Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 20:08, курсовая работа
Тақырыптың өзекттілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі.
II.Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымына анықтама беретін болсақ ол қанадай-да бір екі тараптың өзара келісіп шарт жасасу барысында шарттың орындалуы үшін алдын-ала жасалатын шаралар. Шарт бойынша құқықты жүзеге асыру құқық субъектісінің, яғни несие берушінің ырқында ғана емес, борышкердің де еркіне, жасаған әрекетіне байланысты. Өйткені борышкерде шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті әрекеттерді жасауға міндетті. Шарттан (атап айтқанда, шартқа негізделген) басқаның әрекетіне құқық туындайды, яғни міндет емес талап етуге құқық береді, бұл несие берушіде болады. Бірақ, жалпы ереже бойынша, борышкер несие берушіні қандайда бір әрекетті орындауға мәжбүрлей алмайды, қайта шартта көрсетілген міндетті орындауға борышты. Бұл ережеге кірмейтін бірден бір жағдай, ол — жеке-белгілі бір заттарға қатысты міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлейтін меншік құқығын және өзге заттық құқықты қорғау тәсілдерінен туындайтын мүмкіндік.
Заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда шарттың орындалуын қамтамасыз етудің жалпы шараларына қосымша (шарттың орындалмауынан болған залалды өз мүлкі есебінен төлеу жөнінде борышкерге жүктелетін жауапкершілік түрінде) шарттың орындалуына септігін тигізетін ерекше амалдар пайдаланылады. Міне осы амалдар азаматтық құқықта шарттың орындалуын қамтамасыз ететін әдістер деп аталады.
Азаматтық құқықта шарттың орындалуын қамтамасыз ететін әдістерге заңда немесе шартта көзделген, борышкердің шарт талаптарын тиісінше орындауына ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнаулы шаралар жатады.
Бұл шаралар, әдетте, мына мақсаттарды көздейді: борышкердің жауапкершілігінің ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату — бұл шараларға мерзімді өткізіп алғандық үшін өсімақы немесе шартты орындамағандық немесе тиісінше орындамағандық үшін айыппұл жатады; борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды орындауға жауапты адамдар қатарына тарту - бұл шараларға, атап айтқанда, кепілдік және кепілдік беру жатады; несие берушіге белгілі бір затгар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру ("адамға емес, заттың құнына сенемін") — бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады; борышкер шартты орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушінің қайтарылмайтын аванс алуы — бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады; борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай талапты орындағанына дейін несие берушінің затты немесе өзге мүлікті беру жөніңдегі шартты орындамауына құқық беру - бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай — шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің тізбесі тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік, кепіл немесе мүлікті ұстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді. Борышкерді шартта көзделген өз міндетін тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы, сөзсіз, егер заңды болса, шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістеріне жатады. Жалпы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің жалпы ережелері қолданылады, өйткені міндеттеменің өзі шарттан туындайды. Негізінен аталған дәстүрлі әдістермен қатар шарттың орындалуын қамтамасыз етудің басқа да көптеген конструкциялары болуы мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де (мысалы, кепілдік жарна, қаржыландыру шарты бойынша ақша талабынан қайту туралы жағдайды пайдалану), заңнамада көзделмей шартта белгіленуі де мүмкін.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің акцессорлық сипатын қарастырайық. Шартты қамтамасыз ету әдістері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін шарт талаптарына қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады, яғни оның заңдылығына және заңдық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдігі жатпайды, оның қамтамасыз етілетін шарт талаптарының заңдылығына тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке негізделген.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің негізгі (басты) талаптарға қосымша сипаты бірталай жерде көрініс табады.
Біріншіден, тек заңды шарттық талаптар, яғни заңды негізде туындаған талаптар ғана қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, қамтамасыз етуші шарт талап ету құқығын беруге көнгенде және көптеген жағдайларда осы негізгі шарт бойынша аударғанда негізгі шарттың тағдырына ілеседі.
Үшіншіден, негізгі шарттың тоқтауы, ол қандай негізде тоқтаса да, әдетте, қамтамасыз ететін шарттың тоқтауына әкеп соғады.
Төртіншіден, негізгі шарттың заңсыз болуы оны қамтамасыз ететін шарттың заңсыздығына әкеп соғады, ал бұл норма императивтік, ол өзгедей шарттық салдарлардың болуы мүмкін екендігін қарастырмайды. Ал, қамтамасыз етуші шарттың заңсыздығы қамтамасыз етілетін шарттың заңдылығына еш әсерін тигізбейді, бұл басты шарттың тағдырының қосымша шарт тағдырына тәуелді еместігін көрсетеді.
Негізгі шарттың тағы бір артықшылығы сонда, ол қамтамасыз етуші шарттың тоқтаған-тоқтамағандығына тәуелді емес. Бірақ бұл ережеге кепіл затын ломбардтардың сатуы және жылжымайтын мүлік ипотекасының заттарын соттан тыс мәжбүрлеп сатқызудың кейбір жағдайлары кірмейді, бұл заң шығарушының кепіл берушілер мүдделерін мамандандырылған кәсіпкерлік ұйымдардың — кепіл ұстаушылардың қиянатынан қорғау ниетінен туындаған.
2.2 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері
Шарттарды қамтамасыз ету шараларын қолдануды талқылап өтейік. Несие берушінің (қарыз немесе мүлік берушінің) алдында борышкердің (қарыз немесе мүлік алушының) шартты орындамағаны үшін жауаптылығы азаматтық-құқықтықтың принциптеріне негізделген, шарттың бұзылуынан келген залалды борышкер мүлкі есебінен өндіріп алу құқығына қарағанда шарттарды қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шараларды қолдану өзінен өзі болмайды. Шарттарды қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ереже қамтамасыз етуші шараларды қолдану мүмкіндігін ғана қарастырады. Қандай да бір шарт белгілі бір нақты тәсілмен қамтамасыз етілуі үшін тараптардың келісімі немесе заңның арнайы міндеттеуі керек. Бұл ретте, шартты қамтамасыз етудің кейбір әдістері заңнамада да, тараптар келісімінде де (мысалы, кепіл зат, тұрақсыздық айыппұл, мүлікті ұстап қалу), кейбіреулері — тек тараптар келісімінде (мысалы, кепілақы) көзделуі мүмкін.
Зерттеп жатқан тақырыбымыздың өзегі шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларына жеке-жеке тоқталып, әрқайсысының атқаратын қызметтерін анықтап, талдау жасайық. Бұл шаралар шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері болып табылады. Олардың қатарына кепілпұл, тұрақсыздық айыбы, кепілдік пен кепілдік болушылық, кепіл және заңнамада көзделген өзгеде әдістер жатады. Біз шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің ішінен кепілпұлды қарастырайық.
Шартты қамтамасыз етудің әдісі кепілпұл дегеніміз — шарт жасасқан кезде бір адамның екінші адамға шарт талаптарынан туындайтын белгілі бір әрекеттер орындағаны үшін беруге жататын ақша сомасының бір бөлігін төлеуі. Кепілпұл — борышкер несие берушіге төлеуге тиісті қаңдай да бір ақша сомасының бөлігі.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдісі ретіндегі кепілпұлдың маңызы сонда, ол шартты қандай да бір тараптың орындамауынан сақтандырады.
Шартты орындамау оның орындалуына жауапты тарап үшін қолайсыз зардаптар әкеледі. Кепілпұл, негізінен, борышкердің қандай да бір ақша сомасын төлеу жөніндегі негізгі талаптары бойьшша шартты орыңдауын қамтамасыз етуге бағытталған, мысалы, сатып алушының сатылатын бағаны төлеу міндеті, жалгердің жалдау ақысын төлеу міндеті, т.б., ал қамтамасыз етуге сол кепілпұл берген адамның кейін шартты орындаудан бас тартқан жағдайда сол кепілпұлдан айырылып қалу қаупі арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, кепілпұл алған адамның шартты орындамауы да оған алған кепілпұлды қайтару, сондай-ақ контрагентке алған кепілпұлдың сомасына тең сома төлеу түрінде қолайсыз зардаптгар алып келуі мүмкін.
"Кепілпұл" ұғымында бірнеше мәндік және заңдық мағына бар. Көбіне "кепілпұл" ұғымы кепілпұл туралы келісімнің өзін белгілеу үшін қолданылады — шарт жасасқанда және белгілі бір құқықтар мен міндеттерді, сондай-ақ осы келісімді қолдану барысында заңмен белгіленген зардаптарды анықтағанда ақша сомасының бір бөлігін төлеу туралы келісімді білдіреді. "Кепілпұл" ұғымы, тағы да, азаматтық құқық институтын білдіреді, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кепілпұл туралы келісімді қолданудың салдарын реттейтін материалдық құқық нормаларының жиынтығын береді.
Тікелей келісімді кепілпұл туралы келісім деп, ал құқық институтын- кепілпұл туралы келісім институты деп белгілеген дұрыс болар еді. Сонымен қатар кепілпұл бір адамның екіншіге төлейтін ақша сомасының бір бөлігін ғана білдіреді.
Шартты қамтамасыз ету ретінде кепілпұл туралы келісім тараптардың кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттар бойынша жағдайларын, құқықтары мен мінеттерін өзгертпейді. Сонымен қатар кепілпұл туралы келісім тараптардың міндеттерін күрделендіреді, себебі олар бөлек келісім бойынша өздеріне қосымша міндеттемелер қабылдайды. Кепілпұл алған адамның құқығы азаймайды, қайта міндеттемені қамтамасыз ету салдарынан көбейеді, сондай-ақ ол кепілпұлмен қанағаттану керек пе, әлде міндеттеменің тиісінше орындалуын талап ету керек пе, осының біреуін таңдауы тиіс, егер шарт кепілпұлмен қамтамасыз етілмесе, онда ол талап етуге құқылы болады.
Кепілпұл берген адамда да қосымша міндеттемелер туындайды, кепілпұл алған адамның кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартты орындамағанына дейін қандай да бір құқық туындамайды. Кепілпұл туралы келісімнің өзіндік сипаты бар. Кепілпұл, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілі бола тұрып барлық басқа қамтамасыз ететін шарттардан өзін ерекшелейтін белгілерге ие. Біріншіден, кепілпұлмен шарттардан туындайтын міндеттемелер ғана қамтамасыз етіледі және ол өзге шарт талаптарын қамтамасыз етуге пайдаланылмайды, мысалы, шарттан өзге негіздерден, атап айтқанда, әкімшілік актілерден, сот шешімінен жөне т.б. туындайтын міндеттемелерді.
Екіншіден, кепілпұлмен тараптардың біреуінің ақшалай міндеттемесі көзделген шарттың орындалуы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, себебі кепілпұл "уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа" беріледі (АК-ның 337-бабьшың 1-тармағы), мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша бағаны төлеу жөніндегі міндеттеме, жалдау ақысын төлеу жөніндегі міндеттеме және т.б. Бұл тұрғыдан алғанда кепілпұл, міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып, бір жағынан шарт бойынша ақшалай міндеттемені бөлшектеп орындауы — шарт бойынша бір тараптың екінші тарапқа төлемінің бөлігі болып табылады.
Үшіншіден, кепілпұл, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып, шарт жасалғандығының дәлелдемесі рөлін атқарады. Бұл дегеніміз — егер шарт тараптардың біреуінің кепілпұл төлеуін көздейтін болса, онда бұл міндет орындалғаннан кейін ғана шарт жасалыңды деп саналады, мысалы, егер сатып алу-сату шартында кепілпұл төлеу көзделген болса, онда кепілпұл төленбей шарт күшіне кірмейді, ал кепілпұл сомасы төленгеннен кейін тараптардың біреуі шартты орыңдаудан біржақты бас тарта алмайды. Кепілпұлды төлеу тараптар арасыңда кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттың барық елеулі жағдайлары бойынша келісімге қол жеткендігінің және туын-дайтын барлық салдарларымен оның күшіне кіргендігінің дәлелдемесі.
Төртіншіден, кепілпұл, сонымен қатар, оны беруші тарап үшін де, оны алушы тарап үшін де жауапкершілік өлшемі болады, біріншісінің міндеті — өзінен алынатын төлемді төлеу, ол одан бас тартқан жағдайда кепілпұлды жоғалтады, екіншісінің міндеті — міндеттемені заттай орындау, себебі оны орындамаған жағдайда ол кепілпұлды қайтарады және соның мөлшерінде қосымша шығын тартады.
Кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартты тоқтатудың немесе орындамаудың не кепілпұл туралы келісімді тоқтатудың салдарларын қарастырайық. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттың тоқтауы кепілпұл туралы келісімнің тоқтауына әкеп соғады. Кепілпұл туралы келісім тоқталып, берілген кепілпұлдың тағдырын шешкенде оның негізгі міндеттемеден бөлек еместігі, оның бір бөлігі — шарттың тараптарының біреуінің ақшалай мшдеттемесінің бөлігі екендігі ескеріледі. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарт тоқтаған екі жағдайда кепілпұл қайтарылуға тиіс.
Басқа реттерде кепілпұлдың тағдыры қамтамасыз етілетін міндеттеменің тоқтау негіздеріне қарай шешілуі тиіс, мысалы, тараптардың біреуі орындауды бастағаннан кейін шарт бұзылса кепілпұлдың тағдыры тараптардың келісімімен, шарттың орыңдалған бөлігі ескеріліп шешіледі: жаңалағанда, тараптар келісімінде өзгедей көзделмесе, кепілпұл туралы келісім де тоқтайды, бас тарту төлемінде — бас тарту төлемінің мөлшерін, мерзімін және тәртібін тараптар белгілейді (бас тарту төлемінің мөлшері кепілпұлға шамалас та, басқадай да болуы мүмкін).
Кепілпұл, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің әдісі болумен қатар тұрақсыздық ақысы, жауапкершілік шарасы да бола алады. Егер тараптардың біреуі негізгі міндеттеме орындалмай қалатындай әрекет жасаса, оған сол әрекет үшін жауапкершілік ретінде екінші жаққа, берілген кепілпұл ескеріліп, кепілпұл сомасы мөлшерінде ақша төлеу міндеті жүктеледі. Сондықтан, егер қамтамасыз етілетін шарттың орындалмағанына кепілпұл берген тарап жауапты болса, онда кепілпұл оны алған жақта қалады.