Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 19:03, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұзақ жылдар бойы Ресейдің құрамдас бөлігі ретінде дамып келген Қазақстан экономикасында тұрақты несие жүйесі болмады. КСРО ыдырап, еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан кейін ғана жүйелі түрде қалыптасып, тұрақтана бастаған несие жүйесі әлі даму үстінде. Сондықтан да, қазіргі нарық заманында еліміздегі несие жүйесінің жағдайын, оған әсер етіп отырған факторларды зерттеу, дағдарыс жылдарындағы өзгерісін анықтап, сараптама жасау маңызды мәселе.
КІРІСПЕ...............................................................................................................2
1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
1.1. Несие жүйесі : экономикалық сипаттамасы,қызметі мен мен құру қағидалары................................................................................................................3
1.2. Несие жүйесінің маңызы мен ақша-несие қатынастарында
алатын рөлі...............................................................................................................6
1.3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері...........................................8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Банктік және банктік емес мекемелер несие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде..........................................................................................................13
2.2. « Халық банктің Жинақтаушы зейнетақы қорының»
қызметіне талдау ...................................................................................................23
2.3. Қазақстандағы зейнетақы қорлардың жұмысын оңтайландыру туралы ұсыныстар...............................................................................................................27
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Банкік сектордың дағдарыс кезіндегі даму жағдайы
мен ерекшеліктері.................................................................................................30
3.2. Банктік емес мекемелердің ағымдағы жағдайлары....................................33
3.3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін дамытудың жекелеген аспектілері.............................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................42
ҚОСЫМША
Шағын несиелік ұйым қарыз алушы адамға бір айлық есептік көрсеткішінің мың еселік мөлшерінен аспайтын, алайда ШНҰ-ның меншік капиталы 25% мөлшерінен кем емес шағын кредиттер ұсынады.
Шағын неселеу ұйымдарының құқы бар:
- қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген түрде шағын кредиттер беру, соның ішінде берілген шағын кредитке мүлікті кепілге қабылдауға;
- берілген шағын кредит туралы келісімшарт бойынша міндетті орындау үшін қарыз алушыдан мәлімет сұрауға.
Коммерциялық шағын несиелік ұйым шаруашылық серіктестігі нысаны ретінде, ал коммерциялық емес шағын несиелік ұйым - қоғамдық қор нысаны ретінде құрыла алады.
ШНҰ берілетін шағын несие қызметіне қосымша келесі қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
- ҚР резиденттері мен резидент еместерінен гранттар мен қарыздар тартуға;
- уақытша бос активтерін мемлекеттік құнды қағаздарға, екінші деңгейдегі банктердің депозитіне орналастыруға;
- кепілдегі мүлікпен мәміле жасасуға;
- басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға;
- кеңестік қызметтер көрсетуге;
- лизингтік қызметін жүзеге асыру және т.б.11
Қазіргі кезде елімізде шағын несие берумен айналысатын ұйымдар көп дамуда.
Инвестициялық және инновациялық компаниялар ақшалай қаражатты, оның ішінде облигациялық заемдар, акциялар мен басқа бағалы қағаздарды ұзақ мерзімдерге шоғырландыруға және ұзақ мерзімді несиелер беруге маманданады. Инвестициялық компаниялар ұзақ мерзімді жұмсалымдар үшін қаражаттың жетіспеуін бастан кешірген кәсіпкерлер мен қаражатты ұзақ мерзімге салушы салымшылар арасындагы делдалдық мекемелер түрінде болады. Инновациялық компаниялар да, сондай-ақ инвестициялық болады, бірақ тек технологиялық жаңа енгізілімдерді әзірлеуді және игеруді несиелейді. Инвестициялық компанияларөзінің шығарған акцияларын сатып, одан түскен ақшаны әр түрлі салалардың бағалы кағаздарын сатып алуға жұмсайды. АҚШ-та инвестициялық компаниялардың капиталы 2 мың корпорацияның акцияларына салынған. Ұсақ инвесторлар инвестициялық компаниялардың міндеттемелерін зор ынтамен алуда, себебі әр түрлі кәсіпорынға қаражат салу қауіпін сейілтіп, кейбір фирмалар күйрегенде олардың акциясына жұмсаған капиталдың шығыны азаяды.
Инвестициялык компаниялар "ашық типті" және "жабық типті" болып бөлінеді. "Ашық типті" компаниялар акция ұстаушынын талабы бойынша акцияларды кері сатып алуга міндеттенеді, ал "жабық типті" ондай құқық бермейді. Қазіргі кезде компаниялардың бірінші түрі кең тараған.
Ипотекалық компаниялар жер және жылжымайтын мүлік кепілдігімен ұзак мерзімді негізде қаражаттарды тарту және орналастыру жөніндегі несие операцияларын іске асырады. Мұндай банкілердің пассивінің ипотекалык облигациялар, акциялар мен баска бағалы қағаздар елеулі үлесін қүрайды.
Еліміздегі банктік емес жүйенің ең маңызды бөлігінің бірі зейнетақы қорлары болып табылады. Зейнетақы қорлары жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген жасқа толғанда зейнетақы төлеу үшін мемлекеттік және жеке мекемелер болып кұрылады. Олар жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысының бір бөлігінен, яғни корға төлеген жарнасынан қүрылады.
Қазакстан Республикасында жүргізілген
зейнетақы реформасының
нәтижесінде мемлекеттік зейнетақы Қоры
кұрылды. Ол 1993 ж. Әлеуметтік қорғау министрлігінің
қарамағында болып, мемлекеттік бюджеттің
құрамына кірді.
Ал 1995 жылдан бюджеттен шығарылып, Мемлекеттік жинақтаушы
зейнетакы қоры өз алдына жұмыс істеуде,сонымен
қатар бүгінгі күні республикада одан
бөлініп шыққан 14
жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары бар.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. Яғни елеміздегі кез келген адам өзіне уайымсыз кәрілікті қамтамасыз ете алады.12
Еліміздегі халықтың қалалық және ауылдық жерлерде әр түрлі орналасуына байланысты кез келген жинақтарға, төлемдерге байланысты опреацияларды жүзеге асыруға қиынға түседі. Байланыс мекемелері мен өндірістік-қаржылық кешеннің белгілерін өзіне үйлестіре алған пошта-жинақтау жүйесінің дамуы, өзінің қызметін пошта байланыс бөлімшелері арқьшы Қазақстанның барлық аумағына көрсете алады. Ол занды және жеке тұлғаларга қаржылық қызмет және агенттік, пошталық кешенге бағытталған, атқарымдығы көп қаржылық супермаркет болып саналады. Бұған Қазақстан аумағындағы қаржылық және әлеуметтік институттары арасындагы ең үлкен аймактың бөлімдерінің жүйелері мүмкіндік туғызып отыр.
Отандық экономиканың дербес сегменті ретінде, Қазақстан пошта саласы оның электрлік байланыс пен поштаға бөлінуінен кейін «байланыс» саласынан 1996 ж. Сәуірінде бөлініп шығарылды. 1996 ж. қарашасында мемлекеттік пошта өз бетінше шаруашылық жүргізуші мәртебесін алды да Республикалық мемлекеттік пошта байланысының кәсіпорны болып қайтадан құрылды. Сонан соң, 1999 ж. желтоқсандағы Үкіметтің қаулысымен 100% мемлекеттің қатысуымен, «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Қазпошта дәстүрлі пошталық қызмет көрсетумен ғана шұғылданбай, сонымен қатар халықаралық және ұлттық жедел пошта, директ-маркетинг, аралас пошта, депозиттер қабылдау, кассалық есеп айырысу қызметін атқарады. Сондай-ақ, инкассациялық және ақшамен бағалы заттарды тасымалдаумен, құнды қағаздар нарығында брокерлік қызмет көрсетумен, электронды ақша аударымымен, сақтандыру компаниялары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін оларды тартумен және шарт жасауға агенттік қызмет көрсетумен айналысады.
Еліміздің барлық аймақтарындағы компаниялар белсенділігінің өсуі, қаржылық инфрақұрылымы жоқ елді мекендер аумағына кешенді түрде бағытталған «Қазпошта» АҚ әлеуметтік миссиясын жүзеге асыруға атсалысады. Қазақстанның бар облысында өз қызметін жүзеге асыра отырып, тұрғындарға сапалы қызмет етуде.
2.2. « Халық банктің Жинақтаушы зейнетақы қорының» қызметіне талдау
1997 жылы 20 маусымда Қазақстан Өкіметі
«Қазақстан Республикасында
Осы жылдар ішінде материалдық жағынан
бәсекелестер арасында артықшылықтарын
айқындап, мықты, сенімді әрі тұрақты қаржы
институтын құру мақсатымызға қол жеткізді.
Қазақстандағы зейнетақы қорларының ішіндегі
ең үлкені бола тұра, бүгінігі күні :
- әрбір
жұмыс істеуші қазақстандықтың төртіншісі
қор салымшысы болып саналатын, олардың
зейнетақы жинақтары 3 миллиард АҚШ долларын
құрайтын және де осы соманың үштен бірі
инвестициялық табыс болып табылатын
ірі зейнетақы қоры. Ең жақын бәсекелестерінен
ара қашықтығы – рыноктың 10%-на жуығы.
- ай сайынғы зейнетақы жинақтарының өсімі
10 млрд. теңгеден астам;
- 200 мыңнан астам салымшыға 15 млрд. 210млн.
теңге мөлшерінде төлем жасаған нақты
жұмыс істейтін қаржы институты;
- зейнетақылық заңнамаға зейнетақы жүйесінің
бұдан әрі тиімді дамуы мен әлеуметтік
мәнін арттыру мақсатында 280-нен астам
түзетулер ұсынылып, олардың басым бөлігі
қабылданды. Алғашқы онжылдық еңбек нәтижесін
қорытындылай келе Қазақстан Халық Банкінің
жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы
жүйесінің талассыз көшбасшысы болды
деп тұжырымдауға болады.
Халық Банктің Жинақтаушы Зейнетақы басқару құрылымы:
Басқарма төрайымы |
Арстанбекова Камиля Валерьевна |
Басқарма төрайымының орынбасары |
Орынбаев Қаңтар Бекаралұлы |
Басқарма төрайымының орынбасары |
Жаксыбеков Марат Ахмадиевич |
Басқарушы директор |
Нургалиева Роза Сагингалиевна |
Атқарушы директор |
Ташимов Мухтар Малаевич |
Атқарушы директор |
Джакамбаев Арман Айыпович |
Атқарушы директор |
Ботанбекова Клара Амангелдіқызы |
Атқарушы директор |
Исабаева Ғайни Әбдіқайымқызы |
Атқарушы директор |
Ким Алексей Романович |
кесте-3
«Қазақстан
Халық банкінің Жинақтаушы
Зейнетақы қоры» АҚ Қазақстан Республикасының міндетті
зейнетақы жарнасы рыногының 29,7%-ын иеленеді
(512 млрд теңге) және елдегі қорлар арасында
салымдары жағынан алдыңғы орында. Қордың
меншікті капиталы – 24,3 млрд теңге, активтері
– 24,7 млрд теңге.Зейнетақы қордың 1 871
459 салымшысы, елдің түпкір-түпкірінде
жұмыс істейтін 17 филиалы және қалалар
мен ірі елдімекендерде 160-қа жуық сервистік
бөлімшесі бар.
Қордың акционерлері «Қазақстан Халық
банкі» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Қазақстан
Темір жолы» ҰК» АҚ.
01.01.2009 ж. ҚОРДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
кесте-4
Салымшылар саны |
2 109 105 |
Зейнетақы активтері |
403 386 190 000 |
Инвестициялық табыс |
84 081 120 000 |
Зейнетақы төлемдері |
23 540 503 000 |
Қордың нақты белгіленген мерзімдерде қатарына
кезеңімен 500 мың, 700 мың, 1 млн. салымшы
тартып, жаңа белестерге жетті. 2003 жылғы
мамыр айынан бастап Қорға келіп түсетін
ай сайынғы түсімдер еліміздегі зейнетақы
жарналары жалпы мөлшерінің 25%-ын құрады.
2003 жылғы шілде айынан бастап Қор зейнетақы
активтерін дербес басқаруға көшті. 2004
жылғы маусым айында зейнетақы активтерін
100 млрд. теңгеге дейін жеткізді. 2005 жылғы
сәуір айында республиканың қаржы саласында
бірінші болып халық салымдарын 1 млрд.
АҚШ долларына, ал 2006 жылғы желтоқсан айында
2 млрд. АҚШ долларына дейін өсірді.
10 жыл ішінде Қор тармақталған филиалдар
желісін құрды. Қордың Қазақстанның барлық
өңірлерінде 17 филиалы, 13 аумақтық кеңсесі
және 61 қызмет көрсету орталықтары бар.
Қордың Бас кеңсесі және 9 филиалы оңтүстік
астана мен облыс орталықтарының нақ ортасындағы
қазіргі заманға сай ғимараттарында орналасқан.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан:
жеке тұлғалар үшін:
- «Халықтық» бағдарламалары бойынша
1% кемітіп жеңілдік бойынша несилендіру;
- «Өз несием» бағдарламасы бойынша базалық
мөлшерлемеден 1% айырып және несие өтеу
мерзімін 2 жылға арттырып жеңілдікпен
несиелеу (тұрғын үй, жер телімін сатып
алу, тұрғын үйді жөндеу, тұрғын үй құрылысы,
салынып жатқан жылжымайтын мүлікті (тұрғын)
сатып алу, тұрмыс жағдайын жақсарту);
- мөлшері 7 млн. теңгеден кем емес және
орналастыру мерзімі 12 айдан кем емес
депозит сомасына 1% қосып депозиттер бойынша
қосымша бонус алу (Қазақстан Халық Банкінің
ЖЗҚ-на 3 айдан кем емес уақыт және сомасы
1 млн. теңгеден кем емес зейнетақы аударымдары
болған жағдайда);
Заңды тұлғалар
үшін:
- “Бизнес Lights” және “Бизнес Small” бағдарламаларымен
жеңілдетілген сызба бойынша несиелендіру;
- жеке бағдарлама бойынша «Қазақстан
Халық Банкі» АҚ-ның карточкалық еңбекақы
жобасы.
2007 жылғы желтоқсан айында Қор жаңа өнім
– зейнетақы карточкаларын енгізді. Енді
Visa Electron карточкаларының иелері өз зейнетақыларын
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ банкоматтары
арқылы ала алады.
Бүгінгі күні қордың салымшыларға сапалы
қызмет көрсету, қауіпсіздік пен жоғары
технологияларды, аппараттық қорғауды
қамтамасыз ету және жоғары білікті мамандарды
тарту үшін жеткілікті дәрежеде ресурстары
бар. Қорыта айтқанда, қор өзінің дамуының
сапалы деңгейіне көшу үшін тұрақты база
құрды. Салымшыларды жапатармағай тартудың
орнына салымшылар үшін жоғары дәрежедегі
қызмет ұйымдастыру болуы керек.
Жаңа онжылдықта алға қойған мақсаттарға
қол жеткізу үшін Қор стандартты қызмет
көрсету деңгейін республиканың бүкіл
аумағында бірдей сапаны қамтамасыз етіп
халықаралық деңгейге дейін арттыруы
керек. Жақын арадағы болашаққа арналған
жоспарда жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану және дистрибутивтік желіні
еліміздің ең алшақ аудандарына дейін
кеңейтіп, салымшылармен қарым-қатынас
жүйесін өзгерту мақсаты бар.
Жаңа кезеңге Қор жаңа атаумен - Halyk зейнетақы
қоры және «Баршамызға ашық, әрбіреуге
қамқоршы» деген жаңа ұранымен аяқ басты.
Бұл атауды баяғыдан халықтың өзі қойған.
Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап,
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20
маусымындағы мемлекеттік зейнетақыға
шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы
жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын
реттеуші «Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы
өз күшіне енді.Зейнетақымен қамтамасыздандыру
екі жүйеден тұрады: ортақ жүйеден (зейнетақыны
төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан
зейнетақымен қамтамасыздандыру) (Зейнетақымен
қамтамасыздандыру/ Зейнетақыны төлеу
жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы
төлеу бөліміне сілтеме;
· жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы
зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру).
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі
өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына
жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен,
жасалынған салымдардың және зейнетақы
төлемдерінің арасында тікелей байланысты
орнату «Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы
Зейнетақы Қоры» АҚ 2009 жылғы 1 қазанға
еліміздің зейнетақы қорлары арасында
жинақталған қаражатының мөлшері бойынша
көшбасшы болып табылады (521, 5 млрд. теңге)
және Қазақстан Республикасының міндетті
зейнетақы жарналары рыногының 29,7 % құрауда.
Меншікті активтер – 25,4 млрд.теңге. Меншікті
капиталдың жеткіліктілік коэффициенті
– жүйеде ең жоғары, ҚҚА белгілеген 0,040
нормативте 0, 146 құрайды. 1 879 715 салымшылар
Қор клиенттері болып табылады. Қордың
Қазақстанның барлық қалаларында және
ірі елді мекендерінде 17 филиал мен шамамен
160 қызмет көрсету бөлімшелеріндей кеңінен
тараған филиалды жүйесі бар. Қор акционерлері
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «КазТрансОйл»
АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ болып
табылады.
01.01.2009ж. ЖЗЖ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫНДАҒЫ ЖЗҚ-лардың ҮЛЕСІ
2.3. Қазақстанның зейнетақы қорларының жұмысын оңтайландыру үшін ұсыныстар
Қазақстанда қазіргі кезде 14 зейнетақы қоры жұмыс істейді. Әрине, осы зейнетақы қорларының барлығы өз салымшыларына қайғысыз кәрілікті қамтамасыз ету үщін сапалы да сенімді қызмет көрсетуде. Айлада, өз әсерін еліміздегі банктік секторға да, банктік емес маманданған мекемелерге өз тигізген қаржы дағдарысы зейнетақы жинақтау қорларын аттап кеткен жоқ. Көптеген қорлар өз салымшыларынан айырылса, кейбіреулері активерін азайтуда. Алайда « Халық банкінің Жинақтаушы Зейнетақы қоры» осы дағдарысқа барынша төтеп беруде. Мен осындай мәселерден аттап өтіп, дағдарысқа қарамастан даму үшін бірнеше ұсыныс ұсынғым келеді.
Зейнетақы қорының жаңа онжылдықта алға қойған
мақсаттарға қол жеткізу үшін Қор стандартты
қызмет көрсету деңгейін республиканың
бүкіл аумағында бірдей сапаны қамтамасыз
етіп халықаралық деңгейге дейін арттыруы
керек.
Ең бірінші қор жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану және дистрибутивтік желіні
еліміздің ең алшақ аудандарына дейін
кеңейтіп, салымшылармен қарым-қатынас
жүйесін енгізу керек.
Еліміздегі зейнетақы қорларын жұмысын
оңтайландыру үшін мына қағиадалар орындалуы
керек деп ойлаймын:
- зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеуі;
- зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін
азаматтарға жинақтаушы зейнетақы қорларын
таңдауға құқықтық қамтамасыз ету;
- азаматтарға арналған, белгіленген зейнетақының
ең кіші мөлшерімен қамтамасыз ету жөнінде
тікелей мемлекеттік кепілдік;
- зейнетақы жинағының құрылуы үшін, жұмысқа
қабілетті әрбір азамат қатысуының міндеттілігі;
- азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы
қаржы салымдарының сақталу тиімділігі;
- жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
жинақтарға азаматтардың мұрагерлігіне
құқықтарын қамтамасыз ету;
- әр азаматтың қосымша ерікті зейнетақы
қамтамасыздығына құқығы;
- азаматтардың зейнетақы жинақтарының
қаржы салымдары арқылы экономикаға үлесі.
Жақында «Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы
Зейнетақы қоры» АҚ өз салымшыларына -
«мобилді агент» жаңа қызметін ұсынды.
Бір ай бойы тәжірибелік пайдаланудан
өткен жаңа технология, салымшыларға офистен
тыс қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
«Мобилді агенттің» басты құндылығы, Халық
банкінің ЖЗҚ менеджері ноутбук арқылы
корпоративті жүйеге қосыла алады және
1-2 минут ішінде ұялы оператордың қызмет
көрсету аймағы бар, елдің іс жүзінде кез
келген жерінде Қордың салымшысына қызмет
көрсете алады. Жоба модем мен ұялы оператордың
SIM картасы арқылы Интернетке шығуға мүмкіндік
беретін, GPRS/EDGE технологиясының көмегімен
іске асырылған. Қазір «Қазақстан Халық
Банкінің ЖЗҚ» барлық 17 филиалында «мобилді
агентке» қосылған ноутбуктар бар. Қор
қызметкерлері, «мобилді агенттің» жұмыс
жасау уақытында, оны Қазақстанның бірнеше
өңірінде кәсіпорындарда, зауыттарда,
вахталық кенттерде, шахталарда, алыстағы
ауылдарда, конференциялар мен көрмелерде
пайдаланды. Сондықтан да еліміздегі барлық
несиелік және несиелік емес ұйымдар өз
қызметінде инновацялар қолдануы керек.
Жаңа технологиялар тек қана қызметкерлерге
ғана көмек бермейғ, клиенттерге де көп
септігін тигізуде.
Қызмет көрсету сапасын және бизнес-үрдісінің
технологиялылығын көтеру бойынша бағдарлама
шеңберінде, «Қазақстан Халық Банкінің
ЖЗҚ» АҚ осы жылдың аяғына дейін «Мобилді
агент» жүйесіне қосылған ноутбуктардың
санын өңірлерде 35-ке дейін, ал 2010 жылдың
басында олардың санын 70 бірлікке дейін
көбейтуді жоспарлап отыр.
2009
жылдың 1-қыркүйегінде «Қазақстан Халық
банкінің Жинақтаушы Зейнетақы Қоры»
АҚ салымшыларының жинақтары 512,4 млрд
теңгеге жетті. Бұл елдегі зейнетақы қорлары
арасындағы рекордтық көрсеткіш болып
табылады және барлық зейнетақы жүйесіндегі
жинақталған соманың 30%-ын құрайды. Бұл
біздің тек отандық қор нарығында ғана
емес, береді. Қор бұл жетістікке рейтингі
жоғары құнды қағаздары мен валюта бағамдарын
дұрыс болжаудың арқасында қол жеткіздік.
Негізгі инвестиция қаржысының қысқаруы
мен құнды қағаздар рыногындағы қолайсыз
тенденцияларға байланысты Қор консервативтік
инвестициялау стратегиясын қолданды.
Нәтижесінде, 2009 жылдың алғашқы 8 айында
Қор 69 млрд 167 млн теңге мөлшерінде инвестициялық
табыс тапты. Сондықтан да экономиканың
тамақ немесе өнеркісіп саласына инвестицяилар
құру ־ маңызыды болып табылады.