шамасының ерекшеліктері ғылымдағы осы күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан табиғи компоненттеріндегі радионуклидтердің ластану мөлшері біздің елдегі аса өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып табылады.

Ландшафтардағы  топырақ жамылғысы радионуклидтердің  негізгі шоғырлану объектісі  болып табылады. Топырақтың химиялық және физикалық ерекшеліктеріне  байланысты радионуклидтер белгілі  бір мөлшері олардың ажырамас бөлшектерінің бірі екені белгілі. Сондықтан олар барлық биогеохимиялық процестерге белсене араласады. Топырақтың аккумуляциялық ерекшеліктері және өсімдік тамырлары арқылы олардың өсімдіктердің сабағына өтуі және одан әрі үй жануарлары арқылы адам организміне өтеді. Сондықтан радионуклидтердің топырақтағы шамадан тыс көп мөлшері ақыр соңында адам организміне тамақ арқылы белгілі бір концентрация мөлшерінде жетеді.

Барлық топырақ  үлгілерінің радирбиохимиялық сараптамасы  изотоптық геология зертханасында  жалпыға бірдей аттестацияланған стандарттық тәсілмен орындалды.

Қазіргі таңда  техногендік салмақтың күрт артуы  топырақ құрамындағы радионуклидтердің  мөлшерінің шамадан тыс асуына және олардың биогеохимиялық айналымын аса күрделендірді[19,12]. Радионуклидтердің топырақтағы миграциясын зерттеуге арналған жұмыстар ғылыми әдебиетте кеңінен жарияланған. Қазіргі таңдағы ашық ғылыми басылымда жарық көрген радиоэкологиялық еңбектердің басым көпшілігі екі радиоизотопты (Sr90, Cs137) зерттеуге бағытталған. Олартабиғи жағдайда өте үлкен миграциялық мүмкіндіктермен ерекшеленеді (2,3,4,5,6). Өсімдіктерге топырақтан химиялық элементтердің өту ерекшеліктері көп жағдайда топырақтың кейбір қасиеттеріне байланысты. Бұл жағдайда радионуклидтердің топырақтағы миграция мәселесін олардың өсімдікке өту және өсімдіктердің қайта шіру барысында қайтып топырақ құрамына келу циклі ретінле қарастыруға болады[19,17].

Әрбір климаттық  жағдайда сол жердің топырағына тән  табиғи радиоактивтілік мөшері болады. А.П. Виноградовтың көрсеткеніндей[5], топырақтың табиғи радиоактивтілік мөлшері оны түзетін аналық тау жыныстарының радиоактивтілік мөлшеріне тікелей байланысты. Табиғи радиоактивтіліктің ең жоғарғы мөлшері қышқыл магмалық тау жыныстарынан түзілген топырақтарда болады. Жер бетіндегі топырақтардың табиғи радиоактивтілік мөлшеріне белгілі бір зоналдық қасиетке тән. Мысалы, Қазақстан аумағы үшін зерттеу жұмыстары арқылы анықталғандай топырақ түзуші қышқыл магмалық тау жыныстары арқылы топыраққа өтетін радиоактивтілік мөлшерінің интеграды бетта- белсенділік 1247 бк/кг., ал альфа- белсенділік 640бк/кг. Қазақстан аумағындағы топырақтардың әр түрлілігі көп болса да олардың құрамындағы орташа табиғи радиоактивтілік мөлшері осы күнге дейін анықталмаған, ал аймақтық деңгейдегі радионуклидтердің биогеохимиялық миграциялық ерекшеліктеріне арналған ғылыми еңбектер өте аз. Топырақ құрамындағы табиғи радиоактивтілік мөлшерін айқындау оның антропогендік ластану мөлшерін анықтауда негізгі рөл атқарады. Сонымен қатар топырақтағы радиоактивтіліктің аймақтық мөлшерін білу бұл аймақтардағы экологиялық мониторинг жұмыстарын дұрыс жолға қоюдың бірден бір дұрыс жолы[19].

Экологиялық жағдайдың тұрақталуында үлкен маңызды орын алатын маңызды жайттардың бірі – халықтың экологиялық сауаттылығы. Облыс орталығының әрбір жастағы тұрғындарына жүргізілген зерттеу нәтижесінің көрсеткішінде халық денсаулыққа экологиялық фактордың әсер ететіндігін айтып, психологиялық баға берген. Барлық денсаулықтың нашарлағаны экологиялық себептерден деп түсіндіреді[18].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III «Қалба  жотасының» Қазақстанның физикалық географиялық курсында алатын орны

 

3.1«Алтай» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының әдістемесі

 

Қазіргі танда  әрбір ұстаздың алдына қойған басты  міндеті заман талабына сай білімді, жан-жақты дамыған шәкірттер дайындау. Ұрпақ тәрбиесіне ат салысып жүрген әрбір педагогтың қоғам алдындағы міндеті, шәкіртке білім беру жолында нәтиже беретін жаңа технологияны меңгеру.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен –  күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады.

Жаңа технологияны пайдаланып, жоғарыда аталған талаптарды жүзеге асыруға болатындығына көз жеткізу мақсатында төмендегі сабақ жоспары ұсынылды[16].

 

Сабақтың  тақырыбы: Алтай

Сабақтың  мақсаттары:    

Білімділік: Алтайдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін кеңейту;

Тәрбиелік: Биік таулар туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;

Дамытушылық: Қазақстанның физикалық карталармен жұмыс істеп биік тауларға сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамту;

Сабақтың  типі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың  түрі: Экскурсия – сабақ

          Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап

          Көрнекіліктері: Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, атлас, компьютерлік презентация, Қалба жотасының биіктік ландшафтық зоналар суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

IV. Оқушылардың білімін бекіту

V.   Үй тапсырмасын беру

VI. Сабақты қорытындылау

І. Ұйымдастыру  кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабақ қатысулары тексеріледі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сөзжұмбақ:  «Орал тауы»

 

                      

 
         

О

           
     

Р

         

 

       

А

         
     

Л

   

            

 

 

   

            

 
           

Т

       
   

А

         
           

У

 
         

Ы

   

Информация о работе Қалба жотасының физикалық географиялық сипаттамасы