Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:38, контрольная работа
Мемлекетіміздегі экономикалық өзгерістер салдарынан, құрылған көптеген корпорациялар, ұйымдар мамандырылған, жоғары интелектті, қаржы, құқық, психология жағынан жетілдірілген жақсы басқарушы мамандарды – менеджерлерді қажет етеді. Менеджерлер жаңа технологияларды, басқару ғылымының құралдарын, кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыратын, кәсіпорынның тауарларын тиімді жолмен өндіруді қамтамасыз ететін, сонымен қатар, қызметкерлердің жұмысын басқаратын специалисттер болып табылады.
Кіріспе
Басқарудың әлеуметтік құбылыс ретіндегі ұғымы және мазмұны
Басқарудың субъектісі, функциялары
Атқарушы билік. Билікті бөлу теориясы.
Атқарушы биліктің құқықтық нысандары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Басқарудың әлеуметтік құбылыс ретіндегі
ұғымы және мазмұны
Басқарудың субъектісі, функциялары
Атқарушы билік. Билікті бөлу теориясы.
Атқарушы биліктің құқықтық нысандары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекетіміздегі экономикалық өзгерістер салдарынан, құрылған көптеген корпорациялар, ұйымдар мамандырылған, жоғары интелектті, қаржы, құқық, психология жағынан жетілдірілген жақсы басқарушы мамандарды – менеджерлерді қажет етеді. Менеджерлер жаңа технологияларды, басқару ғылымының құралдарын, кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыратын, кәсіпорынның тауарларын тиімді жолмен өндіруді қамтамасыз ететін, сонымен қатар, қызметкерлердің жұмысын басқаратын специалисттер болып табылады.
Менеджердің басты мәселесі, қызметкерлердің жұмысын жоғары тиімді етіп ұйымдастыру. Менеджердің өнері қызметкерлермен жақсы қарым қатынас орнатумен ғана щектелмей, сонымен қатар, қызметкерлерге өзінің пікірін айтуға мұрсат беріп, керек кезде оларды жауапкершілікке тарту немесе басқа сөзбен айтатын болсақ, демократиялық қатынас орнату болып табылады. Менеджердің барлық мәселелердің 80% адамдармен байланысты. Ұжымда жұмыс істеген кезде менеджер әрқашан мәлімет беру, ынталандыру, тәрбиелеу функциясын атқару қажет. Қабілетті адамдарды іздейтін, жас дарындардың қамын ойлап, олардың шығармашылық потенциалын жетілдіруге көмектесетін адам ғана ең үздік менеджер деген абыройға лайық.
Әлеуметтік басқару, кең мағынасында, өзінің сапалық, дамуын камтамасыз етіп отыратын коғамдық, жүйеге тән құбылыс. Ал, тар мағынасында, бұл термин белгілі 6ip мақсатқа жету процесінде қоғамньң әлеуметтік қызметі жүйесін тәртіптеу, жетілдіру үшін саналы, орнықты, ұйымдасқан түрде әрекет ету ұғымын білдіреді.
Әлеуметік басқару — ұйымдық, жағынан қалыпқа келтірілген құрылымдардың, олардың арасындағы басқару байланыстарының жиынтығы. Ол индивидтерге, әлеуметтік топтар мен қауымдарға, коғамньң саяси, әлеуметтік және басқа да институттарына басқару мақсатымен әсер етуді жүзеге асырады. Әлеуметтік басқару коғамның өмip cүpyi, әлеуметтік жүйе ретінде дамуы, адамдардың өмip cүpyi үшін маңызы бар барлық, объектілер мен процестерді қамтиды.
Ол жекелеген, топтық, және қауымдық, мүдделердің арасындағы қайшылықтарды тәртіптеп шешіп отырады. Әлеуметтік басқару — қоғамдағы адамдардың, мүдделері мен ic-әрекеттерінің бағытын, оның мазмұны мен реттеп, адамдардың коғамда алатын орны мен рөлін айқ- ындайтын әлеуметтік қатынастарды үйлестіріп отыру. Осындай басқару нәтижесінде коғамдағы мүдделердің (территориялық, ұлттьқ, ұжымдық, жекелеген, т.б.) үйлесімділігі камтамасыз етіліп, алға қойған мақсатқа, жалпы жетістіктерге жету үшін әлеуметтік әрекеттер ұйымдастырады. Әлеуметтік басқару, жүйесіне, мемлекеттік басқару жүйесіне байланысты.
Қазақстанда жүргізілген мемлекеттік басқару жүйесін қайта кұру кезеңін негізгі екі кезеңге бөлуге болады.
1991 жылдан басталған бірінші кезеңде Қазақстанның егемендігі жарияланды, Президенті сайланды, ұлттық теңге айналымға түсті, соған сәйкес өзіндік экономикалық саясаты қалыптаса бастады. Саяси және экономикалық салалардағы сапалық. өзгерістер басқару жүйесін жетілдіруде көрініс тауып, орталық және жергілікті басқару органдарында бірнеше кең көлемді шаралар жүзеге асты.
Мұның негізгі мақсаты экономиканы басқарудың нарықтық, формалары мен әдістерін өмipre енгізу болатын. Бірақ та нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаның әлсіздігінен жүргізілген өзгepicrep айтарлықтай тиімді болып шықпады. Басқару кадрларын даярлауда, олардьң қызметін ынталандыруда, бақылау істерінде елеулі кемшіліктер жіберілді.
Тәжірибе көрсеткендей,
Қазақстанда қалыптасқан мемлек
Осындай кемшіліктерді жою үшін 1997 жылдың наурыз айында Қазақстан Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар жүйесін реформалаудың кезекті міндеттері туралы" Жарлығы қабылданып, мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрудың екінші кезеңі басталды. Осы- ған сәйкес республика үкіметіне қарасты орталық атқару органдарының саны 50%-ке қысқарды. Қабылданған шаралар жекелеген мемлекеттік атқарушы органдар кызметінің қосарлануын, басқарудьң ортақ буындарын жойып, ұйымдық құрылымның жүмысын жеңілдетті. Бұл ауқымы жағынан соңғы жылдардағы мемлекеттік атқарушы органдарды ұйымдық жағынан қайта құрудағы ең үлкен шара болды.
Дамыған шет елдердің тәжірибесі мемлекеттік аппаратқа неғұрлым мамандығы жоғары, идеялық жағынан тұрақты қызметкерлерді тарту қажеттілігін көрсетті. Республика Президентінің "Қазақстан — 2030" стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының 6ipi "Қазақстан үшін нарықтық экономикаға оңтайлы келетін тиімді, қазіргі заманның мемлекеттік қызметі мен басқару құрылымын жасау" болып отыр.
Әр ұйымның адамдар жасаған табиғаты бар. Ұйым өз құрылымын және технологияларын күрделендіруге ұмтылады. Ұйымның арнаулы органы оның мүшелерінің мақсаттарын қамтамасыз етіп, олардың ұмтылыстарын реттейді. Осы қызметті басқару деп атайды.
Басқару ұйымның
ьарлық бөліктерінің
Ұйымды басқарудың
алғашқы сипаттауларын Г.
Бұл – ХХ ғ. Басындағы басқару үдерісінің сипаттаулары. Қазіргі ұйымдардың құрылымы әлдеқайда күрделі, технологиясы аса күрделі, жұмысшы күшінің біліктілігі жоғары; оның үстіне ұйымдар қазіргі нарықтың күрделі құрылымында әрекет етеді. Сондықтан бүгінгі басқару – өнерге, ойынға, жоғары ғылымға тән. Қазіргі басқару жүйесінің нобайы мынадай: 1) ұйымдасқан бірлестіктің жетекшісі мен бастаушысы ретінде; 2) өзара әрекет-түйісулерді қалыптастыру және қолдау; 3) ақпаратты қабылдау, іріктеу және тарату; 4) қорларды үйлестіру; 5) жұмысшы кадрлардың ағымын және бұзушылықтардың алдын алу; 6) келісім жүргізу; 7) жаңалықтарды енгізулерді жүргізу; 8) жоспарла; 9) бағынушылардың іс-қимылдарын бақылау мен бағыттау.
Бұдан басқа да басқару әрекеттері бар: жарнамамен шұғылдану, қосымша қаражатты табу және т.т. Нағыз басқарушы жоғары білікті маман болуы керек. Басқару тобына кеңсешіл әкімшілік кіреді.
Басқару құрылымы
— басқару деңгейлерінің
Социология ғылымы классиктерінің бipi М.Вебер әкімшілік басқарудың "идеалдық, тиін", "бюрократия" теориясын жасады. Онын негізгі сипаттамалары мьнандай:
Бұл басқарудың, типтік құрылымы. Басқару құрылымьн тігінен және көлденеңінен деп екіге бөлуге болады. Атқарушылардың аралығында сатылар көп болса, тігінен, ал аз болса, көлденеңінен болады. Мыңдаған жылдар бойы өмір cүpiп келе жатқан басқарудың дәстүрлі құрылымы желілік құрылым деп аталады. Ал басқару құрылымына көптеген қызмет салалары (кадр, конструкторлық, жарнама, жабдықтау, маркетинг бөлімі, бухгалтерия) кірсе, ол желілік-штабтық, құрылым болады.
Социология ғалымы басқару iciн басқарылатын жүйеге мақсатгы түрде әсер етудің үздіксіз процесі ретінде зерттейді. Осыған байланысты басқару құрылымы ұдайы дамып отырады. Бұған ақпарат ағынының өcyi елеулі әсер етеді. Басқару құрылымы басқарылатын нысанның жай-күйіне, қозғалысына, тиімділігіне, т.б. қатысты ақпараттарды үздіксіз алып тұрғанда ғана жетіле түседі. Кез келген басқару циклі ақпарат жинап, оны ой елегінен өткізіп, басқаруға қатысты шешім кабылдау үшін қорытудан, сөйтіп басқару құрылымының субъектілеріне жіберуден соңында жаңа ақпарат алудан тұрады.
Сонымен, басқару әртүрлі деңгейде: аймақты, республиканы, саланы басқарудан кәсіпорын ұжымын, оның бөлімшелерін, жеке адамдарды басқаруға дейін жүзеге асырылады. Сондықтан да басқару құрылымында басшының орны мен рөлі ғана емес, басқару істерімен айналысатын субъектілер де ерекше орын алады.
Басқару cтилi түсінігінің пайда болуы XX ғасырдыц 30- шы жылдары АҚШ-та бipнeшe тәжірибелер жасап, басшылықтың авторитарлық, демократиялық, анархиялық түрлерін анықап берген К.Левиннің есімімен байланысты.
Америкалық зертгеуші Лайкерт басқару стилінің төрт жүйесін: қанаушы авторитарлық, игі ниетті авторитарлық, кеңестік-демократиялық базалық, жүйелерін ұсынса, Дуглас Макгрегор автократ пен демократтың алғы шарттарын сипаттайтын "X" теориясы мен "У" теориясын тұжырымдады. Р.Блэйк пен Д. Мутон адамдар мен өндipic мүдделерін ескеріп, отыру дәрежесіне қарай бөлінетін басқарудың бес негізгі стилін камтитын "басқару торын" жіктеуге және насихаттауға тырысты.
Жапон менеджментінде Т.Кононың төрт стильдік (жаңашыл-аналитикалық, жаңашыл-интуитивтік, консервативті-аналитикалық, консервативті-интуитивтік) моделі қарастырылған.
Жер бетінде қанша ұлт болса, басқарудың сонша стилі мен типі бар. Солардың ішінде жапондық, басқару стилі ерекше көзге түседі. Мысалы, жапон қызметкерлері жаңа күнді бой жазу мен өз фирмаларының жалауына қарап тұрып, фирманың әнұраның қосылып айтумен бастайды. Олар жан-тәнімен беріліп еңбек eтyді, әріптестерінің арасында қарапайым, қайырымды болуды, басшыларды құрметтеуді, өз компаниясының патриоты болуды уағыздайды. Бұл pәciм басшының жұмысқа сәттілік тілеген сөзімен аяқталады. Қауымдық және, топтық, дәстүрлерді құрметтеу рухында тәрбиелене отырып, жапон жұмысшылары мен кәсіпкерлері салт-жоралар арқылы еңбек серіктестігіне адал болу үшін ант береді. Осы кезден бастап олар бip өндірістік компанияға айналып, отбасы мен қауым өз шаңырағына қалай қараса, бұлар да бағыныштыларына да солай камқорлық, жасайтын болады. Көпшілік "жапон кереметінің" құпиясын екі бастаудың — ең озық өндіріс технологиясы мен қауымдық, мұраның (өзара көмек пен ұжымдық, еңбекті, туыстық пен ұжымдық, дәстүрлерді қатал сақтаушылықтың) бірлігінен көреді. "Гири" сезімі, яғни бip-бipiн құрметтеушілік парызын орындау қажеттілігі ауыл қауымынан қазіргі кәсіпорынға әкелінген. Мәдени дәстүрлер, түрлі рәсімдер күншығыс елінде жақсы сақталып, бүгінгі күнге қызмет етуде. Жапон кісіпорындары өткеннің дәстүрлеріне аяқ тіреуде. Жапондардың "дәл уақьпында" өcиeтi бүгінгі бәсекелестік күресінде көмектесуде. Бұл олардьң қанына сіңіп, автоматты деңгейге жеткен. Ал басқа мәдениеттің өкілдеріне мұндай қарапайым нәрселерді игеру көп қиынға түскен болар еді. Франция мен Англияда «дәл уакытьщда» сервистік қызмет көрсету тұжырымдамасы стратегиялық жоспарлаудың мақсатына енгізілген. Фирмаішілік есеп беріп отыру еуропалық, компаниялар үшін өндipic жағдайының индикаторы болса, ал жапондықтар үшін ол қызметкерлерді инновациялық, қызметке тарту құралы,