Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:37, курсовая работа
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі - лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады. Бұрынғы постсоциалистик елдердің барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі.
Кіріспе...................................................................................................
I. Лизингтің теориялық негіздері....................................................
1.1. Лизинг түсінігі, мәні мен маңызы.......................................
1.2. Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері......................
1.3. Лизингтік қатынастарды нормативтік құқықтық реттеу.......
II. «Алекс» ЖШС -ң шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану тиімділігін талдау....................................................
2.1. Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау....
2.2. «Алекс» ЖШС-ң экономикалық қуатын талдау........................
III ..Кәсіпорынның қызметін дамытуда лизингтік жүйені пайдалануды жетілдіру жолдары......................................................................
3.1Лизингті пайдалану бойынша ұсыныстар.....................................................................................
Қорытынды..................................................................................
Пайдаланған әдебиет көздері...................................................
Қосымшалар................................................................................
3-сызба. Оперативті лизинг үшін
5
Жалға беруші
(Лизингтік компания) 2
4
1 3
Оперативті лизинг обьектілері болып тез ескіретін құрал-жабдықтар (компьютер, көшірме құралдары, әр түрлі оргтехникалар) кіреді. Жалпы оперативті лизинг талаптары лизинг алушыға тиімді, өйткені лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтату құқығы оған ескірген, тозған негізгі құралдарын жаңа технологиялық құралдармен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Кемшілектері : басқа лизинг түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары арендалық төлем, алдын ала аванс төлеу талабы, арендалық келісім шартта келісімді мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда айып пұл төлеу туралы тармақтың болуы.
II.Қаржылық лизинг - ұзақ мерзімді келісім, мұнда жалдау төлемінің есебінен мүліктің амортизациялық төлемдері толық төленеді. Мұнда келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды, сондай ақ мерзімдік төлемдер-сатып алу, жеткізу шығындарын және пайданы қамтиды. Лизингтің бұл түрінде орнату, жалдаушыға техникалық қызмет көрсету жалдаушыға жүктеледі. Бұл келісімде мерзімі біткенде, мүлікті жеңілдік бойынша немесе қалдық сомасы бойынша сатып алу қарастырылған.
Оперативті лизингке қарағанда қаржылық лизинг мүлік иесінің тәуекелін төмендетеді. Мәміле бойынша банктің ұзақ мерзімді келісімінің талаптарына ұқсас, яғни алынған мүліктің толық құнын төлеу, мерзімдік төлемдер (негізгі және пайыздық жағы, яғни мүлік құны мен пайда), келісімді орындай алмай жатса, жалдаушыны «банкрот» деп жариялау құқының болуы және т.б.
Қаржы лизинг обьектісіне тұрғын үй (жер ғимарат, құрылғылар), өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржы лизингі қайтарымды және іскерлік лизинг түрлерінің негізі болып табылады.
4-сызба. Қаржы лизинг механизмі
Жалға беруші
(лизингтік компания) (Жалдаудаушы)
III.Қайтарымды лизинг - екі келісімді білдіретін жүйеден тұрады. Мұнда құрал жабдық иесі өз мүлкін екінші жақ меншігіне сатады, сонымен бір мезгілде сатып алушыдан ұзақ мерзімді жалға алу келісім шартын жасайы. Әдетте сатып алушы ретінде коммерциялық банктер , инвестициялық , сақтандыру, лизингтік компаниялар болады. Мұндай операциялардың нәтижесінде құрал жабдықтың иесі ғана өзгереді, ал оны пайдаланушы бұрынғысынша өзгермейді, тек қосымша қаржыландыруға ие болады. Инвестор шын мәнінде оның бұрынғы иесін несиелендіреді, нәтижесінде мүлікке меншік құқығын алады. Мұндай операциялар көбінесе кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында іскерлік құлдырау жағдайында қолданылады.
5-сызба. Қайтарымды лизинг процесі үшін
1
Лизингтік компания
2
IV.Іскелік лизинг - лизингтік келісімде үшінші жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте үшінші жақ банк, сақтандыру, инвестициялық компаниялар болады. Бұл жағдайда лизингтік компания құрал жабдықтарды жалға алу туралы келісім шартқа алдын ала қол қоя отырып, қарыздың бір бөлігін төлеуді өз меншігіне алады. Алынған қарызды қамтамасыз етуші болып, алынған мүлік жүреді (ереже бойынша оған кепіл зат рәсімделеді) және болашақта жалгерлік төлемдер, сәйкесінше бір бөлігі жалгермен тікелей инвестицияға төленіп отырады. Сөйтіп лизингтік фирма салық артықшылықтарын пайдаланады, яғни құрал жабдықтардың амортизациялық және міндеттемелерін өтеу процесінде туындайтын қарыздар. Лизингтің бұл формасының негізгі обьектілері - жоғары бағалы активтер, пайдалы қазба кен орындары , өңдіруші салалардың құрал жабдықтары және т.б.
6-сызба. Іскелік лизинг процесі үшін
2
Жалға беруші
1
3
6 4 Өндіруші
5
Жалға алушы
V.Тікелей лизинг - мұнда жалгер, лизингтік фирма мен сатып алу жөнінде келісімге отырады, соңынан оны арендаға беру шартымен. Мұндай жалгерлік келісім шарт көбіне тікелей өндіруші фирмамен жасалады. Өз өнімдерін лизинг арқылы ұсынатын ірі өндірушілер, яғни: IBM, XEROX, GATX, сондай ақ авиациялық, кеме жасаушы және автокөлік жасаушы ірі компаниялар жатады. Мысалға автокөлік нарығының лидері «Драймлер-Крайслер» концерні және BMW концерні бірнеше жетекші лизингтік компаниялардың құрылтайшысы болып табылады. Сол компаниялар арқылы дүние жүзінің көптеген елдері өз өнімдерін өткізеді.
7-сызба. Тікелей лизинг процесі үшін
1
Өндіруші
(Лизингтік бөлімше) 2
VI.Сублизинг - бұл лизингтің түрі алынған құрал жабдықты лизинг алушы ( сублизинг беруші) үшінші жаққа береді (сублизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға, яғни сублизинг келісім шартымен, әр айда төлеу міндетімен.
ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңына сәйкес, құрал жабдықты сублизингке беру үшін жазбаша түрде лизинг берушінің келісімі болуы қажет.
Халықаралық сублизинг, халықаралық лизингтің бір түрі болып табылады. Ол да ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңымен реттеледі. Халықаралық сублизингтің айрықша ерекшелігі болып, лизинг затының ҚР шекарасынан ары -бері лизинг келісім шарты мерзімінде өтіп жүруі. Сублизингтің негізгі артықшылығы , ол жалға беруші жалгерлік төлемдерді талап ету құқықығына ие. Әдетте келісім шартта ескертіледі, үшінші жақтың банкроттық жағдайында жалгерлік төлемдер негізігі жалға берушіге жүктеледі.
8- сызба. Сублизингтік процесі үшін
1 1
Жалға беруші
2 2
1.3. Лизингтің субьектілер үшін артықшылықтары мен кемшілікері.
Лизинг - барлық лизингтік қатынасқа қатысушыларға өзекті мәселе, яғни олар: құрал жабдықты алушы, инвестор, лизингтік компания, мемлекетке( экономиакның басымды саласына инвестиция салу мәселесі бойынша) және банкке (лизинг нәтижесінде ұзақ мерзімді, тұрақты кіріс алу мәселесі бойынша).
Лизинг артықшылықтары негізінен қазіргі елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты маңыздылығы келесі мәселелерде айқындалады:
а) Мемлекет үшін.
Қалыптасқан экономикалық жағдайда инвестициялық жандандыру мәселесінде лизингтің даму қажеттілігі мемлекет үшін ең өзекті мәселелердің бірі.
б) лизинг алушы үшін.
в) лизинг беруші үшін .
г) лизингтік мүлікті сатушы үшін.
Сонымен қатар лизингтің обьективті кемшіліктері бар. Олардан келесілерді атап көрсетуге болады:
1.4. Қазақстан Республикасында лизингтік қатынастарды нормативтік -құқықтық реттеу
Лизинг пайдаланудың тиімділігінде оның нормативтік - құқықтық базасы айтарлықтай роль ойнайды, яғни олар: лизинг механизмі, бухгалтерлік есеп жүесі, салықтық жеңілдіктер деңгейі .
ҚР лизингтік қатынастарды реттеудің нормативтік - құқықтық базасы келесілерді қамтиды: