Банк ресурстары және қалыптасу көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 18:13, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, банк ресурстарының ұғымы және құрылымы қарстырылған , яғни банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері және капиталдың жеткіліктілігі толықтай қарастырылған.
Екінші бөлімде, банктік ресурстардың орналастырылуы яғни олармен жүргізілетін: пассивтік, активтік, инвестициялық операциялар.
Үшінші бөлімде,банктің тартылған қаражаттары, яғни банктің депозиттік және депозиттік емес операциялары.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
І бөлім. Банк ресурстары және қалыптасу көздері.
1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы..........................................4
1.2. Банк ресурстарының маңызды бөлігі – меншікті қаражаттар ................7
1.3. Банктің тартылған қаражаттары.............................................................. 18
ІІ бөлім. БАНК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ.
2.1. Банктің меншікті қаражатының динамикасы және оны талдау...........23
2.2. Банктің депозиттік операциясының ерекшеліктерін талдау.................24
ІІІ бөлім. Банктің тартылғын қаражаттары .
3.1. Банктің депозиттік операциялары ..........................................................25
2.2. Банктің депозиттік емес операциялары............................................37-38
Қорытынды..........................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................40

Вложенные файлы: 1 файл

Банк ресурстары.doc

— 164.50 Кб (Скачать файл)

    Сондай-ақ, резервтік  қор банктің тұрақты қызмет  етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, 25%мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыз төленеді.

    Қосымша капиталдар —  негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

    Арнайы қорлар — негігі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражатарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айыриа нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

    Келесі қорға  жекелеген банктік операциялар  бойынша тәуекелді төмендету  мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

    Бөлінбегн пайда — акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қаған пайданың бөлігін білдіреді.

    Банктің меншікті  капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:

    — банк пайдасы;

    — акциялар  шығару;

    — құрылтайшылар  пай қосушылар санын арттыру;

    — облигациялар  шығару жатады.

    Банктік капитал  банктің дербестігін қамтасыз  ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына  кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көзі болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:

    — қорғаныс  қызметі;

— шұғыл қызмет;

— реттегіштік қызмет;

— айналым қызмет;

— резервтік қызметі.

   

    Банктің меншікті  капиталының қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

    Банк капиталының қорғаныс қызметі — банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да ,  оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі — меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

    Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып тбылады. Оперативтік қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстар көздері әсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін маңызды. Кейінен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құрауға жұмсалады.

    Қаржы және  салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз  етуден басқа банктердің меншікті  капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекттік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.

    Банктің меншікті  капиталына қатысты ережелер, оның  ең төменгші мөлшеріне қойылатын  талаптарды, активтерге байланысты  шектелуін және басқа банктен  активтер сатып алу шартын  қамтиды. Қазақстан Ұлттық банкі  бекіткен пруденциялық нормативтерде банктің меншікті кпитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттегіштік қызметке несиелік және инвестициялық опрацияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.

    Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкротыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәекл дәрежесін есепке алатын  активтік айналымды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

    Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын  тәекелдерді болғызбау үшін банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.

    Банктердің ресурстарының  тапшылығына байланысты міндетті  түрде құрайтын резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын тәуеклдердің орнын толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады.Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызиетіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі — резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.

    Банктің капиталының  резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына байланыссыз, банк капиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

    Банктің  меншікті капиталының жеткіліктілігі. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.

    Банктер өздерінің  активтерін арттыру үшін капиталдың  төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің  банкроттықтан аулақ болуы үшін  капиталдың жеткілікті болуын  талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.

    «Капиталдың жеткіліктілігі»  термині банктің жалпы тұрақтылығын  және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктігі — бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

    Банктің ресурсындағы  меншікті капиталдың өте төменгі  үлесіндеболуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері  алдындағы жауап беру мөлшеріне  сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.

    Банк меншікті  капиталын ұлғайтуға негіз болатын  мынадай факторларды ескеру қажет:

    — банктердің  дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын  активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің  өзгеруіне, қарыз алушының несиелік  қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;

    — банк көбіне  тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз  көздеріне көңіл бөледі, бірақ  олардың көбі талап етуге байланысты  қайтарылып алынуы мүмкін.

    Сондықтан, кез  келген саяси немесе экономикалық  өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда

банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды құрайды. Бұл дегеніміз банк жүесіндегі төлем қабілетсіздік тәекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз даңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліктігі байқалады.

    Демек, банк капиталының  жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын  басты шарттардың біріне жатады.

    Банктердегі немесе  жалпы банктік жүйедегі капитал  көлемін тура анықтау қиын, бірақ  жоғарыда қарастырылған қызметтердің  орындалуы үшін, салым иелері  мен бақылаушы ұйымдардыңсенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуы тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәекелдерге тәелді ме, жоқ па? Деген балама сауал туындайды.

    Банк меншікті  капиталын бағалау әдістемесі  туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 ж. Базель комитеті келісімінің шешімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісімшарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкіде пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда.

    Кук коэффициенті  банк какпиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етумен қатар, төменгі тәуекелді активтерге қаржаттар жұмсауды ынталандыра түседі.

    Базель келісіміне  сәйкес, банктің капиталы екі  деңгейге бөлінеді: І деңгейлі  капитал және ІІ деңгейлі капитал.

    І деңгейлі  капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген  пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың  бақылаусыз пакеті шегерілген  материалдық емес негізгі капитал  шамасы жатады.

    ІІ деңгейлі  капиталға: несиелер бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған екіші дәрежелі қарыздар жатады.

    Базель келісімінің  бекіткен нормативтік келісіміне  сәйкес, екіші деңгейдегі банктердің  қызметін реттеуде қолданылатын, пруденциялық нормативтер қатарында банк капиталының жеткілікті коэффициентін белгілейді. Бұл коэффициенті біздің тәжірибемізде есептеу үлгісі пруденциялық нормативтер қатарында берілген.

    Меншікті капитал (К)= І деңгейлі капитал +  ІІ  деңгейлі капитал – акцияға  жұмсалған банк инвестициялары және басқа да заңды тұлғалардың субординарлық қарызы.

    І деңгейлі капиталға (КІ) төмендегілер жатады:

   • тіркелген және  төленген жарғылық қор;

   • қосымша капитал;

   • өткен жылдардағы  пайда есебінен құрылған қорлар, резервтер және өткен жылдардағы пайда;

   • материалдық  емес активтер;

   • өткен жылдардағы  зиян;

   • ағымдағы шығыстардың  ағымдағы табыстардан артқан  сомасы;

    ІІ деңгейлі  капитал (КІІ) мыналардан тұрады:

   • ағымдағы табыстардың  ағымдағы шығыстардан артқан  сомасы;

   • активтердің сомасының 1,25 пайыздан аспайтын сомадағы жалпы резервтер;

   • І деңгейлі  капитал сомасының 50%-дан аспайтын  сомадағы субординирленген (банктің  депозитке жатпайтын, қамтамасыз  етілмеген міндеттемесі) мерзімді  қарыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Банктің тартылған қаражаттары

 

   Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90 пайызынан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ өз клиенттерінің уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.

    Депозит (латынша  “depositum”- сақтауға берілген зат) бірнеше мағынаны береді: 1)анықталған  ереже бойынша қаржы-несие мекемесіне  түсетін және тапсырған тұлғаға қайтарылуы тиісті құнды материал; 2)банк клиенттерінің мерзімді мерзімсіз салымдары.

    Депозит – бұл  клиенттердің (жеке және заңды  тұлғалардың) банктегі белгілі-бір  шотқа салған және өздері пайдалана  алатын қаражаттрын білдіреді.  

   Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың,депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың  шоттарының әр түрлері кездеседі.Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

    Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу   мақсатында орналстыру жұмыстары депозиттік операциялар деп атайды.            Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар.Олар банктің өтімді активтері ретінде,яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Информация о работе Банк ресурстары және қалыптасу көздері